«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (29)

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (29)

Сайтымның осы бөліміндегі түркі, қазақ елдерінің тарихына байланысты жарияланудағы сериялық танымдық жазбалардың  кезектісі  «СЕЯНЬБИ мен ЖУЖАНДАР туралы» деген тақырыппен  беріліп отыр.

Және де «НАЙМАН — ТӨЛЕГЕТАЙ — МАТАЙ — АТАЛЫҚ»  болып келетін ЕМЕЛЕЛІ руының шежірелік таратылымы ұсынылды. Танысыңдар!

 

«СЕЯНЬБИ мен ЖУЖАНДАР туралы»

Жужан  қағанаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Жужан Қағанаты
 – 5 ғасырда Солтүстік Моңғолияда құрылған көшпелі мемлекет (402 – 552). 

Қытай жылнамаларында қағанаттың негізін салған қашқын Могулюй құл деп көрсетілген, ол төңірегіне өзі сияқты қашқындарды топтастырып, жауынгер жасақ ұйымдастырады. Бұлардың көпшілігі бұрын Ұлы ғұн ордасының құрамында болған тайпалардан шыққаны белгілі (қ. Ғұндар). Жужандар қауымдастығы алғашқыда Орталық Хингай тауларының шығыс баурайында орналасты. Дэулань Шелунь (Челухой) билігі тұсында (402 – 410) қауымдастық едәуір күшейіп, Дэулань Шелунь өзін қаған деп атады, ал қауымдастық Жужан Қағанаты аталды. Дэулань Шелунь қаған Солтүстік Қытайдағы Юань Вэй мемлекетімен қақтығыста жеңіліс тапқанымен, жужан тайпаларының күшімен Солтүстік Моңғолиядағы Чао-сяннан (қазіргі Кореяның солтүстік облыстары) Қарашарға дейінгі жерлерді иеленді. Гаогюй тайпаларын бағындырып, Юань Вэй мемлекетінің құрамындағы Гоби шөлінен солтүстікке қарай орасан зор аймақты басып алды. Жетісуда Үйсін ордасы иеліктері жужандардың жиі шапқыншылығына ұшырады. Дэулань Шелунь қағаннан кейін оның мұрагерлері қағанат территориясын одан әрі кеңейтіп, Моңғолияда 150 жыл билік құрды. Жужан Қағанаты Үлкен Хингайдың шығыс, батыс баурайларын, Қленің жоғарғы ағысы мен Жоңғарияны, Селенганың жоғ. ағысын, Хэ-си, Гаочан аймақтарын қамтыған үлкен территорияны алып жатты. Қытай деректерінің бірінде “Жужандардың отаны ұлы құм дала Гоби болды” десе, екінші бірінде “олар Гоюиде қыстап, жазды Хингай тауларында өткізетін” делінеді. Қалай болғанда да жужандар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жужан Қағанаты Қытайдың солтүстігіндегі мемлекеттермен бірқатар соғыстар жүргізді. 425 жылдан бастап Юань Вэй мемлекетінің императоры Тоба Дао Жужан Қағанатына қарсы соғыс ашады.

 

Жужан қағанаты мен көршілерін көрсететін Азия 500 жылы.

 

Осы кезеңдерде жужандарға қарсы гаогюй тайпалары көтеріліп, жужандарды әлсіретті. Алайда, Уди қаған тұсында жужандар Қытайдың солтүстігіндегі шекараларына қайтадан шабуыл жасады. 6 ғасырдың ортасында билеуші топтардың өзара тартысы салдарынан Жужан Қағанаты құлдырай бастайды. Жужандардың вассалы көк түркілер (ашина тайпасы) күшейіп, аймақтағы саяси күшке айнала бастады. Ашина тайпасының көсемі Бумынға Юань Вэй мемлекеті 545 ж. елші жіберіп, одақтастық шарт жасасады. Осы жыл Түркі қағанатының құрылған жылы болып есептеледі. 546 жылы бұрын Жужан Қағанатына бағынып келген теле тайпасы да Түркі қағанатына қосылады. Күшейіп алған түркілер 552 жылы Жужан Қағанатына жойқын шабуыл жасады. Жужан Қағанатының соңғы қағаны Анахуан (кейбір деректерде Анағұй) түркілерден тас-талқан болып жеңіліп, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Жужандардың аман қалған бөлігі батысқа қарай үдере көшті. Түркі әскерлерінің қолбасшысы Истеми (Істемі) оларды Каспий теңізінен әрі қуып тастайды. Жужандар Еуропа тарихшыларының деректерінде “аварлар” деп аталып, Дунай мен Солтүстік Кавказды қоныстанады. Түркі қағанаты мен Византия империясы арасындағы қарым-қатынастарда аварлар мәселесі үнемі дау туғызып отырған; қысқаша Авар қағанаты, Аварлар.

 

 

Сеяньби  Жужан 

Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ

Тарихшы, шежіреші

 

Қытайдың ғұндарды іштен іріткі жасау саясаты оңға басып, ғұндар солтүстік және оңтүстік деп екіге бөлінгені алдында айтылды. Оңтүстікке қарасты ғұндар негізінен қытайланып «дунху», шығыстық «ху» деп аталып, олар «ухуань және сеяньби» деген екі ұлысқа жіктеледі. Қытайдың әулеттік жылнамасында «дунху» — «шығыстағы жабайылар» делінеді. «Дунху» дегеніміз «татар» атауының баламасы делінеді. Дунхулар нефрит тасын «изд-иада» деп атап, тұрғылықты халық ол тастан от шығуына байланысты соған табыныпты. Кей ғалымдар «дунху» атауын ғұндар атаған «тунгус (шошқа)» этимологиясы деседі. Олардың ел билеушілері бас киімдеріне шошқаның құйрығын тағыпты. «Қатаң құл» деген пайымға да келеді. Ғұндар дунхуларды «шошқа халық» деп атапты.

 Солтүстік Қытай 1644 жылдан 1911 жылға дейін шығыстық «ху» ықпалында болғандығы тарихтан анық. Ұлы ғұн Мөде тунгустарды шапқаны белгілі. Оның қырғынынан қалған тунгустар Ухуань тауына барып паналаған. Осыдан ол ел өсіп-өніп «ухуань» деп аталады. Батыстағы дунхуларды «сиху» деп атаған. Қ.Салғарин: «Солтүстік Сиуңну (Мағол) мемлекеті талқандалған 92 жылы Шиа (Сэ) әулетінің заманынан бері шығыс жаққа орналасқан елдерді қытай империясы «сиуңну» деп атаған», — дейді.  

 Қытайдың «Соңғы Хан» кітабында: «Ғұндардан қалған 100 мың түтін үй Сиуңнулар өздерін «Сеяньби» деп атады», — делінеді. Сеяньби тауына орналасқандар өздерін сол тау атауымен «сеяньби» деп атапты. Сеяньбилердің тілі, дәстүрі  ухуаньдармен тең, тете екен. Модэ шаньюе тұсында екі ел аралас-құралас тұрыпты. Сеяньбилер Сары-Мүрен өзенінің жағасына орналасып, Моңғолияның Алахан, Найман, Қалха деген облыстары 93 жылдан Қытай империясының тарихына еніп, ал 181 жылдан бастап тарихта ныспысы аталмайды. Қытай тарихы сеяньбилерді дунхулардан шығарып, «сйеяньто» деп жазады. Оның да маңызы бар. Сйеяньто біріккен сйе мен янто екі рудың қосақталған атауы болады. Сйе руын янто руы басып алып, екі ел өздерін Илихи деп атапты. Бұл түркілік Ел (Или) хан дегенге келеді. А.Н. Бернштам сйеньянтолар – сиртардуштар дейді.

 Қытайлар Сеяньби елін құрайтын 120 рудың басшыларының бір-бір баласын император сарайында аманат етіп ұстапты. Ең далада еркіндікке үйренген сеяньбилер тәуелді болғысы келмей, Чижыжиән дегені бастап бостандыққа ұмтылады. Ол Сеяньби елін ешкімге тәуелді етпей өмірден өтеді. Сеяньбилердің Сұр Жахан деген ханы өлген соң, Қытай шекарасы көптеген жылдардан соң тиышталыпты.

