"ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ ..."
«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (41)
0
«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (41)
Халық шежіресіне қызығушы оқырмандар!
Жақын арада менің қолыма Ақсу жерінде өмірге келген, тағдырдың салуына қарай Кеңес пен Қытай мемлекеттерінде өмір сүріп, қилы да қиын тағдырды басынан кешірген, үлкен шығармашылық иесі, ақын, шежіреші Дәуітбай МҰСАБЕКОВТЫҢ кезінде жинап-теріп қалдырған шежірелік мұрасы жинақталған «АМАНАТ»(2006ж) кітабы (Дайындаған – Қайрат БЕСТІБАЕВ) қолыма тиген еді.
Соған орай оның жазбалары өзім дайындап отырған «МАТАЙ, САДЫР» рулары жөніндегі шежірелік кітабым деректерін біршама толықтырды, өзара сәйкестендірілді. Солардың біразын сайтымның осы бөлімі арқылы оқырмандарды да таныстырмақшымын.
Бүгінгі парақта «НАЙМАН-МАТАЙ–ҚАПТАҒАЙ-АСАН» болып келетін ҚАРЖАУ, БӨРТЕ, БЕКБОЛАТ тармақтарының біраз толықтырылған шежірелік таратылымдары беріліп отыр. (далее…)
«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (39)
0«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (39)
Сайтымның осы бөлімінде бұл жолы төмендегі жазбалар беріліп отыр:
1. «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «НұрТілеу» бағдарламасында Түркиялық қазақ азаматы, журналист, тарихтанушы ғалым, профессор Әбдуақап ҚАРАмен өткізілген сұхбаттың жазылымы.
Бұл әңгімеде бүгіндері қазақ халқының төл тарихын зерттеудегі көзқарастың (концепциясы) қандай болуы керек; шетелдердегі қазақ диаспорасының өз ұлтының мүддесіне қызмет етудегі ролі және Алаш ардақтыларының, оның ішінде М.ШОҚАЙДЫҢ еңбектерін, мақсат-мұраттарының зерттелуі қандай дәрежеде екені туралы келелі ой-толғаулар айтылады.
2. Кезекті шежірелік жазба ретінде “НАЙМАН — МАТАЙ — ҚАПТАҒАЙ — АСАН» руының «ҚАРЖАУ мен БӨРТЕ» тармақтарының таратылымы.
Танысыңдар!