Электронды кітаптар туралы — 5 

К

 

Құрметті   оқырмандар!

Сайтымның осы тарауында бұған дейін  «Электронды кітаптар дегеніміз не?» деген мазмұнда бірнеше танымдық-әдістік мақалалар жариялап, олардың замануи  технологиялық және ақпараттық серпіліс уақытында аса қажеттілігі мен ерекше тиімділіктері жөнінде, қандай мақсаттарда пайдалануға болатыны туралы жан-жақты түсініктер  берген  едім. Арнайы кітапша да дайындалып, таратылды.

Сол жазбаларда  электронды кітаптардың қағаздық форматтағыларымен салыстырғанды ең басты артықшылықтары ретінде:

  • әр адамның  өздеріне  қажет етілетін  шығармашылық  дүниелерді аз мерзім ішінде  және арзанға дайындауға немесе дайындатып алуға;
  • кітапты  сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы әлемнің әр түкпіріндегі мың-мыңдаған адамдарға  әп-сәтте таныстырып насихаттауға,   қажет етуші оқырмандарға электронды поштамен жедел  таратуға  (сыйлауға, сатуға);
  • Кітаптарды ұзақ мерзімдерге сақтап қоюға (бұзылмайтындығы және жоғалмайтындығы)  болатындығын, т.б.  көрсеткенмін.

Осылар жөнінде толығымен мына сілтеме арқылы  таныса аласыңдар: http://bit.ly/2F7QiGf

Сонымен, егер Сіздер тарапынан  электронды  кітаптар дайындатуға қызығушылық және қажеттілік болған болса, біз тапсырыстар қабылдай аламыз!:

 

 

 

Электронды кітап дайындатасың ба?

 

Төменде сайтым арқылы дайындалып, оқырмандарға таратылудағы (әртүрлі  мазмұндағы) электронды кітаптардың біразын және  олардың  мазмұндық  парақтарын  үлгілік  ретінде назарларыңызға ұсынамын.

 

 

«Аудан деректері»

«Алтын ұям — Ақсуым»  кітаптары сериясынан.  1-ші кітап. 

 

 

 

Сайтым  жазбалары негізінде  алғашқы шығарылған осы кітап  қазақ  жерінің  бір «пұшпағы»,  «Жер жаннаты — Жетісудың»  құрамдас  бөлігі,  өткені  өнегелі, бүгіні берекелі Алматы  облысы  Ақсу ауданына  арналды. Кітапта  ауданның  әкімшілік  құрылымы,  оның барлық ауылдық округтері мен елді  мекендері, табиғаты мен жер атаулары туралы ресми- танымдық деректі жазбалар берілген. Кітап парақтары  мазмұнына  орай фотосуреттермен толықтырылған.

Бұл  кітап, ең алдымен, Ақсу жерінің өз  жұртшылығы  мен мемлекеттік қызметкерлеріне,  кітапханаларына,  жастарына,  мектеп оқушыларына және сырттағы жерлес азаматтарға да танымдық- анықтамалық  мақсатта  қолдануына  әрқашан да қажетті, «қолжетімді», пайдалы деректік құрал болады деп санаймын.

  Сонымен бірге,  еліміздің  барлық  өңірі азаматтарына да, әкімдіктері  мен оқу-ағартушылық, мәдениет мекемелері қызметкерлеріне  де үлгілік ретінде пайдалы деп есептеймі

Кітап сайтыма тұрақты түрде жазылушыларға және сайттағы басқа кітаптарды сатып алушыларға «сый» ретінде тегін таратылады.

 

 

«Ақсуым — шығармашылық өзегі»

(Ақсулық  ақын-жазушылар)

«Алтын ұям — Ақсуым»  кітабы сериясынан.  2-ші кітап. 

 

 

 

 

 

Бұл  кітапта  соңғы екі  ғасыр  мерзімінде елімізге, Жетісу өңіріне танымал саналатын Ақсулық ақын-жазушылардың (67 адамның)  өмірбаяндық  деректері берілген  және олардың  туған  жерге,  Ақсу  елі мен жеріне арналған  жүрекжарды  туындылары  (өлеңдер, әңгімелер) таңдалып  алынып,  антологиялық  топтама  жасалған. Шығармашылық  жазбалар  мазмұнына  орай Ақсу жерінің  табиғатын  бейнелейтін  фотосуреттермен  толықтырылған.

Кітап  танымдылық  тұрғыда қалың  оқырман  қауымға,  әдебиетшілерге және жыр сүйер көпшілікке  арналған. Кітап ақылы.

 

 

«Ақсуым деп ән шырқалады»

(Ақсулық  сазгерлер, әншілер)

«Алтын ұям — Ақсуым»  кітабы сериясынан.  3-ші кітап. 

