ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (25)

 

Осы шежірелік тарауда беріліп келе жатқан ілімдік-танымдық мақалаларды жалғастырып, бүгінгі парақта ертеректе Моңғолия жерін мекендеген ШҮРШІТ атанған тайпалар туралы  энциклопедиялық  деректер және екі мақала беріліп отыр.

Сонымен бірге, шежірелік дүниелерді де жалғастырып, НАЙМАНМАТАЙ руынан тарайтын «ҚАПТАҒАЙ — ЖОЛДАС – ЕСЕНКЕЛДІ» болып келетін ДУАН  елінің шежіресі беріліп отыр. Танысыңдар!

 

ШҮРШІТТЕР

 

 

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліметтерден:

Шүршіт – қытай-маньчжур текті халықтардың қазақтар арасында тараған жалпылама атауы. Кейінгі орта ғасырлардан бастап, 19 ғасырдың соңына дейін кеңінен қолданылған. Қазақтар тілі шүлдірлеп тұрған қытайлықтарды көріп, Шүршіт деп атаған. Кейбір деректер бойынша бойларының қысқалығына байланысты шыққан. Кейіннен қытай атауы Шүршіт сөзін ығыстырып шығарды

*        *        * 

Шүршіттер (Чжурчжэнлер) — қазіргі Моңғолия жерін мекендеген тұңғыс тектес тайпалар. Олар Бұйра көлінен Амур көліне дейінгі аймақты қоныстанған.

Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан Шыңғыс хан билік құрғанға дейінгі кезеңде Моңғол үстіртінде жеті мемлекет құрылған. Сол мемлекеттердің бірін осы шүршіттер құрған болатын. Қытай жазбаларында батыстағы көшіп — қонып жүретін көршілерінің бірі сушеньдер деп аталған. Негізінде, сушеньдер — әр түрлі тайпалардан құралған шүршіт тайпалары. Шүршіттер мал бағып, аң аулап күн көрген. Олар ерте кезден — ақ Қытаймен сауда — айырбас жасап, жібек матасын алу үшін темір, қару — жарақ, малдан жылқы, тері, аң терісі, женьшень шөбінің тамыры және өзеннен терілген асыл тастарымен айырбас жасасқан.

Қидандардың шүршіттерді басып алуы шүршіттердің өміріне үлкен өзгеріс әкелді — олардың жаңа мемлекетінің құрылуына себеп болды. 1115 жылы шүршіттердің ең танымал көсемі Агуда болып танылды. XII-XIII ғасырлар шүршіттерге үлкен өзгерістер әкелді. Олар егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа көше бастады. 1115 жылы шүршіттердің Цзинь империясы құрылып, ол 1234 жылы моңғолдар жаулап алғанға дейін өмір сүрді.

 

 

Шүршіт — Қытай

Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ

 

Қытай елдерін Иау, Шаң, Жыу, Чин, Вей т.б, патшалық құрған әулеттердің атымен атаған. Қазір «Жуң го» деп атайды. Яғни, орталық мемлекет «аспан астындағы ел» деген ұғым.  Б.э.д 200 жылдары Цин-Ши Хуан-Ди есімді император Жау, Ляо, Лян мемлекеттерінің басын біріктіріп, Ұлы Қытай империясын құрады. Осы император Ұлы Қытай тас қорғанының 1500 шақырым жерін тұрғыздырып кетеді. Хуанхэ өзені алқабын мекендеген жун, ди, хи, и рулары арасынан қытайлар күшейіп шығады. Олар өздерінің маңайындағы руларды біртіндеп бағындырып алады. Кейбірін жояды. Көшпелі жұрт дунху, ғұндар, цяндар (тибеттіктер) аман қалады.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың тарихын «Көшпенділер» трилогиясының «Жанталас» кітабында Ілияс Есенберлин: «Әбілмәмбет пен Абылай хандар алдымен орысқа бағынуға келісім беріп, 1750 жылы «Лай суда» жоңғар мен қазақ өкілдері қолдарын қанға матыра бір-бірімен соғыспауға уәделесіп, одан қазақ жеріне ентелеген шүршіттермен жеті жыл соғысып, халықты бекер қырдырмас үшін, Сыр, Арқа, Көкшетауға қарай шегінген», — деп жазады. Қазақтың: «Қытай қолдап шүршітті, қазақты келіп үркітті», — деген сөзі содан қалады. Қазақтың ол шегінуі туралы Тәтіқара ақын:

«Көп Қытайдың жылқысы тұрымтайдай құнысты.

