СЕРІКБЕК СЕРПЕРБАЕВ ТУРАЛЫ

Алматы облыстық «Жетісу» газетінде «Аудан баласы» деген тақырыппен менің мерейжастық туған күніме арнаулар  ретінде жазылған  мақала мен өлең шумақтары жарияланыпты. Соларды бүгінгі параққа енгізіп отырмын. Танысуларыңызға болады.

 

 

 

 

Серікбек Серпербайұлы

 

 

Ел сенімін ақтаған

(Жыр-арнау)

 

Хасен Көптілеуов

журналист, ақын

Ақсу ауданының Құрметті азаматы. 

 

«Тіршіліктің түзулеуде тізбегін,

Жасыңнан-ақ жақсылықты іздедің,

Жалындылық жас жаныңды

                                      жайнатты,

Мақсатыңды алдағы істен үзбедің.

 

Өмірдегі таңдай білдің өткелді,

Келелі ойлар көңіліңде көктеді.

Күрделі істе күнделікті үндеген.

Тілектесің боп тұрды ғой көп тегі.

 

Жігерімен бойыңдағы  қайраттың,

Нық жүре алдың бедерінде

                                    тайғақтың.

Ел сенімін ақтау деген соқпақта

Ақылдықты, білгірлікті  байқаттың.

 

Халық қамын дер кезінде

                                      ұға алдың,

Тар кездерде тұйықтардан

                                      шығардың.

Парасатпен, сабырлықпен

                                     жете алған,

Мол табыстар, игі істер-айғағың.

 

Арың таза, жүрегің де гүлдеген

Қаңқу сөздер құлағыңда ілмеген.

Көңіліңнің тазалығы мөп-мөлдір,

Азаматсың арамдықты білмеген.

 

Артта қалды талай қиын  өткелдер,

Гүлге оранды өзің өткен көп белдер.

Алда талай арай шашқан нұрланып

Қарсы алар талай

                    сән-сән көктемдер ...»

 

«Аудан баласы»

 

Мұхаметәлі ҚАЗБАНБЕТОВ

Журналист, жазушы.

КСРО және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі.

Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

 

Мерейлі 70-жастың биігіне шығып отырған  Ақсу ауданының ардақты азаматтарының бірі Серікбек Серпербайұлы туралы ел-жұрты арасында  әңгіме қозғалғанда, «Аудан баласы ғой» деген сөз тіркесі қоса айтылады. Оған негіз де бар. Әкесі Серпербай ақсақалдың кезінде  ауданның  көптеген шаруашылықтарында басшылық қызметтер атқаруына сай, Серікбек те 11 жылдық оқу жылдарын ауданның 10 ауылының мектептерінде өткізеді. Яғни, бірге  оқыған сыныптастарының саны екі  жүзге тартады, ал оған сол кездегі «б», «в» және «алдағы-арттағы»  сыныптарды қоссақ, олар үлкен бір қауым ел болып шығады. Соған орай, қаншама ұстаздардан да білім-тәрбие алғанын елестете беріңіздер!

 

Ол жоғарғы оқу орнын бітіріп келіп,  еңбек жолын  ауданда болған Ақсу құрылыс техникумында бастайды. Онда 5-6 жыл мұғалімдік және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарғандықтан, мыңға жуық окушыларға ұстаздық жасап, тәрбие береді. Солардың жартысына жуығы өз ауданымыздың балалары болып, орта буын маман-кадрлар  ретінде  шаруашылықтарда еңбекке араласып жатты.  Сол кезеңде тех­никум оқушыларын басқарып ауданның талай шаруашылықтарында,  басты дақыл болған- қант қызылшасын өсіруге және жинауға көмектесу  жұмыстарын  атқарады.  «Студенттік құрылыс отрядын» басқарып, «Қосағаш» кеңшарында 20 шақты үйлер мен ғимараттар тұрғызады.  Одан кейінгі қызметтік жылдары партия жұмысына жалғасып, аудан басшылығы дәрежесіне дейін көтерілді...

