«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (31)

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (31)

Сайтымның осы бөлімінде жарияланудағы түркі, қазақ елдерінің тарихына байланысты сериялық жазбалар «ТҮРКІЛЕР тақырыбына келіп жетіп, бұл жолы солар жөніндегі танымдық мақалалар  беріліп отыр.

Сонымен бірге, кезекті шежірелік жазба ретінде  “НАЙМАН — ТӨЛЕГЕТАЙ — МАТАЙ»  болып келетін КЕНЖЕ руының   СҰРТАЙ тармағының таратылымы ұсынылды. Танысыңдар!.

 

«ТҮРІКТЕР  туралы»

Алдымен бейне ән тыңдап алыңдар:

Көк Түркілер

 

Түріктер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 

Түріктер— б.з V-XIII ғасырлар аралығында өмір сүрген.

Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”. Түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.

Ертедегі гректердің жазбаларында турлар немесе тұрандар мен массагеттер бір ұғымды білдірген. Сол кездегі парсы жазбаларында оларды сақтар (ауданы “ит” немесе “бөрі”, “көк бөрі”) деген. Ол иран, грек-латын және қытай жазбаларында да дәлелденген. Ертедегі аңыздарға жүгінсек, түркілер өздерін бөріден тарағанбыз дейді.

Түркілердің Алтай өңірінен шыққаны туралы жырланған “Көк бөрі“ дастанындағы көне аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: Көне заманда “Со” елінің көсемі Қапан-пу аса қайырымды әрі асқан батыр болыпты. Оның өзіне жақын он алты бауырының біреуінің анасы бөрі екен. Анасы бөрі бала ер жетіп үйленеді. Оның екі әйелі болады. Сол екі әйелдің біреуі – қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі жаз Тәңірісінің қызы екен. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл табады. Тұңғыш ұл аса күшті, қайсар, болып өседі. Оған бұл елде ешкім тең келмейді. Сол үшін оған халық “Түркі”, яғни күшті, мықты, ержүрек деп ат қойыпты. Бүкіл түркі халқы сол “Түркінің” ұрпағы екен. “Көк бөрі” дастанындағы бұлардан басқа да аңыз-хикаялардың негізгі айтары – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі дегенге келіп саяды. Әр кездегі түркі мемлекеттерінің туларында көк бөрі бейнеленген. “Көк Тәңірі”, “Көк аспан”, “Көк бөрі” — осының бәрі түркілер үшін қасиетті ұғымдар. Сондықтан олар бөріні өздерінің пірі санайды. Ол туралы Сүйінбай Аронұлының: Бөрі басы – ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым, – деген жыр жолдарынан түркі халықтары үшін қасиетті “бөрінің” генетикалық ес деңгейіндегі ұғым екенін көреміз. Көптеген тарихи деректерде сақтарды иран тілділер, яғни парсылар деп жүр. Бұл мәселенің жауабын көне түркінің “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген мақалы береді. Мұның мағынасы – бассыз бөрік болмайтыны сияқты, парсыларсыз түркі де болмайды. Мыңдаған жылдар көрші тұрып, қоян-қолтық араласқан екі халықты ажырату өте қиын. Сондықтан да болар, Геродоттан бастап көптеген тарихшылар сақ атаулының барлығын скифтерге жатқызған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген:Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі.

 

Картинки по запросу түркілер

 

Қазіргі деректерге сүйенсек, атқа салт мінудің кеңінен тарауы б.д.д. III мыңж. екінші жартысы мен II мыңж. басы болды. Бұл кезеңде үндіирандықтар угро-финдердің тарихи отаны Орал тауының оңтүстік даласында болғаны белгілі. Оған Аркаим, Синташта т.б. қорымдардағы археологиялық деректер дәлел. Б.д.д. II-I мыңжылдықтар арасында Ұлы далада қуаңшылық басталғанда, олардың көшпенді өмір сүруге бейімделген шығыстағы бөлігі – арийлер мал бағумен айналысты. Олардың б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықта Кіндік Азия, Иран және Үндістанға баруын осы көшпенді малшылардың көшіп-қонуымен түсіндіре аламыз. Ол жазба деректерде сақталмағанымен, археологиялық қазбалардан жақсы көрінеді. Ондай көшіп-қонудың себептері әртүрлі: халықтың өсуі, тұрақты көшу арқылы алмастырылып тұрмағандықтан жайылымның тарылуы немесе құнарлы жерлер алуға ұмтылу. Б.д.д. III-II мыңжылдықтарда көшпенді малшаруашылығында: мал түрінің тиісті құрамы, малшаруашылығының экстенсивті формасы мен ұзақ қашықтыққа жүру тәжірибесі, сүтшаруашылығы, арбаны көлік ретінде пайдалану және атқа салт мініп жүру Шығыс Еуропа мен Ұлы далада қалыптасты. Оны Страбонның “Аравияда жылқы жоқ, олар жылқы орнына түйеге мінеді” дегенінен де көреміз (Strabo, XVI, 4, 2; XVI, 4, 26). “Түркі елі” немесе “Түркістан”ұғымы — б.д.д. II ғасырда ғұндардың шаньюйі (қыт. “Аспанның Ұлы Перзенті”) Мөде хан түркінің 24 тайпасын біріктіріп, мемлекет құрған кезде пайда болды. Сол тайпалардың көпшілігінің ізі бүгінгі қазақ ұлтын құрайтын руларда кездеседі. Демек, бүгінгі қазақ көне түркілердің тікелей ұрпағы. Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...” деп, Қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады 57. Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп, одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы “Халықтардың ұлы көші” кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның (”Гот-Алан“) атауы болған жаңа этникалық элемент құрды. Еуропадағы Бургунд ұлысының алғашқы топонимі алдымен түркілер тұрған Байкал қыраттарында кездеседі. Содан кейін олар Каспий теңізі маңында тұрған.

 

 

Түріктер

Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ

Тарихшы, шежіреші

 

Ескендір Зұлқарнайын тосқауыл жасап, әжүж, мәжүж (гог, магог) тайпалары іште, қалғаны сыртта қалып, өз жұртынан бөлініп, «тәрік» атанып, одан «түрік» деп аталады. «Тәрік» — «тастау», «қалдыру» мағынасындағы араб сөзі. «Түрік»деген этноним алғаш тарихта 545 жылы аталып, 582 жылы орнатылған Бұғұт ұстынында «түркі» сөзі этноним ретінде ойылып жазылады. 552 жылы Түрік тайпасы көшпенділер державасын құрады. «Ақсу тарихының ақиқаттары» зерттеу еңбегінде Е.Тұрсынбеков: «Біздің дәуірдің  V ғасырына қарай солтүстік Моңғолиядан бастап, Амударияға дейін «тирен» деген тайпа мекендеген. Осы тайпа кейін «түрік» деп аталған», — деп жазады. «Түрік» деген атау сөз жаңа дәуірдің V ғасырына дейін белгісіз болып келген. Қытайлар шығыс татарларын «тунг-ху» деп атапты. Бұл атау қарақытайларға тән келеді. Көшпелі халықты «татар» деп атаса керек. Қытайлық Мэн Тянь хан жарты миллион құлдармен ұлы қабырғаны салдырғанында, көшпелі халық солай аталыпты. Бұл ұлы қабырға Бумын (Тумань) шаньюйден қорғану үшін жасалады. Ұлы қабырға Мэн Тянь ханнан бұрын, 221 жылы таққа отырған, Цинь-Ши-Хуан-Ди салғыза бастаған. Бірақ, тарихта үлкен құрылыс, ұзындығы 5 мың шақырым, Мэн Тянь ханнан басталған делінеді.

 

Картинки по запросу түрік қағанаты

 

Ұлы Түрік қағанаты 550-569 жылдар аралығында Сары теңіз бен Қара теңіз арасында жатқан даланы біріктіріп, өздеріне қаратады. Одан оған Орта Азияны қосады. Соғдылармен келісімге келіп, сауданы өрбітеді.