Жау жағадан алғанда, ит етектен алғанда,

хан Абылай қорыққан жоқ,

Әншейін, еңкейе бере жылысты», — деп жырлапты.

Бұқар жырау: «Шүршіт келсе Сырға көш, ішетұғын суы бар», — деп сол шегіністің бағытын айтады. Қазақтың ол шегінісі туралы Бұқар жыраудың «Шүршіт келем деген сөз барды» деген өлеңінде айтылады. Тарихта: «Абылай хан халқын ақтап, әскерін сақтау үшін, елсіз жерлерді бетке ұстап, кейін шегініп кетеді. Талай тосқауылдар жасап, шүршіттерді ойсырата қырады. Түк істей алмайтындарын түсініп, қақаған қысқа ұрынбай, қытай қолдаған шүршіттер кері оралады. Саясаткер Абылай хан Қытайға бітімге келу үшін хат жазып жолдап, артынан татулық орнайды», — делінеді. Ф.А.Щербина: «Шідерті өзенінің жоғарғы жағында «Шүршіт қырған» қыраты, оңтүстік-шығысында «Қалмақ қырылған» тауы (Павлодар уезінде) бар», — дейді.

 

 

Шүршіттің арғы ататек нәсілі су-моңғолдары. Су моңғолы  «маңғыт»,  «ақ маңғыт (оңғыт)», «шүршіт» деп үшке бөлінеді. V ғасырда Манчжурияның солтүстігінде, яғни Уссурий даласының солтүстік бөлігі мен Амурға жақын жағалауларында көне тұнғұстық «уги» және «мохэ» халықтары тұрып, ататегінен келе жатқан мерген аңшылар болады. Осы екі халықтың ұрпақтары ХІІ ғасырда Қытайды басып алады. Нақтылап айтсақ, Қытайдағы қиданның Ляо мемлекетін соғыспен жеңеді. Содан «уги» мен «мохэ» атаулары өзгеріп, «шүршіт» деп аталады.

«Қазақтың түбі» нұсқасында Мәшһүр Жүсіп Көпеев: «Татарлар көп жұрт болып, шүршітпен маңайлас отырушы еді. Шүршіт деген көп жұрт, кент салған, шаһар салып, атар-шақар болған. Қытайдың темірқазық жағында. Үнді (Һинді) мен тәжік оларды «Шын» деп атаған. Патшаларын «фағкор» деп айтқан», — деп жазады.

 «Илхания династиясы» тарихында Құрбанғали Халид: «Қытайларды Тау хан шапқан тұста, бір бөлек қарақытайлар Шыннан бөлініп, Тау ханға келіп қосылады. Олар Ертіс басының тармақтары Қыран, Қаба, Буршын суларына шаһар салып орналасады. Кейін көбейе келе Емел, Буратр, Ұржар, Лепсіге дейін жайылады. Осы Шыннан бөлініп шет кеткендіктен оларға «жүр шет» сөзінен «шүршіт» атанады. Яғни, «шет жүрген» дегенді аңғартады», — деп жазады. Қытай тілінде «ж» дыбысы болмағандықтан «жүр» сөзі «шүр»-ге айналып, «шет» сөзіндегі «е» дыбысы «і»-ге түсіп кетіп, ел атауы «шүршіт» деп аталады.