 

 Мен өзім  Серікті  сексенінші жылдардан  бері жақсы білемін. «Жаңақоғам» кеңшарында парт­ком хатшысы болған жылдар, оның халықпен, елмен тығыз байланыста болу, ұйымдастырушылық қабілеттердің қалыптасуыиа үлкен сеп болды.  Шаруашылық басшысы Амантай Зиядановпен бірге оған дейін артта қалып келген шаруашылықтың экономикасын нығайтуда үлкен жұмыстар жасалып, аз жылдың ішінде ол озықтар қатарына қосылды. Әсіресе, қой шаруашылыты мен қант қызылшасын ѳндіруде рекордтық кѳрсеткіштерге қол жеткізілді. Ауылдың келбеті  ерекше ѳзгерді,  кѳптеген ғимараттар салынып, ескілері  жаңаша жѳндеуден етті,  орталық кѳшелер толық асфальт- танып, түнгі жарықтар орнатылды. Ауыл іші кѳркемдік  үгіт-насихат құралдарымен барынша безендірілді. Ауылда өткізілетін саяси-қоғамдық, мәдени-кѳпшілік шаралары мазмұндылығы мен ұйымдастырылуы жағынан әрдайым аудан бойынша жоғарғы деңгейде бағаланып отырылды. Осы жылдары партия қатарына қабылданған, оның белсенділері болған, өндірістің озық тәжрибесінен өткен шаруашылық мамандарының 3-уі одан ары кеңшар директорлары, 2-уі партком хатшысы, 5-уі ауыл әкімі және біреуі  аудан әкімінің бірінші  орынбасары  дәрежелеріне дейін өседі.

 

Серікбектің 1986 жылдан Ақсу аупарткомының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарган кезеңде, оның партиялық- ұйымдастырушылық жұмысы облыс деңгейінде үлгілік-базалық дәрежеге ѳсіп,  тәжӀрибе  алмасу орталығына айналды. Бірнеше облыстық семинарлар, «дѳңгелек столдар» өткізіліп, ол жөнінде облыстық партия комитетінде, республикалық, тіпті Одақтық партиялық журналдарда насихатталғанын,  жеке кітапшалар да шыққанын замандас-әріптестері жақсы біледі. Мекемелер басшыларын, партия ұйымдары хатшыларын, қоғамдық ұйымдар жетекшілерін  конкурстық негізде сайлау тәжрибесі іске асырылды. Бюро отырыстарында, Пленумдарда коммунистердің, басшылардың жеке есептері тыңдалып, мінездемелері бекітіліп отырды. Жастар қатарынан жариялалық түрде бірнеше жылдарга арналган кадрлар резерві дайындалды. Олардың соңғы лебі бүгінде де  ауданда жауапты қызметтер атқарады.

 

1992 жылы СОКП-ның тарауымен партия  дәуірі аяқталып, сол уақыттағы 2-ші хатшы ретінде ол ауданның барлық партия ұйымдары қызметкерлерін басқа жұмыстарға толық орналастырып, өзі уақыттың жаңа талаптарына сәйкес «қаржыгер-экономист»  мамандығын алып, елімізде жаңадан құрылған ҚР Ұлттық Банкісінің  аудандық филиалының алгашқы басқарушысы болды. Жаңа мекеменің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру, ғимаратын және ауласын кѳркейту бойынша жасалған жұмыстар басшылық тарапынан жақсы бағаланып отырды. Екі рет еліміз бойынша ѳткізілген ақшаларды айырбастау науқанын атқарып, ауданда бірінші болып жаңа тѳл теңгемӀзді «қолға ұстаған» адам болды.

