«Шежіре жүргіземіз» (11)

Құрметті сайт оқырманы!

Осы шежірелік  тараудың бүгінгі парағында  қазақ  жерінде  өмір  сүрген  ең ежелгі тайпалар болып табылатын  Арийлер  туралы  энциклопедиялық  деректер  және  Жемісбек  Толымбековтың  кезекті  ілімдік  мақаласы  беріліп отыр.

Және де Қазақ фольклорының «Бабалар сөзі»  жинағындағы «ҚАЗАҚТЫҢ  ТҮП АТАСЫ – БАТЫР ТҮРІК» атты шежірелік  дастанды  жариялауды  бастап  отырмын.  Танысыңыздар!

Сайтымда жарияланған барлық  шежірелік жазбаларды  осы тараудан толық оқи аласыздар:http://bit.ly/2sdkqtV

Сонымен бірге, осы танымдық жазбалармен  әлеуметтік желілердегі және топтардағы өз достарыңызбен бөлісіңіздер

 

Арилер

 

*       *        *

Арилер — ежелгі тайпа.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) және үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы — “арья”. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар оңт. -шығысқа қарай бет алып, Солт. Үндістанға, Иран мен Месопотамия жеріне барып тоқтаған. Үндіарилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін қалдырған. Өте ерте замандарда арилер мен үндіарилердің ата-бабалары бір халық болып саналып, түпкіүндіирандықтар (протоиндоиранцы) деп аталуда. Олардың қоғамы басты екі топқа бөлінді: қызметкерлері — абыздар және бақташы-жауынгерлер.

А. көшпелі тіршілік етіп, мал ш-мен айналысқан, ұрыстарда әскери арбаларды пайдаланған. Арбаға жегу үшін жабайы жылқыларды ұстап, қолға үйреткен. Ежелгі Қазақстанның таулы аймақтарында, әсіресе, Алтайда мыс пен қоланың мол қоры болған. А. метал өндіріп, әр түрлі тұрмыс құралдарын, қару-жарақтар соққан. Металдан жасалған қарулармен жарақтанған дала тұрғындары сұсты жауынгерлерге айналды. Арбаның пайда болуына байланысты “қаһармандық ғасыр” (“героический век”) басталды. Мұздай қаруланған далалық жасақтар табыс табу, әрі даңқын асыру үшін көршілес елдерге жорықтар ұйымдастырып отырған. Ұлы қоныс аудару кезеңінде А-дің бәрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі — сақсарматскифтерге араласып, сіңісіп кетті. А. өзін қоршаған орта, әлемнің тылсым сырларын түсінуге ұмтылды: тылсым күштердің иесі құдай деп танып, әрбіріне ат таңды, құдаймен тілдесуге ұмтылып, табыну мінәжаттарын тудырды. Әлемдегі жалғыз Жаратушыға ғана табынуды қолдаған дін Ұлы Даладағы көшпелілер ортасында туып, өзге халықтар арасына тарап, насихатталды. Бұл діни ілімнің негізін салушы—Заратуштра пайғамбар, ал оның діни ілімі қазіргі ғылымда заратуштрашылдық (зороастризм) деп аталады.

*       *        *

Арийлер мен турлар

«Қазақ даласында өмір сүрген ежелгі тайпалар» тақырыбынан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Арийлер мен турлар (б.з.б II мыңжылдықтың бірінші жартысы-I мыңжылдықтың бас кезеңі) - қазақ жерінде өмір сүрген ең ежелгі тайпалар болып табылады. Олар — көшпелі өмір салтын ұстанған алғашқы малшылар. Негізінен, бұл тайпалар жылқы малын баққан, сонымен бірге өгіз, сиыр, қой, түйе ұстаған. Алыс көшпелі жайылымдарға төрт дөңгелекті киіз күймелі арбамен көшіп жүрген. Осы кещде киіз үйлер пайда болған. Арийлер мен турлар түсті металл өндіріп, қару — жарақ соққан. Арийлер мен турлар әскери адамдарды құрметтеп, қадір тұтқан. Әскери адамдар құралайды көзге атқан мерген, батыр болған. Ұрыстарда айбалта мен пышақ қолданған. Олар ағынды аттар жегілген әскери арбаларды пайдаланған. Көшпелі малшылар бұл арбаларды, басқа халықтарда болмағандықтан, мақтан еткен. Металл өңдеуді біліп, еңбек және соғыс құралдарын соққан, ал байлар өздеріне алтын мен күмістен әсемдік бұйымдар жасаған. Күнге, айға, отқа табынған. Қоршаған әлемді жақсылық пен жамандыққа бөлген.