ХVІІ ғасырда шүршіттер «манчжурлар» деп аталып, 1644 жылы Цин династиясын құрып, ол 1911 жылға дейін өмір жасайды. Манчжурлардың императоры Цянь Лун 1756—1758 жылдарда жоңғар-қалмақтарды қырғын жасаған оқиғалары тарих деректеріне еңгізілмей, тыстап қалыпты. Осы Цянь Лун 1760 жылы көкек айында Тарбағатайды «ата жұрт» деп Абылай ханның дипломатиялық саясатпен Қытайдан 1757 жылы қайтарып алғанын біле тұра, қазақты бұл аймақтан қуып шығуға бұйрық береді. Ол бұйрығы іске аспай қалады.

 1756 жылғы мамыр айында Қытай әскерінің қолбасшысы Фу Де боғды ханға: «Кездейсоқ мыңға жуық қазақ қолымен кездестім. Жүзге жуық жау өлтірілді. Екеуі тұтқынға алынды. Қазақтармен он рет соғыстық. Шығынымыз отыз адам», — деп хат жазады. Сол жылы қыркүйек айында қытайдың Дардана, Хадаха деген әскер басшылары қазақтармен соғыстағы ерлігі үшін Қытай мемлекетінің ең жоғарғы құрмет белгісі «екі көзді тауыс қауырсынмен» марапатталады. Қытай боғды ханының 1756 жылы қазан жарлығында: «Хадаха Абылаймен соғысқанда қуып жете алмай, қоян жүректілік көрсетті. «Екі көзді тауыс қауырсынын» тағуға рұқсат етілмесін», — деп жазылыпты. 1756 жылы жазғытұрым Урунгу-Шағаноб деген жерде болған Хадаха мен Абылай хан шайқасы туралы «Цинская империя и казахские ханства вторая половина 18 и третья четверть 19 века» кітабында пәрменді жазылған. 1757 жылы 17 қазанда Сібір губернаторы Ф.Соймоновқа Селенганың коменданты, бригадир В.Якоби: «Күздің күні 20 мың Қытай әскерінен өз шекарасына мың алты жүз ғана адам қайтты», — деп хат жазады. Бұл мәліметтен 18 мың 400-ге жуық Қытай әскерінің қазақ қолдарынан қырылғанын түйеміз. 1756—1757 жылдардағы қазақ-қытай соғысының тарихы әлі жазылған емес. Абылай хан басқарған қазақ қолының алаш әскері әуелі Жетісуда Қалмақ-Толағай тауының етегінде, одан Аягөз бойында Цинь әскерлеріне ауыр соққылар берген екен.

Шүршіттен ойрат-қалмақтары тарайды. Яғни, Абылай хан бастаған қазақ қолы сол баяғы жоңғар қалмақтары бірігіп, атауын «шүршіт» деп өзгерткен қалмақтармен тағы жеті жыл теке-тірес соғысқан болып шығады. Цин империясы 1757 жылы жоңғарларды аяусыз қырып, Шыңжанды басып алады. Содан бір жыл бұрын одақтастықтан айнып, Абылай ханға келіп паналаған «Әмірсананы қолымызға тапсыр» деп, мол әскерімен қазақ жері Шідерті өзенінің бас жағындағы жазықта қазақ пен шүршіт арасында қырғын соғыс болып, шүршітті Маншық деген басқарып, шүршіттер жеңіліп кері қайтады. Соғыс өткен жазық, сол уақыттан бастап «Шүршіт қырылған» деп аталады. Шүршіттерге әмісе Қытай қолдау, көмек жасап отырады. Қытай үкіметі шүршіттерге құртқыза алмай кері шегінген қазақтарды өз жағына шығарып алу үшін ұтымды шара, кең қолтық саясат қолданады. Қазақтың Абылай ханы оған қарсы болмай, Жоңғар хандығын құртысқаннан кейін, Қытай ханы Ежинге татулық, келісімде болайық деген хат жолдайды.