 Сеяньби елінің билігін аса дарынды басшы Тулу (Төлеген) бектің ұлы Таңшыхуай деген 147 жылы қолына алады. Шық тамшысынан анасының ішіне біткендіктен, есімі солай аталған. Ол аз уақытта Сеяньби мемлекетін далалық империяға айналдырып, бір кездегі Сиуңну мемлекетінің иелігінде болған жер мен елді түгелдей өзіне қаратады. Таңшыхуай шығыс – 20 тайпа, орта – 10 тайпа, батыс – 20 тайпа қылып біріктіріп, елін үшке бөліп билейді. Бұл дәуірлеу ұзаққа бармай, 190 жылы қырық бес жасында Таңшыхуай қайтыс болады. Таңшыхуайдың орнын басқан ұлы Хылиән Сеянби империясын Мужуң (Мойын) мен Тоба деп екіге бөліп, одан мужуңдар тобаларды жеңіп, артынан Мужун, Тоба, Жужан, Мохэ, Шивей (Отыз-татар), Татан, Кумоси, Қидан атты жеке хандықтарға бөлшектеніп кетеді. Ақыры Таңшыхуайдың ұлы Хылиәнді (Құланды) Лянь-Хань деген қытайдың мергені садақпен атып өлтіреді. Орнына Хылиәннің немересі Будугень болады. Оны тақтан Кэбинен ысыртып, өзін сайлатады. Ол өз ағасы Сули, тоба әулетін құраушы Шамо хан және өзін Мөде шаньюеге балайтын Татурмен таққа таласумен өмір сүреді. Татур Вэй әулетін құрған Цао-Цаодан жеңіліп тынады. Осы Татурдан «та-та (татар)» деп қытайлар атайды. Кэбинен Сули мен Шамо хан біріккен қолдарынан қақырап кетеді. 

 ІІ-ші ғасырдың аяғында сеяньбилер бұрынғы Ғұн империясының жерін түгел иемденеді. Одан Шу, Тола, Керүлен, Орхон, Ханғайға дейін басып алады.

 Л.Гумилев: «Бұрын сеяньбилер «sarbi, sirbi, sirvi» деп аталған, қытайлар өз тілдеріне мәнерлеп «сеяньби» деп атаған. Кең кеңістікті Сібір атауы «sіrbі» тайпасының атауымен аталғаны айқындалып тұр. Түбір сөзі «sіr (сеир, сэр)» болғандықтан, олар б.з. дейінгі ХV ғасырда алдыңғы Азияда (Аравияда) өмір сүрген көшпелі сеяньбилер. Птоломей оларды б.з. дейінгі ІV ғасырда Хуанхэ өзенінің солтүстік жағынан тапқан. Түркі текті олар бұрынғы сеирлар мен хоррейлердің ұрпақтары екені пайымдалады», — деп жазады.

 Зерттеу еңбектерінде Сарқытбек Шора: «Сеирлар мен хоррейлердің Аравия жеріндегі қазіргі ұрпақтары көшпелі өмір салтын ұстанған «бедуин» елі», — деп жазады. Осы араб-бедуиндардан қазақ ішіндегі «қожа» деген ақсүйектерге жататын ұрпақтар таралған деп тарихта айтылады. Сеирлардың б.з. дейінгі ХV ғасырда Палестина жерінде тұрғандары туралы Моисейдің «Ветхий заветі» кітабында жазылады. Түрік текті елді зерттеуші О.Н.Туна: «Турцияның солтүстік жағында осыдан 3500 жыл бұрын түркі текті тайпалар тұрған. Олар жаңа қоныс іздеу мақсатында Ефрат пен Тигр (Тәңір) өзендері аймағына ойысқан», — дейді. Сол түркілердің тағы қоныс аударуына суға тапшылық пен шөл қасіреті болып, Аравия, Сирия, Месопатамия, Ассирияға кетіп, бір бөлек сеирлар мен хоррейлер қазіргі Қазақстан жеріне жетіп орналасқан деген де пікірлер айтылады.

 

Білге қағанның тас бітек жазуында: «Қазақ үйлерде тұратын бектер мен жай халық, олар алты ұлыс сеирлар мен тоғыз ұлыс оғыздар», — делінеді. Сеирлар б.д. дейінгі ІV ғасырда Месопатамия мен Мауреннахрдан солтүстік Хуанхэ өзенінің аймағына келіп, Ғұн, Сеяньби, Жужан, Түрік мемлекеттерін құрады. Француз тарихшысы К.д*Оссон: «Ғұн империясынан кейін 93 жылдан бастап Сеяньби империясы жарыққа шықты. Олар 233 жылға дейін өмір сүрді», — дейді. Сеяньби ұлысы күшейіп, Қытай империясының солтүстіктегі көршілерімен бірігіп, «мойын (мужуң) мен тоба (табғач)» деген екі тапқа бөлініп, үш ғасыр іргелес қонсы тұрып, ақыры бір шиеленісте мойындарды тобалар жеңіп шығады.

 

 «Тысячелетия вокруг Каспия» кітабында Л.Гумилев: «Сеяньбилік Ашина деген 439 жылы Қытайдың батысындағы Гоби құмының оңтүстігінде, Ордостан батысқа қарай орналасқан Хэсси басқарған ғұндарға қызмет жасағанын айта келе, оларды тобалар жеңгендіктен Ашина бастаған 500 үй Алтай тауына көшіп, жужандарға темір өндіруге көмектескен», — деп жазады. «Білге Тонуқұқ сабы» сөзінде: «Усұн бұрынғы жұртында жайлап қалған еді», — деген жолдар жазылған. Бұрынғы жерінде жайлап қалған усұндардың бір бөлігі V ғасырда Қытай жеріндегі тобалардан қашып Ашинаға келген. Олар «бурн» деп аталады. Өйткені «усұн» сөзі оғыз тілінде «бурн» деп айтылған. «Ашина» сөзі түрікше «қасиетті бөрі» деген ұғым. Усұндардың солтүстіктегі көршілері «хушие (қыжы)» деп аталады. Хушиеліктерді Мөде чәниүй бағындырып, олар батыс тужи уаңның басқаруында болады. Кейін олар сеяньбилерге бағынады. Сеяньбилер әлсіреген тұста, хушиелер жеке мемлекет болып, қытайлар оларды «худы (қыжы)», «аде», «ади», «жиаде» деп атайды. Жаңа жыл санауға дейінгі V ғасырда хушиелер гаучыларға (хұйхыларға) сіңіседі. Хұйхылардың «ғұздар» екенін барша тарих зерттеуші ғалымдар біледі. Ғұздарға сіңіскен хушиелер «чинца (қыпшақ)» адамдары делінген. Яғни, жергілікті қыпшақтарға сіңген болды. Усұндар батыс терістігінде «қанжүй» елімен шектеседі. Қанжүй – қаңлылар. Олар көне түріктің қыпшақ тайпасынан шығады. Ұлы Жыужыларға (Ұлы иозаларға) әдет-ғұрыптары ұқсапты. Көшпелі ел болған. Қазіргі қазақ елі ішіндегі «үйсін» деген этноним осы аталған «усұн» атауынан көп кейін пайда болған. Үйсіндердің усұндарға қатысы бары әлі анық зерттелмеген, мәні шешілмеген мәселе. «Үйсін» сөзінің мағынасы «қарғаның ұрпағы» дегенді білдіреді. Жас нәресте Нәнді бидің ұлы Елжау биді қарғалардың ет әкеп беріп асырағаны «қарғаның ұрпағы» деп аталуына себеп болса керек. Аталардың айтатын «үйсін мен қарға бір туысқан» деген қағидасы бекерден емес.

 Зерттеушілердің деректерінде Сеяньбиден тараған ұрпақ Мойын мен Тоба түркі тілдес, көшпелі тайпалар болған. Тобалар 386 жылдың бірінші айында, тарихқа «Солтүстік Вей» деген атпен еніп, мемлекет құрған. Алғашқы кезде ол мемлекет «Дай (Дәй)» деп аталады. Бірақ осы жылдың төртінші айында «Дәй» атауы «Вей» деп өзгереді. 534 жылы Вей империясы шығыс пен батыс болып екіге бөлінеді.  Вінди қайтыс болған Да-туң жылнамасының 17 жылдың алтыншы айында Бумын қаған Батыс Вей империясының ханшайымы Шаңлы деген ханшаны әйел қылып алады. Бұл 551 жылға келеді.

 Сеяньбидің беделді шоңжары Бұқабай деген 181 жылы Бейжің бекінісін алады. Одан 281 жылы Бұқабайдың ұрпағы Шегір деген қытайдың Ляо-Дун қаласын алғаны және 26 жыл Қытай мемлекетіне маза бермегені тарихта жазылып қалған.