 

*       *        *

 

Арийлер

(Ілімдік мақала)

Жемісбек Толымбеков

 

Ай атаның ұрпағынан немесе кейбір шежіреде Уыз ханның ұрпағы Ай ханнан Арийді таратады. Арийлер ертедегі үндіарийлік мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық зор ықпал жасағандар болып табылады. Парсы ауыз әдебиетінде: «Арийлер асыл текті, абзал жандар», — деп айтылады. «Арий» сөзі көнетүркілік «арыг» дегенге саяды. Яғни таза, әулие, құдіретті. Арийлік жаңа сенім дінді Будда (Бұрхан) соборында І ғасырда Алтайлық түркілердің ханы Канишка енгізген делінеді. Сол сенім дінді ұстанған бүкіл Тибет, Моңғолия, Бурятия, Қалмыкия, Тува елдері әлі күнге дейін Канишканы мадақтап келеді. Парсылар арийлердің заратуштра діні арқылы арийлердің үлгі-өнегесін меңгеріпті.

 

Арийлік нәсілдер Бактрия мен Памир тауынан өріс алған деседі. Үш сеяньбилік ру солтүстік жазықтан Қытай жеріне ауып келеді. Бір ақсақал жолай ата-анасыз баланы тауып алады. Оны асырап жеткізеді. Есімі Цифу Гожэнь (Еркін адам) деп аталады. Б.з. 265 жылы сеяньбилер Ганьсу бойына орнығады. Ел саны 100 мың үйге жетеді. Олар жер кеңістігін ұлғайтуды ойлап, тунгустарға иек артады. Қытайлар Цифуға «оңтүстік ханзадасы» деген лауазым береді. Цифу елін 46 жыл басқарып билепті.

 

Қазақстан аймағындағы жазба деректер б.д.д. VІІІ-ІV ғасырларға апарады. Ол «Авеста» кітабы, парсы, грек және б.д.д. ІІІ-І ғасырдағы Қытай, Индия жазба деректерінен табылады. Авеста – Мидияның қасиетті кітабы болған. «Авеста кітабында: «Біздің ел Турлар елі. Олардың тұрақ мекені Тұран жері. Ол жер Каспий теңізінің батысынан Алтай мен Памир тауларының шығысына дейін ұласқан. Күн мен жылқыға табынған. Тур елінің қоныстас көршілері арий, хьюондар (ғұндар) болған» — деп айтылады. Арийлермен қатарлас дана, сайрим даха, сайн ру-таптары да өмір сүргені аңыздар арқылы белгіленді. Арийлер тау басында, биік төбе үстінде,  отбасында, өзен, көл жағаларында ырымдап құрбандық шалыпты.

 Профессор У.Шәлекенов: «Бізге жеткен «Авеста» кітабы ертедегі түркі тілінен парсы тіліне көшірілген болуы мүмкін», — дейді. Өйткені, қазір ғылымда арийлердің отаны Орталық Азия екені айтылады. «Авеста» кітабында жазылған мәліметтерге сүйенсек арийлерде географиялық көрсетім бойынша 16 мемлекет болғаны анық. «Авеста» кітабын зерттеуші Х.Көктәнді: «Бірінші елге Әмудария (Окс) және Сырдария (Яксарт) аймақтары кіреді», — деген дәлел келтіреді. Үшінші мемлекет Мары-тын деп аталады. Ғалымдар Мары-тын ұрпақтарының жалғасы наймандар болуы мүмкін деседі. Ф.Ницше: «Заратуштра 30 жасында көл нулы отанын (Орталық Азияны) қалдырып, таулы өлкеге кеткен. Жалғыз басты ғұмыр кешіп, 40 жасында оған даналық пайғамбарлық қонған», — деп жазады. Ол ғұмыр кешкен таулы өлке Драгиана деп аталады. Драгиананы ғалымдар қазіргі солтүстік Ауғанстан жері деп болжайды. Заратуштра Ұлы топан судан кейінгі белді ғұлама тұлғалардың бірі болғаны анық. Заратуштраны ғалым С.Оспанов: «Заратуштра ғұлама бізге дейінгі 4-5 мың жылдықтарда өмір сүрген», — деп топшылайды. Сонда Заратуштра Ұлы топан судан кейін 7-8 мың жылдан соң өмірге келген болады. Заратуштра дінін жұрттар 2 мың жылдан астам уақыт ұстанған делінеді.

 

«Авеста» кітабы заратуштра дінін уағыздаған ілім саналады. Онда қоғамдық өмір қола дәуірде туғаны анық аңғарылады. Негізінен «Авеста» кітабы аңыздардан тұрғанымен, онда арийлердің Амудария, Арал, Тұран, Қосөзен өңірлерінде мекендегендері айтылады. «Авеста (Абасты)» кітабы: «Ху-Тара тәңірінің ұмытылған тарихы», «Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы», «Афрасиабтың ұмытылған тарихы», «Шыңғыс ханның ұмытылған тарихы» деген төрт бөлімнен құралған. Осы кітаптың алғашқы екі бөлімінің тілі ескі түркі тіліне сөздері жақын келеді. Заратуштра деген пайғамбардың түрікше «Зор от ұстаушы», «Жаратушы» деген Алтай тіл бірлігіне жататыны күмән тудырмайды.  Заратуштра үш мың жыл бұрын Ахура Мазду дегенді ақылдың (сананың) тәңірі деп атапты. Оның хадистерінің негізі «саналы ой», «сарабдар сөз», «тиянақты іс» дегенге саяды. Адам өлген соң, оның жаны көкке ұшып кететінін ұлықтап, өлген жанға ешқандай «тозақ» жоқ екенін де дәріптепті.