1757 жылы Абылай хан мен Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпейіз сұлтан Бежің қаласындағы Қытай ханына барып, ішінен өзі билеп, сыртынан Қытайға қарап тұрмақ болып, екі жақты келісім жасап, Абылай хан «уаң» деген дәреже иеленіп қайтады. 1757 жылы 7 маусымда Балқаш көлінің шығысындағы Аякөз өзенінің жағасында Қытайдың Ежин ханының елшілері алғашқы рет қазақтың Абылай ханымен кездеседі. 1757 жылы 9-шы айда Қазақ хандығының елшілері Ханжығар, Өміртай, Долан, Аранжы, Танаш батыр, Бекенай бастаған бір топ елші Бежіңдегі Цинь патшасы Ежин хан ордасына барып,  тарту-таралғы тартып, қайтып оралады.

Лай судағы, яғни Мамыр суда болған «Қандыжап» келісімінен кейін, Қытайға көмек қылып жоңғар-қалмақты жеңіскен Абылай хан «қазақтың бұрынғы ата мекен жері» деп, Тарбағатай өңірін Қытайдан қазаққа қайтарып алады. «Лай су» қазақ пен қалмақ бітімге келгеннен кейін «Мамыр су» деп аталады. Бұл су Аякөз өзеніне құяды. Бітімді қазақ пен қалмақ «Қандыжап» деп атайды. Себебі, торғауыттың Қандыжап деген қоңтәжісі алдыңғы жылғы шабындыда өліп, қалмақтар қазақтан құн сұрағанда, бір жылдан астам қазақтан таланған мал, төгілген қан салауат деп, екі жақ соған келісіп, қоңтәжінің есімін жоғалтпау үшін бітімді «Қандыжап» деп атапты.

 

Картинки по запросу Шүршіт

 

1763 жылы Боғда хан өзінің ерте замандағы құқықтарына сүйеніп, Қашқар, Жаркент, Ташкент, Ходжкент, Түркістан және олардың тұрғындары өзінің қоластындағылар деп жария қылады. Тіпті Түркістандағы әзіреті зиратына қытай салтымен құрбандық жасауға бұйырады. Қашқар мен Жаркенттіктер сыйлық жіберумен шектеледі. Қытайдан 1763 жылы Абылайдың жиені Дәулеткерей аманаттан елге оралады. Ол 1761 жылы кеткен болатын. Боғда хан 1761 жылы элюттерден (жоңғар) босаған Іле өзеніне дейінгі жерлерге қазаққа қоныстануға рұқсат береді. Боғда хан Абылайдан өзінің бұрынғы қатынының әкесі найман руының Қаракерей Кенже (Кинзя) батырын туыстарымен беруді сұрайды. Ол Қалден Церен кезінде ұлы мейірімге бөленген. Сол себептен Қытайдың тақсырына белгілі болған. Боғда хан жылына 10 мың рубль бермекші болады. Кенже батырдың балалары арқылы Абылайды Қытайға шақыртып, тұншықтырып өлтірмекші деген хабар алынып, Боғда хан тілегі қабылданбайды. Айқожа мен Күнқожа ишандар Қашғар мен Жаркентті билеген. Қытайдан қысым көрген соң, Бадақшанға кетеді. Сонда түншықтырып өлтіріледі.

Қазақтар 1758 жылдан бастап 1823 жылға дейін, жыл сайын Цинь патшалығына өтем-салық қана төлеп тұрады. Қытайлар 1782 жылы Баянаула тауына келіп, Уәли хан билігін мойындайтындарын мәлімдеп кетеді.

 1803 жылдан бастап Цинь патшасы Цян Лун қазақтарды рулық одақтарға бөліп, оларды басқаруға хан, төре тайжилар мен княздарды ғана тағайындап отырады.

 1824 жылдың жазында 300 қытайлықтар Баянаула тауына келіп, Уәлидің үлкен ұлы Ғұбайдолланы Орта Жүзге хан сайламақ болады. Оған орыстар тосқауыл қояды. 1854, 1860, 1863, 1864, 1868 жылдары қытайлар алтын іздеп, тағы қазақ жеріне келеді. Оларға Мұса, Мұстафа Шормановтар, Жайнақ Темірбеков, Абылайханов Тезек пен Қалыбаев Тоқтарбай, Дөсетұлы Тәнеке, Тоқтағұл Жалманақов, Адамсарт Ибақов қарсы күресіп, жерден қуады.