 Байырғы замандағы Түркі қағанатына дейінгі ру-тайпалар: «Абдал (эфталы, ақ ғұн), ақатыр (акацир), аргиппей, ас (аз, яс, аш, иш, уз), алан, албан, ангерейон (қанғар), апасиак, апахтарк, аримасп, асана, бард (пард, парфы), би ((пи, пей, бей, бек), бұнтүрк, гелон, (йылан, жылан), ғұн (һұн, сиуңну), дағарма (дагар, тагар), даи, жужан (сусан), иирк (ийи еркек, ийиерк), ишгуз, қанғарас, қангүй (кангюй), қаспый (каспи), қатиар, қусан, (касан, қазан) күйше (кюше), киммер, коман, құйрық (куирк) қунақсалан, қуу кіжі (кижи), қуерік, массагет, мың (мин, мән), оноғұр, паралат, роқсолан, са, сармат, саға, сағадар, сағай, сақ, сақа, сақалыба (сақлаб), сеяньби, (сәнби), сынды, скиде (скиф, скит, искит), сколот, соғды (сугдак, согдак) суар, сумер (сэ) табғаш, табыр (тохар, тагар, дагар), тиссагет, тохри, траспи, тһаракос, турукһа, троя, тұсақа, уыд (уд, ас, үт), уну, усунь, фиссагет, қаңғар, хартеш, қуарас, қорасан, құнұғыр, сорпата, етрұс», — деп аталғанын М.Закиев «Происхождение тюрков и татар» кітабында келтіреді.

Түрік қағанаты 552-744 ж.ж. қайта жарыққа шығады. Жұңгоның (Қытай) жазба деректерінде: «Түркі тектес халықтыңең алғашқы өсіп-өнген жері Тянь-Шань тауы, көшпелі тайпалар», — делінеді. Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, Түрік қағанатын (империясын) құрған қыпшақ, он оқ (дула), қаңлы, түргеш, басмыл, қарлұқ, сегіз оғыз (найман), тоғыз оғыз (керей), арғу (арғын), қият, қай, кіші жүз рулары. Бұлар кейінде қазақ халқының этникалық ұйытқысы, мәйегі болады. Арғы аталар тегі туралы Қытайдың «Суй» кітабында:«Түріктің арғы атасыСо (Ся) деген Сиқай көлінің батыс жағы құбыласына қарай өз тайпасын қондырып, ерікті ел жасады. Көршілері күтпеген жерден шабуыл жасап, тірі қалдырмай бәрін қырды. Ойран-топан болған жұртта екі аяқ-қолы кесілген, он жастағы бір ғана бала қансырап, шалажансар тірі қалады. Түз тағысы жабайы қаншық қасқыр баланы бауырына алып, жарасын жалап емдеп, жазып, асырап, екеуі әуей болады. Елін шапқан жауы баланың тірі екенін біліп, қол-аяғы жоқ, шамасыз оны үңгірден іздеп тауып өлтіреді. Ұлдан жүкті болған қаншық қасқыр Тұран теріскейіндегі Алтайдың тау қойнауына барып тығылып, сондағы бір үңгірде он ер бала туады. Сол ұлдар ұрпағы өсе келе бір рулы ел болып, Ашина дегені ақыл-парасат қабылетімен дараланып, ру басшысы атанып, ордасының алдына қасқырдың басы бейнеленген байрақ іліп қойған еді», — делінеді. Мұндағы «со (ся)» деп аталған елді қытай тарихшылары «таңғыт» десе, басқалары «сақ» деп атайды.

Дегенмен Шыңғыс хан Қытайды алмас бұрын 1205, 1207 жылдары шабуылдар жасап, 1209—1210 жылдары Си-Ся мемлекетін соғыспен алғаны тарихта жазылған. Ол мемлекет моңғолша Қашын деп аталған. Сонда Ся мемлекетін күйреткен Шыңғыс хан болды. С.Әбушәріптің пікірінше қол-аяғы жоқ бала Юэчжидің Тохар тайпасынан шыққан. Екінші аты қидарлар, оны батпаққа тастаған, одан жүкті қаншық қасқыр Алтай тауында жасырынып, он ұл табады. Ұрпағы өсе келе түркі тайпасына айналады. Асянь-ше Жужан ханына бағынады. Сосоң оны жеңеді. «Тайны тысячелетий тюркского мира» кітабында Қанат Серікбаев: «Қасқырдан туған он ұл баланың ұрпақтары Тұрпанда (Шығыс Түркістан) 460 жыл өмір сүрген. Олардың бәрі тұрпандық қыздарға үйленген. Бара Ашина дегені көсем болып, ру атауына өз есімін беріп, үңгірлерден шыққан соң Алтай тауына орнығып, онда оларды «түрік»деп атаған», — деп жазады. Яғни, мөлшермен 460 жыл өткен соң бұрынғы ғұндар оғыз тайпасын жеңіп, өздерінің ата мекені, қазіргі Моңғолия жеріне оралған болды. Онда олар жуань-жуаньдарды (жужан) талқандап, өздері «Түрік» деп аталады. Жуань-жуаньдар батысқа және Манчжурия, Қытай, Корей жерлеріне қашып тынады. Батысқа қашқандары «авар» деп аталып, бара Дунайда өз мемлекетін құрады.

 

 «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресінде» Шаһкерім Құдайбердіұлы: «Ең ескі заманда Алтайдағы түріктер күнбатыс жаққа бара берген. Сол түріктің Со деген халқы Ғайса пайғамбардан 200 жылдай бұрын Алатаудың күнбатысында жүрген. Оларды юэчжилер орнынан қуып одан бетер күнбатысқа көшірген», — деп жазады. Сол кездегі Қытайдың елшісі Жан-Ұсан: «Ғайса пайғамбардан 130 жыл бұрын Со халқының бір тобы 120 мың үй қаңгюларды көрдім», — деп жазады.

 

Түріктердің басқару жүйесі оң, сол, орта болып жіктеледі. Сол қанат – төлес, оң қанат – тардуш, ортасы – ішірекі (ішкілік) деп аталыпты. Сонымен қатар мемлекет 12 аймаққа бөлініп, олар: боз аймақ (бозоқ, бозғыл, бозым), көк аймақ (гөклен, көктің ұлы), қызыл аймақ (қызылер, қызыл, қызылқұрт), ала аймақ (алакшын, алақұс, алаша), кер аймақ деп жіктеліпті.

 VІІ ғасырдағы Суй ұлысының жылнамасында: «Асиәншы 500 үйелменді Алтын (Галдун-Бұрқан) тауының «дулығаға» ұқсас жеріне апарып орнықтырады. Басқа жұрт оларды орныққан таудың нұқсанына қарай «тукю» деп атайды», — деп жазады. П.Пельо «ту-кю» сөзін «түрк-ют» деп сәтті аударыпты. А.Н.Кононовтың пікірінше жинақтауыш ат, кейін тайпалар бірлестігінің этникалық атауына айналған. «Тукю (туркют)» қытай тілінен тәржімеленгенде мәні «дулыға». Сол сөз ел атауына айналады. Түріктің ұрпағы Елжанды қасқыр емізіп, құстар ет әкеліп асырағандықтан қасиетті саналып, лақап есімімен «Ашына құслұн» деп атайды. «Көк түріктер» кітабында Л.Гумилев:«Тобалар 439 жылы солтүстік Қытайды бағындырған кезде, олардан жеңілген тайпалардың ішінде бес жүз шаңырақ Ашин руы бар еді. Осы бес жүз шаңырақ Қытайдың Шэньси батыс бөлегін мекен еткен әртүрлі рулардың қосындысынан шыққан болатын. Ашин Хэсилар ғұн князі Муганға бағынып тұрған. 439 жылы ғұндарды жеңіп, Хэсиді Вэй империясына қосып алған кезде, Асянь-ше бес жүз үймен жужандарға қашып барады да, Алтай тауының күнгей бетіне қоныстанып, жужандарға темір өндіріп беріп тұрады», — деп жазады. «Ашин – қасқыр, бөрі» деген сөз. Моңғолша «чино», қытай тілінде алдына «А» құрметтеу префиксі қосылады. Яғни, «дегдар бөрі», «ала қасқырдың баласы» дегенді білдіреді.