 

Арилердің айналысқан жұмыстары туралы мəліметтер Авеста кітабында кездеседі. Оның бірінші тарауы «Занд-Авеста кітабы атты» бөлімінде арилердің шаруашылығы кешенді болғаны келтірілген. Заратуштра пайғамбар діннің қауымында болған тұрандықтар мен ирандықтар көшпенді мал ұстаушылары болғанымен, жер игеруді де үйреніпті. Олар сиыр, түйе, қой мен ешкілерді алдына салып солтүстік Қара теңіз жағалауынан Алтай мен Шығыс Түркістанға дейін, Орал тауларының солтүстігінен сонау Ирандағы тау беткейлеріне дейін көсілген кең жазираларда мал бағыпты. Көне аңызға сүйенсек Заратуштраны өз отаны қабылдамаған соң, жоғарыда айтқанымыздай ол талай қиындықтарды басынан өткеріп, Шығыс Ирандықтар патшасы Кава-Ваштасы сарайынан тұрақ тапқан екен.

 Ғылымда шумерлер мен аккадтардың өркениетті, мәдениеті арийлерден бастау алған делінеді. «Үндістан және оның тұрғындары» еңбегінде Мурад Аджи: «Сумер (Шумер) Алтайдағы тау. Алтайдың ортасында орныққан. Түріктердің әулие орны. Ол жерде қатты сөйлеп, аң аулауға болмаған» — деп жазады. Тегі ғұндардың өркениеті мен мәдениеті арийлер өркениетінің жалғасы іспетті. Арийлер б.з.д. ХVІ-ХІ ғасырларда солтүстік-батыс Үнді жазығында өмір сүріпті. Арийлер соғысқанда қолға түскендерді өлтірмей, құлға айналдырып, жұмысқа пайдаланыпты. Нәтижесінде құлдық мемлекеттің негізін солар салыпты. Арийлер этникалық руларға бөлініп, өмір сүргені белгілі. Ал, бұл түріктерге тән қасиет екені анық. Арийлердің қола дәуірде өмір сүргені археологиялық Сібір, Орал, Орталық Азиядағы қазбалар арқылы айғақталған. Ачинск қаласының маңындағы «Андронов мәдениеті» деп аталған мұра арийлердің дәуіріне жатады. Яғни, ол мәдениет арийлік. Орталық Азияда қола мәдениетті жасап, жоғарғы сатыға көтерген арийлер этносы деуге негіз жетерлік. 

 

Германия ғалымдары Эскард пен К.Хаусхофер: «Гоби шөлінде осыдан 30-40 ғасыр бұрын жоғары дәрежеде дамыған өркениет болды. Гоби өркениеті жойылғанда аман қалған өкілдері адамзаттың басты нәсілін құрады. Арийлердің ру басылары солардан шыққандар», — деп жазады. Гоби шөлі ертедегі Қытай жылнамаларында «Шамсай құмы» деп аталады. Тарихи жылнамалар мен аңыз-әпсаналарда: «Арийлер келген жақ «Ақ арал» солтүстікте», — делінеді. Оның ізін әлі ешкім іздеп, тапқан емес.

 

Арий деп аталатын ежелгі жұрттың астанасы Арқайымды орыс ғалымдары Орал тауына жақын, Еуропа мен Азия шекарасы, батыс пен шығыстың көрнекі тоғысынан тауып отыр. Бұл Қостанай облысына шектес. Арийлердің таңбасы «төрт жақтан бір орталыққа тоғысқан» жер-су ребусы іспетті, сол ребус «Тұран таңба» деп те аталады. Себебі: Арийлердің түп отаны – Тұран. Заратуштра сол мәйектен шығып отыр. Сақастанда (Систан) гүлденген арийлер мәдениеті ұрпақтан ұрпақтарға жалғасып кетіпті. «Библия» кітабында: «Месопатамияға (Қосөзен мемлекетіне) көшпелі, малшы Сеннаар жұрты шығыстан келді», — деп айтылады. Жағрапия бойынша бұл шығыс – Тұран, Ауған, Пәкістан, Индия. Сонда дала көшпенділері – «теңіз номадтары» деп аталғаны шындыққа дөп келеді.

