Осы  шежірелік  тараудың  бүгінгі парағында :

 1. Сайтымда бұрынырақ жариялана бастаған «ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ШЕЖІРЕСІ» дастанының («БАБАЛАР СӨЗІ» сериясының «ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ» тарауынан алынған) жалғасы – Қазақ халқының қалыптасуы туралы айтылатын бөлімі; 

 2. Шежіреші Жемісбек Толымбековтың ұсынған Қазақ халқының Жанарыс — Орта жүзінің, оның Найман елінің,  оның ішінде Матай – Кенже – Сақай  елдерінің басты тармақтарын, одан ары Тоқпанбет – Қоңырбай – Мырзағұл  аталарының тармақтары  толық таратылып  көрсетілген  кезекті жазбасы.   Танысыңыздар!

 

 

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ШЕЖІРЕСІ

«БАБАЛАР СӨЗІ» сериясынан

 

Жалғасы. Алдыңғысын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар:http://bit.ly/2tcuT9k

 

... Жазайын енді арнайы қазақ елін,

Шежірем бөлектеніп ірге айырсын.

Елімді осы арадан қазақдедім,

 

180. Айтайын осы сөздің шыққан тегін.

“Еркін кеткен” дегеннен шыққан екен,

Тарихта осылайша көргендерім.

Біреулер шешіп “қазақ” мағынасын:

– Үкіметі, орталығы жоқ бағынатын.

Қашақ боп сахарада көшіп-қонған,

Сондықтан осылайша айтқан атын, –

Дейді екен әржақтылы болжам жасап,

Шара жоқ, деректер жоқ бағынасың.

Хан болған Әбілқайыр түркілерден,

 

190. Істерді жақсы-жаман көріп келген.

Бағынбай Қазан, Қырым, халифаға,

Өзінше елін билеп, өмір сүрген.

Елінде арғын да бар, қыпшақ та бар,

Жалайыр, үйсін, қаңлы, дулат та бар.

Атақты бір хан екен өз тұсында,

Алыс-жақын жүретін көп тайпа бар.

Елінің көп сандысы қыпшақ екен,

Қобыланды батыр болып шыққан екен.

Сүйеніп Әбілқайыр осы елге,

 

200. Басқаның қақтығысын тосқан екен.

Қыпшақтар осы ханның атақты елі,

Қобыланды батыры бар асқар белі.

Арғыннан Тайырқожа қазысы бар,

Ғұлама адам екен шешен тілді.

Қазы еді Тайырқожа көпті білген,

Әділет қара сөзге қатты желген.

Көруші ед Әбілқайыр өте жақсы,

Болғанда ол ақиқатпен бәрін жеңген.

Қобыланды батыр екен қорықпайтұғын,

 

Похожее изображение

 

210. Кей кезде айтқан сөзді ұқпайтұғын.

Тайырды өсек сөзбен өлтіріпті,

Дегендей иесі жоқ соттайтұғын.

Қыпшақтың алшаң басқан еркесі еді,

Садағын жеңіл-желпі оқтайтұғын.

Арғында Әбусағит елбасы екен,

Сөзіне әрқандай жан тоқтайтұғын.

Жоқтады ол бұл қазының құнын даулап,

(Жүрген соң әлсіздерді әлді жаулап).

“Бейкүнә Қобыланды өлтіріпті,

 

220. Біреулер өсек теріп келсе баулап.

“Хан қазысын өлтірген оңбас” десіп,

Арғындар арыз айтқан күн-күн саулап.

“Құн ал, – деп, – үш кісілік” жауап берген,

Бұл елдің Әбілқайыр көңілін аулап.

Екі елдің берекесі кете берді,

Көбейіп ұрыс-жанжал күнде қаулап.

Өлімге хан қимады Қобыландыны,

Күрделі іске айналды қазы құны.

“Қанға – қан!” десіп келген арғындарға,

 

230. Шықпады шешім жауап беретіні.

Егерде Қобыландыны берер болса,

Белгілі қалың қыпшақ өлетіні.

Қаншама айтқанымен Әбілқайыр,

Жоқ болды ақылына еретіні.

Бітімге екі жақ та келе алмады,

Қыпшақтар Қобыландыны бере алмады.

Осымен өшті-кекті өтті уақыт,

Екі ел елдесуге келе алмады.

Алмады Әбусағит үш кісісін,

 

240. Ала алмай ел атаған бір кісісін.

Сонымен елін бастап кетті көшіп,

Артына ертіп алып өз інісін.