 

Картинки по запросу түркілер

 

Үйсіндер мен түркілердің ел билеушілерінің есімдері аңыз бен шежірелерде көбіне сәйкес келеді. Осының мәні анықталып, әлі ашылған жоқ. Көне Қытай иероглифтерінде «А» дыбысы болмауынан, ол таңбаланбаған. Сонда «Ашино» – «шино», одан «ушин», одан «ушун», одан «усұн» деп аталды деген тұжырымдар да айтылады. Яғни, қазіргі қолданыстағы ел атауы «үйсін» сөзі «ашино» атауынан шыққан дегенге әкелінеді. Бірақ, қытай тілінде «усұн» деп жазылады. «У» дегені — «қара», ал «сұн» — «ұрпақ», «немере» деген ұғым. Сонда «усұн» сөзінің мағынасы «қара ұрпақ» болады. Қытайдың тарихын қотарып жазған «Үйсін» туралы тарауында Н.Бичурин: «4200—4300 жылдай бұрын Қытайда бір мемлекет талқандалып, дұшпандар патшасын өлтірген соң, патшаның жалғыз ұлы қашып солтүстікке, көшпенділерге барады. Көшпенділерге жағып, сол елдің қызына үйленіп, сол елдің адамы болып кетеді. Үйсін деп аталып, елді біріктірген», — деп жазады. Жазушы Әкім Тарази Бичуриннің кітаптарын талдап, сына сөздер енгізіп, Ашина руын Үйсін қылады. Яғни, түркілердің бәрі бұрынғы үйсіндер болып шығады. Ергенеқон атауындағы «қон» сөзін «кен» деген қазақ сөзі дейді. Жужанды жеңген ашиналықтарға «сіздер кімсіз» дегенде, «көктұрықпыз (көк тұрғынымыз)» деп жауап береді. Ашина тайпасын басқарған Бумынды Бумын Естеми деп атайды. Естеми деп жүргеніміз Арыстан батыр, елбасы. «Ми» дегенді «би» деп оқиды. Бұдан 3-4 мың жыл бұрын елбасы «би» деп аталғаны рас. Ендеше Есте би деп айтылуы тиіс қой? Неге Арыстан? Әмбе, Естеми Бумын қағанның ағасы болады. Арыстан жужанды жеңіп, Қытай провинцияларын талқандап, бір жыл ішінде бүкіл Орта Азия мен Персияны басып өтіп, Византияның Константинополь (Ыстанбұл) қаласынан табылады. Сонда қайтыс болады. Орнына қара Қазақ  деген ұлы таққа отырады. Қара Қазақты өз бауырлары у беріп өлтіреді. Бумынның Қара атты ұлы болғанын тарих айтады. Ал Қазақты қайдан алды? Қазақтың орнын Арыстанның құрд нәсілді әйелінен туған ұлы Тұрықмен алады. Оны «қан бұзады» деп ақсақалдар өлтіреді. Сонымен «көктұрық» сөзі қысқара «тұрық», одан «түрік» болып дыбыстық жағынан өзгереді. Көктұрықтар 200-250 жылдай өмір сүреді. Осы жылдарда елді 214 хандар басқарған. Ал Үйсіндер қытай жиендері екені дау туғызбайды. Қалғаны бұрмалау мен шатыс. «Татары» кітабында Э.Паркер:«Естеми Бумын қағанның ағасы. Қытайлар Шидяньми немесе Сэтими, гректер Стембес, Дизавул (Зимарха), Сильзибул (Менандра) деп атаған. Бумын тағын мұрагері Қара 552 жылы алды. Одан соң таққа Бумынның бауыры Қары Жегін, одан кейін Мұқан (Мухан) каған (552-573 ж.ж) және Далобянның әкесі ие болды. Далобянь Муюйдың ұлы. Мұқан қаған Бумын қағанның немересі, Естемидің ұлы. Мұқанның тағына Таспор (Тобо) 573 жылы отырады. Оның орнын Қары Иссық ханның ұлы Шет (Шаболио) 581 жылы таққа отырады. Ышбара хан деп аталған. Таспардың ұлы Амрақ (Або хан) екінші қаған атанып, Толы өзені бойын жайлайды. Ышпара қаған 587 жылы өмірден озып, немересі Дулянь (Юн-Юйлюй) қаған болады. Дулянь Қытайға еліктеп, жақын тартады. Дулянның Суй императорынан  «цзиминь» деген дәреже алады. 599 жылы Дулянның орнына ұлы Дуж (Шиби қаған) таққа отырады. Ол өлген соң оның ағасы «чуло» дәрежесімен Чуло хан деп аталып, таққа келеді. Ол аяқ асты мерт болып, орнына бауыры Дуби болады.  Ол Кат Иль-хан деп аталады. Қытай алмақ болады. 622 жылы жұт болып, қытай ашаршылыққа ұрынып, Кат Иль-хан елінен жылқы алады. Келісім бұзылып, Қытайдың бір мұрагері жекпе-жекке Кат Иль-ханды шақырады. Кат Иль-хан 1 мың қолмен Қытайды жаулауға шығып, айлалы Қытай мұрагерінен жеңіліс табады. Кат Иль-ханды тағынан қасындағылар аластайды. Ел жан-жаққа ыдырайды. Кат Иль-хан қол жинап, Қытайға қарсы шыққанымен түк істемей, өзі 628 жылы тұтқынға түседі. Жабайы деген атпен 634 жылы қайтыс болады. Немересі Дулянь қаған тағына отырады. Дулянь 29 жасында, 631 жылы Қытайға барған сапарында өледі. Ұлы Гологур таққа отырады. Дулянның ұлымен бірлесіп, Қытай император ордасын шабады. Ұсталып, ел мен жерден аласталады. Бұдан соң елді Білге қаған жинап біріктіреді», — деп жазады.

Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштеріндегі» түрік бітігі зерттеулерінде таңбаларды (әріпті) «ашина – аталық бастау», «ашидэ – аналық бастау» деп екі топқа жіктеп, лингвистикалық әдістемеге сүйене бөледі. Ашина «бөрі байрақты» дегенге саяды. «Бөрі-ана» деген мағынаны ұқтырады. Күлтегіннің тас кітап ескерткішінде бөрінің (қасқырдың) бернесі толық салынып, бауырында екі қол, екі аяғы кесіліп жатқан бала да бейнеленіпті. Ол стелланың көшірмесі Астанадағы Евроазия университетінде тұр. Шежірелерде Ашинадан таралған ұрпақтар «хан әулеті» саналады. Мысалы: 581 жылы Суй патшалығының патшасы Уинди өз елшісі Июан Жуңды бөрі басы бернеленген ту көтертіп, Үбірге (Аратүрікке) жіберген. Жеті тілді меңгеріп, Қытайда жеті жыл оқып келген дана Тонуқұққа «қаған» бол дегенде, ол: «Жоқ! Мен аналық – Ашиде руынан шықтым. Ата салты бойынша қаған болу аталық – Ашина (Асиәншы) руынан шыққандардың жолы», — деп жауап беріпті. Тарих зерттеуші Ю.Зуев «ашидэ» деген қытай тіліндегі атауды «аштак» тұлғасына келтіре талдап, «аштактар» шығыс парсы тайпасы болуы мүмкін деген болжам жасайды. Тарих зерттеуші М.Уатқан түрік тілдерінің өзгеру заңдылығыңа сүйеніп, «аштак» сөзін «ацтек», «астек», «айтек» деген тұлғалы түрлерге ауыстырады. Астектер Беринг бұғазы арқылы Азиядан осыдан 12-15 мың жыл бұрын ауып кеткен халық екенін әдебиет негіздеріне сүйеніп білеміз. Мифолог-ғалым Серікбол Қондыбай «Ежелгі түрік мифологиясы» еңбегінде астектердің мезгіл-жасын сол межеге апарып тірейді.

