Жүлдегер болды! Құттықтаймыз!

0

Өткен жетіде, 25 қазан күні облыс орталығы — Талдықорған қаласында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен «Ауылым — алтын қазынам» тақырыбымен IV облыстық форумы өткен болатын. Онда, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытындағы облыстың қалалары, аудандары және ауылдарындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарудағы жұмыстары ауқымы, олардың ролі мен белсенділіктерін арттыру міндеттері туралы келелі әңгіме болды.

Сонымен бірге, жиында олардың озық тәжрибелері де ортаға салынып, көрмелері ұйымдастырылды. Соған орай, форум соңында соларды бағалау қортындысы жарияланып, үздіктері анықталды. Солардың ішінде біздің ауданның атынан қойылған көрме де (аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы — Амантай Айтбаев) озықтар жағынан аталып, екінші орынның иегері болды, диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды... Құттықтаймыз!!!

Ел тыныштығын ту еткендер

1


Қазақ халқы ежелден әділдікті, заңдылықты, әр адамның ар-ожданы мен абыройы, ел намысы мен тыныштығы, жерінің тұтастығы мен беріктігі сияқты қоғамның басты құндылықтарын ерекше қадірлей, сақтай және қорғай білген, ол асыл қасиеттерін. бүгінгі ұрпаққа жеткізе білген. Соларға байланысты туындаған күрделі мәселелер, дау-дамайлар ел мойындаған үлкендері, беделді билері, дуалы ауыз шешендері арқылы шешіліп, демократияның «далалық та даналық үлгісі» қалыптасқан болатын.

Бұл міндеттер бүгінгі күндері өз дәуіріне сай қалыптасқан заң жүйесі арқылы атқарылуда. Осыған орай, ауданымыздың заң орындарында көптеген жылдар абройлы қызметтер атқарып, өздерінің жоғары ұйымдастырушылық және іскерлік қабілеттеріне сай қызмет салалары мен шендері бойынша өсіп, ел құрметіне ие болып зейнеткерлікке шыққан немесе бүгін де қызметтің озық үлгісін көрсетіп жүрген ақсулық жерлес азаматтарымыз көптеп саналады... (далее…)

Ақсу ауданы елді мекендері атауларының жаңа латын әліпбиінде жазылуы

0

Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.

Осыған орай, жаңа әліпбиде ауданымыздың ауылдық округтері мен елді мекендерінің атаулары қалай жазылатынын назарларыңызға ұсынамын. Әрине, олардың атауы ресми түрде жаңа латын әліпбиінде дәл осылай бекітіледі деп айтуға ерте. Алайда, бекітілген нұсқаға сәйкес олар төмендегідей жазылатын болады.

Ақсу ауданы — Agsy' ay'dany
Ауылдық округтер атауы:
Ақсу — Agsy' Арасан - Arasan Егінсу - Eginsy' Есеболатов -Esebolatob Жаңалық — Jan'alyg Қарасу — Qarasy' Қаракөз — Qarako'z Қарашілік — Qaras'ilik Қапал -Qapal Көшкентал -Ko's'kental Сырттанов атындағы — Syrttanov atyndagy Қызылағаш — Qyzylag'as' Матай — Matai' Молалы -Molaly Ойтоған — Oi'tog'an Суықсай — Sy'ygsai' Жансүгіров -Jansu'girov
Елді мекендер атауы:
Өнім — O'nim Ақын Сара — Agyn Sara Шолақөзек - S'olago'zek Көкжайдақ - Ko'kjai'daq Қызылжар — Qyzyljar Қопа — Qopa Қызылқайың — Qyzylqai'yn' Кеңқарын — Ken'qaryn Кеңжыра — Ken'jyra Тарас — Taras Еңбек — En'bek Сағабүйен — Sag'abu'i'en Сағакүрес -Sag'aku'res Көлтабан — Ko'ltaban Қопа — Qopa Ақтоған — Aqtog'an Құрақсу — Quraqsy' Алажиде — Alajide Үлгілі — U'lgili Баласаз — Balasaz Ащыбұлақ — As'ybulaq Ақтөбе — Aqto'be Көкөзек — Ko'ko'zek Алтынарық — Altynaryq
Құрметпен, Serperbaev Serikbek

Ko'ks'etay', S'ymkent: Жаңа латын әліпбиінде қала атаулары қалай жазылады?

0

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды. NUR.KZ порталы жаңа әліпбиде қала атаулары қалай жазылатынан назарларыңызға ұсынады.

 

Ko'ks'etay', S'ymkent: Жаңа латын әліпбиінде қала атаулары қалай жазылады?

Айта кетейік, қалалардың атауы жаңа латын әліпбиінде дәл осылай жазылады деп әлі ресми түрде бекітілген жоқ. Алайда беткілген латын әліпбиінің нұсқасына сәйкес олар осылайша жазылатын болады.

