«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ»  (30)

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ»  (30)

Сайтымның осы бөлімінің бұл парағында Кеңес дәуірінде орын алған өкіметке қарсы үлкен ел толқуларының бірі және  оған биылғы жылдың наурыз айында 90 жыл болатын «Бөрібай көтерілісіне" байланысты «БӨРІБАЙ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ЕРЖҮРЕКТЕРІ» деген тақырыппен кезекті тарихи-танымдық жазбалар беріліп отыр. 

Сонымен бірге,  БӨРІБАЙ батырдың шыққан тегі болып келетін және  есімі ұранына айналған «НАЙМАН — МАТАЙ — ҚАПТАҒАЙ» руының «АСАН» тармағының шежірелік таратылымы қоса ұсынылды. Танысыңдар!

 

 

«БӨРІБАЙ КӨТЕРІЛІСІНІҢ  ЕРЖҮРЕКТЕРІ»

Деректік  жазбаларды ұсынушы  — тарихшы Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ.

Ал сайтымда БӨРІБАЙ батырға және «Бөрібай көтерілісіне» байланысты бұрындар жарияланған танымдық жазбалармен мына сілтемелер арқылы таныса аласыңдар:  http://bit.ly/36olEVC;      http://bit.ly/2umVQeChttp://bit.ly/2RjRRrZ

Егемен ел жолында

 

 Азамат Мұқашев Мақсұтханның Алматы облысы полиция департаментінің ақпараттық сараптау орталығына 18.11.2019 жылы жазған атасы Аманқұлов Мұқаш туралы сұраныс-арызы бойынша берілген жауап. Алматы облысы полиция департаменті ақпараттық сараптау орталығы архивіндегі № 2576-ші қылмыстық іс. Қор № 26. Күдікті: Аманқұлов Мұқаш туралы.

Аманқұлов Мұқаш (1892—1978 ж.ж.)

 Қылмыстық іс қағазында: «Бүйен-Ақсу ауданы, № 8, № 9 ауылында үгіт-насихат жұмысын Аманқұлов Мұқаш, Вайсов Мұқаметқали, Мұқанов Сансызбай, Ысқақов Шәкір, Тугомбаев Сәулебай (фамилиясы нақты емес), Құлжабаев Баймолда, ...баев Есбала (фамилиясы анық болмады) дегендер ашық жүргізіп, көпті ұйымдастыра білді. Басқадай ештеңе жазып, көрсете алмаймын. Арызды өз қолыммен жаздым. Жазғаныма жауап беремін, қол таңбамды қойдым», — делінген. Арапша қойылған қолтаңба оқылмады. Соңында сұраныс жасаған шекара басшысы Д.Киимов делінген. Бұл арыз қитүркі, әтейі жаздырылғандай.

  № 2576-ші қылмыстық істегі тергеу барысында жоғарыда аталғандарға тағылған жалпы айыптауда: «1930 жылы кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ауылда ұйым құрған. Малаев деген атақты байға қосылып, Қытайға көшіп кетпекші екен. 1930 жылы бай мен кулак көтерілісіне ашық қатысқан. Қолдарына мылтық қаруын алып, кеңес өкіметіне қарсы шыққан. Кеңес өкіметінің саясатына, колликтевтендіруге және астық мен ет өнімдерін дайындауға қарсы үгіт-насихаттар жүргізді. Таудағы бандылармен жақсы қарым-қатынастар орнатып, азық-түліктер жеткізіп, қамтамасыз етіп тұрған. Қытайдағы өмір бұл жақтан жақсы. Онда «кеңес билігіндей қанайтын салықтар жоқ» деп, Малаев Молдабектің үйінде астыртын жиын өткізген. № 8-9 ауылдардың тұрғындарын Қытайға жаппай көшуге үгіттеген. Кеңес билігі халықты аш, жалаңаш қалтыруда. Олар орыстарды ғана жарылқауда. Өйткені, жоғарғы жақтан өкім солай. Халықтан жаппай алынған астық пен мал еті соларға жіберілуде. Кеңес билігі қазақтарды еріксіз колхоз мүшесі қылуда. Кеңес өкіметі жинап алған астық пен малдан халыққа көк тиын төлемейді. Құнарлы жерлерді жергілікті халықтан тартып алып, келімсек орыс-казактарға беруде. Колхоз бен совхоздар құрылмақшы. Мал бағуға, өрістік жерді тарылтуда. Кооперация тек қана орыстардың қамы үшін жасалған. Қазақтардың кооперацияға қолы жетімсіз. Аш, жалаңаш қазақтарды ауыр, қара жұмысқа жегуде. Қазақтарға үлкен салықтар мен артық жұмыс нормасын салып, озбырлық жасауда. Кеңес өкіметі мен билігі қазақтарды түксіз, аш, жалаңаш қалдырды. Кеңес билігіндегі белсенділер жалпы халықты аштан өлуге итермелеуде. Сондықтан тауға кетіп тығылып, ары Қытай асуға қам жасау керек дегенді ашық айтып таратты», — делінеді.

 

 № 2576-ші қылмыстық іс бойынша күдіктілерге тоқталсақ.

 Мұқанов Сансызбайби, байдың ұлы. Әкесі ірі бай болған. Меккеге қажылыққа барып, «қажы» атанған. Сегіз жылдан астам болыстық қызмет жасаған. Анненков басқарған ақтар әскерін азық-түлік және көлікпен қамтыған. Революцияға дейін 1000 қой, 400 жылқы, 100 сиыр, 40 түйесі болып, 15 адамды тұрақты жұмысқа жеккен. Ауылдың кедей-кепшігі де оған қызмет еткен. Бірнеше жылдар бойы би болған. 1930 жылғы көктемдегі бай-кулак көтерілісіне мылтық қаруын ұстап қатысқан. Көтерілістен кейін, жауапкершілікке тартылмаған. Ақсу мен Алматыда кеңес қызметінде істейтін туыстары қолдау көрсетіп жасырған. Өлкенің өркенді байы Малаев Молдабекпен жиі кездесіп тұрған. Сайлау құқынан айырылған. Мал-мүлкі 1931 жылы тәркіленген. № 8 ауылдағы ағайынды Малаевтармен астыртын жиі қарым-қатынастар жасаған. Таудағы бандылармен Вайсов Мұқаметқали арқылы тығыс байланыста болып, азық-түлік, керек жарақпен қамтыған. № 9 ауылдың тұрғындарын Қытайға көшуге ұйымдастырған.

 

 Ысқақов Шәкірбұрынғы бай. Революцияға дейін 500 қой, 70 жылқы, 100 сиыр, 10 түйе, 5 адам тұрақты жұмысшы ұстаған. 1930 жылғы бай-кулак көтерілісінде өзін ерекше көрсетіп қатысқан. Қолына мылтық қаруын ұстап, кеңес өкіметіне қарсы шыққан. Сол үшін тұтқындалған. Мал барымтасымен айналысқан. Ұрланған малды Қытайға асырып отырған. Таудағы бандыларға жиі барып тұрған. Оларға қорекке азық-түлік, қажетті киім-кешек жеткізіп беріп тұрған.

 

Құлжабаев Баймолдабұрынғы бай. Революцияға дейін 700 қой, 150 жылқы, 40 сиыр, 5 түйесі болып, 8 адамды тұрақты жұмысшы қылып ұстаған. Үзбей барымтамен айналысқан. Сол үшін екі мәрте сотталған. Алматыдағы қамаудан қашқан. Қашқаны үшін жауапкершілікке тартылған. Бандылармен тығыз байланыс орнатқан. Оларды керек-жарақтармен қамтыған. Тауда жиі тығылып жүрген. Халыққа кеңес өкіметіне және билігіне қарсы үгіт-насихаттар таратқан. Қазақтарды Қытайға көшуге үгіттеп, ұйымдастырған. Ауылына анда-санда барып тұрған.

 

Тугомбаев Сәулебай (фамилиясы анық жазылмаған) – бұрынғы бай және болыстыққа кандидат. Революцияға дейін 500 қой, 100 жылқы, 40 сиыр, 20 түйесі болып, 10 адам оған тұрақты жұмыс істеген. Әкесі бірнеше жылдар болыстық қызмет жасаған. Сәулебайдың өзі 1930 жылғы бай-кулак көтерілісі кеңес билігіне қарсы Ақсу мен Сарканды басып алуға қатысқан. Сайлау құқынан айырылған. Мал-мүлкі тәркіленген. Малаевтармен жиі араласқан. Таудағы бандыларға барып тұрған. Халықты кеңес билігіне қарсы үгіттеп, Қытайға көшуге ұйымдастырған. 1930 жылғы көтеріліс үшін ұсталып, Алматы түрмесіне жіберілген. Алматы қамағынан қашып, ауылға келіп, Қытайға жаппай көшуге халықты үгіттеген.

