II. "АҢЫЗ, АБЫЗ, НАҒЫЗ АҚСУ" кітабы

Дәурен ҚУАТ. Сұқбаттық мақала мен әңгімесі

1

Құрметті оқырмандар!

Бүгін жазушы, М.Қашқари мен  Ғ.Мүсрепов атындағы және Түркі әлемі жазушыларына арналған сыйлықтардың лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі,  «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы,  Ақсу жерінің (Алматы облысы) арда азаматтарының бірі   Дәурен Қуаттың туған күні. (далее…)

Молдияр Нұрбаев туралы

0

 

Құрметті оқырмандар!

Бұл жолы сайтымның «ІСКЕР АЗАМАТ ЕЛІН ТАНЫТАДЫ» атты тарауында Ақсу жерінің тумасы, Жетісу өңірінің ірі кәсіпкерлерінің бірі, Алматы облысының және оның бірнеше аудандарының Құрметті азаматы,  аса жомарт жанды Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы деген ардақты азаматымыз туралы деректік мақалалар беріп отырмын.

Оларда  іскер, білгір маман ретінде М.Нұрбаев басқарып отырған «Тәуекел–Т» ЖШС мекемесі туралы және оның өзінің халыққа деген қайырымдылық мақсатында атқарып  жатқан ізгілікті, ауқымды істері, әсіресе атақты, тарихы мол «Мамания» мектебіне жасаудағы  елеулі көмектері сөз етіледі. Танысыңыздар!

 

СҮЙІНШІ РЕТІНДЕ! 

Осы мақаланы жариялау алдында ғана, биылғы жылғы жыр дүлділі Ілияс ЖАНСҮГІРОВТЫҢ 125 жылдық мерейтойына  тарту ретінде Молдияр НҰРБАЕВТЫҢ өз отбасы тарапынан дайындап тұрғызып беруге уәде еткен ақын ескерткішінің жобасы (құны 20 млн теңгедей) Мемкомиссияның сараптауынан толық өткізілгені, енді дайындау жұмыстары басталатыны туралы қуанышты хабар алып отырмын! Іске сәт!

(далее…)

«ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВКЕ — 125» (20)

2

 

Сайтымдағы  осы «мерейтойлық» бөлімнің «Ілиясты тани білу — ұлт парызы» деген тарауының кезекті парағына  ұсынылып отырған жазбалар:

 1. Ақынның  өзі туралы шығарылған «Ілияс ЖАНСҮГІРОВ» атты  көркем деректі фильм;

 2. Ақынның бүгінгі таңға  қалың көпшілікке танымалдығы төмен болып жатқан  «ҚОЛБАЛА» поэмасын насихаттау мақсатындағы шағын бейнедерек және ғалым, Жансугуров атындағы Жетісу университетінің доценті Қыяхметова Шара Әсетқызының бұрынырақ жарияланған «ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ БЕЙМӘЛІМ ҚЫРЛАРЫ» деген  танымдық мақаласы. (далее…)

Қалибеков Сейітқұл туралы

2


Құрметті сайт оқырмандары!

Таяуда ғана Ақсу жерінің (Алматы облысы) арда азаматтарының бірі Сейітқұл Қалибеков өмірден өткен еді. Сейтқұл  бүткіл өмір жылдарында туған ауданында  абыройлы қызмет атқарған, оның өсіп-дамуында өзіндік ізгілікті істерін қалдырған, халқы құрметтеген, үлгілі отбасы иесі болған азамат еді. Міне енді, алдағы күндері  (26 қаңтар) оның қайтыс болғанына 40-күн де болады.

Соған орай, Сейітқұл бауырымыз туралы алғашқы естелік  жазба ретінде сайтымның бүгінгі парағында оның өмірдерегін, ол туралы бұрындары жарияланған деректік мақаланы және өзінің екі авторлық әнін ұсынып отырмын. Танысыңыздар! (далее…)

Ақсулық өнерпаз — Ербол Оразбеков

1

 

 ЕРБОЛ ОРАЗБЕКОВ туралы

 

ЕРБОЛ бауырымыз 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей өңірі  Ақсуат ауданында дүниеге келген.  Сол жылы, оның екі айлығында ата-анасы біздің ауданның Қопа ауылындағы жаңадан құрылған Шоқан Уалиханов атындағы қой кеңшарына көшіп келіп  жұмысқа орналасады. Сол жердің топырағында аунап-қунап өскен Ербол ауылдағы орта мектепте оқиды. Оны бітіргеннен кейін ауылда жеке шаруашылықпен айналысады. (далее…)

«ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВКЕ — 125» (19)

0

Құрметті оқырмандар!