Жаңа нұсқада Қазақстанның астанасы Astana,

ал еліміздің ең ірі қаласы Алматы - Almaty болып жазылмақ.

Сонымен облыс орталықтарының атауы қалай жазылады:

Көкшетау – Ko'ks'etay',

Талдықорған – Taldyqorg'an,

Шымкент – S'ymkent,

(далее…)

Как будут выглядеть имена политиков и чиновников на латинице

0

Сегодня Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев утвердил алфавит казахского языка, основанный на латинской графике. Редакция Tengrinews.kz решила посмотреть, как будут выглядеть имена известных казахстанских политиков и государственных деятелей:

Нұрсұлтан Назарбаев — Nursultan Nazarbaev

Бақытжан Сағынтаев — Baqytjan Sag'yntaev

Арыстанбек Мұхамедиұлы — Arystanbek Muhamedi'uly

Әсет Исекешев — A'set Isekes'ev

Бауыржан Байбек -Bay'yrjan Bai'bek

Ахметжан Есiмов — Ahmetjan Esimov

Мұхтар Құл-Мұхаммед — Muhtar Qul-Muhammed

Иманғали Тасмағамбетов — Imang'ali' Tasmag'ambetov

Қасым-Жомарт Тоқаев — Qasym-Jomart Toqaev

(далее…)

Текст Гимна Казахстана на латинице

0

Сегодня, 27 октября, Президент Назарбаев утвердил алфавит казахского языка, основанный на латинской графике.

Редакция Tengrinews.kz перевела на новый казахский алфавит

Гимн Республики Казахстан:

Altyn ku'n aspany,

Altyn da'n dalasy,

Erliktin' dastany,

Elime qaras'y!

Ejelden er degen,

Dan'qymyz s'yqty g'oi'.

Namysyn bermegen,

Qazag'ym myqty g'oi'!

 

Qai'yrmasy:

Menin' elim, menin' elim,

Gu'lin' bolyp egilemin,

Jyryn' bolyp to'gilemin, elim!

Ty'g'an jerim menin' — Qazaqstanym!

 

Urpaqqa jol as'qan,

Ken' bai'taq jerim bar.

Birligi jarasqan,

Ta'y'elsiz elim bar.

Qarsy alg'an y'aqytty,

Ma'n'gilik dosyndai',

Bizdin' el baqytty,

Bizdin' el osyndai'!

 

Qai'yrmasy:

Menin' elim, menin' elim,

Gu'lin' bolyp egilemin,

Jyryn' bolyp to'gilemin,

elim! Ty'g'an jerim menin' — Qazaqstanym!

 

Отметим, что в новом алфавите нет букв «я», «ю», «ц», «щ», «э». Ранее сообщалось, что распоряжение Президента РК появилось сегодня, 27 октября, на сайте Акорды.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tekst-gimna-kazahstana-na-latinitse-329629/

Ақсу өңірінің тарихы-3

0

Кітаптың өткен жолғы беттерінде жоғарыдағы тақырыппен берілген осы тарауын, ары қарай ауданымыздың өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бергі өсіп-дамуы жағдайы деректерін көрсету арқылы жалғастырамыз. Оны баяндауды жаңаша формада, яғни , сол жылдары ауданның бірінші басшысы болған азаматтардың өз қызметтерін атқарған уақыттарына ыңғайлап, сол кезеңдегі аудан көлемінде жүргізілген жұмыстар ауқымын көрсету арқылы беріп отырмын. Ал, сол азаматтардың өмірбаяндарын алдағы уақыттарда жеке беретін боламын.

* * * * *

Ақсудың таулары тарих, даласы дастан

۞ Өткен ғасырдың 60-шы жылдары басынан Ақсу ауданы өмірінде де келелі өзгерістер, экономикасының өркендеуінде үлкен бетбұрыс, оңды шаралар атқарыла басталды. Соғыстан кейінгі жылдардың қиыншылықтарынан, тапшылығынан өткен халықтың әл-ауқаты біршама жақсарып, еңселері көтерілді. Алдағы жарқын болашаққа — «коммунизмге» сенімдері мол болған олар, сол мақсатта аянбай еңбек етті. Көпшілік, әсіресе жастар тарапынан оқуға, білімге құштарлық артып, үлкен ұмтылыс жасалды. Мәдениет пен өнерге жақсы көніл бөліне басталды. Еліміздің билік саласында реформалар жүргізіліп жатты. Бір мезеттегі партия ұйымдарын өндіріс салаларына бөлу, территориялық-ауылшаруашылық басқармаларын құрып, оларды (далее…)

Ойлан, тап!