 

Вайсов Мұқаметқали – революциядан бұрын да, кейін де «кедей» болған. Қытайға бірнеше мәрте барып, кері келген. Қолына қару ұстап, кеңес билігіне қарсы тұрған. 1930 жылғы бай-кулак көтерілісіне қатысқан. Көтерілістен кейін екі винтовкасымен ұсталған. Кеңес өкіметінің қасарысқан жауы. ОГПУ тұтқынында болған. Одан «кедей» деп босатылған. Қазақтарды жаппай Қытайға асырып отырған. Сол үшін ұсталып, бірақ, ылғи босатылған. Кеңес билігіне қарсы үгіт-насихатшы, байларды жақтаушы.

 

 ...баев Есбала (фамилиясы анық болмады) – би, байдың баласы. Әкесі Қытайға асқан. Революцияға дейін 200 жылқы, 500 қой, 50 сиыр, 10 түйесі, 10 адам тұрақты жұмысшысы болған. 1930 жылғы бай-кулак көтерілісіне қатысқан. Көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болған. Жүз адамды басқарып, Ақсу мен Сарқанға шабуыл жасаған. Сайлау құқынан айырылған. Мал-мүлкі тәркіленген. Айтов Ахмет бандысымен жақсы қарым-қатынастар орнатқан. Барымтамен айналысып, бандыларды малмен қамтамасыз еткен.

 Аманқұлов Мұқашбұрынғы бай. Революцияға дейін 400 қой, 100 жылқы, 50 сиыр, 10 түйесі болған және 6 адам тұрақты оған жұмыс істеген. Қолына мылтық қаруын ұстап, 1930 жылғы бай-кулак көтерілісіне қатысып, кеңес билігіне қарсы күрескен. Кедей-кепшікті көтеріліске шақырып, кеңес билігіне қарсы шығарған. Тілін алмай, айтқанына көнбегендерін соққыға жыққан. Сайлау құқынан айрылған. Мал-мүлкі тәркіленген. Таудағы бандылармен байланысып, жиі қатысқан. Қазақтарды жаппай Қытайға көшуге үгіттеген. Қытайға жалпы қазақтармен бірге көшпек болғанында шекара отряды ұстаған.

 Архив анықтамасы: Аманқұлов Мұқаш – 39 жаста. Тұрағы: № 9 ауыл, Ақсу ауданы. Партияда жоқ, білімсіз, революцияға дейін және соң – орта шаруа, малшы. Колхоз мүшесі. Сотталмаған.

 Хаттама

22 маусым, 1931 жыл.

ВОГПУ Лепсі шекара аймағының уәкілі: Ділмұқамбетов.

Күдікті ретінде қолтаңбасын қойып, жазып көрсетті. Аты-жөні: Аманқұлов Мұқаш — 39 жаста. Мекені: Үш-Төбе шатқалы, № 9 ауыл/кеңесі, Бүйен-Ақсу ауданы. Туған жылы, күні: 1892 жыл. Партиялығы: партияда жоқ. Ұлты: жергілікті қазақ. Атқарған жұмысы: көшпелі малшы. Ақпан революциясына дейінгі атқарған жұмысы: малшы. Қазан революциясына дейінгі жұмысы: малшы. Қазіргі кездегі жұмысы: егін егіп, мал өсіру. Білімі: оқымаған. Отбасы: үйленген. Қорек көзі: өз шаруашылығы. Бұрын сотталып, тергелмеген. Саяси қуғын-сүргін көргендігі туралы: болмаған. Кеңес қызыл армиясына қызмет еткендігі туралы: жоқ. Ақтар армиясында қызмет еткені туралы: жоқ. Армия қатарына алынғандығы туралы: алынбаған.

 Жазған түсінігінде Аманқұлов Мұқаш: «Мені қаруы бар деген лақаппен ОГПУ тұтқындады», — депті.

 Қаулы

24 желтоқсан, 1931 жыл.

Алдын-ала тексерудің уақыт мерзімі өткендіктен, УПК 10 бабы бойынша қосымша тергеу жүргізіліп, тағылған айыптар жоғарыда аталған азаматтарға анықталмағандықтан, тергеу ісі мен қуғындау тоқтатылсын. Күдіктілер тергеу қамауынан босатылсын. Қылмыстық іс қағаздары УРСО АОС ПП ОГПУ жіберілсін. Қаулы Ақсу ауданының прокурорына және Р ОС ПП ОГПУ жіберілсін.

Уәкіл:  Дутов.

Келісем, бекітемін: Ақсу РО ОГПУ көмекшісі: Семикипалов.

 Қазақстан Республикасы Алматы облысы ДКНБ дерегі: Аманқұлов Мұқаш – 1892 жылы туған. Туған жері: Үш-Төбе шатқалы, № 9 ауыл, Бүйен-Ақсу ауданы. 1931 жылы 22 маусымда Лепсі ӘОГПУ тұтқындаған. 24 желтоқсан, 1931 жылы сот үкімі шыққан. 1999 жылы 2 шілдеде Ақсу РО ОГПУ «кінәсі жоқ» деп ақтаған.  

Аманқұлов Мұқаш 86 жас ғұмыр жасап, 1978 жылы өмірден өтті. Залым боп зарын ішіне бүкпеді. Артында Ахметжан, Аязбай, Мұқаш атаулы өмір жалғасы ұл ұрпақтары өсті. Даланың көркі мал. «Жомарттың жолы болғыш» демекші, «Чапаев» колхозында арда азамат Бәкей Жидебаевтың қарамағында мал бордақылауда еселі еңбек етті.

 

1930 жылы, 26 наурызда оспадар кеңес билігіне қарсы Бүйен-Ақсу ауданындағы өткен «Бөрібай көтерілісі» туралы баспасөзде жазылғаны  жоқтың қасы. Салдары: «құпия» грифіне жатқан. Көтеріліске халық жаппай «Бөрібай» деп ұрандап шыққандықтан «Бөрібай көтерілісі» деп аталған. Содан үш Матай елінің ұранына айналған Бөрібай батыр есімі аталмады. Көтерілістің себебі: БКП (б) орталық комитетінің 1930 жылдың 30 қаңтардағы «Коллективтендіру ісінің қарқыны мен колхоз құрылысына көмек шаралары» туралы шығарған қаулысы және И.Сталиннің 3-ші наурызда шыққан «Табыстан бас айналу» атты мақаласы болды. Жиналған астық өнімінің 80 процентін күзде өкімет жинаттырып алады. Қалған 20 процентті көктемде «тұқымға» деп тағы алмақшы болады. Жаппай ауыл-ауылға тұқымдық астық жинауға уәкілдер шығады. Олардың ісіне күнін зорға көріп отырған ел-жұрт наразы болып, қарсы тұрады. Уәкілдердің асыра сілтегендері көптің жазасынан өлім табады. Көбі ашынған көптен соққы жеп, кері оралады. Кеңес билігі көтерісшілерді «бандыға» жатқызған. 1928 жылғы тәркілеуден кейін Бүйен-Ақсу ауданында бірде-бір бай қалмасада, 1930 жылғы көктемдегі көтерілісті құжаттарға әтейі «бай-кулак көтерілісі» деп жазғыра жазған. «Бөрібай көтерілісі» әлі толық ашылмады.

 

Картинки по запросу бөрібай көтерілісі

 

 Қазақстан басшысы Ф.Голощекин «Бөрібай көтерілісі» жайында тікелей И.Сталинге күнделікті телеграфтап отырған. 1931 жылы желтоқсан айының соңында Ф.Голощекин «Бөрібай көтерілісі» туралы И.Сталинге жазбаша жазып, есеп берген екен. Жазба есеп те Мәскеу архивінің бір қойнауында жатқан болар. Көтерілісшілерге қарсы жазалаушы жүздеген қарулы жасақтарды келтірмегенде, аспаннан самолетпен ұшып жүріп, пулеметпен қаруланған қызылдар солдаты құм, тау, өзен бойы, жыңғылдарға тығылған халықты індете қырған. Шекараға қарулы отрядтан күзеттер қойылған. Отрядтардың  босқан халықты қырғанында шек жоқ. ОГПУ үштік үкімімен талай аталар атылған. Үш, бес, он жылға сотталғандардың саны жүздеп кетеді. Елге тірі келгендері бірең-сараң. Ақсу ауданының 80 жылдығына орай шығарылған «Абыз Ақсу, аңыз Ақсу, нағыз Ақсу» кітабында 26 мың адам құрбан болғаны келтірілген. «Жеті де сегіз» деген 7 тамызда 1937 жылы екінші зұлмат басталады. Он жылға сотталғандар «қайта он жылға тексерусіз сотталсын» деген жарлық шығады. Қайта сотталғандар оралмаған. Жазаланып, айдалғандардың артында ұрпақ қалмады.