 

1998 жылы азаматымыз  аудан әкімдігіне қызметке шақырылып, Әкімнің оынбасары,  бірінші орынбасары болады. Ол жылдар талабы қатаң нарық қатынастарына ѳтуге байланысты жалпы еліміздің және аудан жағдайының да  ең қиын болған шағына, жаңа облыс орталығы — Алматыдан шалғайда, кѳмектен сырт қалып, экономикасының құлдырауының тѳменгі шегіне жеткен уақытпен сәйкес келді. 1996-97 жылдары тараған Қапал және БѳрлӀтѳбе аудандарының 9 ауылдық округтері қосылып,  жер кѳлемӀ ерекше ұлғайды. Шаруашылықтардың соңғылары тарап, ұсақ құрылымдарга ай­налды. Ауылдардағы әлеуметтік, мәдениет ғимараттары үлестерге бѳлінді. Кѳп қабатты үйлер жылусыз, иесіз қалып, аяғы олардың толық бұзылуына соқтырды. Ауылдар бӀрнеше жылдар электр жарығынсыз қалды. Жалақылар, зейнетақылар айлап кешіктіріліп, заттай да беріліп отырды. Сол кездегі ау­дан, ауыл әкімшіліктерінің басты мӀндеті — халықтың күйзелісін мүмкіндігінше жеңілдету, кедейшілік жағдайына жеткен отбасыларға қолқабыс жасау бол­ды, олар басшы-белсенділердің жеке қамқорлығына алынды.

 Ауданның негізгі кәсӀпорны-Ақсу қант зауытының жұмысы 1996—1997 жылдары тоқтап қалды. Оны қайта іске қосу үлкен саяси-әлеуметтік мәселе болды. Серікбек сол жылдары аудандық штабты басқарды. Облыстық бюджеттен банкілер арқылы қант зауытын науқанға жөндеп-дайындауға жетерлік қана қаржылар бөлінді. Зауытты жүргізуге қажетті мазут қыстың  аязды-боранды күндері автомашиналармен Үшаралдан күнделікті тасылып отырылды. Шаруаларға жанар-жағар майлар, тұқымдар қарыздарға алынды. Осы мақсатта патриоттық тұрғыда аудан мұғалімдерінен, дәрігерлерден, бюджет мекемелері қызметкерлерінен бір айлық жалақылары көлемінде қарыз алынып, Қырғыздардан арзан, төмен сортты тұқым жеткізіліп, шаруаларға таратылды. Тұқым әкелуге Серікбектің өзі барды. Шаруалар арасында үлкен түсіндіру-ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп,  қант қызылшасы  үй жанындағы бақшаларға дейін себілді.  Соның нәтижесінде, 1998 жылғы өңдеу науқанына зауыт қайта іске қосылып, аудан тұрғындарының келешекке деген үмітіне, сеніміне үлкен әсер етті. Содан зауыт тағы 4- 5 жыл жұмыс жасады.

 

2002 жылы жасалған ұсыныстарға сай және сайлаушылардың сеніміне ие болып,  аудандық мәслихаттың хатшылығына сайланады. Ол құрмет пен жауапкершілікті   2016 жылы зейнеткерлікке шыққанша атқарды.  Мәслихат қызметінің  негізгі  нысаны — сессияларының және де тұрақты комиссияларының отырыстарының, «кѳпшӀлӀктӀк тыңдаулардың» толыққанды дайындалып ѳткізілуі қамтамасыз етілдӀ. Мәслихат қызметӀнің пәрмендӀлігі, оның әр депутатының белсенділігіне, міндеттеріне деген жауапкершіліктеріне  тікелей байланысты болғандықтан, олардың ѳз сайлаушыларымен мүмкіндігінше тығыз байланыста болуы басты назарда болды. Ауылдарда «Депутаттардың қабылдау бѳлмесі»  ұйымдастырылды. Аудандық мәслихатта республика көлеміндегі жаңа тәжрибе ретінде  «Депутаттардың тұрақты және жас көмекшілері» институтын қалыптастыру тәжрибеге енгізілді.  Әр шақырылым сайын «Аудан депутаттары — шагын елді мекендерде» атты акция ѳткізіліп отырылды. Республикалық «Мәслихат» журналында, облыстық «ЖетӀсу», «Огни Алатау» газеттерӀнде аудандық мәслихат қызметінің оңды тәжрибелері бірнеше рет жарияланып, облыстық теледидар арқылы 2 рет арнайы хабар ұйымдастырылды.