 

 Мойын мемлекеті 220 жыл жасап, Ляоси жерін толық иелік етеді. «Мойын (мужун)» деген лауазыммен ел көсемі аталған. Содан ел атауына айналған. Мойын Шегір 283 жылы өлген соң, оның орнын ақсақалдардың батасын алмай, заңсыз Мойын Ашан тартып алады. Мойын Ашан қарауындағы жігіттердің қолынан 285 жылы қаза табады. Орнына Мойын Шегірдің ұлы Хой таққа отырады. Ол өзін 307 жылы сеяньбилердің ұлы тәңірімін деп жариялайды. Ұлдары Мойын Хуан, Мойын Женді бас қолбасшылыққа тағайындап, тақ мұрагеріне Мойын Ханьды сайлайды. 333 жылы Мойын Хой дүниеден өтеді. Әкесінің орнына Мойын Хуан таққа отырады. Қатал тәртіп орнатады. Тақ мұрагері деп саналған Мойын Хань бауыры Мойын Женмен тіл табысып, Мойын Хуанды тақтан құлатуды ойластырады. Бұны білген Мойын Хуан табындарға қашады. Сеяньбилер Мойын Жен жағына бас ұрып бағынады. Мойын Хуан қытайлардан бас қолбасшы деген дәреже алып, сұлтан болып, бауырларына қарсы шығып, әскерін қырып салады. Ызаланған Мойын Жен өзін-өзі жарып тастайды. 337 жылы Мойын Хуан өзін патшамын деп жариялайды. Мойын Хуан ел билегенде өжет ұлы Мойын Ханьға тиесілі істер жасайды. Мойын Хань арғындармен соғыста жазылмастай жарадар болып, ақыры у ішіп өледі. 348 жылы Мойын Хуан дүниеден озады. Орнына Мойын Чжен таққа отырады. Ол 352 жылы Қытай императорының тәжін де иеленеді. Мойындардың барлығын қытайландырмақ болады. Мойындарды яглакар руынын шыққан Муюн Чур Пейлоұлы билейді. Тобаны тобалық Гуй басқарады. Тобалар 395 жылы мойындарды бағындырмақ болады. Сол кезде науқас Мойын Чур күйіктен өледі. Оның елі отырған жерлерінен ығысып, Ордостың батысын мекендеп тұрған хойху-ұйғырларға барып қосылады. Одан Гоби шөлінің солтүстігіне кетеді. Мойындар күш алып, ұйғырлардың «яғ-байғу» дәрежесіне көтеріледі. Осы «яғ-байғу» түрік сөздерінің әріп алмасуына байланысты «ябғу», «яғма» болып өзгеріп аталады. Тоба көшпелі елін Туинь хан билегенде иелік құрамы 99 рудан құралып, 39 аймаққа бөлініп, әскері Ыстық көлге дейінгі өңірді қорғайды. Туинь (Тұйғын) ханның алтыншы ұрпағы Линь (Жойқын) хан иелік аймағын тоғыз тұтыққа (облысқа) бөліп, оларды басқаруға өз ұлдары мен туыстарын қояды.

 Линь ханның ұлы Гйефыня бұрынғы Ғұн империясының жерлерін қайта қайтарады. Оның тақ орнын басқан Ливэй иелік жерін ұлғайтып, Дин-Саян аймағын қосып алады. Ливэй 104 жас жасап өлгеннен кейін, таққа ұлы Илу отырады. Бірақ, 295 жылы Ливэйдің үш ұлы Лугуань, Илу, Ито дегендер иеліктегі жерлерді бақталастықпен үшке бөледі. Сол кезде қытайлар Жабайды хан қылып сайлайды. 307 жылы қытайлар күшімен сайланған Жабай хан дүниеден өтеді. Үш аймақтың билігі Алау ханға тиеді. Алау хан үлкен ұлы Алаушаның қолынан қаза табады. Өтейдің ұлы Бұғы Алаушаға қарсы шығып, оны өлтіріп таққа отырады. Тақ үшін алауыздық бастау алады. Ақыры Жолай деген таққа отырып, оны жеңгесі у беріп өлтіреді. Орнына Жолайдың ұлы Шегуй (Шона) таққа отырады. Шегуй билікке келгенде тобалар қайта бірігеді. 325 жылы кенеттен ол қайтыс болады. Орнына Тоба Жан таққа отырып, ұзақ билік құра алмай, елден қашады. Таққа Алаухай отырады. Бірақ 335 жылы Тоба Жан тақты қайтып алады. Алаухай Чжао патшалығына қашып, сонда таққа отырады. Алаухай ауырып қалып, таққа Шерханды (Ұланды) отырғызады. Ол салиқалы патша болады. Шерхан қытайлардың улы жебесінің зардабынан өледі. Ол өзінің жиеніне Шаған шегір деген есім қояды. Ол бала өсе келе Тоба Шер деп аталады. Таққа сол келеді. 386 жылы таққа Қара деген келеді. Оның орнын Тоба Гур басады. Ол 391 жылы жужандарға қарсы шабуылға шығып жеңеді. Гур өзін Қытай империясын орнатқан Цин-Ши Хуан-Ди патшаның тікелей ұрпағымын деп жариялап, жерге табынуды бұйрықпен бекітеді. Яғни, сөзге, достыққа беріктікті қытайлар «жер» деп белгілейді. Жер – тұрақтылық белгісі. Билікке отырған император жердің қасиетімен таққа отырды деп санайды. Тоба Хун-ІІ тұсында үш ғасыр жасаған Тоба империясы қытайланып, өздерін Юань деп атайды. Солтүстік тобаларды 550 жылы қытайдың білікті ожбаны Гао Хуань хан ел басындағы басқарушыларды құрттырып, солтүстік қытайлық Цин империясын құрып, өзін императормын деп жариялайды. Оларды бара-бара сеяньбилер басып алады.

 «Ергенеқонда» 200 жылдан астам өмір сүрген сеяньбилерді жужандар басып алып билейді. Ергенеқоннан шыққан сеяньбилердің бір бөлегі Алан мемлекетін құрады. Алан мемлекетінен бұлғарлар мен хазарлар өріс алады. Сеяньбилердің ұрпақтары солондар. Манчжурия елінде де сеяньби ұрпақтары бар. Иисус Христостың (Иса пайғамбардың) ататегі сеяньби-аландарынан  шығады. Сонда арғы ататек заты түркіден болады. Қазақ шежірелеріндегі: «Иса пайғамбар шоқынып, шаңырақтан ұшып кетті», — деп жазылуында, бір тылсым әпсана жатқаны анық. Яғни, Исаның шыққан түбі түркі.

 