 

Арийлерден прототүріктік қатпарлар аңғарылады. Мысалы «тауба түпі (тәуба түбі)» ұғымы. Хатти прототүрік мифтері арасында «Тауды қозғаған бұқа», «Дала ұлы» сынды аңыздар бар. Осында аталған «Тауды қозғаған бұқа» туралы аңыз «Оғызнама» арқылы жетті. «Дала ұлы» аңызында Тәңір күң әйелмен ойнап, бір бала көреді. Оны далаға апарып тастайды. Әлгі баланы сиыр мен қой емізіп өсіреді. Мұны көрген бақташы баланы алып келіп, әйелінің қамқорлығына береді. Осы аңыздарды шығарған өркениетті ел дәрежесіне алғаш жеткен хатти (хет, хит) қауымы тұрандықтар. Б.д.д. ІІІ мыңжылдықтан аттары белгілі олар жыл санауымызға дейінгі VІІІ ғасырда Сирия, Месопотамия, батыс Индияда өмір сүрген. Дін мәселесіне байланысты хаттар (хиттер) Сібірдегі Енесей өзеніне ауып кетеді. Хаттар ежелгі заман иероглиф жазуын қолданып, кейін аккад жазуына көшеді. Осы тілдік айғақтық олардың прототүріктер екенін деректейді. Қазіргі Түрция мемлекеті ежелгі прототүрік отаны екеніне тарихи деректер көз жеткізеді. Кіші Азияның Алаштармен отарлануы б.д.д. Х ғасырға келеді. Алдымен эолий тайпасы келіп, негізінен Смирна өңіріне қоныстанып, оны Эолийда (Алиша) деп атайды. «Таурат» кітабының «Халықтар тізімінде»: «Яфеттің ұлдары Гомер, Магог, Мадан, Яван, Тубал, Мосох, Тираш деп таратып, Яваннан Элиша, Таршиш, Киттим, Доданим туады», — деп көрсетіледі.  В.Явлейко: «Осындағы Элиша Алдыңғы Азия мен Египетте болған эолийлер. Элиша — Алаш тайпасының атауы», — деген қорытынды жасайды. Демек, Смирна өңіріне қоныстанған эолийлер – алаштар. Хетт патшасы ІІ-Суппилулим б.д.д. 1200 жыл шамасында теңіз үстіндегі шайқаста Алаштарды жеңіп, Алашия (Кипр) аралын жаулап алады. Египет перғауыны ІІІ-Рамзес б.д.д. 1177 жылы Алашия аралын жаулап алып, тұрғындарын пирамида құрылысына айдап әкетеді.

Киммер – қималар б.д.д ІІІ мыңыншы жылдарында Арал теңізі мен Еділ аралығында Қима мәдениетін орнатыпты. Бұл Ибраһим пайғамбар заманына келеді. Оларды хақтан әулеті билепті. Одан біртіндеп б.д.д. 2 мың жылдар шамасында Кіші Азияға ауады. Қималар құрамында ас, ала (алаш), ад, сард, дан, этрүск сияқты прототүрік тайпалары болғаны байқалады. Кипр аралы әу баста Киттим деп аталған екен. Бұл Яваннан тараған ұлдардың бірінің есімі. Қималардың атасы осы Киттим болуы да мүмкін. Б.д.д 1525—1473 билік құрған Тутмос-ІІІ өзінің жеңістеріне арналған мадақ жырында Киттимді жаулап алғаны айтылады. Иордания жұрты осы қимарлар ұрпағы.

 

Лингвист-тарихшы Ю.Н.Дроздов: «Ежелгі заманда кимарлар Меотиданың шығысын мекендеген. Олардың тарихшысы Прокофий «утигур», кутригур» аталған ғұн тайпасы екенін ежіктеп кеткен», — деп жазады. Аталмыш екі ғұн тайпасы Азаулы өңірінде Ұлы Бұлғария мемлекетінің іргесін қалаған. Сонда бұрынғы қимарлар (киммерлер) қазіргі бұлғарлар болып шығады.

 

