«Ақсуым» деп ән шырқалады... (2)

1

«АҚСУЫМ»  ДЕП  ӘН  ШЫРҚАЛАДЫ...(2)

Құрметті оқырмандар, жерлестер!

  Сайтымның осы тарауының бүгінгі парағына авторының бірі  өзім болған Ақсуымызға  арналған 2 жаңа әнді (алайда, көпшілікке әлі таралып үлгірмеген)   шығарып  отырмын.

Қабыл алыңдар! (далее…)

Семинар өтті

0
     Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

12 қазан күні  Ақсу ауданы  орталығындағы Молықбай атындағы мәдениет үйінде Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шаралары аясында  облыста  құрылған насихат тобының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшудің алғышарттары» тақырыбында семинар өтті.  Оған қатысушылар, алдымен аудандық кітапхана әдіскерлері ұйымдастырған «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбындағы кітап  көрмесімен танысты.  Семинарда Ақсу ауданының әкімі Ә.Далбағавтың  "Латын әліпбиінеЛатын әліпбиіне көшу- рухани жаңғырудың бір бағыты» атты баяндамасы тыңдалды.  Содан соң,.   Жетісу мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы  Иманғазинов Мұратбек,  Қапал ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы  Чепель Владимир  өз ойларымен бөлісті.  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасының басшысы  А.Башбаев ауданымыздың біраз тіл жанашырларын марапаттады.

    

               

Семинар  концерттік бағдардаламаға  ұласты.   Одан ары  аудандық  кітапхана  қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен латын әліпбиін насихаттау бағытындағы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Ақсу өңірінің тарихы

2

Ақсу өңірінің тарихы

 Сайт кітабымыздың осы тақырыптағы  тарауы  ұзақ ғасырлық кезеңдердегі  Ақсу өңірінің  тарихи  даму жылдары бойынша жинақталған анықтамалық-танымдық, зерттеушілік мағлұматтарды, мақалаларды жариялауға арналады. Әңгіменің  бастамасы  ретінде  әзірге  «Абыз Ақсу, Аңыз Ақсу, Нағыз Ақсу»  кітабынан  алынған  шағын  шолулық  мақаланы  беріп  отырмыз.

Осыған орай,  оқырмандарымыздан  да,  тарих зерттеуші  мамандардан да  мазмұнды  танымдылық, ғылыми еңбектерін, мақалаларын  жариялау үшін  тосамыз ... 

Ақсудың таулары тарих, даласы дастан

(далее…)

«Ақсуым»  деп  ән  шырқалады...

1

 

«АҚСУЫМ»  ДЕП  ӘН  ШЫРҚАЛАДЫ...

        

 

 Құрметті оқырмандар, сайт  тілектестері!

Бүгін осы тақырыппен сайтымда жаңа «сазды» тарау ашып отырмын. Оның парақтарында сазгерлеріміздің әр кезеңдерде шығарылып, қалың көпшіліктің  көңілінен шыққан, олардың сүйіп тыңдайтын Ақсу  жеріне, еліне арнап жазылған  шығармашылық  туындылары жарияланып отырылатын болады. Әрине, бұл жұмыс тек  "Ақсу " тақырыбымен ғана шектеліп қалмай, жалпы Жетісу өңіріне  байланысты  сазды шығармашылықтарды да барынша қамтуға тырысамын.

Сонымен бірге,  Ақсу жері топырағынан шығып, өнерлерімен елімізге жақсы танымал болған жерлес әншілеріміздің орындауындағы әндер де  барынша насихатталатын болады.

Бүгінгі парақта солардың  алғашқылары беріліп отыр. Қабыл алыңдар!  Келесілерін де бірге тамашалайтын болайық! (далее…)

ЖЕРДІҢ АТЫ-ТАРИХТЫҢ ХАТЫ

4

Ақсу өңіріндегі елді мекендер,  жер-су  атаулары туралы

 

ҚАПАЛ — Qapal    

 

  Қапал – Алматы  облысы  Ақсу  ауданындағы қоныс.  Қапал өзені жағасындағы тау  бөктерінде,  теңіз деңгейінен  975 м биіктікте орналасқан. Қапал 19-шы ғасырда қала мәртебесін  иеленіп, Верный қаласына дейін  Жетісу бойындағы  ірі  әкімшілік және мәдени орталығы болып  саналды.

   Қапал жерінің сырлы тарихы мен ідемі табиғаты көріністері - Ш.Уәлиханов, П.Семенов-Тян-Шанский, Томас Аткинсон және  тағы басқа осы өңірді зерттеушілердің еңбектерінде;  І.Жансүгіров,  М.Әуезов,   Ақын Сара, тағы басқа да  көптеген өнер иелерінің шығармашылықтарында молынан айтылады.  