 Жужан империясы 391-556 жылдар аралығында өмір кешеді. Бесінші ғасырдың басында Жужан империясы күшейеді. Константин д*Оссонның дерегінде ол мемлекет 150 жыл өмір сүрген. Жужан хандығы ылғи батыр, ержүректерден құралыпты. Қытайдың «Бай-Шу» кітабында: «Жужан (Жуан жылан) өздерін «Үкілі ай» деп атайды. Шень-Юань-Ди патшаның соңғы билік құрған жылдарында хандықтың басын Тоба империясының ханы Ливэйдің атбегісі болған Мугулюй тақыр бас деген құрастырады. Ол жужандар бір жорықта қолға түсірген құлы болған. Мугулюй Мол-Ди патшаның кезінде, яғни 345-361 жылдарға дейін, жиынға кешігіп келгені үшін «басы алынсын» деген жарлыққа тап болады. Мугулюй Құланды сайға қашып құтылып, қасына басында 100 жігіт жинайды. Одан жан-жақтан қашқандар жиналып келе бастайды. Сөйтіп, олар құрама ел болады. Табу-Ди патша оларды «жуан жылан» деп аталсын деген жарлық шығарады. Сол құрама елді Мугулюйдің ұлы Чылухой басқарғанда, ол хандық 451 жылдан бастап Жужан (Жуан-жуан) деп аталады. Чылухой өмірден өткен соң, орнына оның ұлы Тұнықай таққа отырады. Тұнықайдың орнына таққа Батыр отырады. Батырдың орнына Дусуюань таққа отырады. Чылухойдың бесінші ұрпағы Дусуюань басқарғанда жужандар иеліктері кеңейіп, іргесі бекиді. Ол өлгеннен кейін иелікті оның балалары Пихуба — шығыс, ал Выньгеди — батыс аймағын басқарады. Пихуба өз аймағымен Вей империясына бағынады. Выньгеди төрт ұлымен жужанға тұтқынға түсіп, одан өзі ғана қашып шығады. Бірақ, қуғыншылар Бана тауының етегінде ұстап алып, Қытай императорына табыс етеді. Қытай императоры Пихуба мен Выньгедиге кешіріммен қарап, оларға жер беріп, жеке аймақ болып тұруларына мүмкіндік туғызады. Выньгедидің ұлы Хыдохән мен үшінші ұлы Шылүн Қытай шекарасынан алыстап барып, батысқа қотарыла көшеді. Чаң Сүн-фей деген атты әскерімен оларды Бана тауында қуып жетіп, қырғын салады. Хыдохән шайқаста өліп, Шылүн Пихубаға қашып барып, соны паналайды. Пихуба оларды оңтүстік шекараға жақын орналастырып, өзінің төрт ұлына сыртынан бақылатып қояды. Бұл қылық Шылүнның жынына тиеді. Ол Пихубаның төрт ұлын тұтқындамақ оймен қоршауға алып, одан ордасына аттанып, Пихубаны тұтқындайды. Пихубаның екі ұлы жауынгерлерімен қоршауды бұзып шығып, хулүй (биік арбалылар) тайпасына барып паналайды. Бір айдан соң Шылүн «туысым» деп өтірік жаны ашыған болып, Пихубаны және ұлдарын босатады. Бәрінің басы қосылғанын біліп, Пихубаны өз әскерімен қоршап алып, Шылүн оларды қырып тастайды. Пихубаның екі ұлы Чиба мен Ушие он бес серігімен құтылып, Тәй-зуға беріліп, жан сақтайды. Шылүн бір өзі қожа болып, бүкіл шығыс аймақты билейді. Шылүн таңғұттармен бірігіп, Қытайға қарсы шығып жеңіліп, терістікке қашады. Алтын тауында ес жинап, нығая бастаған түріктің бірнеше тайпасының басшысы Бижиа (Жибаеги) оларды жаулап алуға аттанады. Шылүн жедел әрекеттер жасап, Игын өзенінің бойында Бижиа қолын талқандап, өздеріне бағындырады. Осы түріктер «темір өндіретін құлдарға» айналады. 402 жылы жужандар мықты елге айналады. Шылүн енді «құдіретті қаған», «даудай хан» деп аталады. Иелігі батыста Қарашарға (Қытай), шығыста Чаосиәнға, терістікте Байкөлге, күнгейде Ұлы Құм далаға дейін алып жатады. Шылүн 410 жылы наурыз айында қытай әскерінің әрекетінен мерт болады. Орнына оның інісі, ақылы толып, кемелденген Қожағай хан Құли таққа отырады. Құлиды Төлеген мен Өтеген дегендер құртады. Сол сәтті пайдаланып Буыршын таққа отырады. Буыршын ханды тақтан үміткер Бөкен шонжардың ұлы Датан деген 414 жылы буындырып өлтіреді. Халық Датанды таққа отырғызып, «жаһангер (жеңімпаз)» деген титул береді. Датанның Қатаған деген атауы тағы болады. Қатаған 425 жылы қытайлармен бетпе-бет келіп тұрған майданнан шегініп, Ұлы Далаға қарай ойысып кетеді. Қатағанды ұлы Қытай императоры Тайбөрі қудалап, елін тас-талқан етеді. Қатаған іш құсалықтан өледі. Әкесінің орнына көреген Өтей 431 жылы таққа отырады. Ол Тайбөрі патшамен татулық орнатып, оның қызына үйленеді. 437 жылы Өтей хан достық, татулықты бұзып, Қытай қорғанына шабуыл жасайды. Тайбөрі У-Ди қарап қалмай, ақыры 445 жылы Өтейге қарсы жорық жасап жеңеді. Өтей өлген соң, оның орнына ұлы Тұғыр хан таққа отырады. Оған Тура хан деген атау тағылады. Қытайлар екі бағытта оған қарсы шабуыл жасап, ол Цун-Лун-Лин деген тауға қашып кетеді. 464 жылы Тұғыр хан өмірден өтеді. Оның орнына ұлы Бөршін таққа отырады. Ол елін «мәңгі бейбітшілік елі» деп атайды. 470 жылы Қытай қорғанына шабуыл жасап, түк бітіре алмай, Нюй-Шуй алқабында жеңіліс табады. 475 жылы Жайсаң хан таққа отырады. Ол Қытаймен достық пен бірлік орнатуға елшілік арқылы көп ұмтылады. Қытай императоры қош көңілдік қылмай, созбаққа салып бағады. 485 жылы Жайсаң дүниеден өтеді. Орнына оның ұлы Дәурен таққа отырады. Дәуренге «бүтүн» деген лақап есім танылады. Хандығын «Тай-Пин» деп атайды. Ол Қытайға жиі шабуыл жасап, тыныштық бермейді. 492 жылы 70 мың Қытай әскері Дәуренге қарсы аттанады. Ел жиналып, кеңесе келе Дәуренді өлтіріп, билікті Таға-Айға береді. Ақсақалдар кеңесіп, оған Бөпе Кенже деген ат тағады. Қытайша Тай-Эн деп аталады. Ол дүниеден өткен соң, орнына Батыр 506 жылы таққа отырады. Оған ақсақалдар Таған деген дәреже атақ танады. Қытайша Шы-Пин деп аталады. Жетісуға қарай жылжыған Батыр хан қарақойлылардың Бибота деген ханынан қаза тауып, ол оның орнына таққа 510 жылы келеді. Оған ақсақалдар жаңа дәреже атақ беріп, Төле би Толықай деп атайды. Бөрібай деген қосымша жанама есімі тағы болады. Бөрібай Қытайға жиі елшілік жіберіп, достасуды ойластырады. 520 жылы Қырантай Жанақ Қарақабан хан тағына отырады. Бақталас ағалары оны қуғындап, ол қашып Бай империясына кетіп, одан Қытай императоры Цао-Даоға бас иіп барып, олардың ықпалымен билігін қайтарады. 534 жылы Бай империясы екіге шығыс пен батыс деп бөлінеді. Жужан мемлекеті бірде әлсіреп, бірде күшейіп, 552 жылға дейін тарих сахнасынан түскен емес.

552 жылы жужандар үстемдік жасап келген өз қожаларына қарсы шығады. Оларды жазаламақ болып жужан қағаны Анагүй аттанады. Осыны пайдаланған түріктердің басшысы Бумын Хуәй-хуаңның терістігінде болған ұрыста Анагүйді күйрете жеңіп, тас-талқанын шығарады. Кешегі құлынан жеңілгеніне күйінген Анагүй өзін-өзі жарып өлтіреді. Жужандардың бір бөлегі Чи империясына барып бас сауғалап, өздеріне Дынжу Сылиді қаған етіп қояды. Оған қарсы болған Афути бастаған ел ағалары оны өлтіріп тынады. Қалған жұрт Дынжу сылидың екінші баласы Тиефаны қаған сайлайды. Ол келер жылы қидандардың қолынан қаза табады. Анагүйдің ұлы Иәнлочың империядан бөлініп шығады. Оны Він-ди әскерімен талқандайды. Иәнлочың ұлымен солтүстікке қашады. Він-ди түріктердің қысымымен амалсыз оларды қырып тастайды. Түріктің Мухан (Мұқан) қағаны батыс Вей империясының императоры Він-диді өздеріне қашып келіп, паналаған жужандардың түгел көздерін жоюға мәжбүр етуімен, 556 жылғы қырғында жужандардың ныспы күші жойылады. Жужан мемлекетін қалпына келтірмек болған Анагүйдің немере інісі Дынжу сыли ештеме бітіре алмайды. Олар бас сауғалаған батыс Вей империясы түріктердің қаһарынан қорқып, Дынжу сылиді үш мың қолымен түріктерге ұстап береді.

 

Ғұн империясының алтын тірегі болған түркі халқы мемлекеттік еркін жоғалтып, олардың орнын Сеяньби деген күшті тайпа басып, өзге тайпалармен бірге қытайларды да бағындырып, екі жүз жылдай билік құрады. Оған түріктің 112 ру-тайпалары қарап бағынады. Көктүрік деп аталатын Ашина тайпасы да Сеяньби бектеріне қызмет қылады. Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында тұңғұс нәсілдес Жужан күшейіп, Сеяньбилерді жеңіп, өңірдегі билікті алып, екі жүз жылдай үстемдік жасайды.  Жужандар түрік текті халықты Алтай тауының «Ергенеқон» деген жеріне апарып, ІІІ ғасырдың басынан VІ ғасырдың ортасына дейін жатақ тіршілік жасауға мәжбүрлейді. Ғалым Құлмат Өмірәлиев: «Бір кезде ат үстінде өмір сүрген халық егіншілікпен айналысып, Жужан ханына салық орнына темір өндіріп, ханның темір балқытқыш ұста халқына айналған», — дейді.

 

 

Ергенеқонға басқа жұрт аяқ ізін басып, кіре алмапты. Себебі, сол заматта Ергенеқонның жан-жағы адам аяғы басып шыға алмайтын биік тау шыңдарымен бітік қорған тәрізді тұйық болыпты. «Ергенеқон» деп Амур өзеніне құятын Арғұн өзенінің өңірі аталады. «Ергене» – «тау қойнаулары», «кемері», «қон» – таудың өткір «шыңдары» деген мағынада. «Ергенеқон» дастанында: «Татар Сүйінішке қызғыздар мен басқа тайпалар көмектесіп, Ел ханның басқаруындағы ел қырылды. Ел ханның кіші баласы Қиян мен жұбайы және жиені Нүкүз бен оның әйелі тірі қалып қашты. Олар дұшпанның аяғы жетпейтін, жеміс-жидегі мол тау басына қоныстанды. Тау басындағы бұл өткел «ергене» — «қоныстану», «қону» сөздерімен тіркесіп, «ергенеқон» деп аталды», — делінеді.

 «Татары» атаулы кітаптың төртінші тарауында Эдуард Паркер: «Түріктердің арғы тегі ғұн тайпасы, рулық атауы Ашина (Ассен). Тарихта қалған. Тоба мемлекетінің үшінші императоры 433 жылы Цзюйцзюй жерлерін шауып иеленеді. 500 үйелмен ашиналықтар жужан еліне барып, Алтын тауға паналайды. Ол қазіргі Ганьсу провинциясының Шаньдань қаласынан алыс емес жер. Ол қала бұрындар Киньшань (Алтын тау) деп аталған. Ашиналықтар дулыға тәріздес сілемге орнығып, өздерін түрік деп атаған», — деп жазады. Бұл жер Алтай тауы, Батыс Моңғолия жеріндегі тау сілемімен ұқсас болғандығынан ғалымдар Ергенеқон деп шатыстырып алғандай. Анығы Паркердің жазғаны тарихқа сай келеді. Қытаймен шекаралас тұрып, олардан жылқыға жібектер айырбастап алып тұрған.

