«Telegram» арнасы ( каналы)  туралы

 

 Құрметті оқырмандар!

Мен соңғы күндері ғаламтор кеңістігіне таяу жылдарда ғана енгізілсе де, бүгіндері пайдалану ауқымы ерекше өсіп келе жатқан Telegram хабаршысымен (мессенджер) танысып, онымен жұмыс істеу тәсілдерін үйренумен айналыстым.  Әлеуметтік желілер қатарына жатқызуға болатын оның, басқаларымен салыстырғандағы көп артықшылықтарына — әлдеқайда әмбебап, қолдану аясы кең, пайдалануы өте ыңғайлы, қарапайым және де  болашағының өте зор екенініне көзімді жеткіздім.

 Сондықтан да,  оны Сіздерге де  насихаттау мақсатында бүгінгі парақта  арнайы танымдық жазбалар  беруді жөн көрдім. Қабыл алыңдар, танысыңдар, өз қажеттілігіңе  пайдаланыңдар! Өкінбейсіз, өте пайдалы болады деп санаймын.

Өзім оған тіркеліп отырмын. Менің никнеймым (адресім): https://t.me/serbek

Егер Сіз осы желіні бұрыннан пайдаланып жүрген болсаңыз,  онда бір-бірімізге жазылайық, жазбалармызбен танысып отырайық. 

 

 

 

«Telegram» туралы 

 

Картинки по запросу телеграм эмблема

 

 Telegram – оны пайдаланушылардың өзара хабарласа  алатын, мәтіндік хабарламалар мен  түрлі пішімдердегі (форматтағы) және көлемдегі медиафайлдармен алмасуға мүмкіндік беретін тегін кроссплатформды хабаршысы ( мессенджер).

«Телеграм» жобасын  «Вконтакте»  әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуров жасаған.  Оған 2011 жылы осындай қосымшаны құрудың алғашқы идеясы келеді. Содан өз ағасы Николаймен әзірленген MTProto хатын шифрлеу технологиялары  негізінде сервис құрастырылады. 2013 жылы әлемде бағдарламаның алғашқы нұсқасы өмірге келіп, 14 тамызда IOS платформасында бірінші клиенті пайда болды. Кейінірек әртүрлі мобильді платформаларда жұмыс істейтін басқа нұсқалары да шығарылды

Статистика бойынша Telegram қызметінің белсенді қолданушылар 2018 жылдың наурыз айының соңында 200 миллионнан астам адамды құрады, күнделікті жіберілетін хабарламалар саны 10 миллиардтан асады. Өткен жылдың ақпан айында ол 50-ге жуық елде ең көп жүктелетін бағдарламаға айналды. Соңғы жылдары  ТМД елдерінде де қолжетімді болып отыр.

 

Telegram арналарында және онда ашылған топтарда негізінен белгілі бір тақырыптарда маңызды делінетін жазбалар жарияланып, соларға ортақтас, әріптес  азаматтар  жинақталады. Олардың арасында  өзара хат алмасуларға, пікірлесуге өте ыңғайлы тетіктер ойластырылған.

 

*       *       *

Telegram қызметінің  мүмкіндіктері мен  артықшылықтары

Жұмыс істеуінің ерекше жоғары жылдамдығы мен тұрақтылығы. Оның серверлерінің әлемнің әртүрлі нүктелерінде орналасуына қарамастан, жіберілген хабарлар қабылдаушыға өте тез, секундтарда жеткізіледі. СПАМ деген болмайды. Бүткіл әлем бойынша пайдаланушылармен жоғары сапалы дыбыстағы онлайн режимінде сөйлесуге болады.

 

Жүйеге қосылудың  және онымен жұмыс істеудің  жеңілділігі. Тіркелу үшін тек телефон нөмірі ғана қажет. Интуитивті классикалық бағдарламалық интерфейсі түсінікті,  қарапайым және пайдалануға ыңғайлы. Олардың әртүрлі стильді нұсқаларын (дизайнын)  дайын опциялардан таңдауға болады  немес өзіңіз де дайындай аласыз. Сервис уақыт талабына және сұраныстарына сай үнемі жаңарып отырады. Мәселен, 2018 жылдың басынан бұрын тек ағылшын тілінде жүргізілетін мессенджердің орыс тілінде пайдаланатын  нұсқасы іске қосылды. Барлық функциялары (күн сайын жіберілген хабарлардың саны, «бұлтқа»  жүктелетін файлдардың көлемі, пайдалану уақыты) тегін және  тез жұмыс істейді. Жедел көмек көрсететін  техникалық қызметі бар.

 

Телеграмды» барлық құрылғыларға (ПК, ноутбук, планшет, смартфон, ...) орнатып қолдануға болады. Ақпараттар  қашықтағы серверлерде сақталады, сондықтан да оның барлық құрылғылардағы  жұмысы өзара  үйлесімді бірлестіріледі (синхронды).  Және де сондай құрылғыларда арнайы бағдарламаны орнатпай-ақ онлайн режимінде сөйлесу нұсқасы  да бар.