 

 

Бұл кітап дайындалу үстінде. Оған, келесі кезектегі  елімізге  жақсы танымал саналатын Ақсулық сазгерлер мен  әншілер туралы деректер, олардың  да туған  жерге,  Ақсу  елі  мен жеріне арналған туындылары - ән-күйлерінің орындалудағы аудио-бейнежазбалары жинақталып жатыр. Бұл кітаптың  мазмұны да  таңдамалықантологиялық  топтама түрде жасалатын болады.

Осыған орай, осы парақтағы жазбалар көзіне түскен сазгер-әншілерімізге өз шығармашылықтары мен орындаудағы аудио-бейне жазбаларын сайтқа ұсынғандықтарын қалар едік!

 

 *       *       *

 (Осы «Алтын ұям — Ақсуым»  кітабы сериясы бойынша  әр тақырыптағы туындылар дайындау жалғастырыла береді. ...) 

 

 

 

«Атандым — ақын Сара»

 

Ақын Сараның 165  жылдығына  арналып  шығарылған  Жемісбек Толымбековтың  кітабы

 

 

 

 

 

Кітапта ақын Сараның өмірі  туралы  тың  және толыққанды деректер  келтіріліп, Толғанбай  Мырзағұл ұлы  шығарған  «Қисса.  Біржан  сал менен Сара қыздың  айтысқаны» делінген тағы бір айтыс  нұсқасы  берілді.

Кітап  халық мұрасын зерттеуші  ізденушілерге, ақындық, жыр, айтыс өнерлерін қадірлейтін  көпшілік  оқырман  қауымға арналады.  Кітап ақылы.

 

 

«Наймандар туралы деректер»

 

 

Бұл кітап сайт оқырмандарының бірі, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының азаматы, еңбек ардагері, кітапханашы Нұрғайни Мұқанованың тапсырысымен дайындалды.

Кітапта  жалпы Наймандар туралы құнды тарихи деректер және оның  Қаракерей — ... — Байторы — ... — Ақнайман — ... — Мұқан ... -  және одан ары таратыла беретін бір үлкен әулеттің шежіресі берілген.

Осы мазмұндас кітап дайындатушыларға үлгі ретінде пайдалануға болады.

 

 

 

Бұл кітап  дайындалу үстінде, таяу мерзімде дайын болады. Тақырыбына сай, кітапта өзімнің  және  отбасым мүшелерінің өсу-есею, білім алу жылдары, еңбектегі-қызметтегі жолы және соған қоса  туған ағайын-бауырлар, құдалар  отбасылары туралы басты  деректер беріледі. Сонымен бірге, өзімізге қатысты рулық, әулеттік және отбасылық шежіре  көрсетіледі. 

Кітап мәтіндік- фотоальбомдық  түрде құрылған. Ол,  әрине, өз отбасыма, ұрпақтарға және жақын ағайын-туғандарға  беріледі және  оның деректерін  толықтыру, алдағы кезеңге жалғастыра беру мақсат етіледі, яғни  жаңаланып  отырылады.

Осындай өзіндік шежірелік кітаптар  шығару ниеті  бар,  тапсырыс беруші азаматтарға  үлгілік түрде  таныстыру  үшін  көрсетуге болады.

 

 

 

 

Бұл  кітапшада   ғаламтор  жүйесінде  қым-қуат жүріп жатқан ақпараттық бизнес  ұғымы туралы  және оның бір бағыты — электронды кітаптарды пайдалану қажеттілігіне байланысты қысқаша мағлұматтар мен түсініктемелер  берілген. 

Кітап қалың  оқырман  қауымға,  әсіресе  шығармашылықпен айналысушы  және өнер саласындағы азаматтарға, оқу орындары ұстаздарына, кітапханашыларға, кәсіпкерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге  пайдалы.

Кітап сайтымның тұрақты оқырмандарына тегін таратылды. Ары қарай да, электронды кітапқа тапсырыс беруге ниеттенген   және басқа да қажет етуші азаматтарға сый  ретінде ұсынылады.

 

  

 Бір айтарым, жалпы,  кітаптарды дайындау барысында одан табыс табу мақсат етілмеген еді. Алайда, бір жарым жыл болған осы сайтымды ашу кезіндегі оқу курсына, оның қажетті технологиялық бағдарламаларын сатып алуға және жаңалап отыруға айтарлықтай қаржы шыққандықтан және әлі де болатындықтан жекелеген  кітаптар ақылы түрде беріледі. Оны әбес көрмедім. ...

  Қазіргі уақытта басқа да тақырыптағы біраз кітаптар дайындалу  үстінде. ...

 *       *       *

Сонымен, электронды  кітаптарды дайындатуға  сұраныстар-тапсырыстар күтеміз! Ол жөнінде және көрсетілген кітаптарды  сатып алғысы келген азаматтармен  әңгіме  жеке,  өзара  келісімдік  түрде  жүргізіледі. Рахмет!