 Сеяньби мен жужан билеген заманында түрік тайпалары төрт жүз жылдан астам уақыт оларға тәуелді өмір кешеді. Төрт жүз жылдан соң өсіп-өнген ел Ергенеқонға сыймай, өткел іздейді. Сол сәтте бір темір ұсташы таудың темір құрамын ерітсе, жол ашылатынын айтады. Темір бар жерге отын мен көмірді үйіп, от жағады. Жетпіс жағынан көрікпен ауа үрленеді. Темір балқып, жүк тиелген түйе өтетіндей жол ашылады. Ергенеқоннан шыққан күн 21 наурыз делінеді. Содан бастап, ол күн түрік тектес халықта жыл сайын аталады екен. Ел хан (Бумын) ұрпақтары күшейіп келіп, аталарының кегін алады.

 «Тюркское сага Чингисхана» атты кітабында Қ.Қ.Закариянов: «Ергенеқон Мауреннахр өңірінде. Осы өңірден б.д. дейінгі ІV ғасырда түркілер көшіп жан-жаққа таралған. Өйткені, б.з. дейінгі VІІІ ғасырда Амудария өзені жағалауында Қият, Нукуз деген екі қала орнаған», — деп жазады. Бұл қалалар Өзбекстанға қарасты жерде орнығады. Ергенеқоннан қият пен нукуздерді Моңғолиядағы Бурхан-Халдун тауына бастап келген Рашид-ад-диннің дерегінде қоролас руынан шыққан, Шыңғыс ханның арғы атасы, Бөрте-Чино екені айтылады. Оларды бара-бара VІІ ғасырда моңғол-дарлекиндер деп атайды. Сонымен қатар Рашид-ад-дин Ергенеқоннан шыққан он сегіз тайпаның атауын атап тізеді. Соның ішінде «Нукуз» тайпасына найман, жалайыр, керей рулары жатқандығын жазады.

 

Қытайдың алғашқы Сэ әулеті тұсында хатқа түскен «қият», «қиян» — өте ежелгі тайпа. Терістіктегі таулы өңірді қоныстанған жұртты қытайлар «шаньжун», яғни «тау жундары» деп атапты. «Қия, қиян» — «биік жон», «шатқалды тау» дегенді білдіреді. Қытаймен арпалыса жүріп, олар батысқа жылжиды. Б.д.д. 1710 жылы «гигсос» атты арбалы көшпенділер Мысырды жаулап алып, 110 жыл билепті. Мысырға оларды бастап барған екі көсем Қиян мен Апепи деп аталады. Сөйтіп, қияндар б.д.д ІІ мыңжылдықтың алғашқы ширегінде батысқа қоныс аударғаны айқындалды. «Авеста» пехлеви жазуларында Иран патшалары қиянидтер нәсілінен шыққаны жазылған. Қиян әулетінен шыққан патшалар: Кей Кубад, Кави Усан, Кей Хосроу, Апиваху, Аршана, Пишихана, Бияршана, Сиявуш деп аталады. Уақыт өлшемімен сараласақ б.д.д. ХІІ-VІІ ғасырлар аралығына келеді. Қияндар тұрларды Амудариядан өткіздірмепті. Тұрлардың көсемі Афрасиаб екен. Афрасиабтың (Алып Ер Тона) б.д.д. 626 жылы мерт болғаны белгілі. Сонда тұрлар мен қияндар аралас қауым. Одан барып кан, кян (қаңлы) сынды көптеген сақ тайпаларына жіктелсе керек.

 

Жужандардың дәуірлеп түріктердің еңсе көтере алмай жатқан тұсын баян қылған «Вэйшу» жинағында телелердің 12 тайпасының аттары аталады. Олардың ішінде «қиян» да бар. Аталмыш тізім V ғасырдың аяғына жатады. Сол жинақта: «Афунжило бастаған гаогюийлер жужан билеушісі Дэулунь Қытайға шабуыл жасайық дегеніне келіспей, батыс тарапына кетті», — деп жазылады. Олардың кеткен батысы Тарбағатай төңірегіндегі байырғы Юебань жері делінеді. Себебі, осы қоныста олар абдал (эфталит), жужандармен кезек соғысып, түрік дәуіріне жетіп, Ашина түріктеріне бағынады. «Қорқыт ата» кітабында олар оғыздар деп аталады. Қолбасшы көсемі Қиян Селжүкұлы Дели Дундар күрескер екені баяндалады. Шыңғыс хан тұсында қиян Домбауыл болғаны Оразмұхамед шежіресінен белгілі.

 Жұңгоның 542 жылғы жазба деректерінде: «Түріктер VІ ғасырда Алтай тауының күнгей бетін мекендеген көшпелі тайпалар. Олар Жужан хандығына бағынып, алым-салық төлеп, темірден қару-жарақ жасап беріп отырған. Сол мезгілде Орта Азия өңірін мекендеген еркен теле (терек) тайпалары Жужан хандығына қарсы аттанады. Бұл хабарды естіген түріктердің Ашина тайпасының басшысы Бумын теле тайпаларына тұтқиылдан шабуыл жасап, 50 мың телелерді өзіне бағындырып алған», — деп жазылған. Одан күшейген Бумын Жужан хандығының ханы Анағайға «қызыңды маған айттыр» деп кісі жібереді. Анағай қаған Бумынға елші жіберіп: «Сен менің темірімді соғатын құлымсың, бұл талапты қоюға қайтып батылың барды?» — деп даттайды. Ашуланған Бумын Анағайдың жіберген елшісін өлтіреді.

  Ашина (Көктүрік) ұлысының ғұн тармағынан шыққан Бумын бастаған түркілер 551 жылы жужандарды талқандап, олардың қорланған Анағай (Анахуан) деген ханы өзін-өзі өлтіреді. Бумын бастаған түркілер көп ұзамай «теле» бірлестігіне жататын 15 тайпаны бағындырып, Түркі қағанатын құрып, 552 жылы Бумын өзін «ел қағаны» деп жариялайды. Түркілердің басшысы Бумынның ерлік істері «адамзаттан бағы асқан, төрт бұрышы дүниенің соларменен санасқан» деп бағаланады. Ендігі Түркі көшпелі елін басқарғандар «қаған» деп аталатын болады.

 Жужан елінің қалғандарын Анахуанның ағасы Дыншуцзы Алай тауларына әкеткенімен, оларды Бумынның ұлы Исиги Коло (Қара Ыстық) хан қуып жетіп жояды.

 

                                                                                                          

«ЕМЕЛЕЛІ» ЕЛІНІҢ ШЕЖІРЕЛІК ТАРАТЫЛЫМЫ

Құрметті оқырман!

Бұл шежірелік жазба сайтымда жиналған алғашқы деректер негізінде дайындалып ұсынылды. Атап айтқанда, сайтымның тұрақты қатысушы Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ ұсынған және ғаламтордағы «Тумалас.КЗ» сайтының жазбалары негізге алына отырып, олар тағы басқа біраз азаматтар жіберген әулеттік шежірелері  деректерімен толықтырылды, сәйкестіріліп реттелді.

Олардың көлемі үлкен болғандықтан ықшамдалып, рудың негізгі аталық тармақтары ғана көрсетіліп отыр. Оларды толықтыру одан ары жалғастырылып, үздіксіз жүргізіле беретін болады және дайындалу үстіндегі мына ШЕЖІРЕЛІК КІТАПҚА енгізілетін болады:

 

 

Осыған орай,  осы таратылым бойынша бүгінгі жазбада байқалған қателіктер, сәйкессіздіктер туралы ескертулеріңді және толықтыруларыңды қабыл аламын! Бұл жазбадағы өзіме  түсініксіздеу, белгісіздеу  болған жерлері  сары түспен боялып отырылды.

Сол сияқты,  МАТАЙ, САДЫР елдеріне қатысты  өздеріңде бар қандай да болсын аталық-әулеттік шежірелерді осы кітапқа енгізу  үшін ұсынуыңа  болады.  Рахмет!

 

 

ЕМЕЛЕЛІ (ЕМЕНӘЛІ, ЕСӘЛІ руы деп те аталады)  НАЙМАН — ТӨЛЕГЕТАЙ — МАТАЙДЫҢ  — АТАЛЫҒЫНАН тарайды. 

Дереккөздер бойынша ЕМЕЛЕЛІнің  басталу таратылымында өзгешіліктер бар:

   1. ЕМЕЛЕЛІДЕНДӘУЛЕТҚОЖА, БАҚТЫҚОЖА (БАҚТЫС), ЫРЫСБАЙ, КӨБЕТАЙ, ШАҚАБАЙ, ӨТЕБАЙ, МЕДЕТ, ТАЗ, ТОҚТЫБАЙ.

