
Ақын Сара — 165
1
«Ақын сара» атындағы музыка мектебі ашылды!
Таяуда ғана, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мейрамына орайластырып Талдықорған қаласында қазақтың саңлақ ақын қызы Сараның есімі берілген «Музыка мектебін» ашу шарасы өткізілген болатын. Оның ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жиналған жұртшылықты, жалпы облыс халқын мерекелі күнмен және жаңа мектептің іске қосылу қуанышымен құттықтады. Ол, өз сөзінде, замануи тұрғыда салынған зәулім, 300 орынды мектеп ғимаратының соңғы жылдары қалада көптеп салынып жатқан әдемі әлеуметтік нысандардың кезектісі екенін, онда өнер жолын таңдаған дарынды оқушыларға, жастарға өз шығармашылықтарын шыңдауына барлық мүмкіндіктер туғызылып отырғанын атап көрсетті. Музыкалық аспаптардың барлық түрлерімен, басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген осы мектепте алда білім алатын оқушылардың өнер биіктерінен көрінетіндігіне, жаңа шығармашылық табыстарға жететіндіктеріне сенім білдірді.
Одан кейін ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер Әли Алпысбаев қуанышты жағдайға байланысты облыс әкімі Амандық Баталовқа көпшіліктің, өнер сүйер үлкен қауымның зор ықыласын, ризашылық ниетін жеткізіп білдірсе, белгілі киноактер, облыстың Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков жиналған елге батасын берді. Содан соң, мектеп ғимаратының ашылу лентасы қиылып, салтанатқа қатысушылар оның ішін аралап көрді, тамашалады. ...
Осындай жаңа өнер ордасына Ақын Сараның есімі берілуіне келсек, ол Жетісу өңірі жұртшылығының көптен күткен «қуанышты жаңалығы» еді. Себебі, бүткіл «иісі қазақ» қауымының ардақты қызы — Сара сияқты тұлғасының есіміне ие болар өнер шаңырағы қажет екендігі көптен бері әр деңгейде айтылып, күн тәртібінен түспей келе жатқан елулі мәселе болатын. Сондай маңызды саналатын әңгімелердің, ұсыныс-бастамалардың басы-қасында жүрген ел танитын беделді азаматтар, ұл-қыздар қауымының түсін түстеп, есімдерін атап шығуды міндетіме алмай-ақ қояйын, тек солардың бәрінің ой-ниеттерін, сол бағыттағы іс-қимылдарын, атқарылған шаралары ауқымын айқындап бере алатын ел ағасы, беделді азаматы Камал Абдрахмановтың бұрынырақ баспасөз бетінде жарияланған «БАТАЛОВҚА БАЗЫНА. «АҚЫН САРА АТАУСЫЗ ҚАЛА МА?» деген мақаласы беріліп отыр.
Осыған орай, Сараның кіндік кескен, бүткіл қазақ даласына ақындық даңқын асырған ағынды Ақсу жері халқының қуаныштарын сол азаматтарға, жекелік тұрғыда «Ақсу жерінің Құрметті Азаматы» атағына ие Амандық Ғаббасұлына деген зор ризашылықтарын сайтым арқылы жеткізуді мен де жөн көрдім. Қабыл алыңыздар!
Сонымен бірге, осы парақта сол мақалаға қоса, Ақын Сара туралы сайт қоржынында жинақталған жазбалар ішінен тағы бір шағын мақалалар топтамасын беріп отырмын. Ал, бұрынғы жарияланған жазбаларды сайтымның осы тарауынан оқи аласыздар. Сілтемесі: http://ser-bek.ru/category/a%D2%A3yz-abyz-na%D2%93yz-a%D2%9Bsu-kitaby/a%D2%9Bsuym-%D3%A9ner-ordasy-2/a%D2%9Bsuly%D2%9B-%D3%A9ner-saxna-sa%D2%A3la%D2%9Btary/a%D2%9Byn-sara-165
Және де бүгінгі жазбалармен желідегі, топтағы өз достарыңызбен бөлісіңіздер.