 «Бөрібай көтерілісіне» қатысқандарды жазалау 1930 жылдың 28 наурызынан басталып, 1931 жылдың желтоқсан айының аяғына дейін жалғасқан. Жазалау қатыгез, қиянпұрыстықпен жүргізіледі. «Бөрібай көтерілісінен» кейін «Наурыз мейрамы» алпыс жылдан астам аталынбай, тоқтау жасалғаны бүкіл қазақ еліне аян. 2020 жылы наурыз айында «Бөрібай көтерілісіне» 90 жыл толады. Атаулы дата жасап, көптің ерлігін ұрпақтар білуіне жол ашқан жөн болар. Ақсу ауданының жарасымды жас әкімі «ғұмыр жігіттік» деп, ел-жұртына сай осы іске оң көзқарас жасайды деген ойдамын.

 

НАУАЙ  МЕРГЕН

Босқындардың қорғаушысы

...Шекарадан таңғы уақытта өтіп, көштің басы мен соңы түгенделгенде Науай бір жылқыны жетектеп алып келеді. Малды сол жерде сойғызып, тау асып әлсірегендерге сұрпы етін асып бергізіп, әлдендіреді. Барлығына: «Асуда жүк артқан биеміз мерт болып еді. Жеп отырғанымыз соның еті», – дейсіңдер деп ескертеді біреу сұрай қалған жағдайда. Айтқандай-ақ, 7-8 шақырымнан кейін екі қарулы салт атты тоқтатып, тінте бастайды. 
– Мына етті қайдан алдыңдар? – деген соң бәрі алдын ала келіскен сөзді айтады. Неше әйел, неше еркек екенін санап шығады. Тексерушінің бірі:
– Бастаушыларың менімен жүрсін! – деп әмір етеді. Олар Науайды ертіп кеткен соң қалғаны сол жерде күтіп қалады. Ақырында тексерушілер Науайды жібереді. Көш ары қарай жүреді. 

 

Картинки по запросу бөрібай көтерілісі

 

Бір ауылға жақындағанда қоршаулы, көк дарбазасы бар бас барымташының үйін Науайға көрсетіп: «Кіре бер. Мен қазір», – деп өзі кідіріп қалады. Науай үйге тақап келіп, атынан түсіп, дауыс шығарады. Ешкім шықпаған соң ептеп қақпа есігін ашып: «Кім бар-ау?» – дегенде байлаулы екі төбет арсылдап, жұлқына береді. Арғы жағынан еңгезердей біреу шығады. Көйлек-дамбалмен, жалаңбас, төбе шашын қысқа, екі өрім етіп жіберіпті. Айғай салып: «Кімсің? Неге кіресің?» – деп Науайды итеріп шығармақ болады. Екеуі алыса кетеді. «Ағаш мықтысы – дауылда, ер мықтысы – ауырда» дегендей, әб-сәтте-ақ Науайдың оң қолы есердің сол қабырғасының қалың етіне ілініп, бір қолымен оң білегінен шап беріп ұстайды. Батырдың қабырғаны ұстаған қолы қалың етті қатты қысып, бұрап жібергенде әлгінің жан дауысы шығып, ойбай салып, бір жағына қарай жантая кетеді. Қабырғаларының қалың еті жыртылады. Сол қолымен білегін жібермей:
Менің атым – Науай Жөкей! – дегенше сырттан екі барымташы келіп, араша түседі. Науай ұстап тұрған есердің қолын босатады. Қан жүрмей, қысылған жансыз білегін ауырсынған ол жерге сылқ етіп отыра қалады. Өз-өзіне келген үй иесі Науайға: 
– Тілегіңді айт? – дегенде, Науай: 
– Бұдан бұлай босқын елге тимейтін бол! Малын тартып алма. Қазақтарға тиіссең қайтып келіп жаныңды алам. Ұқтың ба? – дейді. Қос өрімді еркек құлдық ұрып қайта-қайта басын изейді. Науай ысқырып қалғанда ақбоз аты қақпадан кіріп, қасына келіп тұра қалады. Науай:
– Анау атта тұрған қоржынды ал! Жарым құрсақ балалардың несібесі. Тамаққа лық толтыр! – деп бұйырады. Жат елдік Науайдың айтқанын істейді. Бұдан кейін барымташылар Науай Жөкейдің тілегін мойнына жүктелген парыздай орындайды. Босқындардың барар жеріне жетуіне көмектесіп, қолдау білдіреді. 
Босқындарға жебеуші болған Науай – Нұрмұхамед Жөкейұлы. Ол отызыншы жылдары аштықтан арып-ашқан елдің Қытай жеріне өтіп, аман қалуына көмектескен. Оның есімі Қапалдың Қытай жеріне өтетін Демікпе асуында ары-бері өткен қандастарымызды аяусыз қырған шегара отрядының басшысы Курносовты атып, елдің көзін ашуымен есте қалып, есімі аңызға айналған. 

Нұрмұхамедпен кездесу 

Сол Курносовты атқан кішкентай ғана Нұрмұхамед деген қазақты көзімен көрген Қанат Құдайбергенұлының аузынан естіген әңгіме санамда жаңғырады да тұрады. Соны қаз-қалпында сіздерге ұсынайын. Қанат:
– Сонау 1956-жыл. Бригадир Есімжан Әбенов деген азамат салмақты үнмен:
– Сендер Арасанның орталығында жерленген Қызыл армия лейтенанты Курносовты білесіңдер ме? – деді. 
– Иә, иә, білеміз, білеміз. Барлық митингі, парад сол жерде өтетін. Кезінде біздерді пионер, комсомолға қабылдағанда ескерткіштің алдына апарып, ант бергізетін. Гүл қойғызатын. Бірақ, оның Қытаймен екі ортадағы шегараны басқарғанын, ары-бері өткен қазақтарды қырғанын кейіннен білдік қой. Көріңде өкіргір.
– Жә, онда жарайды. Ал сол адамды атқан кісінің аты-жөнін кім айта алады? – деген сұраққа ешкім жауап бермеді. 
– Онда, сол Курносовты атқан Нұрмұхамед Жөкейұлы (Науай) деген мерген мына көрші Сағабүйен жайлауына келіпті. Қазір бәрің жұмыстарыңды тоқтатыңдар. Барайық тездетіп. Мергенді біз де көрейік, – деді. 
Бес-алты қазақ үйдің ортасындағы еңселілеуіне таман жақындадық. Есіктен ішке сығалап қарасам, үй толы адам. Нақ төрде шағын денелі, ақ жібек шапан, басына жеңіл сусар бөрік киген жігіт ағасы отыр. Киімі өзіне ерекше жарасады. Жүзі ақсары, домалақ бет, келбетті. Тыңдасам, бір әңгімесінен бірі қызық. Ерлік істер жайлы айтып, таңғалдыра бастады. Қарап тұрсам кіп-кішкентай ғана аға. Айласы мен жүректілігі ауызды аштырады. Сонда ғана «батырлық бойда емес – ойда, білекте емес – жүректе» дегеннің растығына тағы бір көз жеткіздім. 
Қазақ үйдің ішіне жиналғандар аңыз адам Науайға сұрақтарын жаудырып жатыр.
– Сол бір қысылтаяң сәтте, көп солдаттың ішінде Курносовпен қалай кездесіп қалдыңыз? 
– Әлгінде айтып едім. Әр нәрсенің шегі бар. Ол бұрыннан бірге жүрген достықты ұмытып, мені ату үшін таяу жерге келіп, жасырынып жүріпті. Құдірет десеңізші, күтпеген кездесу болды. «Өмір – шолақ, адам – қонақ» дегендей, өмірден алған соңғы сыбағасы сол болды. 
– Сіз «Бөрібай көтерілісінде» асқан ерлік көрсетті дейді. Бірақ, көпке жайылмапты. Неге? 
– Иә, сонда шын есімім айтылмай, «Мерген» деген лақап атпен аталған мен едім. «Тарам-тарам саусақтан жұмған жұдырық артық» дегендей, қызылдардың беттерін оңдырмай қайырдық. Тайсалмадық. Қаһар көрсеттік. Бірақ, әттеген-айымыз да аз болған жоқ. Заман болса – сұрқия, тарих болар – құпия. Мені ұстап, келіссөзге де шақырды. Өз жақтарына тартпақ болды. Ақыры дегендеріне жете алған жоқ. «Атыласың» деп те шошытты. Сөзді ортадағы қол көтерген жігіт бөлді.
 Сұрағым бар, батыр аға?
– Айт! – деді Науай батыр. 
– «Бөрібай көтерілісінде» мінген ақбоз атыңыз жайлы білгім келеді. 
Маманұлы Есенқұл қажы екеуміз замандас әрі қимас жолдас едік. Жастықтың таусылмас қызықты шақтарын бірге тамашаладық. Жақсымен жолдас болсаң, басыңды сыйлай-сыйлай «сұлтан етеді» демекші, талай рет көптің арасында айбынымды асырып та жүрді. Сол ақбоз атты құлын кезінен танып, «маған ал» деп Есенқұл қажы сыйлаған. Мені дес көріп, саған лайық серік болады. Көрерсің, – деген. Дәл айтқан екен. 