 

2010 жылдың наурыз айында Қызылағаш ауылындағы орын алған су тасқынынан кейінгі оның зардаптарын жою жұмыстарында бас-аяғына дейін  ел ортасында бола білді,  ауылдың қайтадан гүлденуіне айтарлықтай өз үлесін қосты. Тасқыннан кейінгі қайтыс болған және аман қалған ауыл жұртын түгендеу жұмыстары басынан аяғына дейін Секеңнің ұйымдастыруымен атқарылған еді.

 

Серікбек Серпербаев қызметтік жылдарының барлық кезеңдерінде лауазымдарына сай мәдени-көпшілік, өнер-шығармашылық саласы жұмыстарын ұйымдастыруға барынша қолдау көрсетіп отырды. Өзі де  аудан тарихында ұзақ жылдарға таңбаланып қалған,  халықтың есінде қалатындай көптеген айтулы шаралардың тікелей бастамашысы мен  ұйымдастырушысы бола білді. Сондай жұмыстар ауқымының өзім білетін біршамасын авторлық тұрғыда баяндай кетуді жөн көрдім.

  

Серікбектің «Жаңақоғам» кеңшары партком хатшылығын атқарған жылдары ауыл тұрғындарынан құрған кѳркемѳнерпаздар ұжымы, «Ақсу әуендері» ВИА-сы, шағын ауыл театры аудандық байқаулардың тұрақты жеңімпазы болып отырды. Олардың елді  мекендердегі гастрольдары ѳткізіліп отырылды және концерттік бағдарламасы ауыл-аудан тарихындағы сирек жағдай ретінде республикалық теледидардан берілді. Ауылдағы Мәдениет үйі жаңа талаптарға сай күрделі жөндеуден өтіп, іші ерекше суреттермен әдемі безендірілді, ол орналасқан тарихи демалыс саябағы реттеліп,  спорт алаңдары жасалды, үлкен статуялар, субүршек  қойылып, аудандағы ең әдемі мәдениет кешеніне  айналды.   1980 жылы  Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 35-жылдығына орай, одан қайтпай қалған жауынгерлерге арналып, үлкен обелиск құрылысы жүргізілді. Оның ашылуы облыс деңгейінде көптеген қонақтар мен аудан халқының қатысуымен атқарылды, ол облыстық ескерткіштер тізіміне енгізілді.

 

Сол Ақсу ауылындағы қазіргі аудандық тарихи-өлкелік мұражайдың құрылуының бастамашысы болып,  ескі Мамания мектебінің Қарағаштан көшіріліп әкелініп, қайта салынған ғимарат жөндеуден өткізіліп, оған мектептегі мұражай бұрышы көшірілді, алғашқы безендіру жұмыстары жүргізілді. Қазір музей облыстық мәдениет басқармасының есебінде.

 

1979 жылы  Ақсу ауылындағы қазақ жеріндегі алғашқы оқу орындарының бірі – «Мамания»  мектебінің тұңғыш мерейлік  шарасы оның 80-жылдығына орай, сол кездегі мектеп ұжымы мен «Жаңақоғам» кеңшары партия комитетінің бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді (биыл оның 120 жылдығы). Мерекелік шараларға әр кезеңдегі мектеп бітірушілерімен бірге, еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылары Жүрімбек Сыдықов. Санжар Жандосов, Олжас Сүлөйменов, Әнуар Әлімжанов, Талап Султанбеков және Жекен Қалиевтар қатысты.

