«TOЙ–BAZAR»-дың  ОНЛАЙН — САРҚЫТЫ 

Құрметті  сайтымның  оқырмандары!

 

Бүгін «ДЕЛДАЛ» сайтымның «TOЙ–BAZAR.KZ» АЛАҢЫ  бөлімінде жоғарыдағы тақырыппен жаңа  тарау ашылып отыр. Оның кіріспе-түсініктемесінде былай деп жазылды:

"Дүрілдеп өткен тойлардан әр қазақтың сарқыт алып қайтуы, салтымызда қалыптасқан дәстүрлі ырым екені бәрімізге белгілі.  Олай болса, сайтымның  "ТОЙ-БАЗАРЫНАН ДА « әрдайым сарқыттар (онлайн түрде)  алып   отырғандарың жөн болады.

Яғни, әр апта сайын осы тарау парақтарында той тақырыбындағы әндер мен шығармашылықтар, ғаламтор жүйесінде байқалған қазағымның өткізген тойларындағы әдемі атқарылған салт–дәстүрлердің бейнетүсірілімдері, небір тамаша асабалық, әншілік-бишілік, т.б.  өнерлер мен той үстінде болған ерекше бір қызық та және «шыжық та» көріністер жинақталып жарияланып отырылатын болады...

Бүгін сондай алғашқы жазбалар топтамасы ұсынылып отыр. Қабыл алыңдар, тамашалаңдар! Келесілерін  күтіңдер!»

 

Сендер де олармен  мына сілтеме арқылы толығымен танысыңдар:http://bit.ly/2M0UpcA