– Өте білгір, көреген, аузы дуалы әрі бекзат жан еді, – деп Есенқұл Маманұлы қажыға арнап дұға оқыды. Отырғандар түгел бет сипады. Есенқұлдың ағылшын жерінен әкелген айғырының тұқымы Ақбозды Науай құлын кезінен баладай баптап өсірген екен. Өте ақылды, тау халқының «асыл тұқымды жылқы адам болуға сәл-пәл ғана жетпей қалған» дегені осы ағылшын жылқысына арналғандай. Бұл тұқым – жүйрік әрі өте сезімтал, ымыңды сезіп тұрады. Шауып келе жатып керек кезде шөге қалады. Тұр дегенше тұрмайды. Иесінен ұзап жайылмайды, басқаға ұстатпайды. Шақырғанда лезде қасыңа келеді. Түсінігі адамдікінен аз ғана төмен, – дегенде, даладан: «Курносовтың ұлдары келе жатыр. Әкесін атқан адамды көргілері келеді», – деген дауыс естілді.
Мерген қайтер екен дегендей көзім бірден Науайға түсті. Мерген елең етіп, орнынан лезде көтеріліп, қайта отыра қалды. Сырттан кірген ауылдастың бірі:
– Сіз рұқсат етсеңіз ғана жолықтырамыз. Әйтпесе, сол арадан қайтарамыз. Өзіңізді бір көріп қайтамыз деп тұр, – деді. Көпшілік қазақ үйдің айналасына қаумалап тіреле қалды. Есік алдына шыққан Науай мерген
– Келсін! – деді. Өңінен ешқандай қобалжу байқалмайды. Жамағат екіге жарылып, келген үшеуге жол берді. Ағалы-інілі бауырлар екен. Үшеуі де бойшаң жігіттер. Қазақша амандасып, қол беріп, Науайды құшақтарына алды. Қазақша, орысша кездестіргендерге рахмет айтты. Жамағатқа үшеуі де: «Әкеміз қандай адамның қолынан мерт болғанын білгіміз келді. Көру үшін ғана келдік», – деді. Бейбіт, ақ көңілмен. Қалың жамағат арасынан жол ашылып, үшеуі де көліктеріне қарай беттеп бара жатты. 
Аяқасты күтпеген кездесу осылай қош көңілмен, сәтті аяқталды, – деп өзі куәгер болған Қанат Құдайбергенұлы әңгімесін тамамдады.
 
Мұрағат деректері сөйлейді

«Бөрібай көтерілісі» туралы архивтік қылмыстық іс-қағаздарда юстицияның аға кеңесшісі, облыстық прокурордың бірінші орынбасары Н. Құлтаев 25.11.1999 жылы, № 36/37 қылмыстық іс бойынша, архивтік № 8760 қолын қойып бекіткен қорытынды көшірмеде: «Жөкеев Нұрмұхамед – 37 жаста, партияда жоқ, қазақ. 1930 жылы, 29 шілде күні ПП ОГПУ үштік отырысында РСФСР қылмыстық істер кодексінің 58-2, 58-8, 58-9, 58-11, 59-3 айыпталды. Еңбекпен түзеу лагеріне кесілді. Кеңес өкіметі мен партияға қарсы алдын ала үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, халықты қарулы қарсылыққа шақырып, көтерілісті ұйымдастырды. Кеңес басқарушылары мен партия қызметкерлеріне террорлық қоқан-лоққы жасады. Орыс кулактары және қазақ байларымен бірікті. Арасан мен Абакумовка елді мекенін шауып алуға бандылар шығарды. Абакумовкада ауыл кеңес кеңсесін басып алып, жинақталған кеңестік іс-қағаз, құжаттарды өртеп жіберді. Кеңестік партия мүшелері мен кандидаттарды тұтқынға алды. Арасанда екі бағытта топтасып, Қапал мен Сарқанды басып алмақ әрекеттер істеді. Өз қатарына 40 орыс-казактарын қосып алды. Маңайындағы елді мекен адамдарынан өз әскерін жақтастармен арттырды. Қызыл армия әскерімен бірнеше рет соғысты. Көп адам мен малды Демікпе асуы арқылы Қытайға асырды. Орыс тілін білмейді. Қағазға қол қою орнына бармақ басады. Өз кінәсін мойындамады. Тек куәлардың көрсетуімен айыпталды», – деп көрсетіледі.

Алматы қаласы бойынша ҚР ДКНБ мәліметінде: «Жөкеев Нұрмұхамед – 1893 жылы туған. Алматы облысы, Бүйен-Ақсу ауданы, № 12 ауыл тұрғыны. Білімі – бастауыш. Колхозшы. Егін егумен айналысқан. 1930 жылы, 15 сәуір күні ҚССР ПП ОГПУ тұтқындаған. 10 жылға сотталған. Еңбекпен түзеу лагеріне жіберілген», – делінеді.

Тұтқындалған Науай мерген Сарқан ауданы түрмесіне қамалады. Қылмыстық іс-қағазын Сарқан оперучасткесінің бастығы Федор Аболиннің көмекшісі Николаенко деген Ақсу селосындағы арнайы оперативтік штабқа жіберіп бекіттіріпті.
Жөкеев Нұрмұхамедтің тергеушіге берген мәліметінде: «Бұрынғы болыстың ұлымын. Ауылшар-уашылығымен айналысқанмын. Үйленгем. Отбасымда үш адам. Малдарым: 2 жылқы, 25 қой. Бұрын сотталып, істі болмағанмын», – дейді.

«Бөрібай көтерілісі» іс-қағаздар мәліметінде: «Жөкеев Нұрмұхамед – жаппай көтерілісті қолдаған ерен қатысушы. Бандылардың басшысы. Көтерілісті ұйымдастыру жиындарының барлығына қатысқан. Арасанды басып алған банды шайқасының белді мүшесі. Ағасы аудан орталығы Ақсуды басып алуға қатысқан. Ақсудағы кассадан 10 мың рубль тонап кеткен», – деп жазылған. Жөкеев Нұрмұхамед Қазақстан Республикасы, 14.04.1993 жылғы заңы бойынша 24 қараша, 1999 жылы «кінәсі жоқ» деп ақталған. 

Науай мерген он жыл еңбекпен түзеу лагерінде болмаса керек. Салдары ебін тауып Сарқан түрмесінен қашып, Қытай асқан деседі. Қытайдан туған елге 1955 жылы оралғанын жергілікті ел біледі.
Жөкей болыс ұрпақтары Қапал мен Ақсу өңірінде тірлік етіп жатыр. Нұрмұхамед Жөкейұлының «Бөрібай көтерілісіндегі» ел үшін жасаған ерлігін ұрпақтары бағалап, есімін ел есінде сақтау үшін дәріптеу шаралары жасалса деген ұсыныс бар.

 

                                                                                

1930 жыл. Наурыз айы. «Бөрібай» көтерілісі.

(«Халық жауы» санап, 58 бабтың бірнеше тармағымен айыпталып  атылғандар тізімі. Барлығы да «айыбы жоқ» деп әр жылдары ақталған.)

                         (Кириллица)                       (Латынша)