Алаштардың Кипр аралындағы дәуірі б.д.д Х ғасырдан басталып VІІІ ғасырда аяқталады. Олимп құдайларын алғашқы жырлаған алаштық Айсиод (Гесиод) жыршы. Оның мұрасы «Теогония», «Еңбек пен күндер» деп аталады. Гомер оның мұраларын дамытып, нақты бір ізге салады. «Гомер» – «тұтқын», «соқыр» деген ұғымды білдіреді. Гомер гректенген алаш болса керек. В.П.Яйленко: «Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген «варвар» болуы ғажап емес», — деп тұжырымдайды. Себебі, Гомер тұрған Смирна (Измир) қаласын Алаштардан Ионийлер тартып алыпты. Гомер мен Геосид Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде екеуі айтысады. Оны Плутарх жазған. Сонымен, қазақ елінде сақталып қалған айтыс өнерінің бастауы жазба деректерде Гомер мен Геосидтен бастау алады. Гомер «Илиада» эпосында Троя соғысы мен Приам патша атына үнемі «Дарданион» деген толықтауышты қосып жазады. Сол Илиаданың «ХХ» жырында бабалар ататек шежіресін: «Әуелгі бабалар Дарданнан Эрихтония, одан Трос, одан Ил, Ассарак, Ганимед. Илдан Лаомерден, одан Тифон, Приам патша, Клитин, Лампа, Арей, Гикетон тарады. Ассарактан Капис, одан Анхиз, одан Эней, ал Приамнан Гектор туады», — деп келтіреді. Осы аталған бабалар есімдері прототүрік аталар екені анық. Трос есімімен Троя қаласы аталып, одан Ил есіміне байланысты Илион болып өзгеріпті. Ал «Илиада» атауы Илион дегеннен шығады. «Илиаданың» сюжеті қазақтың «Ер Төстік» жырында болса, ал «Одиссея» сюжеті «Алпамыс» жырында байқалады. Бұл бабалар ізінің жалғасы іспетті ұқсастық. Шежірелерде Гомер Нұқ пағамбардың Яфес (Лепес) ұлдарының бірі болып көрсетіледі. Яғни, рубасы есімі. Гректерде Гомер деген атау жоқ. Олар өздерін Гомар (Ғұмар) ұрпақтарымыз деп есептейді. Мүмкін «гомар» сөзі грекке ауысқанда «гомер» деп өзгерген шығар. Не десекте, Гомер ақынның шынайы есімі емес, шыққан ататегінің атауы да болуы мүмкін. Өз еңбектерінде Геродот алаштардың Қима, Лариса, Неон, Тихос, Темнос, Килла, Нотий, Эгироесса, Титана, Згей, Мирина, Гриния деген 12 қаласын атайды.

 

Б.з.д. ХІІ-ІХ ғасырларда Арийошаналар бүгінгі солтүстік Ауғанстан, өзбек, тәжік жерлерінде өмір сүріп, Шығыс Иран тілінде сөйлепті. Б.з.д. V-ІV ғасырларда Арийлер батыс Азияға (Аравия) келіп, одан Каспий теңізінің шығыс жағалауларымен Алтайға қарай бет алған делінеді. Б.д.д. ІІ ғасырда Арийлер Индияны басып алыпты. Арий ұрпағы мал өсіріп, арба жасап, Арийана (Сары-Арқа) вайджа (кеңістік) даласында, Хараити (Қаратау), Хукарья (Алтай) тауларында, Инда жазығы мен Ганга бойында өмір сүргендері туралы тарих мәлімдейді. Джавахарлал Неру: «Арийлер бұл жазыққа солтүстік батыс таулы өлкесінен өздері жасаған арбаларымен даңғырлатып түсіп келген. Олар өте жігерлі, батырлар болған», — деп жазады. Ертедегі жазба дерек Ваю-Пуроның «Жел құдайының айтулары» деген еңбегінде: «Арийлер заманында бай мен кедей жігі ешқандай бөлінуді білмеді. Мал бағып, бақытты өмір салты орнауынан «алтын ғасыр» дәуірі деп аталды», — деп жазылыпты. Андрон мәдениеті тұсында Арийлар мен Тұрлар (Түркілер) ерекше танылған тайпалар деп аталады.

 

 

Арийлер өз дәуірінде үлкен ұлысқа бірігіп, одақ түрінде тіршілік жасапты. Қоғам мүшелері үш топқа бөлінгені айқын. Бірінші топты ел қорғайтын батырлар мен қолбасшылар, екінші топты құпия сырларды меңгерген абыздар құрапты. Үшінші топты қарапайым мал бақташылары мен қара халық құрапты. Түрік нәсілдерімен солтүстіктен шыққан арийлер замандас деп ғылымда айтылады. VІІ ғасырда арийлердің бір бөлегі солтүстіктен Америка континентіне өтіп өсіп, дами келе «майян» өркениетін орнатыпты.

 

Қазақстан аумағында Арийлердің мекендегенін дәлелдейтін құнды ескерткіштер жеткілікті. Ғалымдар ондай тасқа қашалып салынған суреттерді петроглифтер деп атайды. Осыдан ІV мың жыл бұрын тасқа қашалып салынған петроглифтер Үстүрт даласында, Қаратау, Жетісу, Шығыс Қазақстан жерлерінде сақталып қалғандары баршылық. Алматы қаласынан 170 шақырым жердегі Аңырақай шатқалындағы Тамғалыда Арийлерден қалған жебе, арба, түйенің таңба белгілері әлі сақталып тұр. Қазақстан мен Орта Азия жерінде тұрған Арий тайпаларының түпкі отаны «Арийана вайджа» деп аталады. «Арийана вайджа» б.д.д. ІІ мың жылдықтың басындағы қазақ жерінде болған «дей» атты түркілердің мифтік ұғымы болуы да ықтимал.

