Наурыз мерекесі құтты болсын!
0
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Құрметті оқырмандар, желідегі азаматтар!
Ұлыстың Ұлы күні оң болсын!
Жаңа келген Әз-Наурыз елімізде орын алып отырған індетті толығымен жоя отырып, тек жақсылықтар мен қуаныштар, бақыт және береке сыйласын! Толағай табыстар, ақ молынан болсын! Елімізге тыныштық, халқымызға аманшылық тілеймін! (далее…)
«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (39)
0«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (39)
Сайтымның осы бөлімінде бұл жолы төмендегі жазбалар беріліп отыр:
1. «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «НұрТілеу» бағдарламасында Түркиялық қазақ азаматы, журналист, тарихтанушы ғалым, профессор Әбдуақап ҚАРАмен өткізілген сұхбаттың жазылымы.
Бұл әңгімеде бүгіндері қазақ халқының төл тарихын зерттеудегі көзқарастың (концепциясы) қандай болуы керек; шетелдердегі қазақ диаспорасының өз ұлтының мүддесіне қызмет етудегі ролі және Алаш ардақтыларының, оның ішінде М.ШОҚАЙДЫҢ еңбектерін, мақсат-мұраттарының зерттелуі қандай дәрежеде екені туралы келелі ой-толғаулар айтылады.
2. Кезекті шежірелік жазба ретінде “НАЙМАН — МАТАЙ — ҚАПТАҒАЙ — АСАН» руының «ҚАРЖАУ мен БӨРТЕ» тармақтарының таратылымы.
Танысыңдар!

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (38)
0«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (38)
Халқымыздың атауына негіз болған «қазақ» сөзінің шығуы, пайда болуы туралы ұзақ тарихи мерзім барысында алуан түрлі пікірлер, тұжырымдамалар айтылып та, жазылып та келеді...
Сайтымның осы бөлімнің бүгінгі парағында солар жөнінде кеңінен талдау жасалған филология ғылымдарының докторы, профессор, Телғожа ЖАНҰЗАҚтың «ҚАЗАҚ» АТЫ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?" деген мақаласы назарға ұсынылып отыр.
Сонымен бірге, кезекті шежірелік жазба ретінде “НАЙМАН — МАТАЙ — ҚАПТАҒАЙ» руының «АСАН — ҚАРА» елі тармағының таратылымы ұсынылды. Танысыңдар! (далее…)
«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (37)
0«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (37)
«ШЕЖІРЕЛІК КІТАП ДАЙЫНДАТАСЫҢ БА?»
Құрметті сайт оқырмандары, желідегі азаматтар!
Егер өзіңнің рулық-аталық шежірең мен әулеттік-отбасылық деректеріңді ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП — ФОТОАЛЬБОМ ретінде дайындатып, ұрпақтарыңа естелік ретінде қалдырғың және ағайын-туғандарыңа тарту еткің келсе, оны осы сайт арқылы дайындата аласың!
Сол жөнінде төменде түсініктемелер мен үлгілік нұсқалары көрсетіледі. Танысыңдар! (далее…)

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (36)
0«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (36)
Осы бөлімде жарияланудағы түркі, қазақ елдерінің тарихына байланысты сериялық жазбалар, ары қарай қазақ халқының қалыптасуы туралы танымдық мақалалармен жалғаспақшы.
Сонымен бірге, кезекті шежірелік жазба ретінде “НАЙМАН — МАТАЙ - АТАЛЫҚ» руының «ТӘТТІБОЛАТ — САРМАН» тармағының таратылымы ұсынылды. Танысыңдар!.

Абыройы асқақ азамат (Мұсеке ӘМІРОВ туралы)
0
АБЫРОЙЫ АСҚАҚ АЗАМАТ
(Мұсеке ӘМІРОВ туралы)
Cайтымның бұл жолғы парағында, оның «Іскер азамат елін танытады» атты бөлімі мен «Ақсу ауданына 90 жыл» атты рубрикасы мазмұндарына сай келетін, есімі Алматы облысы жұртшылығына жақсы танымал, ірі кәсіпкер, меценат, Ақсу ауданының құрметті азаматы және осы наурыз айында 70 жасқа толып отырған МҰСЕКЕ ӘМІРОВ туралы танымдық жазбалар беріліп отыр. (далее…)
«АҚСУЫМ» ДЕП ӘН ШЫРҚАЛАДЫ..." (11)
0«АҚСУЫМ» ДЕП ӘН ШЫРҚАЛАДЫ...(11)
«Ақсу ауданына — 90 жыл!»
Ақсу елі мен Ақсу жеріне (Алматы облысы) арналған әндер жарияланып тұратын сайтымның осы тарауында бұған дейін олардың 30-дан астамы жарияланыпты. (Алдыңғыларын осы тараудан мына сілтеме бойынша таныса аласыңдар:http://bit.ly/2uPYJ4t)
Бүгін де сондай тақырыптық шығармашылықтардың тағы бір топтамасы беріліп отыр. Олар: кейінгі толқын өнер иелері, бүгіндері көпшілікке жақсы танымал Ақсу жерінің жастары — композитор Жанар ҚОЖАҒАЗИНА мен ақын Ербол ОРАЗБЕКОВтың бірлесе шығарған туындылары және жаңа «Ауылым-Арасаным» әні.
Тамашалаңдар! (далее…)