  1. Аймамбетов Дөненбай         Aimambetov Donenbai
  2. Ақжолтаев Бұрғанбай           Aqjoltaev Burganbai
  3. Ақашев Садық                      Aqashev Sadyq
  4. Айтжанов Тұрысбек              Aitjanov Turysbek
  5. Әбсалямов Ахметбек            Absalamov Aqmetbek
  6. Әділбеков Бибай                  Adilbekov Bibai
  7. Әлімбеков Әуесхан               Alimbekov Auesqan 
  8. Байболов Қайролда              Baibolov Qairolda
  9. Байшойынов Ерденбек         Baishoiunov Erdenbek
  10. Бақтыбаев Иманбек              Baqtybaev Imanbek
  11. Батырбаев Батырхан            Batyrbaev Batyrqan
  12. Батырханов Әмірғали          Batyrqanov Amirgali
  13. Байматаев Әли                     Baimataev Ali
  14. Бисекенов Мұқан                  Bisekenov Muqan
  15. Былшықов Сүлеймен            Bylshyqov Suleimen
  16. Былшықов Бекіш                  Bylshyqov Bekish
  17. Есімбеков Мырзабек            Esimbekov Myrzabek
  18. Жақанов Боранбай               Jaqanov Boranbai
  19. Жакыпбеков Қапыш             Jaqypbekov Qapysh
  20. Жаманбалинов Зейнал         Jamanbalinov Zeinal
  21. Жалпақов Дәрменқұл          Jalpaqov Darmenqul
  22. Жидебаев Әбдірахман         Jidebaev Abdirahman
  23. Имандықов Тілеу                 Imandyqov Tileu
  24. Қанабеков-Шиырбаев Мұхамедғали         Ganabekov-Shiurbaev Muhametqali
  25. Қарыбаев Сансей                  Qarybaev Sansei
  26. Қарабаев Құрманбай            Qarabaev Qurmanbai
  27. Қазанбаев Марлан                Qazanbaev Marlan
  28. Қалиақберов Мырзахан        Qaliaqperov Myrzaqan
  29. Құйқабаев Исмағұл               Quiqabaev Ismagul
  30. Қырбасов Қали                     Qyrbasov Qali
  31. Қырбасов Қалит                    Qyrbasov Qalit
  32. Қырбасов Мәди                    Qyrbasov Madi
  33. Қылиев Бесетбай                  Qyliev Besetbai
  34. Қылиев Қалдыбай                Qyliev Qaldybai
  35. Құдайбергенов Айтқожа      Qudaibergenov Aitqoja
  36. Нүсіпов Шатырбай               Nusipov Shatyrbai
  37. Омарбеков Қабас                 Omarbekov Qabas
  38. Омаров Тұрсын төре            Omarov Tursyn tore
  39. Разбеков Сұлтанбек             Razbekov Sultanbek
  40. Сарбасов Арнай                   Sarbasov Arnai
  41. Сарбасов Есімхан                 Sarbasov Esimqan
  42. Сарбасов Жабықбай             Sarbasov Jabyqbai
  43. Сарбасов Ғабдолла              Sarbasov Gabdolla
  44. Сарбасов Ғаділ                    Sarbasov Gadil
  45. Саурамбаев Әбдрахман       Saurambaev Abdrahman
  46. Сатырбаев Қасен                  Satyrbaev Qasen
  47. Сауытбаев Сапарғали          Sauytbaev Sapargali
  48. Сырттанов Сейітхан             Syrttanov Seitqan
  49. Тәнекенов Ешмұхамед         Tanekenov Eshmuqamed
  50. Тәнекенов Қожабек             Tanekenov Qojabek
  51. Тартысбаев Жөкей               Tartysbaev Jokei
  52. Тартысбаев Науай                Tartysbaev Nauai
  53. Тасубаев Қали                      Tasubaev Qali
  54. Туғамбаев Қали                    Tugambav Qali
  55. Тектібаев Толымбек             Tektibaev Tolymbek
  56. Телібаев Дәулетбек             Telibaev Dauletbek
  57. Толқынбаев Декебай           Tolqynbaev Dekebai
  58. Толқынбаев Бопыл               Tolqynbaev Bopyl
  59. Тоқтабаев Төлембек             Toqtabaev Tolembek
  60. Тұрысбаев Манабай              Turysbaev Manabai
  61. Тұрысбеков Сұлтанқұл          Turysbekov Sultanqul
  62. Шатырбаев Есболат               Shatyrbaev Esbolat
  63. Шатырбаев Ғали                    Shatyrbaev Gali

 

«АСАН» ЕЛІНІҢ ШЕЖІРЕЛІК ТАРАТЫЛЫМЫ

Құрметті оқырман!

Бұл кезекті шежірелік жазба сайтымда жиналған алғашқы деректер негізінде дайындалып ұсынылды. Атап айтқанда, «Тәнеке батыр» кітабындағы (Ж.Қалиұлы, Алматы, 2002ж) және «Тумалас.КЗ» сайтындағы  шежірелік жазбалар пайдаланылып, олар жекелеген азаматтар жіберген деректермен толықтырылды, сәйкестіріліп реттелді.

Олардың көлемі үлкен болғандықтан ықшамдалып, рудың негізгі аталық тармақтары ғана көрсетіліп отыр. Оларды толықтыру одан ары жалғастырылып, үздіксіз жүргізіле беретін болады және дайындалу үстіндегі мына ШЕЖІРЕЛІК КІТАПҚА енгізілетін болады:

 

 

Осыған орай,  осы таратылым бойынша бүгінгі жазбада байқалған қателіктер, сәйкессіздіктер туралы ескертулеріңді және толықтыруларыңды қабыл аламын! Бұл жазбадағы өзіме  түсініксіздеу, белгісіздеу  болған жерлері  сары түспен боялып отырылды.

Сол сияқты,  МАТАЙ, САДЫР елдеріне қатысты өздеріңде бар қандай да болсын аталық-әулеттік шежірелерді осы кітапқа енгізу  үшін ұсынуыңа  болады. Рахмет!

 

 

АСАН руы   НАЙМАН — ТӨЛЕГЕТАЙ — МАТАЙ -ҚАПТАҒАЙдың  ЕСЕНКЕЛДІсінен тарайды. 

 

АСАН

АСАННАН – ЖАҚСЫЛЫҚ, САРЫ, ҚЫРҒИҚОНАҚ, ТОҚА. ҚАРЖАУ, БӨРТЕ және БЕКБОЛАТ  тарайды.

Бір дереккөздерде  ҚЫРҒИҚОНАҚТЫ  БЕКБОЛАТТАН  шығарады  және  осы  екеуінен нақты деректер әзірге кездеспеді

 

*     *     *

 

ЖАҚСЫЛЫҚ

ЖАҚСЫЛЫҚТАН – ТАСЫБАЙ, ТӨРТСАРЫ, АҚТІЛЕС.

 

ТАСЫБАЙДАН ЖАНТЫ, АМАНДЫҚ, ОТАР, ЖАНАҚ.

ЖАНТЫДАНБайтөбет, Жантөбет, Түйте, Мұздыбай, Рүстем.

Жантөбеттен – Байселбек, Малдыбай, Әлібек

БайселбектенСенкібай, оданБекшойын, одан Байтұрған, оданДүйсенбі,  оданСейдахмет, одан  – Сайлаубай, Алмұханбет, Қалмұханбет, Жорабек, Амантай, Адгонбай, Жайлаубай.

СайлаубайданТалғат, Алмат.

АлмұханбеттенҚайрат, Жандарбек, Мәди.

ҚалмұханбеттенАйдын, одан  — Ілияс, Алан.

ЖорабектенСанат, Алмас, Нұрлан, Ерлан.

Амантайдан Сейіт.

ЖайлаубайданСейітжан, Диас.

Малдыбайдан -   Кенжеғұл, Мырзағұл, Шоңбай, Бекбай, ШаҺар.

ӘлібектенЕстібай, Достыбай.

Естібайдан Жалбақ, Ербек, Дубек, Қалаит.

Түйтеден  – Таңбала, Рақымбек.

Мұздыбайдан – Алтынбек, Сауранбек

 

 *     *     *

ТӨРТСАРЫДАН – БҰЗАУ, ЖАРТЫБАЙ, ҚОНЫСБАЙ, АЮ.

БҰЗАУДАНБұқабай, оданҚұл, Жаманғат, Сиыршыандас, Аягөз, Шітікей.

ЖАРТЫБАЙ ДАН Сарт, Шынқожа, Шәулекей, Дүйсенбай.

СарттанНайзабек, Шаншар, Алагөт, Шойын, Разақ, Тілеу.

Дүйсенбайдан — Мұқарбай, Мұқан.

ҚОНЫСБАЙДАН Қалқа, Тоғай, Көке, Сана, Жабағы, Тай.

АЮДАНҚамбар

 

 *     *     *

АҚТІЛЕСТЕНБАЙКЕЛДІ, БАЙЖАН, БОСТАН, ТОҚСАБА, ҚАРМЫС, БОРАНБАЙ,  АМАНДЫҚ.

БАЙКЕЛДІ ДЕН – Мененбай, Кененбай, Бөлек, Кеншімбай.

МененбайданНұрәкім, Дүйсембай.

КененбайданМұса, Құрманғали.

Бөлектен Ертұрған.

Кеншімбайдан Қапыш.

БАЙЖАННАН  Андасбай.

БОСТАННАНӘтебек, Еркін, Еркебай

ӘтебектенҰнабек, Құдабек.

ЕркінненБолатбай, Баужан, Әлімбай.

ЕркебайданКүнімбай, Тәуке, Байжігіт, Толымбек, Немелбай, Кемелбай.

ТОҚСАБАДАН — Бірімжар, Кәрібай, Қайнарбай, Жайнарбай, Досқожа, Қарымбай.

КәрібайданНиязбек, одан – Сақбай, Сағымхан, одан – Бақты, Ортақ, Онақ, Жанақ

БақтыданЕрлан.

ОнақтанЕрбол.

 

 САРЫ БИ

САРЫДАН БӨРІБАЙ БАТЫР,  ҚАРА,  ЖАУБЕРІ, БАСАР, ЖАБАЙ, БІКЕН.

 

 *     *     *

 БӨРІБАЙ БАТЫР

БӨРІБАЙ БАТЫРДАН ҚҰЛШАН, ҚЫДЫРАЛЫ БИ, ЕМЕЛЕЛІ, ЕЛШЕН, БӘЙІМБЕТ (1-ші әйелі Алтыннан) және БАЙҒҰЛ, СЕЙІТҚҰЛ, ҚАЛДЫБАЙ, ҚАЛДЫҒҰЛ ( 2-ші әйелі Бікеннен) және МАМЫШ,  АҚТАЙМАН.