І.Жансүгіровтың  биылғы мерейлік жасқа толуына арналған сайтымның осы бөліміндегі «Ілиясты тани білу — ұлт парызы» деген тарауы арқылы енді Ақынның өзінің аса көрнекті саналатын шығармашылықтарын және солар жөніндегі мұрағаттық, ғылыми-зерттеушілік, әдеби-талдаулық жазбаларды, танымдық мақалаларды жариялауды бастап отырмын. Олардың Ақын шығармашылығының биік шыңы - «Құлагер» поэмасынан басталғаны оңды деп  санадым.

Олай болса осы парақтан танысатындарыңыз: (далее…)

Ақсу  тарихи-өлкетану  музейі туралы

1

 

Құрметті оқырмандар!

Сайтымның бұл парағында Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында орналасқан облыс қарамағындағы тарихи-өлкетану  музейі  туралы деректік мақала беріліп отыр. Бұл  музей туралы көпшілік жеткізіп айтар ерекшелігі, оның  тек ауылдық жерде орналасқаны ғана емес, өзі де тарихи ескерткіш, «тарих пен танымның қайнар көзі болып табылатын, тарих қойнауынан сыр шертетін ұлағатты орындардың екендігі» (Уикипедиядан).

Біріншіден, музейдің атақты Маман бай ұрпақтарының өздері мекендеген  Қарағаш жерінде ашқан Жетісу өңіріндегі  алғашқы қазақ мектебінің аман қалған құрылыстық материалдарын көшіріп алып келіп, тура өз жобасында қайта салынған ғимаратында орналасқаны.

Екіншіден, осы Ақсу жерінен қанаттанып шыққан қазақтың ірі тұлғаларының бірі, жыр дүлділі І.Жансүгіровтың туғанына 100 жылдығына орай, музейдің ақын есіміне ие болғандығы. Ары қарай танысыңыздар! (далее…)

Ілияс Жансүгіровке-125. (18)

1

 

 Сайтымның  осы мерейтойлық тақырыптағы бөліміне бұл жолы жаңалық ретінде ақынның «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көргендігі туралы, біраз уақыт бұрын Алматы облысы Жаңалық ауылында  табылған адамдар сүйектері арасынан шыққан көзілдірік әйнегі  І.Жансүгіровке тиесілі болуы мүмкін деген хабарламалар мен Жемісбек Толымбековтың  жеке мұрағатынан ұсынылған  оның паспорты  мен тағы бірнеше құжаттарының  фотолық көшірмелері  беріліп отыр.  

Танысыңыздар! Басқалармен де бөлісіңіздер! (далее…)

«Ілияс Жансүгіровке — 125» (17)

0

 

Хабарландыру ретінде!

 

Сайтымның осы тақырыпты тарауының соңғы екі парағында биылғы жылы  І.Жансүгіровтың  туғанына 125 жыл толуын  атап өтуге байланысты дайындық жұмыстарының басталғаны айтылып, оның жоспарлық іс-шаралары   және алғашқы күнделіктік  хабарлама жарияланған болатын. (далее…)

Ілияс Жансүгіровке — 125 (16)

1

 

Мерейтой дайындығы жұмыстарының күнделігі -1

 

Мерейтой  «қоржынына»  қаржылар түсе бастады!

 

Сайтымның кешегі парағында, биыл қазақтың ақиық ақыны, жыр дүлділі  Ілияс Жансүгіровтың туғанына  125 жыл толатыны және осы мерейтойлық  күнді атап өтуге байланысты  оның туған  жері - Ақсу ауданында дайындық жұмыстары басталғаны айтылған еді.  (далее…)

Вверх