      2. ЕМЕЛЕЛІДЕН ДӘУЛЕТҚОЖА,  БАҚТЫ ҚОЖА (БАҚТЫС);

ДӘУЛЕТҚОЖАДАНЫРЫСБАЙ, КӨБЕТАЙ

 

ЫРЫСБАЙ  бойынша да 2 нұсқа беріледі:1. ЫРЫСБАЙДАНБЫТЫҚ,  ҚАРА.

 Осы нұсқа бойынша:

БЫТЫҚТАНЖАНАЗАР, оданКӘРІБАЙ, оданМейірман, оданНұрмолда, одан – Қапыш, Долдай, Абдолда. Тілеш, 

Қапыштан – Мұрат,  Қанат, Мақсат, Жанат, Алмас.

Қанаттан Мұрагер

Мақсаттан Шыңғыс, Манас

Алмастан Адай, Арнай

Долдайдан – ...(жалғасы кітапта болады) 

 

ҚАРАДАНМОШҚА, одан ҮКІБАЙ, одан Әлмұхамбет, Көпсот.

Әлмұхамбеттен – Айдар, Жанай, Абай, Адай.

Айдардан – ... (жалғасы кітапта болады)

 

                      2. ЫРЫСБАЙДАН – КӨБЕТАЙ, одан ШАҚАБАЙ, САРТ (САРЫ)

 Осы таратылым бойынша: 

ШАҚАБАЙДАНТҮРІКПЕН – САРМАНБЕК ЖанкелдіСасарбай, Терібай,  Көсембай, Қаспақбай, одан – Айтбай, Іздібас, Күздібай, Азанбай, одан – Әбимұрат, оданТолан, Қалмұрат, Талғат, Бәкен. 

Күздібайдан – Мыңбай,  Дүзбай, оданЕрхамза, оданҚайрат, Ақан.

Іздібастан Ішпекбай Зақан – Зейідрахим.  

Көсембайдан – Қоржынбай, Аламан, одан – Сламжан.

Терібайдан — Келінбай,  Қуат (Қуат Терібаев – белгілі ақын), Жармұханбет.

Қуаттан  - Мұхамадияр, одан  – Еркін, Әділет, Әсет.

Жармұханбеттен  – Нұрлан.

 

 ...? САСАРБАЙ, одан – ШАЙМҰРАТ, КІСЕНБАЙ, БАТЫРБАЙ АЛПЫСБАЙ.

БАТЫРБАЙДАН – АМАНТАЙ.

АЛПЫСБАЙДАННҰРҚАСЕН, оданЕРІКЖАН, БЕРІКЖАН, СЕРІКЖАН, ТІЛЕУЖАН.

 

*     *     *

САРТТЫҢ,  оның  ішінде  ТОҚТЫБАЙдың  таралуында да  екі  нұсқа бар:

   САРТӨТЕГЕН, МЕДЕТ, ТОҚТЫБАЙ, одан — ТАЗ, ҚИСЫҚ, ЖАРАС,  ТАЛАС,  МАНАС.  Бұлар   «бес ТОҚТЫБАЙ»  деп аталған.

 Осы  нұсқа бойынша: 

ТАЗДАН – ІЛЕБАЙ, одан —  ЖАНШОРА, РАҚЫМ – КЕҢЕСБЕК.

ЖАНШОРАДАН — ДҮЙСЕК, АМАНҚҰЛ, БӘЙГЕБАЙ, БАЙШОЙЫН, БАЙБҰҒА,  БҰҒЫБАЙ,  СОПЫ( бұлар бәйбішеден), ШӨПШЕК, СОЙҚАН.

ДҮЙСЕКТЕН —  Есеболат Бекбатыр,  Ербатыр,  Нұрбатыр, Нұрсұлтан, Ерсұлтан.

Бекбатыр – Жақсылық, Жақсыбек, Жақсыберген, Несіпберген, Тілеухан, Төлеуғали (Талғат) ...

НҰРСҰЛТАН ЕСЕБОЛАТОВ – Кеңес Одағының Батыры, 28 гвардияшылардың бірі.

АМАНҚҰЛДАН – Мұқаш, Аязбай, Ахметжан...

(Осы ДҮЙСЕКТІҢ толық таратылымы кітапта болады)

ЖАРАСТАН —  МАҚЫ,  СЕҢКІБАЙ
МАҚЫДАН ИМАНДЫ,  ИМАНБАЙ,  ИМАНҚҰЛ,  МЫРЗАҚҰЛ.
ИМАНДЫДАН — САДУАҚАС,  ТІЛЕУЛІ,  ҚАПЫШ.

САДУАҚАСТАН - Байзолда,  Қайролда.

Қайролдадан —  Досжан 

ИМАНБАЙДАН —  МЫРЗАБАЙ,  МЫРЗАКЕЛДІ,  МЫРЗАТАЙ, (қызы –Нұрбала) 

МЫРЗАБАЙДАН —  Шақарбай,  одан —  Дәулет 
МЫРЗАКЕЛДІДЕН — Есенкелді
(және қыздары — Иғайша, Аққайша, Әуғайша, Күлғайша, Қайша). , 

МЫРЗАТАЙДАН ұрпақ жоқ

СЕҢКІБАЙДАН СӘРСЕНБАЙ, СӘРСЕН

СӘРСЕНБАЙДАН — БӨКЕН, ... ( қызы – Ажар) 

СӘРСЕННЕН — ...

 

ТАЛАСТАН  –  ЖУАС,  ҚАБЫЛАН,   ЖОЛБАРЫСНИЯЗ – ТҮМЕНБАЙ Есбай, одан  – Есенқұл, Әбдікәрім,  Әбілмәлік, Әбілманап, одан — Әділ, Жанат, одан – Руслан. ... (жалғасы кітапта болады)

Бір деректе: ТАЛАСТАН БИБОЛ шығады,  одан КҮЙЕБАЙ,  ҚОНАҚ  таратылады.

 

МАНАСТАН ШАЛҒЫМБАЙ,  одан БОҒЖАН,  ҚАРАСАЙ,  АҒАДАЙ, ЖОБАЛАЙ,  БЕРІҚОЖА,  КҮРЕНКЕЙ,  АБЫЛАЙ,  БУРАХАН, ТҰҒЫШ. 

ҚАРАСАЙДАН – ТОЙШЫБЕК, одан Әбутәліп, Сейітбаттал, одан Тұрсын, Тоқтар.

Тоқтардан Нұрымханбет, Нұролла, одан – Тайыржан

Нұрымханбеттен – Бауыржан...

БУРАХАННАН – ХАМЗА, ХАНБАЛА, МЕҢСІЗБАЙ

МЕҢСІЗБАЙДАН ӘМІРТАЙ, ЕКІҰШ

ӘМІРТАЙДАНБОЛАТ,  ҚАЗБЕК,  САЯТ, МАРАТ, МАНАТ, одан — Мұрат

ТҰҒЫШТАН – ӘКӨШ

 

САРТтың  таратылуының 2-ші нұсқасы:

   САРТ ӨТЕГЕН, МЕДЕТ, ҚИСЫҚ, ЖАРАС,  ЕСКЕНЕ, ҚАРА, БІТІК, ТАЛАС, МАНАС, одан  — ТОҚТЫБАЙ

БІТІКТЕН  –  АЙҚАЖЫ,  одан  – ТҮМЕН,  одан  –  ЖОЛАН,  ӨКЕН,  одан – АСХАТ,  МАЙДАН,  АСҚАР,  АЙДЫН,  МЕРЕКЕ,  АЙДАР. 

МЕРЕКЕДЕН — ... (жалғасы кітапта болады)

 

*     *     *

Тағы бір дереккөзде  ДӘУЛЕТҚОЖАДАН тарайтын ұрпақтарға мыналарды қосады:

 ... ЖАҚАНБАЙ – Есімбек — Әбітай – Қайырбек, Мишка, Әлімжан, Әуета, Әлімбатыр, Тахир – Бағлан.

... — Уәета-  Әли.

... — Мырзахан, Мырзатай – Төлеу,  Хасенжан – Азамат.

Төлеуден – Рахат, Марат, Қанат, Болат – Диас, Мұрат, Дастан.

 

... — Байсал – Зәріп – Базарбай, Садырбай – КәріпжанЕлеусіз, Дәлелхан, Өмірсерік, Берікбол, Секетай – Жігер.

Дәлелхан — Мұхит, Нариман.

Елеусіз  – Жарас, Ералы.

Базарбай – Шәріпбай – Қайрат, Талғат, Санат, Асхат, Азамат, Азат, Талап.

Қайрат —  Қуандық.

... — Құсайын – Бөкенбай, Бөкен – Ескелді, Ескендір, Есболған.

... — Боранбай – Ризабек – Серік – Ерсұлтан, Әлішер.

... — Мергенбай – Қордабай – Жолдасбай – Марат, Жанат, Сайлау – Санжар.

Марат — Құрмет.

Жанат  - Елдос.

... Ескенеден – Аятан.

... — Қарадан – Сейітқажы, Биқажы – Сұртай — Әсет.