 Негізінде адам баласы қаншық қасқыр жыртқыштан жаратылуы мүмкін емес. Аталған аңның қасиетін бағалап, соларға ұқсауға тырысу, тотем ретінде қабылдауы мүмкін. Ол жыртқыштың өте сақтығы, ақылдылығы, батылдылығы, еркінділігі, еш жанға бағынбай шексіз кеңістіктерді кезуі, түркі текті көшпенді халықтың өмір сүргеніне сап келеді. Сондықтан, түркі текті халықтың бастапқы тотемі «бөрі» десек, жөнге саяды. Бірақ, «аңызды – ес, сана, зере» деп халық бекер айтпаса керек, әр аңызда татымды шындықтың бір негізі жатады. Мысалға: Уыз хан мен ұлық Түріктің жолбасшы қасқыр бөрісі болғаны «Оғызнамада» жазылған. Түріктер шығуы туралы тарихи жазбалы екі аңыз бар. Біріншісінде қасқыр немесе бөріден шығады. Екінші аңызда түріктерді жергілікті Со руынан және қаншық қасқырдан шығарады. Аңызға қарағанда Со руы өздерінің есерлігінен қаза табады. Тек қаншық қасқырдың төрт немересі ғана тірі қалады. Олардың біріншісі аққуға айналады. Екіншісі Цигу деген атпен Абу және Гянь өзендерінің арасын барып мекендейді. Үшінші мен төртінші немерелері – оңтүстік Алтайдағы Чуса өзені жағасына қоныстанады. Бұл аңызды Н.А.Аристов «Тюку» жазба еңбегінде жақсылап тарқата түсіндіреді. Аңыздағы Со руын куман тайпасының Со руымен салыстырады. Бірінші немерені – Ку-кісі (Ку-кижи) тайпасымен, екіншісін Абу (Абакан) және Енесей (Гэн-Кем) арасында тұратын қырғыздармен байланыстырады. Бірінші аңыздағы Асианшы (Ашино) үлкен ұлдың немересі дейді. Қос аңыз осы жерден келіп тоғысады. Сол еңбекте Н.Бичурин: «Ел (Или) хан Жужан хандығының елшілерінің басын шауып өлтіріп, оларға қарсы соғысқа аттанып жеңеді. Ел хан өлген соң, таққа оның інісі Ай хан отырады. Ол жужандарды тас-талқан етіп, одан көп ұзамай өледі. Орнына Муган (Цзушу) таққа отырады. Тарихшылар 439 жылы Муганды Вэй император әулеті өлтіріп, Муган қарамағындағы 500 үйелмен жужандарға қашып барып, Алтай тауының оңтүстік жағына орнығып, оларға темір шығарады. Осы келгендер орныққан тау сүрлеуі дулығаға ұқсас болғандықтан өздерін «тукю» деп атайды. Бұлардың арғы тегі билікті үзбеген Со руынан шыққан. Со руы ғұндардың солтүстігінде тұрған. Со руының басшысы Апанбу деп аталады. Ол 70 ағайынды болған. Біріншісі Ичжини-Нишыду деп аталғаны қасқырдан туған. Нишыду жел жаңбырды игерген әулие болған. Ол екі әйел алған. Бірі жаз рухының қызы, екіншісі қыс рухының қызы. Бірінші әйелі төрт ұл туып, оның бірі Ыбылысқа (Сайтанға) айналады. Екінші ұлы Афу мен Гянь аралығын билеп, Цигу деп аталады. Үшінші ұлы Чуси өзенінің аймағын билесе, ең үлкен ұлы Надулуше Басычу-сиши тауында тұрып, сол аймақты билейді. Осы тауда Апанбу ұрпақтары тұрады. Ол таудың ауа-райы өте суық болатын. Ел билеген Нишыдудың үлкен ұлы Надулуше от жағып, жылу шығарып, елді суыққа үсітпей, аман құтқарады. Осы елді құтқарған салдардан Надулушені Тукю (Түрік) деп көпшілік атап, қарамағындағы ел де түркілер деп аталады. Надулушенің он әйелі болып, оның барлық ұлдары әйелдерінің есімімен аталады. Надулуше орнына хан таққа, басқа бақталас ағаларын биік ағаштан секіруден жеңіп шыққан, оның кенже ұлы Ахянь-ше (Асияншы) отырады. Бумын қаған билеген кезде ел аймағы ұлғайып кенейген», — деп жазады.

 Қазақта «ата жұрт», «ана жұрт» деген екі пайымды ұғым бар. Қазақтар табиғаты қатал жерлерді, Сары-Арқаның иен тегін жазық даласын, Қазақстанның таулы, жота-төбелі қыратты жерлерін «ата жұрт» десе, табиғаты жұмсақ, аң, құс, жеміске бай оңтүстікті, әсіресе Жиделі-Байсынды «ана жұрт» деп есептейді. Ендеше, ақыл-парасатты Нишудудың анасы оңтүстік «ана жұрттан» босқанда немесе басқа да жағдаймен, оны таса көзден қасқыр бөрісі қорғап, ол «ата жұртқа» келіп, ұрпақтарын сонда өсірді десек жөн келеді. Нишыду өмірде болған тұлға. Оны қасқырдан туды деу, кесепат жасағандыққа тән. Нишыдудың қорғанышы қасқыр немесе киесі қасқыр болған десек, сонда оңды болады.

 Шыңғыс ханның ататек тарауында Қиян, Нұрын (Нирун, Нукуз) деген аталар есімі аталады. Осы Нукуз атауы латынша Текун деп жазылады. Сонда қытайлар осы Текун деген есімді Тю-ку деп атамасына кім кепіл бола алады. Өйткені, аталар шежіресінде қазақтың Қиян-Текуннан шығатыныкелтіріледі.Шыңғыс ханның арғы шыққан тегі түркі екенін көп ғалымдар мойындаған. 1045 жылы парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосрсов барлық түріктерді қыпшақ, ал Алтайдан Еділге дейін жерлерді Дешт-и-Қыпшақ деп атайды. 1055 жылы қыпшақтар Русь шекарасына жақын орнығып, көшіп жүреді. Оларды орыстар «половцы», ал көшіп-жүрген даласын «Половец даласы» деп атапты.

 

 Қазақ ССР ғылым академиясынан 1967 жылы шыққан, құрастырушысы Қадырқожа Аманкелдиев, шежіре еңбекте: «Нұқтың ұлы Самнанжеті ұлды тарата келе, жетіншісі Тарақтан Азар, одан Ибраһим пайғамбар, одан Ысқақ, Смағұл, ал Ысқақтан Түрік», — деп жазады. Тарих көздерінің деректеріне сүйеніп, Түріктің ұрпағы Содан Апанбу, одан он жеті ұл, бірі – Нишиду, одан Надулеше, одан тағы бір ұл, мысалы Ашина делінсе, одан Асиәншы (Ахянь-ше) деп таратса дұрыстық болар еді. Со (Сэ) түріктерін кейде «сумер (суар)» деп тарихта атайды. Ол туралы М.Закиев «Происхождение тюрков и татар» кітабында жазады.

 Қытайдың Хан патшалығы тарихының «Жан чиаң өмірбаяны» тарауында: «Ғұндардың айтуында үйсіннің Нәнді күнмуін ұлы иозылар өлтіріп, оның жас нәрестесін туысы, ұлыс бегі Боже Оңқа қалың шөптің арасына апарып тастап кетеді. Ашығып жатқан жас нәрестені көкбөрі келіп емізіп, құстар шыбынын қорып, ет әкеп беріп асырайды. Көріп-білген ғұндар баланы «киелі» деп, ғұндардың Мөде чанүй тәңірқұты асырап алып, ер жеткізеді. Ержеткен балаға ғұндардың Мөде чанүй тәңірқұты ұлы иозылар шапқандағы бытыраған елін жинап, билігін өзіне қоса беріп, сонымен қатар батыс өңірдегі қалаларды қорғауды жүктеп міндеттеген», — делінеді. Ержеткен баланың есімін бытырап жиналған үйсіндер Елжау (Лежиауми) күнму, қазақ шежіресінде Елжан би деп аталады. Мөде чәниүйдің Хан патшасы Вын-диге ж.ж.с. дейінгі 176 жылы жазған хаты сақталған. Ал сиуңнулардың усұндарды бағындыруы осыдан бір жыл бұрын болған. Сонда Ұлы иозылардың (Ұлы жыужылардың) шапқыншылық жасап Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып алғаны шындық. Нәнді бидің халқы сиуңнуларға келіп паналаған. Елжау күнмуды ғұндар тәңірқұты асырап алғанына, көкбөрі емізіп, құстар ет әкеп беруіне байланысты Ашина (Ашына) құслұн деп атайды. Тарих деректерінде: «Елжау күнмуден он ұл. Ашинадан он екі ұл тараған», — делінеді. Батыс Түрік қағандығы дерегінде: «Түркештердің көсемі Ожелі (Огелы, Учжилэ) алғашқы кезде Ашына құслұның қол астындағы «баға тархан (мемлекеттік кеңесші)» еді. Ашына құслұның жөнсіз озбырлығынан Түркеш қауымы майталман Ожелі төңірегіне топталды. Амалы қаусаған Ашына құслұн Чаң-анге кетті. Бұрын оған қараған жер мен ел Ожеліге (Учжилеге) қарап қалды. Ожелі өзіне қарасты елді, әр қайсысы жеті мың тұрғыннан тұратын, жиырма аймаққа бөлді. Өзі Шу өзенінің батыс солтүстігінде қалды», — деп жазады.

