ҚҰРМЕТТІ  ОҚЫРМАНДАР !

  Ғаламтор  жүйесіндегі  миллиондаған  сайттардың басым көпшілігі (ресми, ақпараттық-танымдылық мазмұндағыларынан басқалары) жарнамалық  бағытында  құрылатыны бәрімізге белгілі. Олар белгілі бір компаниялардың, бірлестіктердің, тұлғалардың интеллектуалдық,  тауарлық,  т.б.  өнімдерін жарнамалау және тарату, әртүрлі бағыттағы қызметтерін  көрсету аясын кеңейту мақсатында  жұмыс жасайды. ...   

   

  Енді, осы тақырыптағы  әңгімені өз сайтыма   байланыстырып жалғастырайын. Мәселен, осыдан  бір жыл бұрын «қалай болар екен?» деп ашылған жеке сайтымды,  бүгіндері  «аяғына тұра алды», қалыптасты деп айтуға болатын сияқты. Енді оның құрылымына сол жарнамалық  бағытқа орайландырып  «ДЕЛДАЛ» деген жеке бөлімді енгізіп отырмын.

 

   Және  оның басты мақсатын:  Сайтымның  мүмкіндігі және кеңістігі шеңберінде көпшілікке қажет етілетін бірнеше бағыттағы жарнамалық, делдалдық қызмет көрсету және бизнес-кәсіпкерлік  саласы  мәселелеріне   байланысты  танымдық  жазбалар  беріп  отыру  деп  анықтадым!

 

  Жоғарыда  айтылғандай,  осындай  тақырып-бағыттағы  сайт-биржалар  ғаламтор жүйесінде жетіп артылады. Бірақ, қазақ жұртшылығы үшін қажетті және пайдаланылатын олардың басым көпшілігі  Ресей (РУ)  кеңістігінде  орналасқан,  Қазақстандық желідегілері  санаулы ғана, ал таза қазақ  тілінде  жүргізілетіндері  жоқтың  қасы!  Сондықтан да осы олқылықтардың орнын толтыруға,  ғаламтор  жүйесінде  қазақ  тіліміздің қолдану аясының кеңеюіне аз да болса үлес қосу!

 

 Әрине, осы онлайн қызметіміздің  қазақ жұртшылығына, көпшілікке қажеттілігін, өміршеңдігін алдағы уақыт көрсетеді. Егер қолдау көрсетіліп, сұраныс-тапсырыстар көбірек болып жатса, бөліміміз  уақыт өте келе неге жеке сайтқа айналмасқа?!  ...  

 

*       *       *

 Айтылғандарға  орай,  оқырмандарға, желідегі достарға, осы мақаламен танысушы барлық азаматтарға  «АРНАУ»  тастаймын:

 Сайтымдағы осы  бастама-жоспарым  жөнінде ой-пікірлеріңізбен  бөліссеңіздер. Оның іске асуына Қолдау  көрсетіңіздер!  «ДЕЛДАЛ»  алаңын  өз қажеттіліктеріңізге  барынша  пайдаланыңыздар! 

 

Ұсынылатын хабар-жазбаларыңыз болса осы  сайтта көрсетілген  bekserik-s@mail.ru  немесе

deldal-s.18@mail.ru деген адрестерге жіберіңіз!.

  Олар бірнеше әлеуметтік  жүйелерде  еш ақысыз жарияланатын болады! 

 

 

 

 «ДЕЛДАЛ» бөлімінің  құрылымдық негізін әзірге

төмендегіше белгілеп отырмын:

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР

Еліміз деңгейінде, әр өңірлер аумағында  әртүрлі  тақырыпта өткізілетін саяси, мәдени-көпшілік шаралар, кездесулер туралы, мекеме-кәсіпорындардың, жеке адамдардың  әр мазмұндағы хабарландыруларын  жариялап отыру;

 

ҚҰТТЫҚТАУЛАР

Әр мазмұндағы мерекелік күндермен және шаралармен, үлкен қуаныштармен құттықтау жазбалары;

 

ЖАРНАМАЛАР

Заңды және жеке тұлғалардың өз кәсіптері мен шығарудағы өнімдерін, интеллектуалдық және шығармашылық  адамдарының, ұстаздардың авторлық  дүниелерін насихатау; Әртүрлі  бағыттағы және мазмұндағы  басқа да  ұсынылған  жарнамалық  жазбаларды жариялап отыру;

 

ФРИЛАНСЕРЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Белгілі бір қызмет түріне сұраныс-тапсырыстар қабылдап, оларды  сол істің басқа бір шеберлеріне  орындатуға делдалдық жасау;

 (Фриланстық қызмет пен басқа да тақырыптар бойынша және оларды жүргізу жөнінде жеке танымдық мақалалар берілетін болады)

  

ДИЗАЙН

 

 Ұсынылатын тапсырыстар бойынша жарнамалық дүниелердің (баннерлер, билбордтар, стендтер, эмблемалар, логотиптер, т.с.с.) эскиздері,  сол сияқты журналдар мен кітапшалар, парақшалар мен буклеттер, күнтізбелер және т.б  жасалып орындалатын болады. 

«ІЗДЕЙМІЗ!»

 Ағайын-туыстарды, дос-жарандарды, бірге оқығандарды, кездейсоқ таныстарды және т.с.с. жандарды,  жоғалтылған  аса  бір  құнды  дүниелерді  іздестіру  туралы  хабарлар  жариялау;

       

 «ИНТЕРНЕТ-БИЗНЕС  САБАҚТАРЫ».

  Осы  тақырып  бойынша  танымдық  мақалалар,  методикалық жариялап отыру.

 

  Сонымен бірге,  бөлімнің  таза қазақ тілінде  жүргізілетінін  «астын сызып айтқандықтан» және оның  алдағы уақытта  латындық  әліпбиге  көшетінін  ескере отырып,  осы бағыттағы атқарылудағы жұмыстар,  әліпбиді  пайдалану ережелері туралы жазбалар жарияланатын «ЛАТЫНҒА КӨШЕМІЗ» деген тақырыппен  бөлім  ашу ойда бар.  Әрине, бұл орайда арнайы мамандардың қолдауы мен қатысқандары қажет етіледі. Сондай азаматтардан хабар тосамын!

 

Барлықтарыңызға  құрметпен  С.СЕРПЕРБАЕВ

 

 

Сайт бетінде кездесіп отырайық!  Ал, егер осы сайтта «жоқ болсаңыз», оған жазылыңыз! Ол үшін  астыдағы  терезешеге  адресіңізді  енгізіңіз!