 

 «Авеста» кітабында арийлердің атамекені Алтай, Тянь-Шань, Памир таулары, Ардви (Амудария), Датьи (Сырдария) өзендерінің сағасы делінеді. Ранха (Еділ), Варакуша (Каспий) теңізі жағалауы ғылыми еңбектерде «Арийлер жері» деп аталады. Арийлерді массагеттер, одан соң соғдылар, одан Александр Македонский (Зұлқарнайын) басып алады. Біздің дәуірге дейінгі 317-180 жылдарда Маурий, одан Хараптар — олар қазіргі Үнділердің арғы ата-бабалары, империясы орнайды. Солтүстік Индия мен Үнді жазығындағы Маурийлерді Кушандар деп аталатын Юэчжи (Ай) ұрпақтары б.д.д. І ғасырында басып алады. Юэчжи ұрпақтары грек-бактрийлерді де жерінен ығыстырады. Юэчжилерді жерінен Ғұндар қуғындайды. Тарихшы-археолог Сағынтай Сұңғытайұлы: «Юэчжи» атауы қытайдың «юэ» және «чжи» деген екі сөзінен құралған. «Юэ» қытайшадан «Ай» дегенді білдіреді. Яғни, «Ай» текті деген мағынаны ұқтырады», — дейді. Сонда Юэчжилер Уыз хан ұрпағы Айдың ұрпақтары болуы мүмкін. Себебі, Қытай тарихатында бұл атау сөз б.д.б. ІІІ ғасырдың аяқ шағы шамасында жазылған атау екені белгілі.

 

ІV ғасырда пресвитор Арий деген дін ғұламасы өмір сүріп, бұрынғы Ариийлердің «тектілік» ұғымын ұлықтапты. Ол: «Тәңір – рух (жан), адамзат — құдіреттің жаратуы», — деп философиялық ұғыммен ұғындырыпты. Бұл ұстанымды философтар Сократ, Кесарийский, Созомен, Феодорит, Руфина ұстанғаны мәлім. 381 жылы испандық Феодосий деген Константинопольде (Стамбұлда) екінші дүние жүзілік діни жиын өткізіп, Македондықтар мен Арийлерді талақ жасап, пресвитор Арийдің діни ілімі тәркіленіп, жазған кітаптары өртеліпті. Ариан діни ілімін сақтап қалу мақсатында, содан бастап ариан дін сенімін Румдықтар ғана емес, Германдықтар (Немістер) да ұстанады. І ғасырдағы Арийлердің ұрпақтарының өмірлері жайлы «Махабхарата» деген 18 том кітапта жазылады. Онда Үндістан халқының аталары солтүстіктен келгендері анық баяндалып, табиғаты суреттелген өлкелер Алтай, Тибет, Орал таулары екені айтылады.

 Ұлы Даладағы Арийлердің ұрпақтары сақтар (скифтер) деп есептеледі.

                                                                                                 

ҚАЗАҚТЫҢ ТҮП АТАСЫ – БАТЫР ТҮРІК

 

Қазақ фольклорының «Бабалар сөзі» жинағы, 32-том.

 

Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,

“Арабсың” деген сөздің бәрі өтірік.

Ғакаша сахабаның ұрқысың деп,

Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.

Адамның тұқымынан Нұх пайғамбар,

Ыдырыш ұлы Хам, Сам, Япас, міне, осылар.

Япастың бір баласы Түрік деген,

Өрбіген содан туып талай жандар.

Болады араб жұрты Самның ұлы,

 

10. Біледі тауарихтың бәрі мұны.

Түріктің шын аты еді Нәдулеше,

Түрік деп неге атаған?” тыңда мұны.

Қарлы Алтай қатты суық тауда жүріп,

От жаққан Нәдулеше тасты ұрып.

Суықтан елін сөйтіп сақтаған соң,

Түрік деп хан көтерген патша қылып.

Оқ өтпес “түрік” деген темір тымақ,

Ат қойған ұйқастырып қалған тымақ.

Темір киім жан сақтар, от ел сақтар,

 

Картинки по запросу түрік

 

20. Емес пе жарасымды көрсең сынап.

Аталған сөйтіп Түрік Нәдулеше,

Одан бері өтіпті жылдар неше.

Түріктен шыққан талай сайыпқыран,

Жер жүзі тітіреген Түрік десе.

Кім білмес баяғы өткен Оғыз ханды,

Қаратқан қол астына талай жанды.

Басында Азияны түгел билеп,

Үрім, батыс, арабтың көбін алды.

Жазады талай елдің тарихшысы,

 

30. Адамнан өзгеше еді қылған ісі.

Үш жүз қырық жыл бұрын пайғамбардан,

Атағы жер жүзіне шыққан кісі.

Оғыз хан – Моғұл ханның немересі,

Ақтаған еді оның өз әкесі.

