Сайтыма - 1 жыл болды!
Құрметті желідегі достар! Бүгін менің осы сайтымның ғаламтор жүйесіне енгізілгеніне тура 1 жыл толды.
«Туған жер» тақырыбына мақсатталған және елдік дәрежедегі «Рухани жаңғыру», «Туыңды туған жеріңе тік» атты бағдарламалар (және де кешегі Елбасы Жолдауында айтылған, алда іске қосылатын «Ауыл – Ел бесігі» жобасы да) аясына жатқызуға болатын сайтымның парақтарында осы мерзім ішінде әр мазмұндағы және формадағы 270 пост (жазбалар) жарияланыпты.
Сайтымның «аяғына тұруына», оны сенімділік пен батылдықпен жүргізілуіне Сіздердің – ДОСТАРДЫҢ қолдауларыңыз үлкен көмек болғанын ризашылықпен айта аламын. Оның айғағы: жарияланымдар жөнінде тұрақты жазылып жататын тек жақсы пікірлеріңіз, «комменттеріңіз». Сол үшін Барлықтарыңызға үлкен Рахмет!
Ендігі кезекте, сайттың алдағы жұмыс бағыттарын тағы да бір пысықтап алу үшін Сіздерге төмендегі сұрақ — ұсыныстармен шығып отырмын:
- СІЗ САЙТ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ БАҒАЛАР ЕДІҢІЗ?
Ол үшін лайк басып, 5 баллдық жүйемен баға қойыңыз! Сонымен бірге, сайттың сол жақ үстіндегі САУАЛНАМАҒА ДА жауап беруге болады;
- САЙТТЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС –ПІКІРЛЕРІҢІЗ?
Оларды осы желінің парақшасына, осы жазба астындағы «комментарийлар» алаңшасына немесе зл. поштаға жазуға болады.
Сонымен бірге:
- САЙТТЫҢ ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНЫ БОЛЫҢЫЗ!
- САЙТ АРҚЫЛЫ ДАЙЫНДАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАРДЫ АЛУҒА ЖӘНЕ ДЕ ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ҚАЖЕТ ЕТІЛЕТІН КІТАПТАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ТАПСЫРЫС БЕРІҢІЗ!
Олар жөнінде сайттың 1-ші бетіндегі осы мақаланың астындағы «Сайтқа жазылу туралы» және «Электронды кітаптарға қызығушылық бар ма?» деген мақалалардан таныса аласыз
Рахмет!.