Еді бұл шаһ Керейдің немересі,

Бастады қалың елді ерте-кеші.

Шу деген бір жерлерге барып түскен,

Осы екен “қашақ” деудің бас пернесі.

Бағынған халық болып Тұғлұқ ханға,

Шағатай әулеті екен ол заманда.

Көшкенде “біз қазақпыз” демесе де,

 

250. Барғанда “қазақ” депті сол бір жайға.

Жайы осы Әбусағит көшіп барған,

Сонан соң “қашақ” деген ат тағылған.

Бұл сөзден “қазақ” аты пайда болып,

Осымен қазақ аты сіңіп қалған.

Бұдан соң қазақ болып парықталды,

Көшпенді тұрмыс оған лайықталды.

Хан болып Әбусағит қазақтарға,

Тарихта осылайша намы қалды.

Таныды ел содан бастап қазақ ханын,

 

260. Ол хан да қазақ үшін тіккен жанын.

Ел болып іргесі кең өркен жайып,

Өткізген осы арада неше ханын.

“Қазақ”деп содан бастап тарады жол,

“Көшпенді”, “еркін” деген мәнісі сол.

Жазамын бұдан былай ата қуып,

Қазақтың кең таралған руын мол.

Түркілер отырықты ел болысқан,

Туыстық айтқандары ем болысқан.

Қала боп қалың ауыл орналасып,

 

270. Егін мен қолөнерге қол қойысқан.

Көшпенді ел жүре берген қазақ болып,

Тартқаны қыс пен жұтта азап болып.

Мал бағып, малмен бірге көшіп-қонған,

Елдерге отырықты мазақ болып.

Бұл өзі десеңіздер қайсы жылы,

Мың төрт жүз елу екі – барыс жылы.

Ұлт болған қазақ халқы содан бастап,

Хан еді Әбусағит ордалы елі.

Дегенім Әбусағит – Әз Жәнібек,

 

280. Қазаққа бірінші рет хан болып ед.

Өз халқы ғазиз жанды, бегі санап,

Өзгерткен әсілі атын ел қадірлеп.

Туылған Жәнібектен тоғыз бала,

Тоғызы тоғыз ел боп кеткен дара.

Жазайын осылардың аты-жөнін,

Көпшілік құлақ түріп бізге қара.

Еренше, Махмұт және Қасым екен,

Әйтік, Үсік, біреуі Жаныс екен.

Қамбар, Тетіш, біреуі Жәдік болып,

 

290. Барлығы елге осылай таныс екен.

Зерегі тоғыз ұлдың Қасым болған,

Жауына өз тұсында басым болған.

Жасынан тәлім көріп, оқып білген,

Әр сөзі ел иланған асыл болған.

Әз Жәнібек хандығын құрған кезі,

Махмұт, Ахмет хандар тұрған кезі.

Шайбанның тұқымынан Шайбақ хан боп,

Бар екен ортасында талас сөзі.

Ахмет хан Шағатайдың жұрағаты,

 

 

300. Махмұт хан оған іні – қолғанаты.

Шайбақ хан Жошы ханның тұқымы екен,

Барлығы ел сұраған төре заты.

Екі хан ел мен жерге таласады,

Жауығып лашкер жиып тау асады.

Жолығып “Ұратөбе” деген жерде,

Соғысып екі жақ тең шайқасады.

Неше күн күн-түн демей соғысады,

Махмұт хан Ахмет ханға болысады.

Ұратөбе жерінде қырық пышақ боп,

 

310. Ақыры жеңіліспен қойысады.

Бұл соғыс аз болмапты, көп болыпты,

Жеңіліп Ахмет хан шөп болыпты.

Соғыста екеуі тең қаза тауып,

Бағы тайып, ел кетіп, қоқ болыпты.

Үріккен ел бір кезеңде тоғысады,

Қуған жау арт жағынан ол қысады.

“Тозған ел басқарусыз кетпейік” деп,

Жөн сұрап Қасым ханнан ұғысады.

Қасым хан атақты еді сол бір кезде,

 

Картинки по запросу қасым хан фото

 

320. Айырған тасқағандай алтын-жезді.

Тозған елге ақылмен тоқтау айтып,

Ұйытқан барлығын да әділ сөзге.

“Қасымның қасқа жолы” дейтін ел де

Сөз барын біледі жұрт кемеңгерде.

Осы сөз мақал болып тым қуатты,

Үзілмей келген тарап бүгінгі елге.