Шығыс Түркістанның Қытайға қарап қалғанын әйгілі ақын Сегіз Сері:

«Керей, Уақ барған соң көп ұзамай,

Алтай мен Шәуешекті Қытай алды.

Орта Жүзге қарасты жер болғанмен,

Шығыс Түркістан Қытайға қарап қалды», — деп өкініш қылады.

1863 жылы қараша айының басындағы жұмада Қытайда дүнгендер көтеріліске шығады. Сол жылы қазан айында дүнгендер мен Іле атрабындағы ұйғыр-тараншылар бірігіп, өз алдына дербес ел болып, сегіз жыл өмір сүреді. Дүнгендер көтерілісінде Бұр деген баһадүрдың абыройы асқақтап асады. Ол зеңбірек оғынан тайсалмай жауына шауып, елу ғана жауынгермен неше мың Қытайды жеңеді. Бұрдың атын естігенде Қытайлар қашатын болыпты.

Қытайлар мұсылмандарды жойып, өз діндерін үстемдік жасатпақ болады. Оған Бұр баһадүр мен қаракерей Қабанбайдың әулетінен Әділбек бастаған қолдар қарсы тұрады. Қытайлар ілгері басып, мұсылмандар қашпақ болғанында  Әділбекке Бұр баһадүр: «Ей, ердің ұлы! Астыңдағы атың мен үстіңдегі сауытты, басыңдағы дулыға мен қолыңдағы Қабанбайдың жалауын бер? Мен жалғыз шауып көрейін», – деп сұрағанының бәрін алып, жауға жалғыз шабады. Бұр баһадүр қытай мен қалмақ арасына еніп кетіп, соңынан қазақтар ат қойып, жаудың тозаңын шығарған екен.

Қаракерей, Байжігіт руы 1845 жылдан бастап Қытайға қарапты. Олар дүнгендермен бірігіп, қытай-қалмақпен жауласады. Дүнгендер Манасқа жеткенінде Байжігіттерге  Мәмбет табы қосылып  бірігеді.  Қазақтар Манасты алғанында, Отыншы Құлұлы дегенді хан сайлап алыпты.

Одан 1871 жылы генерал Колпаковский ол аймақты он жылдай орыс ықпалына қаратып ұстайды. 1881 жылы Құлжа қаласы мен аймағы Қытайға қайтарылады. Дүнгендер мен ұйғыр-тараншылар Жаркент қаласы аймағына келіп орнығады. «Хтай (қытай)» деген сөз «худ айин» атты діни сөзден өрбиді. Яғни, өздерінше дін туғызып, басқа әдеп-ғұрыпта болды деген мағына береді. Шежіреде: «Яфес, Түрік, Функ, одан Шын, одан Машин», — деп таратылады. Осы Шын мен Машин ұрпақтары қытайлар деп саналады.

Ерте заманда жер жүзін топан су басқанында халық қырылып, сол кезде Лу Уаң деген кісі мол мүлкі, бала-шағасымен аман қалады. Қытайлар соның үлгі жолымен жүріп, өніп-өсіп тарайды. Қытайлар ұстанатын дінді де сол данышпан кісі ұлықтапты. Ол дін Яфестен басталатын «Лу Хи» діні. Бұл дін Худ пайғамбар тұсындағы «файратқа (еш пайғамбарлар дәуіріне қосылмайтын)» тура келетін көрінеді. «Тауарих Хамсада» Құрбанғали Халид «Функ династиясы» тарауында Қытайдың бес мың жылдық тарихын тиянақтап, қандай хандар билеп, қандай әулеттен шыққандығын жазады. Онда қытайдың ата негізі Яфес, одан Түрік, одан Функ, одан Шын, одан Машин, одан Ти Хи Фос болып таралады.