28 панфиловшылар ерлігі — айғақ дүние!!!
1
Соңғы жылдары баспасөз беттерінде Ресейдің кейбір тарих зерттеушілері тарапынан 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 28 панфиловшылардың қатысуымен шайқас болғандығына күмән келтіріп, оны жалғанға санайтын, жауынгерлер ерлігін әскери тілшілердің бірінің ойдан шығарған әдеби туындысы деп есептейтін жазбалар жиілеп жарияланып жатқанын бәріміз де байқадық. Солардың қатарынан үлкен лауазым иелері, ССРО Бас әскери прокуроры Николай Афанасьев, Ресей мемлекеттік мұрағатының директоры Сергей Мироненко да табылды... (далее…)
«Туған жерге сағыныш» -14
0
Сайттың осы тарауына ұсынылған кезекті шығармашылықтар топтамасын бұл жолы «АУЫЛҒА КЕТІП БАРАМЫН!» деген тақырыппен беріп отырмын. Оған екі терме және бірнеше әндер енгізілді. Тамашалаңыздар!
Осы тараудағы алдыңғы 13 жазбалармен және сайттағы бұған дейінгі жарияланған басқа да медиа парақтарымен сайттың үстінгі жағындағы менюде орналасқан «БЕЙНЕ-АУДИО ҚОРЖЫНЫ» атты "бөлімнен таныса аласыздар! (далее…)

«Біржан мен Сара» айтысы (тың жазба)
3
АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА:
«Секе аға, сәлем бердім! Мынау айтыс мәтіні сіздің сайт арқылы шығарылған Сараның электронды кітабымнан басқа еш жерде жарияланбаған!!!
Яғни, бұл мәтінде лингвистикалық, текстологиялық т.б. қателіктер басқа шыққан айтыс мәтіндерге қарағанда аз. Әмбе, нақты айтыстың қалай болғанын береді. Әдебиетшілерге, жалпы оқырмандарға өте қажет дүние! Салдары басқа шыққан айтыс мәтіндерінде қоспалар мен өтірік, жалғандар әмбе түсінбейтін жерлері (сөздер) көп. Осы айтыс шыққан талай мәтіндерімен салыстырдым. Тіпті 1939 жылы шыққанмен де. Өзгешелік көп. Сайтқа бірінші болып шығарсаңыз жөн болар еді. Көлемі көптеу, бірақ құндылығы басым. Бұған әлі талай әдебиетшілер РАХМЕТ айтатын болады. Әмбе, Сараның 165 жылдығына эксклюзивті тарту болады. Құрметпен Жемісбек.» (далее…)

Ел тарихындағы Ақсулық «ең алғашқылар» — 4
1
Құрметті оқырмандар! Бұған дейін де сайтымда осы тақырыппен қазақ елі тарихындағы «ең алғашқы», «ең бірінші» деген санатқа енгізуге болатын Жетісу өңірі, Ақсу елінің ардақталған азаматтары туралы бірнеше танымдық мақалалар жарияланған болатын.
Бүгін де солардың қатарын толықтыратын азаматтардың келесі топтамасы беріліп отыр. Танысыңыздар!
* * *
Сонымен бірге, егер жөн санасаңдар, осы мақаланы желідегі және топтардағы басқа да өз достарыңызбен бөлісулеріңізді («поделиться») сұрар едім! Рахмет! (далее…)

Шиырбай шешеннің айтқандары — 2
0
Сайтымның бұрындарғы парақтында Жетісудың Ақсу жерінде дүние кешкен Шиырбай шешен бабамыз туралы тарихи деректерді және «Шиырбайдың айтқандары екен ...» деген тақырыппен оның тапқырлық, шешендік әңгімелері берілген болатын. Оқуларыңызға болады.
Бұл жолы соларға жалғастық ретінде Жемісбек Толымбековтың ұсынған тағы бір топтамасы жарияланып отыр. Қабыл алыңыздар!