Басқарған осы елдерге ақыл айтып,

Тоқтаған үріккен ел сөзге қайтып.

Қасымның сондағы айтқан биліктері,

 

330. Қалыпты бүкіл елге болып тәртіп.

Осымен Қасым ханға бойсұнды ел,

Бірі емес барлығы да болды түгел.

Іргесі барған сайын кеңейді де,

Қараған Жошы ханға қарайтын ел.

Сағай хан Қасым ханның баласы екен,

Ел билеп, жұрт сұраған данасы екен.

Ар жағы Барақ ханнан бері қарай,

Бәрі де Қазақ ханға жалғас екен.

Туыпты Сағай ханнан екі бала,

 

340. Бірі Оңдан, бірі Тәуекел дейді қара.

Оңданы осы арада қала тұрсын,

Сөйлейік Тәуекелді алып дара.

Есім хан Тәуекелдің баласы екен,

Хандығы бабасынан жалғас екен.

Еңсегей бой ер Есім деп аталған,

Қазақтың ханы әрі данасы екен.

Есім хан Қасым ханның жолын ұстап,

Еліне көп істерді берген нұсқап.

Қасымның қасқа жолын дұрыс көріп,

 

350. Қалдырған басқа жолдың бәрін тастап.

Шығарған Есім хан көп жарлықтарды,

Үлгі еткен оны елінің барлықтары.

“Есім ханның ескі жолы” деген наммен,

Мәтел қып құрметтеген халықтары.

Өзбек – өз аға болғанда, сарт садаға”

Дегені өзбек жақын қазақтарға.

Бұны да сол кездерде мақал қылып,

Екен ғой көпшілікке айтқан баға.

“Сарт” деген осы бір сөз «иаксарт» екен,

 

Картинки по запросу есім хан фото

 

 “Йаксарттың” әсілі мәні Сырдария екен.

Осы өзеннің бойында тұрғын болған,

Елдердің “сарт” деп атын қойған екен.

Бұл жерге көп түркілер орналасқан,

Неше ру, неге тайпа пормаласқан.

Көбейіп өскеннен соң өркен жайып,

Бөлініп әрбір жерге қордаласқан.

Ел болып барлығы да тұрған жайда,

Бағынған көп сандысы Шағатайға.

Ахмет хан Шағатайдың ұрқы болып

 

370. Елдерін әкесінің басқармай ма.

Соғыста Ахмет, Махмұт өлгеннен соң,

Қалған ел Қасым ханға қосылмай ма?!

Хандығы бұл Қасымның Жошынікі,

Өзбектің хандығы да осынікі.

Ахмет хан өлгеннен соң қалған елі

Түгелдей Қасым ханға бойсұнысты.

Бір кезде бұл елді жау қамалдаған,

Йаксарттан көмек сұрап ала алмаған.

Бағынған өзбек елі көмек етіп,

 

380. Амалдап жауды түгел ары айдаған.

Осы жайт сол уақытта мақал болған,

Білдіріп алыс-жақынды айтар болған.

Бәрі де Қасым ханға қараған соң,

Ел сабағы елге үлгі нақыл болған.

Бар екен Есім ханнан екі бала,

Солтанбет пен Жәңгір хан аты дара.

Солтанбеттің атағы шықпаса да,

Жәңгір ханның аты бар елдер ара.

Жазайын Жәңгір жөнін қалам тербеп,

 

Похожее изображение

 

390. Аталған салқам Жәңгір ел құрметтеп.

Бұл дағы хан боп бір кез дәурендеген,

Қазақтың руларын түгел билеп.

Алыпты салқам Жәңгір екі қатын,

Айтайын екеуінің жағдай-шартын.

Бірталай кеңесі бар осы арада,

Тыңдарман құлақ қойса сөз ұғатын.

Біреуі қалмақ қызы бұл қатынның,

Айырмас қазақтан еш оның парқын.

Біреуі – қазақ қызы Ғайып ханның,

 

400. Ежелден еске алған сөздің нарқын.

Туыпты екі әйелден екі бала,

Біледі елі түгел оның затын.

Әз Тәуке қалмақ қыздан туған екен,

Қазақтан туған Уәлибақы екен.

Көшпенді түркілерді қазақ дейтін

Сол кездің өзіндік бір салты екен.

Әз Тәуке хан болғанда әке орнына,

Қалмақтың жолығыпты зорлығына.

Қазаққа оқталған соң бәрі жау боп,

 

410. Қазақ көшкен шыдамай қорлығына.