 

*****

ҚҰЛШАННАН Бейсен, Ордабай

БейсенненМейірман, оданШақа  БоқыСырттан, одан – Тұрлыбек, Керімбек, Барлыбек, Молдахмет, Кенжехан

Барлыбек Сырттанов — белгілі Алаш қайраткері

 

Керімбектен — Алибек, ...

... Қанатқаннан – Боранхан, Болатхан ...

... Нұрханнан  –Құмархан, одан- Серікхан, Қайрат, ...??.

Серікханнан ...

Қайраттан Уалихан, ...

... Батырханнан – Сайлаубек

... Найманханнан – Мырзабек, одан – Серікбек, одан  ...

... Кенжеханнан – Қасымхан — Сәкен, Мәртен, Бекет, Мұрат

Сәкеннен  – Шоқан, Асқар

 

 *****

ОрдабайданТышқанбай, одан – Бұқамбай, одан – Оразбай, одан —  ҚожаАхмет,  Әділхан, Омар

ҚожаАхметтен – Қонай, Қосай, Қозы, Сайын.

Қонайдан — Еркін, Амангелді

АмангелдіденАрыслан,  Ерасыл.

ҚозыданҒалым.

ӘділханнанӘбілхамит, Хамит

Хамиттен Нұрлан, Ерлан, Ержан.

НұрланнанТемірлан.

Ерланнан Жан.

ЕржаннанДаниал, Досжан, Ғабит.

Омардан – Оралхан, Сайлаухан.

Оралханнан  Калымхан.

 

***** 

ҚЫДЫРАЛЫ БИ

ҚЫДЫРАЛЫДАН Байкісі, Бесбай, Жанбөлек, Бөлекей, Бөлекбай, Бөлек, Берліқожа, Серікқожа, Қосет, Дөсет, Ерқожа, Бүрт, Қызылбас (Жұмабай), Шаңқабақ (Шөңкебек), Құрмансейіт, Ызғыт, Тұрымтай, Шынқожа, Тентекқара, Молаш, Жағалбайлы, Қырғыз (Бедел),

*****

БайкісіденСүтен, Шорғабай, Сағаш.

Сүтеннен – Қозайдар, Байшойын, Бекшойын, Шойынбек.

Қозайдардан – Әділбек, Шөйбек, Нүсіп.

ӘділбектенҚанапия, Құнапия 

Қанапиядан –Тоқтарбай, оданБолат, Қанат, Мұрат

БолаттанСерік, Айдын

ҚанаттанАрсен

Құнапиядан –  ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

Шорғабайдан – Шұқыр, Қойжан.

Шұқырдан – Тәскентбай

Қойжаннан – Кенжеғұл

 

Сағаштан  – Шүрекбай, Қаттау.

Шүрекбайдан – Смағұл, Есжан

СмағұлданЖәмәли, Қалиасқар, Қалиақпар, Нұрахмет, Сейдахмет

Жәмәлидан – Кәріпжан, Қалымжан, Рахымжан, Әсия

КәріпжаннанТоқтарбек, одан — Рымтай, одан – Арман, Айдос

ҚалымжаннанСерікбек, оданНұрлан, одан — Шыңғыс

Рахымжаннан Берік, Ерлік, Бірлік

Сейдахметтен – ...  арғы жалғасы кітапта бар 

 

 *****

Бесбайдан ...??? деректер жоқ

 

*****

Бөлекейден  - Тлеужан, одан – Жақаш, Жақып, Қожабек.

Жақаштан – Оразалы, Оразбек

ОразалыданОразбай, Бисебек.

Оразбайдан —  Нұртай, Рүстембек,  Дастанбек, Нұрмұханбет.

НұртайданБақытбай, Нұрлан, Ерлан, Азамат, Бекзат.

РүстембектенЖандос, Жарас,  Жанат.

ДастанбектенҚабылан, Рахат, Дәурен.

Нұрмұханбеттен Марат, Қуаныш

Жақыптан – Мырзабек, Адақ.

Мырзабектен — Асқар

Қожабектен — Ақыпбек  Өтепберген, одан – Абай, Айбын.

 

 *****

Бөлекбайдан  – Қабылан, одан  – Жанғараш, одан – Қуат, Медет, Кәмен, Молдабек, Қаден,  Кенжебай

Молдабектен – Адам, Біржан, одан - Құдайберген

 

 *****

Бөлектен — Қапсалаң -  Кәріп, Шәріп.

Кәріптен – Жұмағұл, оданНұрәлі, одан – Әбдіғалым, Әбділәкім

ӘбдіғалымнанКеңесхан, Кенжебек

 

 *****

БерліқожаданҚыбырай, Нұрәлі , оданӘбдіғалым, Кеңесжан.

Қыбырайдан — Дәуіт

 

 *****

Серқожадан —  Қасқарбай, Қасымбай, Салқын, Бекбосын, Домалақ.

ҚасқарбайданКөкешбек, Танаш, Есімбек

Бекбосыннан – Мұқаш

Домалақтан – Мұрат, Тілеулі

 

 *****

Қосеттен Толымбек, Дәлімбек, Дайырбек, Сәтпай.

Толымбектен – Көбей, Құсмолда, Хасен, Нәйір

Көбейден – Ақмолда, Хаймолда, Бейісмолда, Сейітмолда

Ақмолдадан Иманғали, одан – Сергей, оданАсылхан, Болатхан, Мұратқан

Хаймолдадан Кенжехан, одан ...  арғы жалғасы кітапта бар 

 

*****

Дөсеттен — Қалқабай, Тәнеке батыр, Бартай

Қалқабайдан  Маман,  Толқын , Қуатбек, Медетбек, Қасабек, Айнабек

 

МАМАН — ірі бай болған, балалары алғашқы қазақ зиялылыры, меценаттар

 

Маман  ұрпағы

Маманнан Тұрысбек, Ырысбек, Сейітбаттал, Бейісбек, Оңғарбек, Есенғұл.

Тұрысбектен Иемберген,  Құдайберген, Алдаберген, Айтмұхамет, Баймұхамет,  Солтанқұл, Тәңірберген.

Иембергеннен Бекқожа, одан Еркін

Құдайбергеннен Бекмұхамет,  Айтқожа, Ақыметқали,  одан Аспандияр

АйтмұхаметтенЖамбыл, Есмұрат, Өзбек, Әнуарбек, Бақдәулет, Төлеген, Ризабек, Әбілқайыр, Дәулетбек, оданДәулет, одан — Саят

ӨзбектенҚанат, Әсет, Асхат

Қанаттан — Қуат

Баймұхаметтен ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

СейітбатталданСейдахмет, Қожахмет, Нұрахмет, Нұрғалым. Бидахмет, Ғаниахмет,  Ахметбек, Махыметбек, Уалиахмет, Сейітбек, 

Сейдахметтен– Абылай

Қожахметтен – Ахметсәлім, Шыңғыс, Бөлек

Нұрғалымнан – Сасан

Ахметбектен – Нұрлан, Бақытжан

Махыметбектен – Сайын, Мұхтар

 

Бейісбектен  -  Сейітжан, Қожақ, одан – Қыдырбек, Төлеубек.

Қыдырбектен – Бақтыбек, Батырбек, Елеубек, Еділ

Бақтыбектен — Руслан, Дәурен, Дастан

 

ОңғарбектенҚасымжан, Есімжан, Ысламжан.

 

Есенқұлдан  Абдолла, Ыбрайым, Ысмағұл, Ағадай, Ежен, Тоқтамыс, Адай.

АбдолладанТемір

Еженнен – Жарас,  Медет

Тоқтамыстан – Нұрлан

Нұрланнан – Рамазан, Айт, одан Мұқаш, Көкен

Адайдан – Қадыр, Серік, Ернұр

Толқыннан – Тазабек,  Нұрлан, Ерлан, Марлен, Әлсейіт, Нүрсейіт,

Тазабектен —  Бекежан, Нүкежан, Әлжан, Суан

Бекежаннан...  арғы жалғасы кітапта бар

   

Нұрланнан Рамазан, Айт, одан – Мұқаш, Кәкен

Ерланнан Батталқазы, Нұрсапа,  Қалиаскар.

Батталқазыдан – Арыстан

Нұрсападан — Байтұрсын,  Рамазан, оданҚұрманқазы, Рахымқазы

Қалиасқардан Сұлтан,  Данышпан, Рақымжан

Нұрсейіттен Қадірсейіт,  Әбілсейіт,  Әбілғазы,  Әбілкәдір,  Әбілқайыр,  Әбілмәжін.