Сейітқажы — Төкетай

 

*     *     *

БАҚТЫСТАНЕЛТІЗЕР, АМАНДОС,  ЕЛТІНДІ

 

ЕЛТІЗЕРДЕН  –  ОРЫС,  ТЫНЫБЕК (ТІНІБЕК), ҚУЫСБЕК, ТҰРЫСБЕК, ЖАНӘБІЛ

ОРЫСТАН:  1. —  ӨТЕУЛІ,  одан ЕСМЫРЗА,  БАРАҚ

                    2. — БАРАҚ, ӨТЕУЛІ

БАРАҚТАН Қалқабек, Қалқаман, Қожбанбет,  Сәтбай, Шетке

ҚожбанбеттенҚажымұқамет, одан — Нұрахмқымет, оданНұрдаулет, Байдаулет, Нұрзат

Нұрдаулеттен...(жалғасы кітапта болады)

 

ӨТЕУЛІДЕН – АЙДЫНБАЙ, одан – Етекбай, Бөленбай, Есей, оданАқмолда, Сақмолда.

 

ТЫНЫБЕКТЕН БАЙТЕМІР,  ЕДІЛ,  КӨЛБАЙ

КӨЛБАЙДАН ДОСҚАНА,  ҚОНЫСБАЙ,  ТҰМАН,  БӘЙТЕМІР, ЖОЛАН

ДОСҚАНАДАН  – Жылымбай,  одан Ақсамбек, Лақ

 Ақсамбектен – Болғанбай.

Лақтан – Мұса.

ҚОНЫСБАЙДАНҚұлшық, Әлібек, Байпақ, Кәлі, Дәлекен,   Жолан, Жолдыбай

Құлшықтан – Бегәлі,  Бектұр,  Жанан, одан – Жаңабай, Байназар

Жаңабайдан  – ...  (жалғасы кітапта болады)

 

БАЙТЕМІРДЕН САТЫБАЛДЫ, СӘТИ

САТЫБАЛДЫДАН   Әйтен,  одан Масақ, Жетен, Сарбас, Үрпек

Масақтан – Қызайбай, Жайсаңбай, одан -  Қанапия, Әнапия, Сарайт, Қанабек

Қанапиядан Дәнебек, Жұмабек, Шерияздан

Жұмабектен  - ... (жалғасы кітапта болады) 

 

Жетеннен – Мырзабай, одан – Тоқтарбек

Сарбастан Шортанбай, Қосалбай, Ақамбай

ШортанбайданНұрақын, Нұрболат, Айболат, Байболат, Дәуіт

Нұрақыннан – Тоқтақын, Сауыт, Жауыт, Тоқтар, Ләтіп, Қауыс, Жұматай.

Сауыттан – Сейітқазы, Тілеуғазы

Сейітқазыдан Тұнықбек

Жауыттан — ...  (жалғасы кітапта болады)

Нұрболаттан — Сағат, Манап, Жәнат, Сайраубай, Нұрсаулет (Жарыпалды),  одан — Есхат

Сағаттан —  Дәулен, Бақау. 

Манаптан – ...  (жалғасы кітапта болады)

Үрпектен  – Ортанбай,  Құндақбай

Ортанбайдан –Кіндікбай, Сирақбай, Әубакір, Сыдық, одан Әуелқан, Әуелақын.

Әуелқаннан – ...  (жалғасы кітапта болады)

 

СӘТИДЕН Наурызбай, одан – Шонтай,  Кесікбай

ШонтайданДарабай, одан – 1. Қасаболат, одан — Қанабек, Мұқаш, Оспанбек, Мұса, Баймұхамет, Оразхан.

                                                        2. Қасаболаттан – Нәсір, Оразәлі

Кесікбайдан Ортақсары,  Сұлтанғазы, одан Нүсіпбек,  Нәсіпбек.

Нүсіпбектен Ораз, Тұрсынәлі

НәсіпбектенНесіпелді,  Гіміңбек

 

*     *     *

АМАНДОСТАНОМАР, БАЙБОЛ

ОМАРДАН МАШАЙ, ТӘТТІБАЙ,  ЖАҚСЫБАЙ

 ТӘТТІБАЙДАНАТАШ,  БАРҒАНА (Бақсы)

БАРҒАНАДАН ЖАНТАС,  ШОМАҚ,  АҚАШ

ЖАНТАСТАН – КЕБЕК, ТҮРЛІ

КЕБЕКТЕНҚАМЫШ,  КЕШУ, БАЙҚҰРМАН, ДАЛБА, САРЫТАУ, МАЛДЫ

КЕШУДЕН  - Байқұрман, одан — Далба, Ағит, одан – Қосылхан, оданСадырбек, одан Есіркесін, Мүсіркесін.

САРЫТАУДАН Қожағазы, одан Көбес, одан  - Бари, Әли, Шалқар.       

МАЛДЫДАН Алматай, Абылай, Ағадай

Алматайдан(жалғасы кітапта болады)

 

ТҮРЛІДЕНОҢҒАР, МАШАЙ

 ОҢҒАРДАНКӨТІМБЕК, одан – ТОҒЫЗБАЙ, ЖЕТІБАЙ.

ТОҒЫЗБАЙДАНҚЫРБАС, ШОҢБАС

ҚЫРБАСТАН – Қашқынбай, Лаубай.

Қашқынбайдан Болсанбай, Болысбай, Рахымбай

Болсанбайдан – ... (жалғасы кітапта болады)

ШОҢБАСТАН – Көтімбақ, одан – Қалдыбай, одан Оразбай, оданДүйсеке, Сейсебай, Бейсебай , Әбіш, Айтқали, Жұмахан, Айтан, одан – Дидар.

Жұмаханнан – ... (жалғасы кітапта болады)

 

...??? — ОҢҒАРДАН ШОЛАҢ, одан — Мүсірәлі, оданҮшкемпір, одан – Асаубай, одан – Қалиберген,  Нұрлан, Сүйеніш, Нұрғали , одан– Серік, одан – Насыр.

 

ШОМАҚТАН —  ОРАЗЫМБЕТ,  ЕСПАНБЕТ, ДОСПАНБЕТ, КӨКСЕГЕН, СЕРЕҢ, ТӨЛЕМІС.

ОРАЗЫМБЕТТЕН – ҮҢГІРБАЙ,  БЕЙСЕНБАЙ, РАЙЫМБЕК

ҮҢГІРБАЙДАН Бестібай,  Бәшет

Бестібайдан Қожабек,  Нұрмолда,  Нұрахмет,  Сейітахмет,  Молдабек, одан – Қосымхан, Айтан, Марат, Мереке, оданДиас.

Қосымханнан – ... (жалғасы кітапта болады)

 

*     *     *

Тағы бір нұсқа:

АМАНДОС —  МҰСА, одан – Заманбек, Шәбден, Нұрлыбай, Түктібай, Жүндібай, одан – Манап (Машай),  Қанабек, оданТөлеубай.

МанаптанҚалимолда,  Қалышбай,  одан – ... (жалғасы кітапта болады)

БАЙБОЛДАН ҚҰЛТАЙ,  КЕБЕНЕК

ҚҰЛТАЙДАН –  ҚҰНАНБАЙ,  ТҰРСЫН,  одан –  Туғанбай,  Бұғыбай, одан –  Әңкебай, одан – Баубек, Әбдіғали, Жөке, одан – ... (жалғасы кітапта болады)

 

ҚҰНАНБАЙДАНЖұмаділ, Сыдық, Дайырбай, Жазайбек (бұлардың бәрі Қытайда), Тобпыш, оданНоғайбай,  Жатақбай (Сейсенби),  Белгібай, Байқазан, Бекбатыр.

НоғайбайданТазабек,  Разбек,  одан ...  (жалғасы кітапта болады)

 

Жатақбайдан - Қараит, Сламжан,  одан – Нұрсапа, одан — Мұсахан, Мұстафа

Мұстафадан  – Рүстем,  Дастан,  Дәурен,  Дархан.

Дәуреннен — Әбілмансұр, Ерасыл.

Дастаннан — Нұрәлі,  Нұрмұқан.

 

Белгібайдан -  Сүйінбай, одан – Құрманбек,  Ахмет.

Байқазаннан – Қызайбек,  Исабек, одан Ахмет.

Қызайбектен — Мұхамедияр, Наушан, одан  – Дәуіт, Есбол, Ербол.

Бекбатырдан – Қазанғап,  одан  – Меңлібай,  Жекенбай, одан – Риза.

Меңлібайдан – Дәулетхан, одан – Қайрат, Сейілхан. 

 

Тағы да КЕБЕНЕКТЕН — ... —  МӘМБЕТ,  оданЖанғабыл, Қожахмет, Молдахмет, оданТоқтарбек. 

 

*     *     *

ЕЛТІНДІДЕН — АНДАБАЙ, АНДАҒҰЛ, АЙДАБОЛ, ҚҰДАКЕЛ, ҚҰОНДЫБАЙ, АЛТЫНБАЙ

АНДАБАЙДАН — ҚОНДЫБАЙ,  АЛШЫНБАЙ, одан БИШУАҚ, БАЙШУАҚ,  ЖАНШУАҚ,  ЖАБАҒЫ, АЙШУАҚ,  одан — Бекітті.