“Қазаққа қалмақ та жау, өзбек те жау,

Сарт та жау нағып едік, япырым-ау!

Көп жауға шыдай алмай үре көшіп

Парының бір шетіне жеттік таяу”.

Деген ән сол бір кезде айтылыпты,

Көп айтып елдің бәрі жатталыпты.

Қайда жүрсе сол жерде жар сағалап,

Бағыпты көшпенді боп әр түлікті.

Әму деген бір дария жер бар екен,

 

420. Қараған парсыларға ел бар екен.

Осы елде түркілерден бір тайпа бар,

Білсеңіз оның аты Ақжар екен.

Өткізді ел бұл Әмуде неше жылды,

Әз Тәуке қазақтардың бәрін білді.

Басқару оңай болсын деген оймен,

Реттеп қазақ қауымын үшке бөлді.

Ахмет те өткен кезде жұртты сұрап,

Көшпенді түркілерден әскер құрап.

Орнатып “үш жүз” дейтін бір түзімді,

 

430. Жасаған қалмақтармен соғысты ұзақ.

Сонымен “үш жүз” түзім қалыптасқан,

Руға да, тайпаға да ол белгі басқан.

Әз Тәуке осыларды қайта істеп,

Үш жүзге бөлген елін жаңа бастан.

Ойлансақ бұның өзі қайсы заман,

Мың алты жүз сексенінші жылдар болған.

 

 

220. Айтайын Сарт Тәшкенді қайта алғанын.

Мың бес жүз елу тоғызыншы жылдың кезі,

Тұрсын хан Тәшкенді алып сол биледі.

Төңірекке өзбек атаулы хан боп тұрған,

Бұл Тұрсын Сайбақ ердің тұқымы еді.

Есім хан Тәуекелден туып қалған,

“Есімнің ескі жолы заң” шығарған.

Өлтіріп түн ішінде Тұрсын ханды,

Өзбекті шауып, Тәшкенді қайтып алған.

Мың алты жүз отызыншы жылға таяғанда,

 

230. Есім хан ескі тағын қайта алғанда.

Айбике, Қоңырбике, Нұрбикені,

Олжа қып алып келген сол барғанда.

Тұрсынды өлтірерде түнде барып,

Есіктен күзетшісін байлап алып,

Есімнің қасындағы бір жыршысы,

Оятқан Тұрсын ханды әнге салып.

Сондай ер бүгін қайда, Иллаһим-ау,

Бұл елдің бүгін хор боп тұрғанын-ау.

Өлеңмен Тұрсын ханды оятқанда,

 

240. Төлеген жыршысының әні мынау.

Ей, қатаған, хан Тұрсын,

Хан емессің қатынсың.

Қаза келсе қапылсың,

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалың жеткен батырсың.

Көнбесең де көнерсің,

Иманыңды айт, өлерсің.

Еңселі бойлы ер Есім,

Алғалы тұр жаныңды,

 

250. Шашқалы тұр қаныңды,

Кешікпей содан татарсың!

Есімнің Салқам, Жәңгір баласы еді,

Ол дағы қалың елдің панасы еді.

Жәңгірдің қалмақ қызы қатынынан –

Әз Тәуке адамзаттың данасы еді.

Қызы еді Ғайыпханның бір қатыны,

Осыдан Уәлибақы туған еді.

Әз Тәуке хан болған соң өкпе қылып,

Кетіпті Үргенішке дейді мұны.

 

260. Осы еді Абылайдың арғы атасы,

Болмайды бұл сөзімнің еш қатасы.

Абылайдың үш атасы сол жақта өліп,

Хан болған мұнда келіп қара басы.

Бұл жерден Абылайды тоқтатайын,

Қараңдар, жазғанымнан оның жайын.

Басында Күлтөбенің күнде кеңес,

Жол салған Әз Тәукені сөз қылайын.

Ақылы айдын көлдей толып тұрған,

“Қасқа жол”, “ескі жолды” толықтырған.

 

. Бекітіп біржолата қазақ жолын,

Жол салып, мінсіз қылып орнықтырған.

Аздан соң жау көбейіп қылған қауіп,

Қазақты тұс-тұсынан әр ел шауып.

Мың алты жүз елу екінші жыл толғанда,

Шетіне Әмудария барған ауып.

Баласы Болат хан боп, Әз Тәуке өлген,

Хан шыққан парсы елден Надыр деген.