Ашина атауы, мәні туралы пікірлер жетерлік. Бірі «ашына» десе, бірі «асана» деп болжайды. Түрік сөздігінде М.Қашқари «ашынұ», «ашнұ» — «алғашқы», «бұрынғы», «ілгергі», «әуелгі» деген мағына береді. Ашына сөз атауы түріктердің Хылуға қағаны тұсында оның есіміне қосылып, Қытай тарихында «Ашына-Хылуға» деп аталады. Әлікей Марғұлан: «Бұрыңғы ертегілерде ғұндарды басқарған Аруг-Шенэ – «қайырымды бөрі» есімді басшы болған, ол қытайша Ашина деп аталған», — дейді.  Бірінші Шығыс Түрік қағанаты «Ашынұ түрктер» деп аталыпты. Яғни, «бұрынғы түріктер» дегенге саяды. «Дулыға» кітабінің «Түркі дәуірі» бөлімінде Ашинадан бұрын түркі елін басқарған тәңірқұттарды Тұрсын Жұртбай: «Қоқан, Таңшықай, Тұйғын хан, Жабағы», — деп атап, олардың ғұмырнамасын әфсаналар бойынша ашады.

 Ашинадан кейін Түркі үйін Асян шад (Ахянь шад) басқарады. Нодулу шадтың немересі Туву (Тулу), ол «ұлы Иеху» деп аталады. Тувудан «ел қағаны» деп аталған Бумын тарайды. Бумын қағанды орыс тарихшылары Или хан Тумын деп жазады. Яғни, Бумын – Елхан (Ильхан) деп аталады. Қытайдың «Ган-Му» кітабында Бумынның есімі «Іле (Или) хан» деп жазылады. Бай әулеті билік құрып тұрған кезде, оның патшасы Уын-Ди 535 жылы түріктерге елші етіп Ән-Жаһангер деген адамды Чжу-Чань деген қаладан жібереді. Сонда түріктерді билеп тұрған кісінің есімі Тумын. Тумын 545 жылы Алтайды мекендеген теле (терек) тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам әскерін тұтқындап, өзіне қаратады. Осы жылы Тумын қаған Қытай империясымен қарым-қатынас орнатып, Түрік мемлекетін баршаға ұлықтайды. 547 жылы Тумын мен Істеми екеуі он ру одақтастығын құрып, мемлекет жасайды. 552 жылы көктемде Тумын өздерінің билеушісі Жыужәндарға қарсы шығып, оларды жеңіп, Елхания (Иен тегін ел) атты түрік мемлекетін кемеліне келтіріп, иелігі Ұлы (Тұнық) мұхиттан Қара теңізге дейін ұласып, Жетісу жері де құрамына кіріп, орталығы Суяб қаласы болыпты.

Тумын саясатқа мықты, айлакер адам болыпты. Ол әскерімен 551 жылы көршілес жужандарды талқандап, даңқын асырады. Тарихшылар осы Тумын қаған құрған мемлекетті «Түрік қағанаты» дейді. Тумын қаған 553 жылы наурыз айында қаза болғаннан кейін, оның орнына інісі Или қаған болып отырады. Ол билік еткен жылдары Орхонның жоғары жағындағы Бухрат-Мула тауларында жу-жуды (аварларды) екінші рет ойсырата түркілер жеңіпті. Н.Бичурин: «Тумын қағаннан кейін таққа Қара хан отырды. Оның өз аты Есугей, Ес аға еді. Ес аға — өз аты, қара хан – дәрежесі», — дейді. Бұл хан туралы басқа мәліметтер шамалы. Тек ендігі жерде ханның балалары «төре» деп аталады. Или қаған ауырып қайтыс болып, орнына інісі Сыжин (Мұқан) қаған болып отырады. Бір деректе Бумын қағаннан кейін Қыло Исижи таққа отырып, ол інісі Мұқанды қаған етті делінеді. Н.Бичурин Или қағаннан кейін Ай қаған болды деп жазады. Ай хан жужандарды билегені туралы қытай тарихында жазылады. Ай ханды Ес аға соғыспен жеңеді. Ес ағадан кейін таққа ағасы Бұйрық Қырғи хан билікке келеді. Оның Жанту деген қосымша есімі болыпты. Ол құтан мен шигуларды өзіне бағындырып, Бай, Си әулеттерімен тепе-тең түсіпті. 569 жылы Қырғи дүниеден өтіп, таққа Төбө хан келеді. 581 жылы Төбө хан өліп, таққа ақсақалдар Жолтайды отырғызады. Ол өз еркімен тақтан бас тартып, ақсақалдар таққа Қырғи ханның ұлы Нартайды отырғызады. Оның аш бөрідей жауға қатты тиісетініне байланысты Ашбөрі деп атайды. Ол ордасын Датан (Қалқа) тауының етегіне тігіпті. 587 жылы Ашбөрі хан өлген соң, орнына Жебе Тегін хан таққа отырады. Ган-Му кітабында Жебе Тегін хан 588 жылы дүниеден озғаны көрсетіледі. Ақсақалдар жиналып оның ұлы Жоланайды таққа отырғызады. Оған Тұран хан деген дәреже және діни ұғымдағы Көкен атауы беріледі. Тұран ханды өз жігіттері өлтіреді. Орнына Бөкен Тату деген отырады. Қытайлар оған қарсы інісі Төлені (Кенже) қарсы қойып, билік сонын қолына өтеді. 609 жылы Төле қайтыс болып, орнына Алтын Жебе Дулат хан болады. Ол ауырып өліп, Сыпатай жәді інісі таққа отырады. Ол Жолай хан дәремен деп аталады. Суық тиіп ауырып, қытай әйелі дәрі берсе де оңалмай, қайтыс болады. Орнына Төбей деген інісі отырады. Ақсақалдар оған Құт киелі Шымыр хан деген дәреже береді. 634 жылы ол дүниеден озады. Қытай императоры ғұндарды Ордос аймағының орталығы Шо-Фань қаласының маңайында ұстау үшін Шунь-Чжеу, Ю-Чжеу, Хуа-Чжеу, Чан-Чжеу деген төрт шағын билікке бөледі. Түрік қағанаты екіге жіктелгенінде шығыс Түрік қағанаты Орталық Азияда, ал батыс Түрік қағанаты Орта Азияда құрылады. Шығыс Түрік қағанаты Чеби қаған билеген 644-647 жылдары ұсақ ұлыстарға жіктеліп, оларды Қытай оп-оңай қарамағына қаратып алып, өз иелік шекараларын қорғауға пайдаланады.

Тумынның Күл қаған деген ұлы алпыс жыл әкесі құрған мемлекетті басқарғаны тарихта аталады. 

