«Әлеуметтік желілерде не айтылды?» ТОП-10 "

3

ҚҰРМЕТТІ САЙТ ОҚЫРМАНДАРЫ!

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі ғаламтор жүйесінде — интернет-сайттарда, әлеуметтік жүйелерде отыратыны белгілі. Себебі, әркім олардан өз кәсіптеріне, қызығушылықтарына байланысты қажетті мағлұматnарды молынан алады, білімдік деңгейлерін көтереді, пайдалы кеңестер алады, демалады...

Осы авторлық сайтым интернет кітап-газет тұрғысында құрылғандықтан, соған тақырыптас, мазмұндас келетін сол желілердегі жарияланымдарды талдап-іріктеп Сіздерге таныстырып отыруды жөн көріп отырмын. Олар «Әлеуметтік желілерде не айтылды?» деген атаумен тақырыптар бойынша құрылды. Бұл шолу ең алғашқысы болғандықтан, оның тақырыптарын да, жарияланымдарын да сынақтық нұсқа (пробный вариант) деп қабылдаңыздар. Бұл жолы 6 тақырыптық топпен беріліп отыр, екінші бөлімі таяу күндері қосылады (Барлығы 10 топ). Сонымен бірге, осы бір тәсілдің сайтта қажеттілігі бар, өміршеңдігі болады десеңіздер және де оның тақырыптары, шығарылымдардың таңдалуы, шығару мерзімаралығы туралы ұсыныс-пікірлеріңізді білдіріңіздер. Рахмет!

ТОП-10 (Бірінші бөлім)

I. Қуанышқа ортақпыз! (Құттықтаулар)

Өткен аптада желідегілер тарапынан құттықтауларды молынан алған азаматтар

1. Желінің ең үлкен ақсақалы

Кәрім Жұмағалиев.

Сол кісінің өзі жазғанын оқыңыздар!

«ҚҰРМЕТТІ ДОСТАРЫМ!!! Жасымның үлкендігіне байланысты шығар, менің жағдайымды сұраған достарымның лебіздерін фейсбук беттерінен көріп қаламын. Солардың барлығына өлең жолдарымен жауап беруді жөн санадым».

Сексенжетіге бассам да аяғымды,
(Ұстамаймын ары әкет, таяғыңды.)
Өткен өмір парағын ақтарамын,
Еске алып, жастық шақты- баяғыны.

(далее…)

Мәдени шара өтті

0
Құдаш Мұқашев- 85

Кеше, Қызылағаш ауылдық мәдениет үйінде жерлесіміз ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Құдаш Мұқашевтың 85 жылдық мерейтойына арналған мәдени шара өтті. Бұл кеште Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама бақармасының басшысы А.Ж.Әбдуалиев, Ақсу ауданының әкімі Ә.Е.Далбағаев, Аудан әкімінің орынбасары А.А.Сабырбаев, Ақынның балдызы Халық ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі иегері, Еңбек ардагері Майра Жылқыбаева, Ақынның қызы Байжасарова Кемен, бажасы Нүсіпов Егеубек және жиені Әбуғалиев Қыдыр ізгі тілектерін айтты. Бұл кешті аудан әкімінің орынбасары А.А.Сабырбаев құттықтау сөзімен бастады. Бүгінгі кештің бағдарламасы бойынша «Ұлы дала дастаны» видео хроника көрсетіліп, «Жалғыз тораңғы» атты кітабының тұсауы кесілді. Ақсу халық театрының дайындаған «Жүректерге ән салғызып, жыр еккен» атты концерттік бағдарламасын тамашалады. Кеш соңы түскі ас берумен аяқталды.

 

Ақсу аудандық мәдениет бөлімі

ПЕНДЕНІҢ АЛЛА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ

1

Құрметті оқырмандар!

Сайтымыздың «Діни танымдылық — уақыт талабы» атты тарауына алғашқы мақаламызды енгізіп отырмыз. Осыдан ары қарай да Ақсу аудандық мешіті тарапынан дайындалған мақала-хабарламаларды және басқа да діни танымдылық еңбектерді жүйелі түрде беріп отыратын боламыз. Ой-пікірлеріңізді білдіріңіздер! Өздеріңіз де мақала беріңіздар.

 

ПЕНДЕНІҢ АЛЛА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ

Адамның ең үлкен мақсат-мұраты және жаратылысының себебі Алла Тағаланы танып, оны сүю, Оның сүйіспеншілігіне бөлену, разылығын табу. Адам осы мақсатпен жаратылғандықтан, соған қажетті сезімдер мен соған ыңғайлы ағзаларға ие болып жаратылған. Алайда Алла Тағаланы сүю және оның сүйіспеншілігін табу оңай шаруа емес. Бұған қол жеткізу үшін соған лайықты амалдар жасау, соған лайықты рухқа ие болу (далее…)

Ақын Сара бейнесі елге келді...

0

60 жыл сақталған ақын Сара бейнесі елге келді. Бірақ…

Құттыктау

0

Құрметті Әділбек Егеубекұлы , Бейбіт Жаңылысұлы !

Сіздерді және бүкіл Ақсулықтарды Қант заводының қайтадан іске қосылып, алғашқы өнімін беруімен құттықтаймын! Өздеріңіз «Рухани қайта жаңғыру» ісіне белсене қатысумен қатар, туған өңірді гүлдендіруге ерекше үлес қосып, халықты жұмылдырдыңыздар. «Жас келсе – іске » дегендей, қажымай жалықпай ізденіп инвесторлар тауып , тиісті орындарға мәселені дер кезінде қоя білдіңіздер. Жоғарғы органдардың назарын аудардыңыздар. Міне , талпыныс пен ізденістің қортындысы завод қайта жаңғырып,бұрқыраған түтінімен ауданға тіршілктің жылы демін алып келді. Енді осы қарқын ары қарай алға жылжып жемісін көріңздер.Халықтың көңіл -күйі көтеріліп ,табысы молайсын. Аудан экономикасы өрлеп өссін.