Жан-жағын жалмаған соң әлгі Надыр,

Тағы ауып біздің қазақ Сырға келген.

 

280. Келгені мың жеті жүзінші жыл шамасында,

Қалмақ бар бұрын Сырдың жағасында.

Ары отыр, бері отыр деп талас шығып,

Болыпты талай соғыс арасында.

Қазақтан, қалмақтан да қандар жауған,

Аз емес өлген адам адыр таудан.

Мың жеті жүз жиырма үшінші жылы,

Ел жұтап, онан кейін қазақ ауған.

Арғындар Қаратаудан аса көшкен,

“Ақтабан шұбырынды” осы дескен. ...

 

Жалғасы болады

 

 

Арыс

(Эорс)

         Жемісбек Толымбеков

 

Он екі томдық «Жалайыр» шежіресінде: «Арыстан Ақ, Пан, Жан, Бал, Бол, Бек тарап, Жан мен Балдан «Орта жүз» өрбіген», — делінген.

 

Арыстан:  1.Жанарыс — 2. Келімбет — 3. Жалмәмбет — 4. Жаншора — 5. Қарашор (Қарақожа) – 6. Тұлпар — 7.Алтын (Алшын) — 8.Семізбұқа — 9. Жұмыр — 10. Жұртбай – 11. Жүндібай — 12.Кененбай — 13. Сары Келменбет — 14. Төленбек — 15. Көсен — 16. Көшен — 17. Дана би – 18. Мейрам сопы – 19. Қоянбай, Жарғақ, Тарғақ (ұрпақ өспеген), Жасар, Сарманай («төрт Мейрам» деп аталған). — 20. Мамықай, Сағатай, Сағанай («үш Сарманай» деп аталған) — 21. Бексұпы (ұлы болмай, Тарақты жиенін бауырына басыпты), Ақсұпы — 22. Шал абыз (Момынқожа) – 23. Ер Қаптағай — 24. Мұнайтпас, тағы төрт ұлдың есімі белгісіз, Найман (шал, сопы) – 25. Ақсақал, Бөгендік, Шегендік, Үйелші, Күйелші, Түленді, Сармырза (әйел алған кезінде өліп, ұрпақ қалмапты), Шуақ (Қытай немесе Қатай би), Серікбай (Тоқпан), Елата (шын есімі Байбұқа, Найманның қарындасынан туып, «ноқта аға» аталған), Белгібай (Қасқарау) – 26. Серікбай, Тілеген (Төлеген), Түкен, Сүйінші, Сүгірші (Шүкірші) – ... (жалғасы төменде).

 

Орта жүз: 

 19. Қоянбайдан – Керей – Бозанжар (Ақсақал) – Ойық, Тілік – Құлдаулы, Саншаулы, Жаншаулы – Шөмішті, Ерші, Ашамайлы – Шибай, Қара би – Абақ (күйеу баласы).

 19. Жарғақтан – Уақ — Изен – Жусан – Ер Қосай – Ер Көкше (Ерен) — Бармақ.

 19. Жасардан – Қоңырат (Нағанай), Қыпшақ.

 20. Мамықайдан – Арғын (жолы үлкен «аға баласы» деп аталған).

 21. Бексұпыдан – Тарақты (Арғынға «ноқта аға» саналған. Арғынның Нұржан атаулы қарындасынан туған. Шынайы есімі Ақтанберді. Әкесінің есімі Иман).

 23. Ер Қаптағайдан – Найман.

 

  Қыпшақ, Арғын, Тарақты, Қоңырат, Найман, Керей, Уақ – «Орта жүз» аталары.  

 

 25. Елатадан (Байбұқа) – кіші Қоңырат немесе Қоңырат Найман, Серікбай.

 26. Серікбайдан – Домбауыл – Терістаңбалылар: Қонақ, Шелек, Ақтағыс, Қожагелді, Шүрейіт – Кетбұқа (Мәмбет), Келбұқа (Рысқұл).

 26. Тілегеннен — Балталы, Бағаналы.

 26. Сүйіншіден – Сарыжомарт (Ергенекті), Наймантай.

 26. Түкеннен — Өтеген – Асан – Қарауыл — Жасық – Құдас – Мұрат (сопы) — Палуан — Өкіреш (Найман).

 26. Сүгіршіден — 27. Қарабек, Толымбек. . . 

 

 Шежірелік «ағаш» (кесте)

 

 

 (Осы аралықта 15 — 16 атаның (28-43) есімдері ұмыт болған. Шыңғыс хан Тататұңға тізген Найман шежіресін өртеткен делінеді. Соның әмбе ауызша шежіре таратқанда кейбір аталарды атамай, аттап кетудің кесірі тигендей.  