Хандық дәуір Қытайда  осы  Ти Хи Фостан бастау алғаны дәріптеледі. Б.д.д. 300 жылдар шамасында Қытай жеріндегі қым-қуыт соғыстар нәтижесінде Чжоу мемлекеті ыдырап, бір-біріне бағынбайтын жеті ұсақ, Хань, Янь, Цин, Чжао, Чу, Цинь Шихуанди атты әміршілер билейтін, княздіктер пайда болады. Осы кезеңде Ұлы Қытай қорғанының құрылысы басталады. Оның ұзындығы 6400 шақырым. Қабырғаларының биіктігі 6 метр, ені 7,5 метр. Әрбір 100-200 метр сайын күзет мұнаралары бой көтерген. Құрылысты салдыруға 1 миллионнан астам құлдар мен 300 мыңға жуық жауынгерлер тартылыпты. «Жауласқан патшалықтар дәуірі» деп аталған сол заманда Қытайда неше алуан философиялық мектеп-ілімдері ашылып, әсіресе конфуцийлік пен даосизм үрдісі қарқын алады. Конфуций біртұтас мемлекет болуды жақтап, кейін оның ілімі Қытай империясының мемлекеттік философиясына айналады.

1885 жылы қазақтың Мәмбет, Жұмық, Төртуыл рулары екі мыңдай түтін Қытайға қарап қалады. Барлық тауындағы 709 үй қазақтар 1893 жылы Ресей консулдығы арқауымен Қытайға беріледі. Қытайдағы Шәуешекке Ресей консулдығына алғаш тілмаш болып келген қазақ Балкашинмен бірге жүрген Ибраһим деген, одан кейін Әріп Тәңірбергенов. Федоров деген консул болғанда Семейден Бура елінен Айтмұхаммед Болатов тілмаштық етеді. Шишеміров деген консул болғанда Қапалдық Тұрлыбек Сырттанов тілмаш қызметін атқарады.

 

 

                            Шүршітқырған шындығы

Ерзат МЕЛЛАТ

Qazaqstan tarihy порталы

«1670 жылдары Қытайға үстемдік орната бастағаннан кейін шүршіттер тура 80 жылдан аса уақыт бойы соңғы көшпенділер империясы күштісі жоңғарлармен ұдайы соғысты Айта кетерлігі, өзге моңғолдар қалқа мен цахар Цинь шүршітке тізе бүгіп, олардың жер қайысқан қалың қолының біріне айналды. Десе де жауынгер ойраттар олардан қаймыққан жоқ.  Бірінші кезекте ойрат-шүршіт соғысы Моңғолияға таласудан басталды. Галдан Бушигіт хонтайшы қалқа мен цахардың атты әскерін ойсырата жеңіп Пекинге 700 шақырым жерге дейін келді. Циннің Арани бастаған 30 мың әскерін түк қалдырмай қырып тастады. Қатты абыржыған Асин Геро Шуание, яғни Каңши патша 200 мың әскер, жүздеген зеңбірек, мыңдаған шиті мылтықты әскермен Ұланбұтұнда шайқасты, қалқа мен цахарлар шүршітке болысты, күш ара парық үлкен болғандықтан, Галдан Бушигіт кері шегінді. ...»

 

Мақаланы ары қарай дерекөздің (заңдылық бойынша) өзінен оқыңыздар:

https://e-history.kz/kz/publications/view/5329

 

 

 

«Дуан» елінің  шежірелік таратылымы

 

Бұл жазбаларды Ақсу елінің танымал азаматтарының бірі, «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» Жексенбі МОЛДАҒАЛИЕВ дайындаған және олар  «Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі» деген»  деген кітапшасында берілген.

 

*       *       *

 ... МАТАЙДАН — АТАЛЫҚ (Келдәулет), ҚАПТАҒАЙ (Келменбет, Бозжігіт) және  КЕНЖЕ (Жандәулет, Ізбасар, Жүзжігіт, Тәнеке) тарайды.

ҚАПТАҒАЙДАН — ЖОЛДАС пен ҚИЯС тарайды.

ЖОЛДАСТАН – ЕСЕНКЕЛДІ және ТЕКЕ.

ЕСЕНКЕЛДІДЕН  - Жалан,  одан – Асан және Жалтыр.

ЖалтырданДУАН.

 

 

 

 

*       *       *

ЖОЛБОСЫННАН ТӨЛЕГЕН, Сақыпжамал және САНСЫЗБАЙ.