Тумын қағаннан Сыжин (Мұқан) (559-572 ж.ж.) қаған тарайды. Мұқан қаған көршілес жужан, татабы, қидандарды түгел бас идіртіп, Орталық Азия мен Орта Азияға билігін жүргізіп, 563-567 жылдары қидан, қырғыз, эфталиттерді бағындырады. Мұқан қағанға Қытайдың солтүстік Ци мен Чжоу хандықтары өтем-салық төлеп тұрады. Мұқан қаған билік жүргізген кезде Түрік қағандығы күшейіп, шығыста Лиаухай теңізінің батыс жағалауынан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі 10 мың шақырымдық өңір, оңтүстікте Гоби шөлінің солтүстігінен бастап, солтүстікте Байқал көліне дейінгі 5-6 мың шақырымдық жерлер түгелімен Түрік қағанатына бағынады. Мұқан қаған «жеңімпаз (иән-ду)» деп аталады. Мұқан қаған әкесінің орнына баласы таққа отыратын дәстүрді бұзып, ағаның тағына іні отыратын салтты енгізеді.

 Мұқан қағаннан кейін оның інісі Таспар (572—581ж.ж.) қаған болады. Ол шығысты жеңіп игереді. Одан сақталып қалған, көне соғды және брахми жазуымен жазылған құлпытас бұғыт ескерткіші Моңғолия жерінен табылғаны бар. Қытайдың Жыу мен Чи империясы Таспар қағанға бодан болады. Оларды Таспар қаған «оңтүстіктегі екі ұлым» деп атапты. Ол бодандық Таң империясы дәуірлегенге дейін жалғасыпты. Қытайлар Таспар қағанды «Тобо қаған» деп атапты. Таспар қаған сауда жолдарының басым көпшілігін басып алып, еліне үлкен керуендік жол ашады. Таспар қағанның інілері мен балалары Хинган мен Кубань аралығындағы ел мен жұртты басқарады. Таспар өлер алдында баласы Амраққа (Ианлоға) тақты ағасы Төременге (Далабиоға) беруді өсиеттепті. Өсиеті орындалмапты.

 Істеми жабғудың ұлы Ниетудің араласуымен Амрақ таққа отырады. Енді шатақты қаған болмай қалған Төремен бастағанында, Амрақ билікті Ниетуге беріп тынады. Ниету Қытай тарихында Шаболо қаған деген атпен аталады. Ол Төремені ішке тартып, оған Або хан деген атау беріп, баяғы Таспар қаған билеген иелікті басқаруға жібереді. Шаболо Істемидің баласы Датыуға, оның жаулап алған батыстағы елдерді басқартып, «Тардуш қаған» деген ат тағады. Амрақты да ескерусіз қалдырмай үшінші қаған деп атап, Толы өзенінің бойын соның иелігіне береді. Шаболо Қытайдың Сүй империясына көз алартып, әскерімен Сүй империясын тас-талқан қылады. Бірақ, Сүй империясы Або қаған мен Тән ханның (Түріксафтың) әскерлерін ойсыратып кетеді. Сүй империясының жансызы Чаң Сүң-шын садақ тарту өнерімен түріктерді таң қалдырып, ішке еніп, ақыры олар туралы мәліметтерді Қытай императоры Він-диге астыртын жолдап отырады. Ол түріктер арасына іріткі салып, бір-біріне қарсы қойып, ыдыратып тынады. Түріктер жаулап алған Сүй империясының жерлері өздеріне кері қайтады. Аңшылықтан ауырып келіп Шаболо 587 жылы қайтыс болады. Орнына інісі Чулохыу Шаболоның баласы Оңұлықтың рұқсатымен отырады. Ол «Иеху (Мохы) қаған» деп аталады. Иеху қаған Датыумен жауласып, оған қарсы аттанып, бір жауынгер оғынан қаза табады. Орнына Шаболоның ұлы Оңұлық таққа отырады. Ол «Дулән қаған» деп аталып, Датыумен бірігіп, Сүй империясына қарсы шығады. Сатқындар көбейіп, олар жеңіске жете алмайды. Дулән қағанды шатырында ұйықтап жатқанында өлтіріп кетеді. Датыу бүкіл түріктердің дара билеушісі болып қалады. Ол «Батыр қаған» деп аталады. Ол ел тұтастығын сақтай алмай, Жанғар дегеннің жансыздары елді бұлдірумен болады. Теле тайпалары бөлініп шығып, түрік қағанына ашық қарсылық білдіреді. Көтерісшілер Селенгіден бастап, Аспан тауға дейінгі жерлерді қожалық етеді.

 Дакпыртқа желіккен көтерісшілер Батыс Түрік қағанатына әсерін тигізеді. Олар Нили қағанды өлтіреді. Нили қағанның інісі Тун жабғы бас сауғалап қашады. Екінші інісі Басы тегін Сүй империясына бодан болып беріліп, елін сақтап қалмақ болады. Үміті ақталмайды. Батыс Түрік қағанатының тағына Нили қағанның жас ұлы Таман уақытша иелік етіп отырады. Датыу қаған бас сауғалап Тогон хандығына қашып, қартайғанында шалғайда көз жұмыпты. Датыудың өлімі сатқын Шаболоұлы Жанғарға жол ашып, ол Қытайлардың көмегімен мұрагер ретінде қаған болады. Жанғар өзіне бағынған елді қытайландырып, Сүй империясына бодан қылады. Жанғар өлгеннен кейін оның ұлы Дуги «Шиби қаған» деген атпен қаған болады. Ол әкесіне кереғар, әділ, адал, батыл болып, басқарған елін Қытайға тәуелділік шеңгелінен босатуға күш салып, Түрік қағанатын қайта дәуірлетеді. Ол дәуірлеу ұзаққа бармайды. Шиби қаған өлген соң таққа отырған қағандар, әсіресе Сыли-би қаған тұсында ел жарты ғасыр Қытайлардың Таң империясына тәуелді бодан болып қалады. Бұл бодандық Құтылығ қаған тақ басына келгенінше түрік елінің мойынынан түспейді. 

 Мұқан қағанның тағы бір ұлы Тобық (Хелу) қаған, одан Құтлық (Елтеріс) қаған, ол Алатаудан асып Алтай түріктерімен соғысып, одан Мауреннахрға өтіп, Самарқан, Бұхараны алып, Амудариядан асып Иранға жетіп, кері оралып, шүршіттерді соғыссыз жеңіп, татарларға шабуыл жасайды. Одан үріккен татарлар екіге бөлініп, бірі Шынға көшіп бас сауғалап, екіншілері Орал тауынан асып, Еділ бойына кетеді. Арабтар «хазар», түріктер «қыпшақ» деп жүргендері, сол татарлар ұрпақтары дейді тарихшылар.

 «Тува тарихы» кітабында: «572 жылы қайтыс болған Мұқан қағанның орнына кіші інісі Тобо қаған болды. Ол үлкен иелік жерді «шығыс» және «батыс» деп екіге бөліп, оларды «телес» пен «тардуш» деп атады. Басқаруға «хан» мен «шехуды» қойып, оларды қағанға бағынатын қылады. Хан мен шехудің қол астына қарайтын әскер басшылары «шад» деп аталады. Тобо қаған шығыс аймағының әскер басшысы қылып өзінің Шету атты ұлын, ал батыс аймағына өзінің кіші інісі Пули дегенді тағайындады», — деп жазады. Шету көп ұзамай қайтыс болған соң, орнына өз ұлы Бөріханды тағайындалады.

 568 жыл ішінде Түркі қағанаты төрт аймаққа, ал 576 жылы сегіз аймаққа бөлінген деген деректер айтылады. Түркі қағанаты тарихында: «И.Чин ханша айтулы әмеңгер әйел болған. Бұрын Ямын (Бумын) қағанға, сосоң оның ұлы Ішсы қағанға, артынан інісі Қара қағанға, соңында Қара қағанның інісі Білгі қағанға хотұн болған», — делінеді.