 

Одан ары да аудан көлемінде өткізілген мерейтойлық шаралардың  белгілі бір тапсырмаларына жауапты болса, 2011 жылы атап өтілген ауданның құрылғанына 80 жылдық мерекесін ұйымдастырушылардың бірі болды. Оған қатысатын қауым мен қонақтар құрамын анықтау, орналастыру және ескерткіштік сыйлық-тартулар дайындату, қаржылық көмек көрсете алатын «қалталы» азаматтармен жұмыс істеу, аудан орталығын көрнекті құралдармен безендіру міндеттерін атқарды. Сол уақыттарда Серікбектің орталық алаңда ауданнан шыққан Кеңестік Батырлар мен Еңбек Ерлерінің аллеясын құру туралы көптен ойында жүрген идеясы мен ұсынысы аудан әкімі Әскербек Дүйсембаевтың қолдауымен және ұйымдастыруымен іске асты. Соған орай, аллеяға қойылатын ерлеріміздің Бюстерін Алматыда дайындау жұмыстарының басы-қасында өзі бол­ды. Және де жеке үлесі ретінде Еңбек Ері Наужан Нүрсеитовтың бюстінің қаржылық мәселесін шешіп берді. Осындай ауқымдағы жұмысты І.Жансүгіровтің 120 жылдығына арналған салтанатты шараларды дайыңдап-өткізу кезеңінде де жүргізді.  

 

90-шы жылдары ауданда Ақсу қант зауытының директоры О. А.Земцов екеуӀ «Ақсу ажары» атты телестудия құрылуын үйымдастырды. Ол күн сайын аудан ѳмӀрӀ мен жаңалықтарын теледидар арқылы насихаттаудың  ұтымды түрӀне айналды, сол кезде басталған алғашқы бейнефильмдер кѳрсетіліп тұрды.

 

Мәслихат хатшылыгы қызметінде ұлттық тілді, дәстүрлерді және қол ѳнерін дамыту, ономастикалық, ескерткіштерді сақтау мен мұражайлар жұмыстарының жағдайын облыстық мамандардың қатысуымен талдап жүйелеп отырды. 2011 жылы гасырлар бойы ұмыт қалган қазақ биі «Қара жорғаны» аудан аумағында  насихаттау, үйрету мақсатында  бастама кѳтеріп, ұйымдастыру шараларын атқарды. 3 ай бойы мектеп оқушылары арасында жаттығулар ѳткізіліп, нәтижесінде ауданның жастары форумында барлық ауылдардан дайындықпен келген 600-ге жуық жастарымыз бір мезетте осы биді билеп шығып, жұртшылықты үлкен селпіндіріп тастады. Бұл республика аумағында ѳткізілген  осындай шаралардың алғашқыларының бірі еді. Одан ары жастарымыз облыс орталыгында ѳткен бірнеше мерекелік шараларға арнайы шақырылып, қатыстырылды.

 

2012 жылы «Қазақстан» телеарасындагы белгілі теледидар жобасы негізінде «Ақсудың қос жұлдызы» атты шоу-бағдарлама ѳткізуді ұйымдастырды. Барлығы 30 жұппен басталган байқау желтоқсан айында басталып, бірнеше турлардан кейӀн келесӀ наурыз мейрамы қарсаңында аяқталды. Жеңімпаздары анықталып, қорытынды концерт өткізілді. 2014 жылы барлық ауыл округтерӀнен алдын ала дайындықпен келген апалалар арасында аудандық «Суперәжелер» конкурсын ѳткіздірді.

 

Мәслихаттардың құзыретіне жататын "Ауданның ҚұрметтӀ азаматы»» атагын беру заңдылыққа 2007 жылы ғана енгізілсе де, ол тәжӀрибе Серікбектің тарапынан 2003 жылдан қолға алынған болатын. Сессияда арнайы Ереже-тәртібін бекітіп, төске тағатын арнайы белгісінің  үлгісін дайындатып жасатқызды.  2004 жылы осындай марапаттау ауқымын кеңейту мақсатында Кеңес уақытында марапаттаудың ұтымды шарасының бірі болған  ауданның  «Құрмет Кітабын»  жаңғыртуды жүзеге асырды. Сол жылы әр еңбек салалары бойынша «Жыл Үздіктері» және «Ауданның Жыл Адамын» анықтау және марапаттау тәжрибесін  енгізді. 2004 жылы құрылған және күнӀ бүгіндері ұтымды жүмыс атқарып отырған «Жансүгіров атындағы аудандық қоғамдық қордың» алғашқы ұйымдастырушысы болды. 2014 жылы «Ӏзгілік» атты үкіметтӀк емес ұйым құрып, бӀршама үлгілік шаралар атқарды.