БИШУАҚТАНБайтілеу, Тілеужан, оданТұрсын (болыс), одан — Қарамолда, Нұрғалым, одан Жеңіс, Серік, одан Дидар... (жалғасы кітапта болады)

ҚОНДЫБАЙДАН — СТАНБЕК, ӘЛІМБЕК, ҚАСАБАЙ, ҚАСАБЕК, ЖӘЛІМБЕК,  одан  –  Қалибек,  одан – Дәуіт, одан  – ...  (жалғасы кітапта болады) 

 

ҚҰДАКЕЛДЕНБАЙЗАҚ, ӨМІР

ӨМІРДЕН – ҚАСАБОЛАТ, ҚАЗАНҒАП, ҚАЖЫМҰРАТ,  одан  Байсат,  Бексат,  одан  –  Дүйсенбі, Тайжігіт

Дүйсенбіден – Жобалай, одан – Сүйеніш, одан – ... (жалғасы кітапта болады)

 

Тайжігіттен – Тасымбек,  Есімбек,  Қосатай, Қасымбек,  одан – Орал, Зақан.

Тасымбектен — Бисеке,  Бейсенбай,  Ақан, Ахметбек, оданҚадырбек, Нұғыман, Тұрғанбек, Талап, Талғат, одан – Мадияр.

Бисекеден — Сәреке, Алмас, Нұржан, одан Мақсат.

Сәрекеден — ...  (жалғасы кітапта болады)

ҚАЗАНҒАПТАН  –  Қошке, Қалибай, одан  – Сары, Сақал, Деріпсалы

СақалданРайымбек, одан – Ақан, одан – Асхат, Абдрашит, Мақсат, одан – Айбек.

Асхаттан — Еркебұлан.

Деріпсалыдан  – ...  (жалғасы кітапта болады)

БАЙЗАҚТАН —  САЗАН,  БАЙТӨБЕТ,  ӨЗЕН

БАЙТӨБЕТТЕН ТӘУКЕ — Құрманғали, Сағымбек, оданИсабек, одан — Әсет, Кен.

Құрманғалидан – ...  (жалғасы кітапта болады)

 

ӨЗЕННЕН  – СЕМІЗ,  СЕЙСЕБАЙ,  САДАҚБАЙ,  ЕЛУБАЙ,  СӘТ.

СЕЙСЕБАЙДАН – Құдайберген, одан – Ғалымбек, Қанымбек, Балғынбек

Ғалымбектен Мереке,  Мирас,  Диас,  одан — ... (жалғасы кітапта болады)

САДАҚБАЙДАН – Бірқұрман, Байқұрман, Айтқұрман, одан – Жақай.

Байқұрманнан – Бек, одан Әділ.

БірқұрманнанБекіш, одан ... (жалғасы кітапта болады)

 

ЕЛУБАЙДАН – Батырхан,  Мұқан, Ахмет, Ахметхан, одан – Адик, одан Руслан.

СӘТТЕН  – Тәйке,  одан  – Тазабек,  оданБаймұханбет – Бекболат,  Ерболат,  Жексенбай,  Жабай , одан– Жасұлан.

Жексенбайдан — Жеңіс, Айдос, одан – ... (жалғасы кітапта болады)

САЗАННАНБАЙСЕКЕ,  ҚҰЛЫБЕК,  одан  –  Нұрбосын,  Бек, Нұрболат,  Ешмұханбет,  Мұхамедрахим, Ербосын, одан – Бихан.

Нұрбосыннан — Өмірғазы, Омарғазы, оданБақтияр, Данияр, оданРахат.

Өмірғазыдан — Алтай, Абай, Азат, Айдар, Абзал, одан – ... (жалғасы кітапта болады)

 

БАЙШУАҚТАН  -  Қали,  Толымбет,  одан –  Исатай, одан – Шаймерден, оданСатыпалды , Нұрғаты, одан Сабек,  оданТуғанбай,  одан – Базарбай, одан – Мұқатай, одан – Жақсыбек, Талғатбек.

ЖақсыбектенАқылбек, одан  – Ақылжан.

 

ЖАБАҒЫДАН  Дүйсен, Байжұма.

Дүйсеннен — Айдарбек, Алмабек.

Байжұмадан – Болат, Марат, Мұрат, одан – Нұрлан, Арқат, Асхат.

 

АНДАҒҰЛДАНМАЛКЕЛДІ, ОРЫС, ӘЛИҚАРА

МАЛКЕЛДІДЕН –  СЕНБАЙ, МАЙМАҚ, ДАРҚАНБАЙ, одан – Қосшы, оданТұрап, Сұрап.

СЕНБАЙДАН Қали, Оспан, оданШәріп, Мұқаш.

МАЙМАҚТАНСмайыл, одан  –  Нұрымқұл, одан – Әбітай.

Сұраптан – Сәрсенбай,  Бейсенбай, одан  – Шаматай,  Ешмұханбет.

СәрсенбайданШаяхмет,  Ахмет,  Бек,  Арыс, Сатыпалды.

ҚалиданҚанапия.

 

ОРЫСТАНЖАНСЕЙІТ,  КЕНСЕЙІТ,  ҚОЖАМБЕРДІ, одан – Тілеубай, Қозыайыр, Андас,  Кеңес, одан  – Ақжан,  Байжан , Батырбек, оданҚуатбек.

ЖАНСЕЙІТТЕН – Бесбай,  одан Баймәди,  Ақмәди, Сегізбай, Егізбай, Өкебай, Жәкежан, Бекежан.

КЕНСЕЙІТТЕН – Үмбет, одан –  Жиенді,  Жиентай, оданБаймолда, Манбек, Есімбек

Байжаннан – ...  (жалғасы кітапта болады)

 

АЙДАБОЛДАН АМАНГЕЛДІ, ҚҰТТЫҚАДАМ, БАЙГЕЛДІ, БАЙТАЙЛАҚ, АЙТАЙЛАҚ

 

АМАНГЕЛДІДЕН -  САРМАН, одан – Мереке, оданАрғынбай, Түймебай, Өнімбай

Түймебайдан -  Қызайбек,  одан –... (жалғасы кітапта болады)

 

ҚҰТТЫҚАДАМНАН–  ТОТЫ,  БЕКБОТА,  ТІЛЕК,  БАҒЫС,  ӨРІС, БИКЕЛ

ТОТЫДАН  - Айманбет,  Көлдейбай,  Қазбанбет,  Тоқпанбет,  Бименбет, оданБалабай, одан – Тұрғанбай, одан – Мұрат, Нұртай, Тұрсын.

Тоқпанбеттен — Айтбай,  Жолдыбай, одан – ...  (жалғасы кітапта болады)

 

БЕКБОТАДАНБершімбет, оданСағит, Күншәй, одан – Ғалым, Шәкір, одан – Құттықадам, оданТөлеубек, Сламбек, Кәдірбек

Төлеубектен — ...  (жалғасы кітапта болады)

 

БАҒЫСТАНСайлыбай,  Жайлыбай, оданҚұрманбай, Сыдық, одан – Нұрахмет, одан – Қайрат, оданҚуат, Қанат.

Сайлыбайдан –  ... (жалғасы кітапта болады)

 

ӨРІСТЕН Тәске, оданШәріп, одан – Тұрлыбай, оданБекіш, Барлыбай, одан - Әбдірақым, Әбдірасыл, одан  – Ержан, Сержан.

Әбдірақымнан – Жанат, Талғат, Мелат, Нұрлат, Нұржан, одан – ... (жалғасы кітапта болады)

 

БИКЕЛДЕН Алжан, Байсуан.

АлжаннанКелдібек, Шақар, одан – Қилыбай, одан Тұрболат.

Келдібектен – Дәулет, одан — Өмірзақ.

Байсуаннан  – Ербала,  Молдияр,  Лепсібай,  Құдияр,  Алдияр

Ербаладан – ... (жалғасы кітапта болады)

  

БАЙКЕЛДІДЕНБЕКБАУ, ДӘЛІБАЙ

БЕКБАУДАН -  Нәкі, одан – Құдайменде, одан... (жалғасы кітапта болады)

 

ДӘЛІБАЙДАН – Байтілеу, Тілеулі, одан – Өтеген, одан- Балақай, одан —  Ерғали, одан – Абай.

БайтілеуденМатаубай, одан  – ... (жалғасы кітапта болады)

 

БАЙТАЙЛАҚТАН – СЕМБАЙ, одан,  – Сексенбай, оданСерік.

АЙТАЙЛАҚТАН – ҚАСЫМБАЙ,  АҚЫЛБЕК

ҚАСЫМБАЙДАНЖұмабай, Қасен, Нұрбосын, Ербосын, Тоқан, Ыбрайым, одан – Талғат, Қанат, Талғат, Серік.

Жұмабайдан — ...  (жалғасы кітапта болады)

 

АҚЫЛБЕКТЕН – Рыскелді, одан – Дубек, Қажиахмет