 Тумынның інісі, өте ақылды Істемән (Істеми) түркі әскерлерінің қолбасшысы, оның қол астына қараған 10 шад басқарған 100 мың әскер болып, өзі бас уәзір (жабғы) саналып, Жоңғария, Жетісу, Сырдария алабын өз билігіне қаратып бағындырыпты. 555 жылы Ташкент (Шаш) қаласын алып, ары Арал теңізіне дейін жетіп, 563-567 жылдары Орта Азиядағы Эфталиттер мемлекетін және керделілерді талқандапты. Істемән қолбасшы 576 жылы қайтыс болады. Істемиді Қ.Салғарин Бірінші Шығыс Түрік қағанатының үшінші қағаны Мұқан қаған болуы әбден мүмкін дейді. Істемәннің ұлдары Шора қаған, Дарту қаған, Шыданай тегін. Істіми жабғу өлгеннен кейін, түркі тайпалары арасында тақ үшін қырқыс басталып, нәтижесінде Түркі қағанаты батыс пен шығыс деген екі қағандыққа бөлінеді.

 611 жылы Шора қаған Суй патшалығынан «хаса қаған» деген атақ алады. Сол патшалықтың ханшасы Шын Иді дегенді оған қосады.

 Істімәннің баласы Данже, «Дарту (Тарту)» деп аталған, қаған болып, батыс Түрікті басқарады. Хан тағына отырарында Қаблан ханның ұлы Білге қаған (Бағлан хан):«Құдырет көк аспан мен қара жерді жаратқанда екі ортаға адамзатты нәпсі қылды. Мен арғы ататегім Тумын мен Істемән қағандардай таққа отырдым. Олардың рулық одақ құруынан түрік халқы пайда болды» — дейді қабыр тасындағы Тонуқұқ жазбасында. 646 жылы туған Тонуқұқ Қытайда оқып, көп тіл біліп, саяси істердің білгірі атаныпты. Түріктанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы: «701-705 жылдары атақты Тұй-ұқұқ (Тонуқұқ) Кеңкеріс (Сарыарқа) арқылы Еділге (Волга) дейін барып, Еділден өтіп, Темір-қақпаға (Дербент) ат басын тіреген», — деп жазады.

 Күлтегіннің жазбасында: «Бағлан (Білге) хан 716 жылдан 722 жылға дейін 47 рет жорыққа шығып, 22 елді жаулап алды», — делінеді. Күлтегіннің зират-тасында «мен көкке ұштым» деген сөз жазылған екен. Білге қаған мен Күлтегіннің зираттарына Қытайдың Таң империясының патшасы Гаузу әлем бәйтерегі саналатын сандал ағашы мен көк тастан ескерткіштер орнаттырып, ерліктерін сол көк тасқа қашап жаздыртыпты. Ол туралы Білге қаған ескерткіш мәтінінде: «Лисун Тайсең-ғұн бастаған бес жүз сарбаз келді. Киелі орынға жұпар ағаш отырғызып берді», — деп жазыпты. «Қазақнамада» Т.Қалилаханов: «Күлтегіннің тірісінде «Түрік» деген атпен мәлім болған мемлекет кейін «Оңқар» деген атымен әйгілене бастаған», — деп жазады. Білге қағанға қойылған ескерткіште «алты алаш» деген сөз тіркесі жазылады. Яғни, Түркі қағанатының құрылуына алты тайпа ұйытқы болған. Олар сол кездегі ірі қыпшақ, тоғыз-оғыз, басмыл, қарлық, түргеш, отыз-оғыз тайпалары. Қожаберген жырау «Баба тіл» дастанында: «Қазақ, ұзақ, созақ пен башқұрт, қырғыз, татарлар бір қауым болып біріккен. Көсемінен бата алған, «алты алаш» боп атанған», — деп жырлайды. Қожаберген жырау қазақ, ұзақ, созақ, башқұрт төртеуін «таза алаш» деп еректеген, ал қырғыз бен татарды кейін қосылғандар дейді. Түркеш қағанаты кезінде бәрі бір атаумен «Алаш орда (Халач орда)» деп аталады.

 Білге (Бағлан) ханнан кейін елді Ежен хан, одан кейін Білгір Құт-Ұлан хан басқарып, оның ұрпағы Байбөрі Құлұн бек басқарған тұста ел тығырыққа тіреліп, тарамданып кетіпті.

 Жұңгоның (Қытайдың) тағы бір дерек мәліметінде: «Түріктердің ататегі Шу (Шәу) елінен шыққан. Олар ғұндардың солтүстігінде тұратын тайпа. Бастығының аты Апаң. Ол ағайынды он жеті ұл. Осылардың бірі Еженшидо. Ол күн жайнататын киелі адам. Оның екі әйелі бар. Бірі «жаз» перісі, енді бірі «қыс» перісі. Осы екі әйелдің бірінен төрт баласы болып, бірі ақ қазға «аққуға» айналып кетіп, «қазақ» атанады. Бір баласы Абақан мен Кен өзендерінің арасын мекендеп қалып, «кигу» — «қырғыз» атанады», — делінеді.

  Ежелден «қырғыз бен қазақ бір туған» деген сөз бар. Тарих мағлұматтарында екі елді әмісе бір хан басқарады. Жоғарыда келтірілген Қытайдың мәлімет дерегінің негізі бар. Қырғыз бен қазақ елі ішіне тараған аңызда: «Ертеде Мансұр деген дәруіш, диуана жігіт қарындасы Халәлдің түн болса жоғалып кететінін байқайды. Қарындасының артынан бақылап аңдиды. Қарындасы Халел аспан әлемі мекеншілерімен пейіштің шәрбатын ішіп отырған шақта үстінен шығады. Періштелер оған да пейіш шәрбатын ішуді ұсынады. Мансұр пейіш шәрбатын ішкен соң, диуана асасын ұстап, басына аққу терісін киіп, Тәңірді аузынан тастамай, пақыр аталып, ел кезіп кетеді. Мансұрдың қылықтарын көре алмаған жұрт «күнәһар», «қылмысты», «сиқыршы» деп пәле жауып, өлтіртіп тастайды. Өлерінде Тазша деген досына Мансұр: «Адам баласы өмірінде халық үшін, ұрпақ үшін бір жақсылық нәрсе істеп кетуі қажет, бұл оның қасиетті борышы. Мен тірі кезімде халқыма көп жақсылық істей алмадым. Енді өлгеннен кейін менің өлігімді отқа жақтыр да, одан күлімді көлге тастаттыр, сосоң тағдырдың жазғаны болады», — делінеді. Егер рас болса, бір көлге түскен қырық қыз жүкті болып, қазақ пен қырғыз ұрпағы содан таралған деген Ш.Құдайбердіұлының жазған шежіре дерегі де бар.

 «Қырғыз» деген баянында, бұл туралы тарихи кітаптар бар дей келе, Құрбанғали Халид: « Мансұрды алдымен дарға асып, содан денесін күйдіріп, соққан жел күлді өзенге түсіріп, күл ағып су бетіндегі көбікке жабысып, ол көбік су бетіндегі бір бауға сіңеді. Бұл бау ханшайымның бауы болады.  Қырық кәнизак пен ханшайымның қызметші қызы да су бетіндегі көбікті жалап, дәмін татып көреді. Көбік татымды болып, олар қайта-қайта көбікті жалайды. Сол жалаған көбіктен барлығының аяғы ауыр болып қалады. Хан білген соң, бұларды шаһардан шығартып жібереді. Содан бұлар тауға кетіп, сонда босанып, өсіп-өніп, көбейіп, Қырғыз атанған», — деп жазады. Яғни, «қырғыз» сөзі «қырық қыз» дегеннен шығады. Бұл деректер қырғыздардың атауы мен шығу тегіне дәріпті келеді.

 

 

КЕНЖЕ руының  СҰРТАЙ тармағының  ШЕЖІРЕЛІК ТАРАТЫЛЫМЫ

 

Құрметті оқырман!

Бұл шежірелік жазба сайтымда жиналған алғашқы деректер негізінде дайындалып ұсынылды. Атап айтқанда, оған ғаламтордағы «Тумалас.КЗ» сайтының жазбалары негізге алына отырып, олар Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ, Болат БИСҰЛТАНҰЛЫ және  тағы біраз азаматтар ұсынған деректермен толықтырылды, сәйкестіріліп реттелді.