Қадірсейіттен Төлеген, одан — Арыстан

Әбілсейіттен Төлепбек, Төлепберген

Төлепбектен —  Малдыбай, Жандарбек, Есбол, оданАйдос, Жандос

Малдыбайдан Нұрым, Біржан, Нұржан

ЖандарбектенРауан, Ұлан

Төлепбергеннен — Алмас,  Болат , Мәлік

 

Қуатбектен – Мұратбек, Асқарбек, Атқанбек

 

Медетбектен  – Әлімжан, Қали.

ӘлімжаннанАқметсапа, Рақымжан

Қалидан — Серік, Жекен.

ЖекенненЕркін, одан —  Әділжан

 

Қасабектен – Сыдық, Сүлеймен.

Сыдықтан -Тұрлыбек 

 

Айнабектен  – Ысқақ, Керімбек, Молдағали. 

 

 *****

Танеке батыр – Тәбей, Үрістембек, Есімбек қажы, Разбек, Мұса, Қожабек, Қасен, Нұғыман,  Бәйсейіт,  Молдабек Әбибек, Шамай, Қамай, Әуелбек,  Әділбек, Нәдірбек.

 

Үрістембектен – Жауғали, Оразбек.

 

Тәбейден – Беке, Кәрібжан, Сейдахмет, Сұраншы.

 

Есімбек қажыдан – Ешмұханбет, Омарбек, Мырзабек, Жақсыбек, Шәбденбек,  Жұмабек,  Айт.

ЕшмұханбеттенАқаш, Садуақас, Байғали, Шолпанғазы

Ақаштан – Санатбек, Манатбек

Санатбектен – ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

Разбектен – Жармұханбет, Сұлтанбек, Солтанқұл, Шолпанқұл, Кенжеғұл,  Кенжебай, Сламхан.

ЖармұханбеттенСтамшал, Қажи, Жалбақ, Нұрахмет

Қажидан – Алматай, одан – Бауыржан, Ерлан, Аржан

Бауыржаннан Ерлан, Ерден, Елдар

Жалбақтан – Нұртай, Нұрбай, Нұржан, Тойбол

Нұртайдан – Нұрлан, Руслан

Нұрбайдан – Қайрат, Ұлан

Нұржаннан — Айрат

Тойболдан – Айбар, Айдар

СұлтанбектенБишал, Кәрішал

Кәрішалдан – Айрат

Бишалдан ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

Мұсадан – Исабек, Ақшабек, Нұрахмет, Мұратбек, Бимұхамет, Дүйсебек, Ақылбек, Мұратбай.

Исабектен Құрмаш

Нұрахметтен Қасымхан

МұратбайданСейдахмет, Бидахмет, Әділахмет

Сейдахметтен ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

Қожабектен – Нүсіпбек, Ермұханбет, Сламбек, Мамырбек, Мұхаметкәрім,  Жұмахан, Қожахмет, Кенжеқожа.

Нүсіпбектен Мүшірәтбек, одан – Серікбай, одан – Азамат.

Ермұханбеттен Ахметкәрім.

МамырбектенТұрлыбек, одан – Қанат.

Мұхаметкәрімнен  – Аманкелді, одан ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

Әбибектен – Құсайын, Құсмолда, Ақатай, Молдақан.

 

Қасеннен – Ошан,  Омар, Сатыбалды, Әубәкір, Шайса, Садық, Кенжебала.

ОшаннанМолдағали, Серікбай, одан — Азамат

ӘубәкірденИманғали,  Құрманғали

Иманғалидан —  Алиғали, одан – Ержан, Ерлан

 

Нұғыманнан — Садуақас, Нұрғали, Тәңірберген.

СадуақастанБидаш, одан – Сансызбай, одан — Қонысбай

НұрғалиданАйтан, Сердәлі

ТәңірбергененҚонысбай, Мұратхан, Қуантай, Еділ, Жайық

Мұратханнан – Ильяс, Бағлан, Ұлан

Қуантайдан – Мирас, Бауыржан, Нұржан

Бәйсейіттен  — Сәбит

Шамайдан  – Моншақ, Бауғали, Мұхан, Ақын.

 

Әуелбектен Қасымбек, Мақұлбек, Жәнібек.

ҚасымбектенУәли, Әілибек, Назарбек, Батырбек

Уәлиден – Сайдахан, Батырхан

Сайдаханнан – ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

Әділбектен – Мұрат, Махмет.

Нәдірбектен – Шиырбай.

 

Бартайдан – Асылбек, оданБайзрахман, Нүрпейіс, Мұхит

 

ЕрқожаданДалабай,  Аязбай, Бұқпан,  Ақынбек, Жолбарыс.

ДалабайБегімбет, Бейімбет.

Бегімбет – Нұреке , одан Қиса, Мұса

 

Қисадан – Жақан

Бейімбеттен – Мұса, Жомарт, одан Жақсылық.

МұсаданЕлемес.

 

АязбайданӘуежан, Тобажан,

Әуежаннан – Түсжан.

Тобажаннан – Бағиман, Иманды.

БағиманнанБиахмет,

БиахметтенСерік, Шахан, Сәбит

Имандыдан — Нұрахмет, Кенжебек.

Нұрахметтен Мирас –– Дәулет — Дастан.

– ... Бексұлтан, Ерсұлтан.

 

Бұқпаннан  – Бидайбек, Мұсабек

Бидайбектен — Сыдық

Мұсабектен – Керім, Таласбай, Шаймерден, Әбдіғали, Мейрамбай

Керімнен —  Желдібай,  Жұмабай,  Дәулетбай, Ғалым, Сәбит, Мұхтар

Желдібайдан  - ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

ЖолбарыстанЖүніс, Нүсіп, Айт

Нүсіптен — Сарқытбай

 

Бүрттен — Сайқазақ, Бораншы, Шөкенай.

Сайқазақтан   - Салкыбай, Тайбак

Салкыбайдан  – Таңжар,  Байгерей

Таңжардан Сұлтанбек,  Қалтай

Сүлтанбектен ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

***** 

БайгерейденБайжүман, Дауылбай

Дауылбай – Мәжит, одан – Қайнар,  Бахытбай, Самат,  Мақсат, Бегзат

 

Тайбақтан — Уақ, Кенебай,  Наурызбай

 

 *****

БораншыданТілеуберді, Мақақ, Сама, Сартпай

Тілеубердіден – Тәсібек, Төлепбек, Оразбек

Тәсібектен -   Қожабек, Жақыпбек, Омарбек, Бақтыбек, Сыдықбек, Оспанбек, Жұмабек

Оспанбектен —  Даданбек,  Сламбек

Даданбектен —  Сайлаубек,  одан —  Серік, Берік

Сламбектен...  арғы жалғасы кітапта бар.

 

ТөлепбектенМұсабек, Сейдахмет,  Қожахмет , Келгенбай

СейдахметтенМұхамедбек,  Ақметбек,  Сәулет,  Ақатай

 МұхамедбектенМәлік,  Олжас

Ақметбектен — Қуанышбек

 

Оразбектен Қалибек, Қалымбек

ҚалибектенБаймұрат,  Нұрмұрат,  Әлмұрат

Баймұраттан  ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

Самадан – Үсен, оданМұқан, одан  - Сейіт, одан — Бимахамет

 

Сартпайдан – Хасен, одан Мәжит, Есімхан, Құрманғали, Молдахан

 

 *****

ШөкенайданБақтыбай, одан – Кәрібай, Медетбек, Қуатбек

Кәрібайдан Тойғанбай,  Жиенқожа

Тойғанбайдан —  Бикожа, Нүркожа, Әсілкожа, Қожабек, Кенжебек

Әсілкожадан — ...  арғы жалғасы кітапта бар.

 

Жиенқожадан – Айтқожа, Қожахмет, Шаяхмет, Сейдахмст, Молдахмет,  Ешмұқамет

Қожахметтен — Ахмет, одан  - Даукен

ШаяхметтенМахмет, Бидахмет,  Нұрахмет, Мырзахмет, одан — Мейір.

МахметтенАрман, Нүрған.

Арманнан  – ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

Бидахметтен Сапар, Дидар

Нұрахметтен Медет

 

СамаданКүреңкей, Жиренше, Ыбырайым, Бәйеш,  Үсен, Бейсенбай

Күреңкейден – Жиренше,  Ыбырайым, Бәйеш, Қүсайын,  Ешанжол, Құдиархан, Садуақас

Бейсенбайдан – Бихамет, Ғани

 

Нүрсападан – Шоғай, Мүқаметқали                                   

Шоғайдан – Сейдахан, Жарымқамет, Нұрымқамет          , одан — Бекзат  

Жарымқаметтен — Марат      

        

   *****

ҚЫЗЫЛБАСТАН (ЖҰМАБАЙ),  ШАҢҚАБАҚТАН (ШӨҢКЕБЕК),  ҚҰРМАНСЕЙІТТЕН — деректер жоқ

 

 *****

Ызғыттан — Абақ,  Бекіш, Отарбай, одан — Ешмұхамет.