 

САНСЫЗБАЙДАНАСЛАН және ЖАСҰЛАН;

АСЛАННАН – Еркебұлан және Ескендір.

ЖАСҰЛАННАН – Асылжан.

 

ЖОЛБОЛДЫДАН Қаншайым.


ҚАНАБЕКТЕН
МАЛҒАЖДАР

 

БАЙМҰРАТТАНЕРТҰРАН,

ЕРТҰРАННАНЕРМЕК,  ЕРБОЛАТ,  САЯТ  және  ЕРЛАН

ЕРМЕКТЕН – Жандос  және  Айдос.

ЕРЛАННАН — Ермек

 

 

*       *       * 

 

ҚАЙРОЛДАДАН МОЛДАҒАЛИ (Таразы) және  ҚОЖАҚАН (Нұрия)

 

МОЛДАҒАЛИДАН БАЙҚАН  (БАЙҒОЖА),   ЖЕКСЕНБІ (Жанатхан),  Орынбасар,  Орынтай,  Роза, ЕСҚАЛИ,  Жұлдыз  және ҚАЙЫРЖАН

БАЙҚАННАН  – Раушан, Дархан, Райхан, Дастан, Шоқан, Әлия, Сұлтан және Санат.

Дарханнан – Шерхан, Әсия, Байғали.

Дастаннан – Айқын.

Шоқаннан Айым, Батырхан.

Сұлтаннан — Жан, Сырым.

Санаттан – Нұрали.

 

ЖЕКСЕНБІДЕН – Аділ, Бейбіт,  Анар,  Жанар және  Динара.

АділденАйкерім, Нұрайым және Сұлтанәли

Бейбіттен Камилла, Нұрсұлтан және Нұрдәулет

 

ЕСҚАЛИДАН – Бауыржан, Мейіржан және Айжан.

ДОСҚАЛИДАН – Жайық, Гауһар және Нұрғали

 

ҚОЖАҚАННАННұрдариға, Люба, Үміт, Гүлайым және МҰРАТ (Кенжегүл)

МҰРАТТАН  – Арман (Нәзира), Айым, Арлан және Арасыл;

Арманнан Сұлтан,  Әли және Ерасыл.

 

ТАУБАЙДАНӘйніш, Кәміш.

 

ӘБІЛМӘЖІННЕНСӘБЕТБЕК, ТІЛЕУБЕК (Ләтипа), Гүлжауһар және Гүлжәмила;

 

СӘБЕТБЕКТЕН — Айман, АСҚАР, ҚУАНЫШБЕК, Шолпан, БЕЙБІТ (Жұлдыз) және  Баян.

БЕЙБІТТЕН – Ануар, Сұлтан.

 

ТІЛЕУБЕКТЕНАЙДЫН, Толқын және ШАЛҚАР.

АЙДЫННАН  –  Жан және  Сезім

ШАЛҚАРДАН – Муслим және Аділ.

 

ШӘРІПТЕНГүлжан.

 

МАМЫРБАЙДАН  - Зарлық, Жанат және Алма.

 

ӘМІРБАЙДАНКүлдариға, МАҚАШБАЙ, АҚАШБАЙ және ҚЫРЫҚБАЙ.

 

МАҚАШБАЙДАНМАРЛАН және ЕРЛАН.

 

АҚАШБАЙДАНБағлан,  ЖАСҰЛАН,  БАУЫРЖАН және ҒАЛЫМЖАН.

 

ҚЫРЫҚБАЙДАНҚАЙРАТ,  ТАЛҒАТ,  САЯТ және  Жанат.

ҚАЙРАТТАН – Азамат.

ТАЛҒАТТАН – Абылай.

 

*       *       *

 

ЖАНҰЗАҚТАН ТЕРГЕУБАЙ, ЕГЕУБАЙ, ЕСЕНҚҰЛ, КЕРІМБАЙ, БЕЙСЕНБІ және ШУДАБАЙ

 

ТЕРГЕУБАЙДАНӘЛИМОЛДА  және СЕЙІТҚАЖЫ

ӘЛИМОЛДАДАН – Тұрарбек

Тұрарбектен  — Мұрат,  Марат,  Манат,  Махмұт,  Қайрат  және  Қайратбек.