 

 Телеграмда әртүрлі  тақырыптағы  арналар (каналдар) ашылады. Басқалардың  арасынан  табу үшін  әр каналдың  өз атауы  және сілтемесі болады. Арналар жалпыға ортақ  және жекелік тұрғыда ашылады. Өз арнаңызды құру, оны жазбалармен, медиабейнелермен толтыру өте оңай.  Жазбаларға  сілтемелер, лайктер қою мүмкіндігі бар. Арналарда  тек оны  ашқан адам ғана ақпарат жаза алады және сол туралы өз оқырмандарына ескерту жібере алады. Оларға түсініктемелер (комментарийлер) беру мүмкіндігі жоқ. Арналарға басқа сайттардан, әлеуметтік желілерден жазбалар жіберуге, оларға әкімшінің өз түзетулерін енгізуге және хабарларын қосуға болады.

 

Өзіңізге желіні  пайдаланушылардың (контакты) тізімін сканерлеу арқылы телефон  кітапшасынан автоматты түрде қоса аласыз. Қажетті адамды телефон нөмірін білмей-ақ , оның юзернеймы (лақап аты) арқылы да  табуға болады. 

 

Телеграмның басты артықшылықтарының бірі – ондағы жазбалардың басқаларға үлкен қолжетімділігі.  Яғни, арнадағы аудитория өз  «достары»  жазбаларының  барлығын  дерлік (85-90%) әр кезде де және толығымен көріп оқи алатындығы. Ал осы көрсеткіштің   ФБ, ВК, ОКл желілерінде  10-15 пайыздан аспайтынын бәріміз білеміз.

 

Телеграм  арқылы үлкен көлемді және кез келген түрдегі объектілерді (файлдарды, құжаттарды, фотоларды)  жіберуге және өзіне сыйымдылығы 1,5 Гб дейінгі  фотосуреттерді енгізуге болады. Хабарлардың дауыстық нұсқасын жазып  жібере аласыз. Музыканы интернетсіз-ақ  және  тегін  тыңдай аласыз. Осы мақсатта  пайдалануға түсінікті медиаплеер әзірленген

 

Үлкен қауыпсыздық. Желіні пайдаланушылардың  есептік деректері, хат алмасулары  арнайы криптографиялық қорғаныс алгоритмдерін пайдалану арқылы  ұрланудан,  сыртқы шабуылдардан сенімді түрде, 100%  қорғалады. Пайдаланушылардың өзара жасырын қауіпсіз сөйлесу мүмкіндігі бар және олардың мазмұндық хабарламалары белгіленген уақыт өткеннен кейін автоматты түрде жойылады.  Жазбалар, файлдардың барлығы (көлемі және санына қарамастан)  «бұлт-облако» сервисінде сақталады, оларды құрылғы жоғалған  жағдайда  қайтарып толық орнына қоюға болады немесе  арнайы сайт  арқылы оны оқшаулауға (заблокировать) көмектеседі. Телефонмен сөйлескенде  де өз нөмеріңіз көрсетілмейді, жасырын болады.

 

Телеграмда жеке бір тұлғамен және өз тақырыбыңыз және қызығушылықтар бойынша  басқа  адамдар топтарымен байланыс жасауға болады. Өзіңіз де  қатысушылардың саны 5 мыңға дейін болатын бірнеше топтар құра аласыз. Топтарда саны 200 адамға дейін жететін чат (әңгімелер, конференциялар) жасауға болады және оларды жабық-жасырын түрде де өткізе аласыз.  

 

Telegramның тағы бір үлкен ерекшелігі — онда бағдарлама арқылы басқарылатын арнайы өте пайдалы автоматты көмекшілерді — әртүрлі виртуалды боттарды пайдалануға болатыны. Олар арқылы браузерсіз-ақ  желі жұмысына керек ақпаратттарды табуға және де  өмірде, тұрмыста  қажет етілетін көптеген  тапсырмаларды  орындай алады. Олардың саны мыңдап саналады, қажеттілерін таңдап  қашықтағы серверге сақтап пайдалана аласыз.Өзіңізде оларды жасай аласыз.

 

Teлеграм арнасы   интернет- бизнесін  жүргізуге өте қолайлы және өте тиімді. (Ол жеке үлкен әңгіменің тақырыбы).

 

Teлеграмды  пайдаланудың басқа да көптеген ұтымды функциялары мен тетіктері жеткілікті...

 

 

Интернет жүйесінде Telegram қызметін пайдаланудың тәртібін, әдіс-тәсілдерін үйретуші жазбалар жетіп артылады. Төменде өз таңдауым бойынша  солардың  бір — екеуін ұсынып отырмын.

 

*       *       *

О канале в Телеграм: для чего он, как создать и использовать?

Бұл жазбамен мына сілтеме арқылы танысасыз: http://bit.ly/2V8c0jX