Абақтан – Қайрат, Талғат, одан — Ержан

Бекіштен — Қуаныш

 

 *****

ТҰРЫМТАЙДАН,  ШЫНҚОЖАДАН – деректер жоқ

 

 *****

Тентекқарадан  - Мырзабек, Мырзағұл, Сембек, Сексенбай, Алпысбай, Туғанбай,  Алжан,  Шанбай,  Құрманғазы.

МырзабектенРамазан, Есжан, Кенжахмет, Мұқаш

Рамазаннан —  Дәнебек, Мәлік

ДәнебектенАбай, одан — Әділет

Есжаннан – ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

 *****

МолаштанДөненбай,  Қуанбай, Бөненбай, Балықбек, Нұрбек.

БөненбайданЖолдыбай,  Көшімбай

Жолдыбайдан —  Жетпісбай, Қожаназар, Құрмансейіт, Жансейіт

Жетпісбайдан Сансызбай, одан – Саят, Марат,  Ердан, Нұрлан

Қожаназардан Төлеген , одан – Бақтыбай, Тоқтасын

 

 *****

Жүмабайдан Сәрісейіт, Сәрсенбай, оданИбат,  Изат, Елеш, Мұса, Нүрпейіс, Шагай

Ибаттан —  Мұсабек, Исабек, Иса,  Қайса, Моладбек

ҚайсаданИсабек, Серікжан

Исабектен ...  арғы жалғасы кітапта бар

 

 *****

ЖАҒАЛБАЙЛЫДАН  - деректер жоқ

 

 *****

Беделден –  Өмірбек, Сарбас, Әтішбек.

Өмірбектен – Жексенбек, Баймұхамет

Жексенбектен – Ниетбай, Серік

 Сарбастан – Қасбай, Үмбетбай

Қасбайдан – Бекет,  Ерназар

Үмбетбайдан -  Дәулеткелді,  Рыскелді,  Жүмакелді, Еркін, Ерден, Бакытжан,  Бакыт

Дәулеткелдіден — Ғалымжан

 

 *****

ЕЛШЕН КүйкенҚожакен – Шәліп, Іліп, Рүстем.

Шәліп – Шаяхмет —   Фархат – Ерхат,  Нұрхат.

Іліп – Нұрмұхан — Нұрахмет – Нұрлан, Ерлан, Ермек.

 

 *****

БІКЕН – ...

 

Жеке бір таратылым:

МАМЫШТАН Шоңғараш, оданАханбай, Үсенбай.

Аханбайдан  – Хошман, одан -  Аслан, Нурлан, Марлан, Қайрат.

АсланнанРуслан, Ержан

Русланнан Мәди, Манас.

Ержаннан – Олжас, Асанәлі.

НурланнанЕрлан, одан — Нұрислам

Марланнан Мәулен, Серік, одан – Алан

Мәуленнен – Мейіржан.

ҚайраттанДәурен, Ерасыл, Қайнар

 

ТОҚА

ТОҚАДАН КӨЛБАЙ, ҚОҢЫРБАЙ, ТҮГЕЛБАЙ.

 

Осы атадан тарайтын  жеке тармақтар:

... НҮРПЕЙІС, ИСА

НҮРПЕЙІСТЕН ТӘҢІРБЕРГЕН, оданСЕРПЕРБАЙ, СЕЙДАХМЕТ, САЙЛАУБАЙ.

СЕРПЕРБАЙДАН  — СЕРІКБЕК, ҚАЙРАТ

СЕРІКБЕКНҰРЛАН, ҰЛАН,  ДАРХАН.

НҰРЛАН АЛИХАН.

ҚАЙРАТТАН  – БАХТИЯР – АЛИСҰЛТАН.

САЙЛАУБАЙДАНАСҚАР,  АЙДАР

АЙДАРДАН  – ДАНИЯР.

 

ИСАДАН – СЕРДАЛЫ ЕМБЕРГЕН, ҚЫДЫР;

ЕМБЕРГЕННЕН ҚАЙЫР, АСҚАР    ...

ҚЫДЫРДАН — ...

 

... АҚБАЙДАН  – ҚАБДОЛДА, одан — КЕҢЕСБАЙБАҚЫТЖАН, НҰРЖАН — ... ;

БАҚЫТЖАННАН — ...

НҰРЖАННАН

 

... ӘБІШ – МҰХАМЕДИЯР, ЕСІМ

МҰХАМЕДИЯР – ЖЕҢІС, ҚАНАТ, ...

ЕСІМНЕН – ЖЕҢІС, СЕРІК, МӘЛІК, ТАЛҒАТ, МАРАТ ...

 

... НҮРСЕЙІТ – НАУЖАН — ТІЛЕУЖАН;

... ОРЫСБАЙ— ...

...  БӘКІР  – СЕЙІТҚАЖЫ -  ... СЕРІК, ...;

... СӘРМЕТЕ – УӘТАЙ – Асқар,  ...

... БАЙМЕТЕН — ЖӘМӘЛИ

 

 

  ҚАРЖАУ

 

ҚАРЖАУДАН БАРЛЫБАЙ, ҮМБЕТ, МӘМБЕТ, ЖАУЛЫБАЙ, МЕҢЛІБАЙ, КӨШЕК, МАСАҚ, КЕНЖЕҚАРА.

БАРЛЫБАЙДАН -  БЕСБАЙ, СЕГІЗБАЙ, ОҢБАЙ

БЕСБАЙДАН Шақшақ, оданШөкей, одан – Нүсіп, одан – Мұхамметші, оданЫрғалбек, оданМарат, Ринат, Санат.

МараттанДиас.

РинаттанДархан.

СанаттанМират.

СЕГІЗБАЙДАНКөгал, оданБайсалбек,  Сылбырбек, Шыныбек, Айшұқыр.

Байсалбектен...  арғы жалғасы кітапта бар

 

ҮМБЕТТЕН ЖАЛМЫРЗА, БИМЫРЗА, ҚҰЛМЫРЗА, БЕКМЫРЗА, БЕКАРЫСТАН,  АРЫҚПАН.

 

ЖАЛМЫРЗАДАН Ботан, Көкен, Әйтек, Әшен, Қисық, Шүрек, Күл, Жантай.

БотаннанНаурыз, Лақ, Пүшіт.

Наурыздан – Жаманбала, Жаубасар, Шабан.

Жаманбаладан  –...  арғы жалғасы кітапта бар

 

БИМЫРЗАДАН —  Жазық, одан Қаратай, одан – Әсен, оданТұрсынбек, Әліп, Бекқабыл, Айдарбек.

Тұрсынбектен – Ерғабыл, Нұрғабыл, Қадірсіз

Ерғабылдан – Бейбіт, Серік, Еркін, Ербол

Нұрғабылдан – Берік,  Нұрбол

Қадірсізден – Ерік, Ержан, Нұржан, Біржан, Талғат

Еріктен – Асхат

Ержаннан – Қайрат, Асқар

Нұржаннан – Олжас

Біржанан – Нұржан

Талғаттан - Қасымхан

ӘліптенБайғабыл, Жанғабыл,

Байғабылдан – Жаңбырбай, Боранбай,

Жанғабылдан – Саят, Қаният, Мұрат, Асқар

 

БекқабылданБиғабыл, Тоқтарбек

Айдарбектан — ұрпақ жоқ

 

КЕНЖЕҚАРАДАНБАЙҒАБЫЛ, ЖАНҒАБЫЛ, ҚАБЫЛ, БОЗДАҚ, БИЖАН, АҚЖАН.

ҚАБЫЛДАН  Көпбай, Дүтбай

Көпбай Нүсіп, Омар, Сыдық.

Нүсіптен – Шәріп, Кәдірбек, Әбденбай.

Кәдірбектен  –...  арғы жалғасы кітапта бар

 

 БӨРТЕ

БӨРТЕДЕН ЖАНГЕЛДІ,  ЖАНҚАРА, ӨТЕН, МАЛЫБАЙ.

ЖАНГЕЛДІДЕН –  БУХАРБАЙ, одан  Қоңыз, одан — Жанкөт, одан – Қылый, Қырбас, Шоқыбас.

Қылыйдан  — Сәреке қажы,  Бисеке мырза, Мұсабек, Бейсетбай би.

Сәрекеден Қария, Шал.

Қариядан Закетай, Чакетай, Қызайбек, Құрманғали.

Қызайбектен   Еркінғали,  Дәрбек, Болат, Жанат, Жеңіс, Марат.

ЕркінғалиданДаурен,  Рүстем, Ерлан, Бағлан.

Дауреннен – Арман, Аңсар.

ДәрбектенДәулет.

Болаттан Данияр, Дарқан

Данияр....  арғы жалғасы кітапта бар

 

ӨТЕННЕН — ҚОСАЛ

 

БЕКБОЛАТТАН — ҚЫРҒИ, ҚОНАҚ