 

СЕЙІТҚАЖЫДАН – Сайлау, Сәрсен  және  Сейілхан

Сайлаудан – Серік  және  Рауан

 

КЕРІМБАЙДАНӘБІЛЖӘЛЕЛ
ӘБІЛЖӘЛЕЛ ДЕН  – Бірлікхан,  Құдайберген  
және Тәңірберген

 

БЕЙСЕНБІДЕН — САТЫБАЛДЫ

 

ШУДАБАЙДАНҒАЛИ,  ДОМАН  және  ТОЙБОЛДЫ

ДОМАННАН – Балташ,  Қалтай,  Алтай, Сәбит,  Досан  және  Сайын.

Сайыннан – Тасқын және Айдын.

 

ДАДАННАН ҚАСЕН  және  ҚАЖЫРҒАЛИ

 

ҚАСЕННЕНЖОМАРТБАЙ және МОЛДАҒАЛИ

ЖОМАРТБАЙДАН – Жәнібек, Берік және Серік

Жәнібектен – Әділет және Әлібек.

ӘлібектенӘділ және Әмір.

МОЛДАҒАЛИДАН — Қоныс

Қоныстан – Талғат және Қайрат

 

ҚАЖЫРҒАЛИДАН — НҮСІПБЕК

НҮСІПБЕКТЕН – Күмісбек, Білісбек және Айтбек

Күмісбектен – Төлеген

 

АРҒЫНБАЙДАН МҰСА

МҰСАДАННЫСАНБЕК

НЫСАНБЕКТЕН – Дәуіт және  Боранбай

 

Дәуіттен – Дәуіталы, Ешентай және Рахымбек

Дәуіталыдан – Күдері, одан — Рахметолла және Рахым

Рахметолладан — Елубай

ЕлубайданЕрбол және Нұрбол

Рахымнан Сәбетхан және Құрманхан

СәбетханнанМарат, Мұрат, Болат, Саят және Қайрат

ҚұрманханнанЕламан және Елжас

 

Ешентайдан – Болатбек, Дәулетбай және Дәулет

Болатбектен — Сәбит

ДәулетбайданНұрлан және Біржан

ДәулеттенСержан, Самат және Саят

 

Рахымбектен – Жеңіс, Түгелбай, Мелс, Марат және Мұрат

 

Боранбайдан – Омар, одан -  Шәріп

Шәріптен – Төлеубай, Нұрболат, Күнболат, Есболат және Бекболат

 

КӨТЕНТАЙДАН ҚАЙЫНБАЙ

ҚАЙЫНБАЙДАНӘЛІМЖАН және ДУБЕК

ӘЛІМЖАННАН – Малгаждар, одан — Арнай

 

ДУБЕКТЕН – Нұрбек, Нұртай және Қиуа.

НұрбектенАзат, Олжас және Ермек.

НұртайданАрдақ, Алмас, Асхат, Мақсат және Дәулет.

Алмастан – Дәурен, Мәулен, Нұрсұлтан және Алуа.

Дәуреннен — Айсұлтан және Әмина.

Мәуленнен Мидина және Камила.

 

Асхаттан – Анар, Айзере және Нартай

Мақсаттан – Айжан, Мерей және Мейірман

Дәулеттен – Данель

 

 *       *       *

 

 

ДӘУЛЕТБАҚТАН ОРАЛТАЙ.

ОРАЛТАЙДАНСЕРІК және ДӘУРЕН

СЕРІКТЕН – Әли.

 

 *       *       *

 

Ескертпе ретінде:  Егер өзің ДУАН  елінен болсаң, онда өз әулетіңнің бұтағын тауып алып, ары қарай жалғастырып әкетуіңе болады. Немесе, ол жоқ болып, өзіңде бар жазбаларды жіберсең, оларды осы шежіреге қосып қоюға болады.