«Шежіре жүргіземіз» — (19), (20)

0

 

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» — (19), (20)

ЖОҢҒАРҚАЗАҚ СОҒЫСТАРЫ

 

Құрметті оқырмандар!

«ДЕЛДАЛ» атты жаңа сайтыма көшірілген осы бөлімнің 2 парағында қазақ елінің өз тарихындағы зор қайғы-қасіретті басынан кешірген, ұзақ ғасырларға ұмытылмастай, өшпестей болып қалған ерекше ауыр кезеңі — ЖОҢҒАР-ҚАЗАҚ СОҒЫСТАРЫНА туралы энциклопедиялық деректер, ілімдік-танымдық жәнесол кезең туралы түсірілген фильмдер туралы мақалалар, бейнежазбалар, «Елім-ай» әні жарияланған болатын. Солармен танысуларыңа болады.

Сілтемелері: http://bit.ly/2KX79lw және http://bit.ly/2JnyQ5p

 

 

«Туған жерге сағыныш» (17)

0

 

«ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ» (17)

 

Сайтымның осы тарауына «АУЫЛЫМДЫ САҒЫНДЫМ» тақырыбымен әндердің кезекті жаңа топтамасын ұсынып отырмын. Тамашалаңыздар! Демалыс күндеріңіз көңілді болсын!

Бұған дейінгі 16 парақтағы жазбалармен және басқа да медиажазбалармен сайттың үстінгі жағындағы менюде орналасқан «БЕЙНЕ-АУДИО ҚОРЖЫНЫ» атты бөлімнен таныса аласыздар!

(далее…)

Ақсудың қос БАТЫР ұлы

0

 

Ақсудың қос БАТЫР ұлы

Құрметті оқырман!

Сайтқа жаңадан жазылушыларға!

 

Біздің Ақсу жерінен (Алматы облысы) шыққан Кеңес Одағының Батырлары, НҰРСҰЛТАН ЕСЕБОЛАТОВ пен ЕСМҰРАТ СИХЫМОВ туралы бұған дейін сайтымның 3 арнайы парағында танымдық жазбалар берілген болатын. Атап айтқанда: (далее…)

Ақсудың қос БАТЫР қызы

0

 

Ақсудың қос БАТЫР қызы

 

9 мамыр- «Жеңіс күні» мейрамына орай, бүгін сайтымда Жетісу өңірі Ақсу жерінің ардақтылары, Ұлы Отан соғысының майдангерлері, өмірдің де небір ауыртпалықтарын, соғыстың да қиыншылықтарын бастарынан толығымен өткізген, ұрыс далаларынан БЕРЛИН қаласына дейін жеткен, БАТЫР АПАЛАРЫМЫЗ жөнінде танымдық деректер беріп отырмын. (далее…)

Қазағымның батыр қыздары

0

 

ҚАЗАҒЫМНЫҢ БАТЫР ҚЫЗДАРЫ

 

Халқымыз тарихының терең қойнауларынан бастап бүгінгі заманға дейінгі әрқилы тайғақ кешу кезеңдерінде, небір қилы шайқастарда, ұрыс даласында ел тағдыры, ұлт азаттығы, кең байтақ жерінің тұтастығы үшін ер азаматтарымен бірге ерекше қайсарлықпен, жанкештілікпен жауларына жауларына атой салған, есімдері ұран етілген қазағымыздың батыр аналары мен қыздары баршылық екенін ел аузында сақталған аңыздай әңгімелерден, хатталған жазбалардан, тарихи дереккөздеден біршама білеміз. (далее…)

«Қазақстан табиғаты – ғажайып әлем» (2)

0

 

«ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ – ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ» (2)

Құрметті оқырмандар!

«ДЕЛДАЛ» атты сайтымдағы осы бөлімнің бүгінгі парағы «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ» тақырыбына арналып, сол туралы энциклопедиялық деректер мен мақала, бейнежазбалар топтамасы берілді. отыр. Танысуларыңа болады: http://bit.ly/2VPyOFi

«Ілияс Жансүгіровке-125». (29)

0

 

«Ілияс Жансүгіровке-125». (29)

 

«ІЛИЯСТЫ ТАНИ БІЛУ — ҰЛТ ПАРЫЗЫ»

 

Сайтымдағы осы бөлімінің бүгінге парағында кеше ғана туғанына 125 жыл болған ІЛИЯС ақынымызға байланысты ұзақ жылдар баспасөз беттерінде жарияланбай, қалың көпшілікке қолжетімсіз болып келген кезекті екі мұрағаттық дүние мен тың жазба беріліп отыр. Атап айтқанда: (далее…)

«Қазақстан – ғажайып өлке»

0

 

 

«ҚАЗАҚСТАН – ҒАЖАЙЫП ӨЛКЕ»

Құрметті оқырмандар! Менің «ДЕЛДАЛ» атты жаңа сайтымда ақпараттық–танымдық және жарнамалық мазмұнына негізделген жоғарыдағы тақырыптағы жеке бөлім ашылып, алғашқы жазбалары жарияланды.

Оның кіріспе парағының тақырыбы «Қазақстан табиғаты» деп аталып, онда сол туралы шағын энциклопедиялық деректер, әсем ән және бейнежазбалар топтамасы берілді.

Танысыңдар: http://bit.ly/2L9SgfJ

«Ілияс Жансүгіровке-125». (28)

0

 

«Ілияс Жансүгіровке-125». (28)

Бүгін — Ілияс Жансүгіровтің туған күні

Құрметті оқырмандар!

1-мамыр — жыр дүлділі І.Жансүгіровтың туған күні болып саналады және оған бүгін 125 жыл болып отыр.

Бір жыл бұрын, тура осы күні мен сайтымда жоғарыдағы тақырыппен арнайы бөлім ашып, АҚЫНЫМЫЗДЫҢ азаматтық тұлғасына, өмір жолына, шығармашылығына байланысты жазбалар жариялап келемін, Осы мерзімде оның 28 парағы шығарылып 150-ге жуық мақалалар-жазбалар беріліпті. Солардың басым көпшілігі бұрын ешжерде жарияланбаған деректер мен баспасөз бетінде кейінгі мерзімдерде ғана жарық көріп жатқан тың дүниелер.

Және де, елдік және халықаралық деңгейде ресми түрде аталып, әр деңгейде және әр өңірлерде, оның ішінде Ақынның туған жері — Ақсу ауданында да (Алматы облысы) өткізілудегі мерейжастық көпшілік шаралары мен күзде өтетін мейрамдық шараларға дайындық жұмыстарының жайы туралы да хабарламалар берілуде. (далее…)

КӨҢІЛ АЙТУ

0

 

 

КӨҢІЛ АЙТУ
Ақсу жерінің (Алматы облысы) аяулы да «ер» қыздарының бірі, ауданның Құрметті азаматы, әрқашан да жаны жайсаң, жарқын мінезді болған ӘБІШЕВА МАЙРА ЕСІМҚЫЗЫ тура 60 жасында бұл дүниеден өтіп кетті.
Оның бауырларына, ағайын-туғандарына, дос-жарандарына қайғырып көңіл айтамыз! Жататын жері жайлы болсын!
МАЙРАНЫ жерлеу рәсімі ертең. 2 мамыр күні Талдықорған қаласында өтеді. Адресі: Рақышев көшесі, 42 «г» үй, 100-ші пәтер.
АЗАМАТЫМЫЗ туралы сайтымда бұрынырақ жарияланған мақаламен танысуларыңызға болады: http://bit.ly/2ULxPFq

(далее…)

Вверх