(далее…)

 "Жыр арқауы — туған жер"

1
  Қай акын –жыршы өзінің кіндік қаны тамған туған жерін
жырламаған, әнге қоспаған ...      

 Туған жеріне, еліне арнаған  Ақсулық ақындардың өлеңдері

 

 ИЛЬЯС ЖАНСҮГІРОВ  
           Жетісу суреттері

Жер таппан жерде жетер Жетісуым:

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,

Асқардың аспан сүйген сілекейін,

Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын.

(далее…)

Ақсулық алаш азаматтары 

1

Ақсу өңірінен шыққан алаштық азаматтар 

 Қазақ халқының бүткіл тарихындағы басты мақсаты, ізгі мұраты — ұлт ретінде еркіндікте өмір сүру, бір кезеңінде жоғалтып алған тәуелсіз мемлекетін қайта құру, егеменді ел болу болды. Тарихтың сондай бір кезеңі ХХ-шы ғасырдың басындағы уақыт үрдісіне сай, елінің азаттығын, ұлт болып бірігуін мақсат еткен Алаш ардақтылары саяси күш болып құрылып, болашақ тәуелсіз, ұлттық мемлекетінің жобасын жасап, іргетасын қалауға қозғалыс бастаған еді. Сол армандаған тәуелсіз елінің демократиялық даму жолын құқықтық тұрғыдан белгілеген, бүгіндері Қазақстанның Ата заңының «қарлығашы» деп саналатын, «Қазақ елінің Уставы» деп аталған аса саяси маңызды құжат та дайындалған еді. Оның авторы, Ақсу жерінің ардақты ұлы, биік тұлғасы Сырттанов Барлыбек болды. Алашорда үкіметі де құрылған еді. Алайда, сол кездегі ұлт қайраткерлеріне оны баянды ету, қол жеткізу бақыты маңдайларына жазылмаса да, тарихи ерен істері, ерліктері, төгілген терлері мен қандары бекер қалған жоқ, ол келесі ұрпақтарына толығымен бұйырды. 

                                                                                                                Ел бірлігі билеген саналарын,
                                                                                                                Ақсуым ардақтаған даналарын.
                                                                                                                Өнегеңді жинақтап, тасқа басып,
                                                                                                                Рухыңа бас иеміз ардақты ағаларым
                                                                                                                                                        М.Қазбанбетов

 

    БАРЛЫБЕК  СЫРТТАНОВ   ірі қоғам қайраткері, алғашқы қазақ зиялыларының бірі. реформатор, демократ. Мамандығы бойынша шығыстанушы.

(далее…)

Рухына тағзым етер бабаларым

1

Бұл парақта қазақ елі тарихында «өзіндік орындары» болған, Жетісу өлкесінің Ақсу өңірі халқының ерекше құрмет тұтар, рухына тағзым етер бабалары -біраз дана көсем, дара батыр тұлғалары деректер берілді. Танысыңыздар, біле жүріңіздер!

(далее…)

Көңіл айту

0

Құрметті Күлшат, Күляйхан!

   Өздеріңе, ағайын-туғандарыңа таяуда   жол апатынан  үш бірдей азамат-туыстарыңның қайтыс болуына орай орын алған үлкен қайғыларыңа  ортақтасып көңіл айтамын.  Олардың жандары жаннатта болсын! Арты жақсы болсын, ендігілерге тек амандық тілейік!  Алдағы уақыттарда  тек  қуаныштар болсын!

Серікбек Серпербаев.   "Алтын ұям-Ақсуым" интернет сайты.

Құттықтау!

0

Құрметті аудан тұрғындары, еңбеккерлері!

Құрметті аудан әкімі Әділбек Егеубекұлы, аудан басшылығындағы азаматтар!

Барлықтарыңызды көп жылдардан бері үлкен үмітпен іске қосылуы  тосылып жүрген Ақсу қант зауытына  қант қызылшасының алғашқы легінің қабылдануымен құттықтаймын!.  Бұл  барлықтарымыз - қызылшашылар мен өңдеушілер үшін де, жергілікті халық үшін де аса қуанышты оқиға.  Қуаныш үзағынан болсын!  Зауыт жұмысы үздіксіз болсын, қамбасы мол  өнімге толып,  аудан халқының ауқаты арта берсін!

«АЛТЫН ҰЯМ-АҚСУЫМ» интернет сайты

 

 

Вверх