 

 44. Сарымырза (Өкірек) – 45. Асылбай, Амансыдық, Сырманай, Құрманай — 46. Ернияз – 47. Қарнияз — 48. Сүйініш (Шұбартай) — 49. Төлек (Төлегетай) – 50. Қырықсадақ, Қырғызшора (екеуі де Қырғызға сіңген), Қытай баһадүр (1376 жылы 37 жасында мерт болған) – 51. Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай (Сарыкерей) – 52. Келдәулет (Аталық), Келменбет (Біржігіт, Бозжігіт, Қаптағай), Кенже (Ізбасар) – 53. Ақтай, Сартай, Сұртай – 54. Мәмбет, Үмбет – 55. Құлбай қарт – 56. Бұланбай, Боданбай – 57. Жалау қарт – 58. Темір – 59. Болат – 60. Байғыз – 61. Кенжеқара, Сақай – 62. Тұрсын, Қасқа, Тағай – 63. Тұңғат – 64. Аманбай, Аталық, Тастемір, Тоқпанбет – 65. Жетібай, Қонысбай, Жанысбай, Мешітбай, Жолдыбай, тағы бес ұл қарғыстан мерт болған, Қоңырбай – 66. Айжан, Қиқымбай, Сиқымбай, Арқар, Марал, Құлжан, Жыға анадан бес ата: Нүркебай, Жайықбай, Жалбызбай, Назарбай, Мазалы, Байжан – 67. Әзберген, Мұжық би, Жидебай, Олжабай, Кенжеғұл, Майлыбай, Самай, Қашқынбай, Мырзағұл – 68. Қоштыбай, Естібай, Ендібай, Белібай, Телібай, Толғанбай, Толқынбай, Жұманбай, Тектібай – 69. Қыдырбек, Батырбек, Толымбек – 70. Арысбек, Мәнісбек, Дәнісбек, Тұяқбек,  Дулатбек – 71.Дабысбек, Майбек, Жемісбек.

 

 

 

*       *       *

 Найманның ұйысып көп тарағаны: Балталы, Бағаналы, Терістаңбалы, Сарыжомарт, Төртуыл, Қаракерей, Матай, Садыр. Қазақ жерінде Найманның осы сегіз ата ұрпақтары тамыр жайған. Елата (Байбұқа) ұрпақтары үлкен Қоңыратқа (Орта жүз) сіңісіп кетсе, Найман атын шығарған Өкіреш Найманның ұрпақтары Өзбек жерінде. «Найман» атау сөз тіркесімен басқа елде аталатындар, әртүрлі жағдаймен, сол елге сіңісті болғандар. Мысалы: Барлас-Найман. Ақсақ Темірге бағынышты болып, Барласқа сіңген Наймандар. Көбі шатастырып, Ақсақ Темірдің шыққан тегін Найман дейді. Осы тәріздес әр елде Найман ұрпақтары бар.

 

*       *       *

 Ескерту:

  • Сызық (-) белгісі мен сандар — тараған ұрпақты және нешінші ата  екенін білдіреді.
  1. Жуан қара түс әріптермен жазылғаны — шыққан өз ата тегімді көрсетеді.
  2. Бір ата есімінде жуан қара түс қолданылмады.
  3. Ататек таралымын Арыстан өз ұрпақтарыма шейін келтірдім.     

 

 

Құрметті оқырмандар!

Ж. Толымбековтың ұсынылған жазбасы негізінде жасалған Орта жүздің, Найман елінің және олардың негізгі рулық  таралымдары көрсетілген шежірелік «ағаштың» (кестесінің)  әр тармақтарын таратуға, толықтыруға болатын «рулық, әулеттік» жазбаларыңыз болса бөлісіңіздер, ұсыныңыздар! Егер толықтанып қалыптасып жатқан жағдайда, олардың әрқайсысын жеке-жеке, одан ары  біріктіріп те  электронды кітаптарға айналдырып  дайындауға болады.  Көріңіздер, ойланыңыздар!  

Сонымен бірге, бір дизайндық бағдарлама арқылы  дайындалған  шежірелік «ағаштың»  сайттың бетіне шыққаннан кейінгі көрілімі қиын, нашар екені  байқалып жатыр. Кешірім сұраймыз, таяу мерзімде реттеп қойылатын болады!