«Туған жерге сағыныш» (15)

Соңғы кездерде  «Ауылға сағыныш» болып тақырыппен көптеген әдемі әндер  шығарылып жатқаны байқалады. Менің сайтым қоржынында да біршамасы жинақталып қалыпты.  Олардың біразы алдыңғы парақтарда берілген болатын, бүгін сол өлең-әндердің кезекті  топтамасы ұсынылады. Жалғасы да болады. Солай-солай жинақтала келе, олар жеке электрондық кітапқа да айналуы әбден мүмкін...

Тыңдаңыздар, басқаларға да таратыңыздар! Бұрынғыларын да сайттың осы тарауынан тамашалай аласыздар:http://bit.ly/2FrkgGEhttp://bit.ly/2FrkgGE

Ауылымды сағындым!!!

 

«Әдебиет порталы», 19 қараша 2017 жыл

Бойжеттімде, арман қуып аттандым мен қияға,

Студент боп, қол бұлғадым ауылым-алтын ұяма.

Қаладағы тіршілікті көре тұра, білгенім,

Жетпейді екен ешбір нәрсе кіндік кескен ұяңа.

 

Анашымның жылы жүзі, ес білгелі көргенім,

Әлі есімде, еркелікпен асыр салып күлгенім.

Әжетайдың «Тәйт!» дегенің, естіп алып бұртиып,

Үйге кірмей, барлығына өкпелеп те жүргенмін.

 

Атам сонда, шақыратын «келе қойшы қызым!»-деп,

Бір жылулық болушы еді, қараторы жүзінде.

Маңдайымнан бір иіскеп ап, беруші еді қолыма,

-Қане, қызым ала қойшы, міне саған жүзім!-деп.

 

Шашты өріп, бантик тағып мектепке де барушы ем,

Достарыммен ойнап-күліп бірге әнде салушы ем.

Кейбір балдар бұзық болып, мазақтаса ашумен,

-Мұғалімге айтамын!- деп, өзімше боп қалушы ем.

 

Үйге келсем, дастарханда құрт, бауырсақ тұратын,

Әжем отыр, төр жағында сапырып ап, шұбатын.

Әжетайым ұрысар деп, ойладым ба, білмеймін?!

Анашыма ымдап тұрып, бір кесе шұбат сұраттым.

 

Ауылым-ай, түлеп ұшқан саған ерке перзентпін,

Сенде алған тәрбиеммен қылықты боп бойжеттім.

Кең далаңның төскейінен еркіндікті жинаған,

Қырандай боп, арманымның биігіне мен жеттім.

 

Сағынамын, сағынышым жүрегімді жылытты,

Деп ойлама, -Мына қызым мені мүлде ұмытты!

Оқуымды бітірген соң саған қарай аттанам,

Жастарына үлгі берер, маман болам білікті!

 

Ауыл деген-қымбат екен, менде енді түсіндім,

Қайнар көзі тек өзіңсің «ақын» деген күшімнің.

Сен-музамсың, сен-жырымсың, өзің болдың бастауы,

Туған жер!-деп жүріп келген менің тылсым күшімнің.

 

 

Ауылдың баласымын

 

Әні мен сөзі: Оюлы Қуаныш Оспанов

Орындаушы: Аслан Мұхамедияр

 

 

Бойыма сіңірген дала сырын
Көршілер табысқан жарасымын
Ауылды сағынам шалғайдағы
Мөлтілдеп қарашығын
Ауылды сағынам шалғайдағы
Мөлтілдеп қарашығын

Қайырмасы:

Кеңдігі даласының құшағы анашымның
Сағаным себебі мен ауылдың баласымын
Сағаным себебі мен ауылдың баласымын

Ескі үйім патшаның сарайындай
Сендей жер әлемнен табамын ба-ай
Ақ селеу жамылған сайын далам
Әкемнің самайындай
Ақ селеу жамылған сайын далам
Әкемнің самайындай

Қайырмасы:

Кеңдігі даласының құшағы анашымның

Сағаным себебі мен ауылдың баласымын
Сағаным себебі мен ауылдың баласымын 

 

 

 

Ауылымды сағындым

Әсет Есжан

 

 

Жүрсемде сағынамын гүл қалада
Жусаның ала шаңын
Аңсатты сағым болып ауылда
Қап кеткен бала шағым
Ақ арман жетелеп қала жаққа
Кеудемді алып кетті
Мен кеттім сол ауылда бірақта
Жүрегім қалып кетті
Қалада күйбең тірлік ауылды
Сағынып көз ілесің
Шынайы адалдықтың мекені
Екенін сезінесің
Жүрсемде сағынамын гүл қалада
Жусаның ала шаңын
Аңсатты сағым болып ауылда
Қап кеткен бала шағым
Жүрсемде сағынамын гүл қалада
Жусаның ала шаңын
Аңсатты сағым болып ауылда
Қап кеткен бала шағым
Қаланың тірлігі қысылтаяң
Батырды құшады мұңға
Әжемнің шәйін ішкім келеде
Қайнаған самауырға
Гүл қала білім іздеп аттанған
Жастардың бір мекені
Қасиет қадіріне ауылдың
Қарттардай кім жетеді-ай
Жүрсемде сағынамын гүл қалада
Жусаның ала шаңын
Аңсатты сағым болып ауылда
Қап кеткен бала шағым
Жүрсемде сағынамын гүл қалада
Жусаның ала шаңын
Аңсатты сағым болып ауылда
Қап кеткен бала шағым
Аңсатты сағым болып ауылда
Қап кеткен бала шағым

 

 

Ауылды сағындым

Сәкен Ақылбеков

 

 

Ауыл кеші

Сөзі: Советқазы Нұрсиланыкі,     Әні:Ержан Нұрхасендікі

 

 

 

Ауылға барып қайттым, аға...

Өлең авторы: Нұртас Тұрғанбекұлы