 

Мәслихат хатшысы ретӀнде  2014 жылдың басында аудан басшысы Әділбек Далбағаевтың бастамасымен басталған «Туыңды туған жеріңе тік» атты акцияның мақсаты мен міндеттерін, атқарылар шаралар ауқымын анықтауға, соларға қажеттӀ   насихаттық және ұйымдастыру, кѳрнектілік жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында   кездесулер ѳткізілуіне ат салысты. Ѳз тарапынан да жекелеген азаматтардың  ауданға инвестицияларымен кіруіне септігін тигізді.

 

Серікбек шығармашылық жұмыстарымен де айналысады. 2004 жылы  қазіргі қолданыстағы ауданымыздың таңбасын (гербісін) дайындау жөнінде бастаманы кѳтеріп, жобалық дизайнын  көпшілік талқылауынан өткізді, оның соңғы үлгісін  Алматыдағы шеберханада  дайындатып, сессияда бекітті.

2007 жылы Серікбек екеуіміз ел ағалары мен аудан әкімі А.Айтжановтың ұсыныстарына сай  «ауданымыздың ғасырлық тарихына» арналған жаңа кітап құрастыруды қолға алдық. Нәтижесінде, ол мұрағаттардан, баспасөзден, әр мекемелер мен ауылдық округтерден,  журналистерден  жинақтаған  тарихи және танымдық деректер негізінде  «Алтын ұям-Ақсуым»  атты  кітапты  баспадан шығаруды іске асырды. Кітапқа  менің  «Дүрбелеңмен   өткен   дәуір» атты кітабым мен «Жердің аты- тарихтың хаты» деген танымдылық мақалам енді. Одан ары ауданымыздың 80 жылдығына байланысты оның өзінің 3 ай ішінде құрастырып дайындап шығарған, мазмұндық құрылымы жаңаша форматта құрылған, дизайны ерекше  «Абыз Ақсу, Аңыз Ақсу, Нағыз Ақсу» атты энциклопедиялық кітабы көпшіліктен жоғары баға алды. Кітап республикалық қорда тіркелді.

Серікбектің «Ақсу маршы» және «Ақсу арулары» деген өлеңдері мәтініне ауданның музыка мамандары Ж.Тұралықов пен С.Чернухин ән  шығарды.

 

  Оның тағы бір ерекшелеп айтатын ісі — уақыт талабына сай  ертеректен компьютер тілін жақсы меңгеріп ала  алғандығы.  Ол ауданымызда алғашқы компьютерлік клубты ашуды ұйымдастырып, сол кездегі көптеген  балалардың. оқушылардың алғашқы  компьютерлік сауатын ашуға үлкен септігін тигізген еді. Одан ары интернет жүйесі арқылы графикалық редакторлар  бағдарламаларын  үйреніп,  полиграфиялық кәсіпті меңгеріп алды, ауданда оның да шағын цехын ашты Менің кіші ұлым Ӏлияста сол компьютер класында үйреніп, жинақтаған дағдылары арқасында «програмистік» кәсіпке бейімделді. Бүгінде ол бүкіл аудандық  аурухана  жүйесінің электронды бағдарламасын жүргізеді...

