Ағымдағы жылдың 16-қарашасында. Ақсу ауданы, Жансүгір ауылында орналасқан. «Есмұрат Сихимов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» комуналдық мемлекеттік мекемесінде»Алматы облысы «Дін істер барқармасы дін саласындағы мәселелерді зертеу, зерделеу орталы» Мемлекеттік комуналдық мекемесі Ақсу ауданы бойынша инспекторы: Бөкей Дүйсеннің үйымдастыруымен. Аудан әкімдігінің қызметкері бас маманы Берікбаев Жандос Рахымбекұлы, Ақсу ауданы бойынша инспекторы теолог Бөкей Дүйсен, Аудандық орталық ауруханасының, жедел жәрдем шұғыл қызметінің қызметкері: Оралтайұлы Дәурен, Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының м/а Зейнолданов Талғат Нусіпбекұлы,Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау лейтенанты, аға инженер Галымжанов Тимур қызметкерлерінің қатысуымен. Үш тақырып бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. 1.Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынаманы азаматтардың назарына жеткізу бойынша жұмыстары туралы. 2.Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге арналған халықтың әртүрлі категорияларын алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету және аман қалудыңпсихологиялық негіздерін түсіндіру, ұйымдастыру жөнінде. 3. Аудан көлеміндегі, оқу орындарында оқушыларды, студенттерді теріс діни ықпалдан, оның ішінде Интернетте, әлеуметтік желілерде жеке бос уақытты дұрыс пайдалану мақсатында, мемлекеттің зайырлы жағын, ұлттық тарихты, мәдениетті, өнерді нығайту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жөнінде семинар өткізілді, іс-шараға 79 адам, оның ішінде мектеп мұғалімдері, оқушылары, қызметкерлері қатысты, қатысушыларға террористік актілердің алдын алу және төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде барлығы 158 дана жаднамалар таратылды.