Сайт туралы

Құрметті оқырман!

Осы  аталмыш сайт  қазақ жерінің мызғымас бір «пұшпағы», «Жер жаннаты — Жетісудың» құрамдас бөлігі,  өткені өнегелі, бүгіні берекелі АҚСУ ЖЕРІНІҢ  ХАЛҚЫНА арналады және онда Алматы облысының құрамындағы АҚСУ АУДАНЫНЫҢ өткен тарихын,  өсіп-даму жылдарындағы  елдің жанкешті еңбегі мен ерлігін қайта жаңғырту, егеменді еліміздің жарқын болашағына бағытталған  бүгінгі таңдағы аудан жұртшылығының берекелі де бедерлі істерін, өмірдегі белсенді тіршілігін баяндау мақсат етіліп отыр.

Сайттың  мазмұны екі үлкен тарау ретінде  құрылды.   Біріншісі, "Аңыз, Абыз, Нағыз  Ақсу» атауымен «интернет-кітап» ретінде белгіленді. Екінші бөлімі  «Ақсу ажары» деген  атаумен газеттік форматта жүргізіледі. Ол аудан халқының бүгінгі өмірін,  тіршілігін   баяндауға  арналады.

Әрине, сайтта әртүрлі тақырыптағы рубрикалар, парақтар ашылып жүргізіледі, мақалалар жарияланады

Вверх