Жаңа пәтер иесі Муслиманы құттықтау
Бүгін, 30-қазан күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні алдында облыс орталығы — Талдықорған қаласында жаңадан салынған 2 үй пайдалануға беріліп, 100-ден астам отбасы жаңа пәтерлерге ие болу қуанышына бөленді. Оларға облыс әкімі Амандық Баталов пәтерлер кілтін табыстап, құттықтады.
Солардың ішінде, биылғы жылдың мамыр айында қаланың 18- миллионыншы азаматшасы болып туылған Муслиманың ата-анасы Санат Бестібаев пен Диана Омархановаға берген уәдесін орындап, облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы оларға 3 бөлмелі пәтерді сый ретінде тарту етті.
Осыған орай, ауданымыздың тұрғындары болып келетін Бестібаевтар әулетін осы қуаныштарымен құттықтай отырып, жас сәбиіміздің аман-есен болып, үлкен азамат болып ержетуіне тілектестік білдіреміз.