I. "АҚСУ АЖАРЫ" ГАЗЕТІ

Таласпас Тәнекенің жан бағына...
0Бүгінгі парақта Қазақ жерінің ірі тұлғаларының бірі, батыр (Кенесары ханның кегін алушы), болыс, Жетісу өңірі мен Ақсу елінің «рухына тағзым етер бабалары» қатарындағы ТӘНЕКЕ ДӨСЕТҰЛЫ туралы мол мағлұматтар беретін Жемісбек Толымбековтың «Таласпас Тәнекенің жан бағына...» атты көлемді мақаласы беріліп отыр.
Сонымен бірге, сайтымда бұрынырақ жарияланған, осы мақаланы толықтыратын «Тәнеке батыр мазары» деген мақала және Әділбек Ыбырайымұлының «Кене ханның кегі" атты әдеби шығармасымен де мына сілтемелер арқылы танысуларыңызға болады: http://bit.ly/2SnAAQ7және http://bit.ly/2DPSwek.

Қалибеков Сейітқұл туралы
2
Құрметті сайт оқырмандары!
Таяуда ғана Ақсу жерінің (Алматы облысы) арда азаматтарының бірі Сейітқұл Қалибеков өмірден өткен еді. Сейтқұл бүткіл өмір жылдарында туған ауданында абыройлы қызмет атқарған, оның өсіп-дамуында өзіндік ізгілікті істерін қалдырған, халқы құрметтеген, үлгілі отбасы иесі болған азамат еді. Міне енді, алдағы күндері (26 қаңтар) оның қайтыс болғанына 40-күн де болады.
Соған орай, Сейітқұл бауырымыз туралы алғашқы естелік жазба ретінде сайтымның бүгінгі парағында оның өмірдерегін, ол туралы бұрындары жарияланған деректік мақаланы және өзінің екі авторлық әнін ұсынып отырмын. Танысыңыздар! (далее…)

Ақсулық өнерпаз — Ербол Оразбеков
1
ЕРБОЛ ОРАЗБЕКОВ туралы
ЕРБОЛ бауырымыз 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей өңірі Ақсуат ауданында дүниеге келген. Сол жылы, оның екі айлығында ата-анасы біздің ауданның Қопа ауылындағы жаңадан құрылған Шоқан Уалиханов атындағы қой кеңшарына көшіп келіп жұмысқа орналасады. Сол жердің топырағында аунап-қунап өскен Ербол ауылдағы орта мектепте оқиды. Оны бітіргеннен кейін ауылда жеке шаруашылықпен айналысады. (далее…)