Ерлігі, естілігі, әділеті,

Адамда болған емес бір теңдесі.

Айтайын Атолланың қылған ісін,

Көп ед деп ойлаған жұрт оның күшін.

Азия, Еуропаны түгел билеп,

 

40. Көбі ауған Атолладан қорыққаны үшін.

Атолла Моғұл ханның баласы еді,

Басы үлкен, кеудесі кең, аласа еді.

Мың үш жүз елу жыл болды өлгеніне,

Оның да қылған ісі тамаша еді.

Қайтейін айта беріп алған жерін,

Атаңның ойға түсір сондай ерін.

Қор болып осы күнде отырсаң да,

Қозғалсын өткенді ойлап іште шерің.

Кім білмес кешегі өткен Шыңғыс ханды,

 

50. Жартысын дүниенің түгел алды.

Талайын Еуропаның бас игізіп,

Қорқытып Қытайға да әлек салды.

Қолына туған екен қан уыстап,

Ғаламды билейтұғын белгі нұсқап.

Қойылған Шыңғыстауға соның аты,

Өзенін осы қақан жүрген қыстап.

Ортасын араб, қытай түгел алып,

Азия, Еуропаға жарлық салып,

Алған елге мейірлі, әділетті,

 

60. Кетеді қарсыласса қанға малып.

Сегіз жүз туғанына жылға толды,

Темучін атын бұзып Шыңғыс болды.

Шыдамды “Шыңғыс” деген мықты демек,

Ойымызға келмей тұрып бақыт қонды.

Ол туған “Бұлұнжылдық” деген жерде,

Рақымды қол астына келген елге.

Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған,

Ой жібер, міне, осындай кемеңгерге.

Кешегі Әмір Темір қандай еді,

 

70. Ғаламға жаққан жарық шамдай еді.

Міне, оның туғанына алты жүз жыл,

Батырдың сайыпқыран маңдайы еді.

Әкесі Тарағай да батыр еді,

Кішіре деген елді билеп жатыр еді.

Ту ұстап Әмір Темір атқа мініп,

Жазасын талай жаудың тартып еді.

Шыңғыстың алған жерін ол дағы алған,

Болмайды-ау бұл сөзімнің бірі жалған.

Түріктің қан жылтырым Баязитын,

 

80. Жеңіп ұстап ағашқа таңып алған.

Дұшпаны қарсы келсе қан ағызған,

Бір емес ондай қанды сан ағызған.

Алғанда Аспаһанды көп соғысып,

Жетпіс мың бас сүйектен үй салдырған.

Түріктен талай батыр, сабаз келген,

Шыққан жоқ ондай батыр бөтен елден.

Қытайды шабамын деп бара жатып,

Ол Темір дәл жетпіс бір жасында өлген.

Кім білмес кешегі өткен Тоқтамысты,

 

90. Орыстан алым алып көрдей қысты.

Қазақ пен ноғайлардың ақындары,

Едіге, Тоқтамыс деп жыр қылысты.

Демеңіз атақтының бәрін де жаз,

Жазуға түгел теріп жетпес қағаз.

Кейінгі айтылатын сөзді тыңда,

Түріктен тағы шыққан талай сабаз.

Жоғарғы айтқанымды қылсаң пайым,

Құя бер құлағыңа ұққан сайын.

Бұл күнде Стамбұлды билеп тұрған,

 

100. Айтайын енді Ғұсманды түрік жайын.

Түріктің сақа деген бір табы еді ол,

Әулиеге малайды беріпті сол.

Сақадан қаңлы деген тап бөлініп,

Баруға Үрім жеріне тартыпты жол.

Олардың кеткеніне жеті жүз жыл

Артылды біраз одан мұны да біл.

Кез болған кезіп жүріп зор бақытқа,

Қандай бақ берді, қайран, соны есеп қыл.

Қаңлының ханы болған Қия деген,

 

110. Жаралып ерлік қылып, ел билеген.

Ол өліп, жалғыз ұлы ер Сүлеймен,

Ол жерден қайта көшіп жөнеп берген.

Пыраттың дариясына келіп жеткен,

Су тасып, нөсер жауып, асқан шектен.

Қаза келсе алды-артқа қарата ма,

Қапыда ер Сүлеймен суға кеткен.

Талапты тағдыр оған пәле берген,

Қайратты, ақылы артық, дана берген.

Ертұғыл – Сүлейменнің жалғыз ұлы,

 

120. Сол жерде төрт жүз үймен қала берген.

Көшсе де өзге қаңлы көшпей қалған,

Ерлікпен маңындағы елдерді алған.

Аз уақытта бірталай әскер жиып,

Ертұғыл есті батыр деп аталған.

Хан емес, көп әскердің басы болған,

Қартайып сөйтіп жүріп жасы толған.

Орнына Осман деген ұлы отырып,

Тұғырыл тоқсан жаста опат болған.