Ізгі тілекпен, Ақсу ауданы мен Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы», зейнеткер

Молдабаева Зура Дүйсенқызы

Сүйінші!!! Ақсу қанты қайтадан шықты!

0

Құрметті аудан халқы!

Өткен қазан айының басында ұзақ жылдардан бері тоқтап тұрған, ауданымыздың басты кәсіпорны — Ақсу қант зауыты қайтадан іске қосылып, шаруалардың биылғы өсіріп-өндірген тәтті түбірлерін қабылдай бастағанын айтып, елдің үлкен қуанышына ортақ болған елдік. Енді міне, кеше аудан жұртшылығы зауыттың алғашқы таза қантты да шығарғанын, оған ауданға іс-сапармен келген облыс әкімі Амандық Баталовтың куә болғанын естіп, тағы да зор ризашылықтарын білдіріп жатыр. (далее…)

«Туыңды туған жеріңе тік»

0

Ақсу аудандық "Туыңды туған жеріңе тік"

акциясы туралы

 

«Туған жер еш нәрсе жоқ, сенен ыстық,
Себебі, сенде туып, сенен ұштық»

Халқымыздың қанатты сөздерінен

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады»- деп, айта келіп, барлық өңірлерде «Туған жер» бағдарламасын қолға алу қажеттігін ұсынған болатын. Осыған байланысты, қазіргі уақытта ол еліміздің жарқын болашағына мақсатталған жұмыстардың басты бағытына және еліміздің әр өңірінде «ТУЫҢДЫ ТУҒАН ЖЕРІҢЕ ТІК» атты қозғалысқа айналып, бүкілхалықтық сипатқа ие болуда...

Біздің, Ақсу ауданында (Алматы облысы) дәл осындай атты акция сонау, 2014 жылы қолға алынып, соның аясында айтарлықтай нақты шаралар атқарылған болатын. Сіздердің назарларыңызға осы мазмұндағы мақаланы ұсынамын. (далее…)

Діңгек мазары

0

Сайтымыздың аудан тарихына арналған тарауында бұрынырақ жарияланған «Жердің аты-тарихтың хаты» деген мақалада, қазіргі Есеболатов ауылдық округі аумағында ерте замандарда тұрғызылған биік мұнара болғандығы, ондай құрылыстардың "Дың» деп аталатыны және оның ауыл округі орталығы — «Діңгек» ауылының атауына негіз болды саналатыны айтылған болатын. Бүгін сол қысқа деректерді толықтыру мақсатында ұсынылған мақаланы өткен ғасырдан сақталған мазар суретімен қоса беріп отырмыз.

Қабыл алыңыздар! Және де басқа да оқырмандардан осындай құндылықтағы танымдық еңбектерді тосамыз.

 

Діңгек мазары (Таным)

1898 жылы Николай Николаевич Пантусов Жетісуды аралағанда «Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу», Тәнеке (Нұралы) батыр, Шоқан Уәлихановтың мазарларымен қатар Діңгек мазарында мұқият тексеріп, география қоғамына жазып қалдырыпты. (далее…)

Рай көлі — емдік көл

1

Осы сайт кітабында «ЖЕРДІҢ АТЫ-ТАРИХТЫҢ ХАТЫ» деген тақырыппен берілген мақалада, аудан аумағында «РАЙ» есімімен аталған 2 жер бар екені көрсетілген болатын. Соның біріншісі — Құрақсу өңіріндегі қызыл құмның ортасындағы әйел есімімен аталатын көл. Көлдің ыстық суының емдік қасиеті болғандықтан, оған соңғы жылдары жаз айларында жан-жақтан адамдар көптеп келетін болды. Ол жеке әңгіме...
Қазір, Рай көлі атауына негіз болған Рай есімді анамыз туралы сол сайт жарияланымына түскен пікір-түсініктемені қолдағы бар фотолармен толықтырып, мақала ретінде қайта жариялап отырмыз.

 

Рай анамыз туралы

 

Рай көлі. Ақсу ауданы

"Рас, Ақсу телінде Рай атауында екі жер бар, Қызылқайың мен Құрақсуда. Рай ана туралы қысқа келтірейін. Өйткені, «Неизведанный Қазақстан» көрсетілімінде Рай ананы Райхан деп соқты. Және Ұлы Отан соғысы (1941-45 ж.ж.) кезінде болған деп келтірді.

(далее…)

Мәлтекбасов Марат Жабықбайұлы

0

Бүгін сайт кітабының «Ғалым есімі-елге мәлім» тарауына І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің проректоры, ғылымдар докторы, профессор, Мәлтекбасов Марат Жабықбайұлы туралы деректі (өмірбаянын ) енгізіп отырмыз. Қабыл алыңыздар!

Есімін Ресейге мойындатқан ғалым

Мәлтекбасов Марат Жабықбайұлы

1958 жылы 8 наурызда Талдықорған облысы Ақсу (бұрынғы Қапал) ауданы Арасан совхозында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.

1981 жылы Томск басқарудың автоматтандырылған жүйесі және радиоэлектроника институтын аяқтап тәмамдағаннан кейін, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға лаборанты, оқытушысы, теориялық физика және техникалық пәндер кафедрасының стажер-ізденуші қызметтерін атқарды.

1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ аспирантурасын бітіріп, 01.04.07 – қатты дене физикасы мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті (далее…)

Вверх