 

Серікбек Серпербаев «Ақсу ауданының құрметті азаматы» атанып, мемлекеттік «Ерен еңбегі  үшін»  және  бірнеше мерекелік медальдармен,  Президент  пен Үкіметттің,  «Нұр Отан» партиясының, Әкімдіктердің   көптеген «Құрмет Грамоталарымен»,  Алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Біздер Серікпен  ниеттес азамат және көршілік тұрғыда да  достар болып,  жақсы араласып жатқан жайымыз бар.  Сондықтан да мен Секеңді балаларының құрмет тұтар әкесі, ал жалпы отбасын туған-туыстарына сыйлы, жалпы көпшілікке, елге де  үлгі етерлік  отбасы деп санаймын.

Жұбайы — Сәулежан Тәңірбергенқызы  «Орыс тілі  және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойын­ша ұзақ жылдар аудан мектептерінде абройлы ұстаздық қызмет атқарды. Көпке ұлағатты, ортада сыйлы аяулы жан. Қазір зейнеткер. 

Балалары да көз алдымызда өсті. Өмірден мезгілсіз ерте өткен, білімді де тәрбиелі болған  Ұландары біздің де баламыз сияқты болып кеткен еді.

Үлкендері — Нұрлан қазіргі уақытта аудан әкімдігінің бөлімін басқарады. Келіні — Мәншүк Талдықорған қаласыңда емдеу орталығының меңгерушісі. Немерелері Әлия мен Әлихан Талдықорған қапасыидағы «Назарбаев мектебін» биыл бітіреді.

Лейлялары Қазақ ұлттық УниверситетӀнӀң «механика-математи­ка» кафедрасында аға оқытушы, «техника  ғылымдарының»  канди­даты. Оның жұбайы Ернар — банк қызметкері. Олардан да Әділжан, Батырхан және  Еркежан есімдӀ немерелері  бар.

Кіші ұлдары — Дархан «инженер-системотехник» және «заңгер» мамандықтарының иегері.  Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондон қаласындагы «Экономика жене саяси ғылымдары» мектебінде тагылымдамадан ѳткен. Қазір ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы облыстық орталығы  директорының бірінші орынбасары.

 

Серікбек зейнеткерлікке шыққаннан кейін де 1-2 жылдай  елімізде жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестердің аудандық бөлімінің алғашқы меңгерушісі болды.

Ал қазіргі уақытта шығармашылық жұмыстарын ғаламтор  кеңістегінде өзі ашқан «Алтын ұям – Ақсуым»  сайты арқылы жалғастыруда.  Ерекшелеп айтуға болатыны, осы сайт  еліміздің жеке бір өңіріне  арналған таза қазақ тіліндегі және кітап-газета форматында жасалған  алғашқысы  деуге болады.  Сайттың мақсаттық бағыты, Ақсу  ауданының  өткен  тарихын, оның  өсіп-даму  жылдарындағы  елдің  жанкешті  еңбегі  мен  ерлігін қайта жаңғырту,  бүгінгі таңдағы аудан  жұртшылығының   берекелі де  бедерлі  істерін,  өмірдегі  белсенді  тіршілігін көрсету және  әр кезеңдерде оның  өркендеп  өсуіне,   ерекше  үлестері  болған ардақты азаматарының есімдерін жаңғырту мен насихаттау деп белгіленген. Сайт қазір бірнеше әлеуметтік жүйелердегі  қазақ тілді мыңдаған  оқырмандарға танымал болып, толық қалыптасқан құрылым болды деп айтуға болады. Секең сол сайт арқылы замануи электронды кітаптар дайындауды меңгеріп, аудан тақырыбына байланысты тағы 4-5 кітап дайындап, оқырмандарына тарту етуде.

 

Міне осылай ғұмыры бойына туған жерінің-елінің мүдде-мақсаттарына сай қажырлы еңбек атқарып келе жатқаны —  бір адамнын тағдыры үлесіне тиген аз шаруа емес десек, Серікбек Серпербаевты «аудан баласы» деп атамағанда, кім дейміз?

 

«Жетісу» газеті, 12 наурыз 2019 жыл