0

Құрметті оқырмандар! Бүгін сайттың «Ақсы ажары» газетінің «Демалыс беті» аталатын тарауына алғашқы жұмбақтар топтамасын енгізіп отырмын. Ермек етіңіздер, шешіңіздер, жауабын жіберіңіздер! Егер, ұнап жатса, тарауды тұрақты жүргізетін боламыз, мүмкін конкурстық жүйеге айналдырамыз...

 

1. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқадан табады. Сондай 15 тауық 15 күнде қанша жұмыртқа табады ???

* * * * *

2. Толық келген үш әйел біршама уақыт қолшатырдың астында сығылысып тұрады, алайда бәрі де судан аман, құрғақ қалпында қалады. Қалайша ??? (далее…)

Ақсулық өнер саңлақтары

1

Құрметті оқырмандар!

Бүгін осы интернет-кітаптың «Ақсуым-өнер ордасы» атты тарауында ақын-жазушылардан басқа да өнердің сан қырлы сала-бағыттарында ( артист-актерлар, театр-кино режиссерлері, әншілер, суретшілер, т.б.) есімдері қалың жұртқа барынша танымал болған дарын иелері туралы әңгімелерді бастап отырмын. «Ақсулықтар» деп айтылатын олардың қатары да молынан саналады. Олар туралы танымдық деректер, мақалалар жүйелі түрде жарияланып отырылатын болады. Алғашқылары ретінде солардың аға буынына жататын біраз азаматтарымызды атап өтеміз. Басқалары туралы алдағы уақытта олардың Өздерінен де, Оқырмандардан да мақалалар-естеліктер тосамыз!

Ақсу өңірінен шыққан өнер саңлақтары

БАЙСАҚҰЛЫ қобызшы МОЛЫҚБАЙ (1857—1930).

Заманының заңғар өнерпазы, қобызшы. ақын, әнші, халықтың киелі бақсысы. 1857ж. Ақын–Сара ауылы өңірінде туған.

Жыр дүлдүлі І. Жансүгіровтің кіндік әкесі, ақынның “Күйші” поэмасының басты кейіпкері.

«Қобызшы Молықбай шал Матайдағы.

Матайда – Кенже, Тұнғат, Сақайдағы

Қазақта қобызшының қалғаны сол.

Жорға еді маймандаған бақайшағы». (далее…)

“Ел ағасыз болмас...”

1

Халқымыз “өзен сағасыз, тон жағасыз, ал ел ағасыз болмас” деп даналықпен айтқан. “Ел ағасы” деген аса қадірленетін, үлкен салмаққа ие ұғым, құрмет иесі. Ол бір жағынан, азаматтың қоғамдағы орны, қызмет саласы, сіңірген еңбегі, дарындылығына байланысты рәсімделетін, берілетін атақтармен ерекшеленеді. Мәселен, ел басқарғандар төраға, хатшы, әкім, бастық деген қызмет лауазымдарымен, әскерилер мен заң қызметкерлері шендік лауазымдарымен, ғалымдарымыз ғылыми дәрежелерімен, өнер адамдары “еңбектері сіңген” деген атақтармен дараланады, бағаланады. Сол қатарға жататын Ақсулықтардың есімдері осы кітап тарауларында мүмкіндігінше аталады.

Ал, халқымыздың бар асылының, рухани байлығының, ақыл-даналығының қайнар көзі болып табылатын әр ауылдағы, аумақтағы қалың қауымның өздері мойындаған, “үлкені”, “ақсақалы-ақылшысы” саналатын “ел ағаларының да” орны ерекше болады. Ақылы мен парасаты, адал еңбегі мен адамгершілігі, абыройы мен атағы тең бағаланып, оған еш күмән келтірілмей, бүткіл өмір жолы көпшілікке үлгі болатын жақсы-жайсаңдарын халқы өзі ардақтайды, есте сақтайды. Сондықтан, осы тарауда әр кезеңдегі зор беделімен, үлкен адамгершілік қасиеттерімен, жақсы іс-өнегесімен ауданның, тіпты облыс – республиканың деңгейінде жалпы жұртшылықтың шынайы сый-құрметіне бөленген, Ақсудың қадірлі ел ағалары деген ұғымға сай саналатын өмірден өткен және зейнеткерліктегі ортамызда бар танымал тұлғалар есімдері көрсетіледі. Әрине, осы санатқа жататын олардың қатары молынан саналады. Сондықтан, олар жөнінде мақалалар-естеліктер, өздерінің де естеліктері кітап бетінде тұрақты түрде жарияланып тұратын және үздіксіз жалғаса беретін болады. Бұл жерде сайт оқырмандарының да белсенділікпен қатысуын тосамыз.
Ал, бүгінгі парақта қазір қатарымызда жоқ, дүниеден өткен (рухтарына тағзым ете отырып) аудан қалқы арасында аса сыйлы болған, құрмет етілген аталарымыз-әкелеріміз туралы деректердің алғашқы топтамасы беріледі. (далее…)

Вверх