«ЭЛЕКТРОНДЫ  КІТАПТАР  ТУРАЛЫ» — 3

 

Құрметті  сайт оқырмандары!

Қазіргі технологиялық және ақпараттық серпіліс, қоғамды жеделдете цифрландыру заманында интернет желілерінде  жиі қайталанып жататын  «инфобизнес», «инфопродукт», «электронды коммерция», «электронды кітаптар»,  т.с.с.  ұғымдар  құлаққа  барынша сіңісті болуда. Солай десек те, қалың көпшілік бұл ұғымдардың нақты мәні мен  мазмұнын жете түсінетін жағдайда деуге келмейді. Әсіресе, қазақ тілді аудитория үшін осы тақырыптарда берілетін танымдық жазбалар тым сирек жариялануда.

 

Осыған орай,  осы бағыттағы жұмыстарға сәл де болса септігім тисе деген ниетпен сайтымда интернеттік-бизнес саласындағы сауаттылық тақырыбына  арналған «ДЕЛДАЛ» атты тарау ашылғанын, онда танымдылық және  жарнамалық  жазбалар беріліп жатқанын байқаған боларсыздар. Енді міне, солардың негізінде  «Инфобизнес сабақтары»  деген  жалпы  атаумен электронды кітаптар сериясын шығаруды қолға алып отырмын.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР – УАҚЫТ  ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

Бүгін Сіздердің назарларыңызға солардың алғашқысы ретінде дайындалған төмендегі «ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР  ТУРАЛЫ» атты   кітапшаны ұсынып отырмын. Онда ақпараттық бизнес  ұғымы туралы  және оның бір бағыты — электронды кітаптарды пайдалану қажеттілігіне байланысты қысқаша мағлұматтар мен түсініктемелер  берілген.

 

 

Кітап  қалың  оқырман  қауымға,  әсіресе  шығармашылықпен айналысушы  және өнер саласындағы азаматтарға, оқу орындары мұғалімдері мен ұстаздарға,  кітапханашыларға, кәсіпкерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге  танымдылық  тұрғыда  пайдалы болады деп санаймын.

 

Кітап сайтымның тұрақты оқырмандарына таратылады.  Және басқа да қажет етуші азаматтарға сыйлық  ретінде ұсынылады. Егер кітапты алып танысқыларыңыз келсе сайтыма жазылсаңыздар болды! Ол үшін осы мақала астындағы «терезешені» пайдаланыңыздар. Тіпті болмаса, өз электронды поштаңыз адресін көрсетсеңіздер болады.

 

P.S. Егер Сіздер жағынан қажеттілік пен сұраныстар байқалып жатса, алдағы уақыттарда  «Электронды  кітаптарды  қалай дайындауға болады?» деген осы кітаптың жалғасын да  дайындап,  ұсынуға болады. Ол жөнінде сәл кейінірек әңгіме етерміз!

Құрметпен С.Серпербаев