«ЭЛЕКТРОНДЫ  КІТАПТАР  ТУРАЛЫ» — 4

 

Құрметті   оқырмандар!

Мен бұрынырақ осы сайтым бетінде электронды кітаптар туралы бірнеше танымдық мақалалар жариялап, олардың қазіргі технологиялық және ақпараттық серпіліс уақытында аса қажеттілігі мен тиімділіктері жөнінде, қандай мақсаттарда  дайындауға  және  пайдалануға болатыны туралы бірнеше танымдық мақалалар  берген  едім. Және де өзімнің соларды қазақ тілінде дайындау технологиясын меңгеріп,  5-6 кітап дайындағанымды көрсеткенмін. Қазір де 2-3 кітап дайындалу үстінде.

Ол мақаланы сайттан оқи  аласыздар: http://bit.ly/2F7QiGf

Сонымен бірге, осы мазмұндағы және ақпараттық бизнес  ұғымы туралы түсініктемелер берілген «ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР ТУРАЛЫ» атты жеке кітапша да дайындап, сайттың тұрақты оқырмандарына таратқан болатынмын.

 

 

Егер осы кітапты алмаған болсаңыз және қажет етсеңіз, электрондық пошталарыңызға жібере аламын.

 

Электронды кітаптарды дайындатып пайдалану барлық оқырман қауымға, әсіресе шығармашылықпен айналысушы  және өнер саласындағы азаматтарға, оқу орындары мұғалімдері мен ұстаздарға,  кітапханашыларға, кәсіпкерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге, әр отбасына  өте тиімді және  пайдалы құрал болатынын тағы да еске саламын!

 

 

 

Сонымен, егер:

 

  • Авторлық шығармашылық-өнерлік туындыларды (өлеңдер-әндер, проза, ғылыми, зерттеушілік, журналистік еңбектер, суреттер, тағысын тағы)  жүйелі түрде және сериялық кітапшалар ретінде дайындатып,  кейінірек оларды көлемді томдарға айналдыруға немесе қағаздық формаға дайындап қою үшін сақтағың, насихаттап  таратқың келсе;
  • Ұстаздық тәжрибелерді, пәндік- методикалық  еңбектерді, т.б. өзіндік дүниелерді  кітап  беттеріне түсіріп, ары қарай пайдаланғың-насихаттағың келсе;
  • Бизнес-кәсіпкерлік істердегі  жетістіктерді, тәжрибелер  ментехнологиясын, шығарылудағы  өнімдерді насихаттап-жарнамалағың келсе;
  • Қызметтік жылдарда ұйымдастырған- атқарылған маңызды көпшілік шаралардың, кездесулердің  тақырыптық мазмұнын, жоспар-сценарийларын, фото-бейне көріністерін кітап не фотоальбомдық түрде дайындап сақтап, ары қарай пайдаланғың келсе ;
  • Өз әулетіңнің шежіресін, отбасылық өмір сәттері мен балалар-немерелердің қызықтарын фотокітап ретінде дайындап,  келешекке   сақтағың,  ағайын-туғандарға тарту еткің келсе;
  • Және өз қалауыңа байланысты басқа да мақсаттарда кітап  дайындатып алғың келсе,

 

сайтымызға  ТАПСЫРЫСТАР беріп,  ДАЙЫНДАТА  аласыңдар!     Біздер тосамыз!

 

Кітаптарды дайындау шарттары өзара келісіледі  және олар ТАПСЫРЫС берушілерге  қарай ыңғайланады!