Осы Осман көп ел алып хан болыпты,

 

130. Ақылды жұрттан асқан жан болыпты.

Келгенше осы кезге сол аты өшпей,

“Османлы түрік” деген даң болыпты.

Ұғып ал осы сөзді, жас ұландар,

Өз бауырың ол түрік осыны аңғар.

Қорлықта біз құл болып отырсақ та,

Көп шыққан атамыздан арысландар.

Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы хан ғой,

Баласы Бату дағы батыр жан ғой.

Сарт, ноғай, қазақ, қалмақ, қырғыз, қыпшақ,

 

140. Басында бәрі соған қараған ғой.

Орысты алғаш алған Бату өзі,

Мың екі жүз қырық үшінші жылдың кезі.

“Сағымға садақ ілген Сейітқан”, – деп,

Батуға қойылған ат лақап сөзі.

Батумен бір туысқан Тоқай Темір,

Көшпелі ақ орданы сол билеп жүр.

Біздің ел сонда қазақ аталған жоқ,

Сарт, ноғай, өзбек, қалмақ тұқымы бір.

Батудың жұрағаты – Өзбек хан

 

150. Тұсында болған екен ел мұсылман.

“Дін қалды – Өзбектен” деген мақал,

Қалмайды әлі күнге аузымыздан.

Темірхан – Тоқай Темір жұрағаты,

Орманбет хан дейтұғын лақап аты.

Айнытпай атасының орнын басқан,

Ол дағы бір түріктің асыл заты.

Мың төрт жүз қырық алтыншы жыл келгенінде,

Орманбет қаза жетіп өлгенінде.

Таласып зор хандыққа ұсақ хандар,

 

160. Быт-шыт қып ноғайлыны төрт бөлгенде.

Астрахан, Қырым, Қазақ даласында,

Болыпты үш бөлек хан таласында.

Билеген бергі шетін Әбілхайыр,

Мың төрт жүз елуінші жыл шамасында.

Осы кез біз “қазақ” деп аталғандық,

Түрікте бір әдет бар ескі заңдық.

Тамызып сүтке қанын қосып ішіп,

“Анда” деп жасайды екен туысқандық.

Туысқан “анда” болмай қарамайды,

 

170. Жақын деп, қан қосылмай санамайды.

Ішсе де қай румен қанын қосып,

“Бір туған жақыным” деп жағалайды.

Құралған әр рудан қазақ басы,

“Анда” болып қосылған қазандасы.

Ел болып өз еркімен тағы болған,

Деген сөз “қазақтың” мағынасы.

Қазақтың әз Жәнібек ханы болған,

Билеген сыртын ноғай заңы болған.

Арғынның арғы атасы Дайырқожа,

 

180. Дейтұғын бір әділ би тағы болған.

Ол биді Әбілхайыр жақсы көрген,

“Ақжол” деп оң тізеден орын берген.

Қобыланды да қазақтың батыры еді,

Мәнсапқұмар, күндестікпен сайтанға ерген.

Өлтірген аңдып жүріп Ақжол биді,

Қазаққа осы жұмыс ауыр тиген.

Қысасқа Қобыландыны өлтірем деп,

Жар салып Әз Жәнібек халқын жиған.

Жалынған “үш кісінің құнын ал” деп,

 

190. Болмаған “керек емес бізге мал” деп.

Бермеген Әбілхайыр Қобыландыны,

Қалған ел мұны өлтірсем бұзылар деп.

Соқтығып, өкпелесіп бұлар көшкен,

Қыпшақты шауып-талап қатты егескен.

Шудағы Шағатайдың нәсілінен,

Қараймыз Тоқай, Темірханға дескен.

Әскерін үшке бөлген әз Жәнібек,

Ұлы жүз, орта жүз бен кіші жүз деп.

Шағатай тұқымынан Ахмет алаш,

 

200. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Мың жарым жыл толғанда батыр Сайбақ,

Нәсілін Әмір Темір түгел айдап.

Самархан, Бұхараны тартып алып,

Келіпті Тәшкенге де оттай жайнап.

Соғысқан “Оратөбе” деген жерде,

Ұқсаған адам қаны аққан селге.

“Өзбек өз ағам, сарт садағам” деп,

Болысқан қазақ сонда Сайбақ ерге.

Бұл Сайбақ – Әбілхайыр немересі,

210. Атақты Өзбек ханның шөбересі.

Өлтіріп Алаш ханды Тәшкенді алды,

Үйірін қайта тапты деген осы.

Баласы әз Жәнібек Қасым еді,

Атағы сол соғыста асып еді.

Қасымның қасқа жолын сол шығарып,

Тәшкеннің алтын тағын басып еді.

Қасымның баласы еді Сығай ханың,

Тұрыпты түгел билеп Тәшкен маңын.

Сығайдың баласы еді Тәуекел хан ...

 

Жалғасы болады