Олардың көлемі ықшамдалып, негізгі аталық тармақтары ғана көрсетіліп отыр. Оларды толықтыру одан ары жалғастырылып, жүргізіле беретін болады және дайындалу үстіндегі мына ШЕЖІРЕЛІК КІТАПҚА енгізілетін болады:

 

 

Осыған орай, осы таратылым бойынша бүгінгі жазбада байқалған қателіктер, сәйкессіздіктер туралы ескертулеріңді және толықтыруларыңды қабыл аламын! Бұл жазбадағы өзіме түсініксіздеу, белгісіздеу болған жерлері сары түспен боялып отырылды.

Сол сияқты, МАТАЙ, САДЫР елдеріне қатысты өздеріңде бар қандай да болсын аталық-әулеттік шежірелерді осы кітапқа енгізу үшін ұсынуыңа болады. Рахмет!

 

 

МАТАЙдың  КЕНЖЕ  руы  СҰРТАЙ, САРТАЙ және АҚТАЙ болып тарайды.

Әр дереккөздер бойынша СҰРТАЙдан — МӘМБЕТ, ҮМБЕТ, ЕСЕН және ҮРКІНШІ таратылады делінеді.

Осы жолы бұлардың  ішінен ЫНДЫШ, ТЫБЫШ және ЖАЛАУ қарт тармақтарының деректері беріліп отыр.

ЫНДЫШтан – МОШҚА, одан  - ӨТЕБАЙ, НОҒАС, КЕДЕС.

 

*     *     *

ӨТЕБАЙ тармағының таратылымы сайтта бұрындар берілген болатын. Сілтемесі: http://bit.ly/2W9PmIr

 

*     *     *

НОҒАС

НОҒАСтанАҚҚОШҚАР,  БАЙҚОШҚАР.

АҚҚОШҚАРдан  -  ШАҚАЛ, ҚҰДАЙСҮГІР.

 

ШАҚАЛдан —  ҚАРАБАС, ЕСЕНҒҰЛ, ІЗБАСАР.

ҚАРАБАСтан Малыбай, оданКөжек, одан — Тезек, Қали, одан- Нұрхамза (Хамза),  Нұрқасым (Қасым),  Қабимолда (Қаби)

НұрхамзаданӘбдікәрім, одан – Самат, Талғат, Совет, Саят

СаматтанБектас, Нұрбекжан, Мирас

Жанаттан Нұртас

Талғаттан —  Жантас, Ертас

Советтен — Мақсат

Саяттан — Алмат, Байтас

НұрқасымнанБайкәрім, одан .... арғы жалғасы кітапта бар

 

ҚҰДАЙСҮГІРден АТАН, ЕРНАЗАР, ҚАРАҒҰЛ (бұлар бәйбішеден делінеді) және БИЖАН, КӨШЕН.

ҚАРАҒҰЛданЕсімбек, оданТұма (Тұмабай), одан -  Қосайбай, Жұмабай, Меңлібай

Қосайбайдан – Байыс, Арыстанбек, Үрістембек, Қажи

БайыстанБисұлтан, Берікбек

Бисұлтаннан Болатбек, оданЕрлан, Нұрлан, Ержан

Ерланнан — Ерасыл, Едіге, Дарын

НұрланнанНұрсұлтан, Темірлан.

Нұрсұлтаннан – Әлихан, Рауан.

Ержаннан – Бибарыс, Нұрасыл.

Берікбектен – Бекжан, одан – Бекзат, Азат.

АрыстанбектенМамырбек, одан – Сұлтанбек, Әлібек, Жәнібек.

Сұлтанбектен Асылбек, Әділет

Асылбектен... арғы жалғасы кітапта бар

 

 ҚажиданӘділбек, Мұнарбек, Тұрарбек

ӘділбектенБағланбек, Қабланбек, Шабланбек.

БағланбектенНариман, Қайрат

Нариманнан – Бауыржан.

Қайраттан -  Нұрдәулет, Ақназар.

ҚабланбектенНұрлан, Сержан

Нұрланнан –  ... арғы жалғасы кітапта бар

 

Жұмабайдан – Баймұханбет, Айтмұханбет, одан Валерий, Владимир.

Баймұханбеттен -   Бимұханбет (Бикен) – одан ұрпақ бар...

Меңлібайдан – Шойбек, Қамбарбек,  Рысалды.

Рысалдыдан  Қамбарбек, оданМұнарбек, Әділбек.

 

БАЙҚОШҚАРдан  – ДӘНЕБАЙ, одан – ҚАРЫНБАЙ, одан Меткел, Метиман, Бәди, Cүлеймен.

Меткелден  -  Бұлан, Шылан.

Бұланнан – Битөлеу, одан – Жақанбай, оданЖандос,  Елдос

ЖандостанНұрдос.

Елдостан Нұрәділ.

МетиманнанӘлиақпар, Қалиақпар.

Әлиақпардан – Әбілқасым, одан – Әбілсерік.

БәдиденНұрғали, Иманғали, Жүніс.

Нұрғалидан – Құрманғали, Тұрғали, Биғали, Аманғали, Төлеуғали.

Құрманғалидан – ... арғы жалғасы кітапта бар

 

*     *     *

 КЕДЕС

КЕДЕСтенҚожеке, Тілек

Қожекеден —  Сәдібек, Нонан, Едіге, Қарамеңді, Қыдырәлі.

Сәдібектен – Шал, одан  - Құтпан, Бантыаяқ, Сантыаяқ, Итаяқ, Нақыш, Жетпіс.

Құтпаннан —  Ерденбек, Бардамбек, Ызғарбек, Тәсібек, Қасымбек, Тастанбек

Ерденбектен – Кемелбек, Рахымбек

РахымбектенДүйсенбек, Базарбек, Есімбек, Аманбек.

Дүйсенбектен – Ермек, Талғат, Ринат.

Ермектен – Темірлан.

Талғаттан – арғы жалғасы кітапта бар

 

ТілектенЖәнібек, Адамбек

Бұлардың ұрпақтарының деректері жоқ?!

 

*     *     *

 

ТЫБЫШ

ТЫБЫШтан– КӨРМЕНЕЙ,  ҚОЖАҒҰЛ, ШҰША

ШҰШАдан– Мәкет, оданМалайсары, Жарты, Бапыл, Бейсен, Обыразқали, Жантайлақ, Рақманқұл, Керей

Жартыдан – Арсалаң, Тайсалаң, Қабсалаң, Борсалаң, Байсалаң.

 

БОДАНБАЙдан -  ЖАЛАУ қарт, одан – ТЕМІР, одан – Болат, одан – Байғыз, одан —  Кенжеғара, Сақай

Кенжеғарадан – Тұржау.

Сақайдан – Тағай, Қасқа, Тұрсын

Тағайдан Тұңғат — Ер Тоқпанбет, Тастемір, Аманбай, Аталық.

Ер Тоқпанбеттен – Қоңырбай, Қонысбай, Жанысбай, Мешітбай, Жолдыбай, Жетібай.

Қоңырбайдан — Айжан, Қиқымбай, Сиқымбай, Арқар, Марал, Құлжан, Жыға, Нүркебай, Жайықбай, Жалбызбай, Назарбай, Мазалы, Байжан

Айжаннан – Жансары, одан – Ертілеу, одан – Сүйіншібай, одан – Тілеухан, одан – Алмас, оданІляс.

Құлжаннан – Сайбек, одан – Ербосын, одан – Онбесбай, одан – Ақмолда, одан Айтмолда, одан – Сатыбалды, одан – Аділкез, ..., ...

Аділкезден – Асет, Аділет

 

БайжаннанӘзберген, Мұжық би, Жидебай, Олжабай, Кенжеғұл, Майлыбай, Самай, Қашқынбай, Мырзағұл

 Мырзағұлдан — Қоштыбай, Естібай, Ендібай, Белібай, Тектібай, Телібай, Толғанбай, Толқынбай,  Жұманбай.

ТектібайданҚыдырбек, Батырбек, Толымбек

Толымбектен – Арысбек, Мәнісбек, Дәнісбек, Тұяқбек, Дулатбек, одан -Дабысбек, Майбек, Жемісбек.

 

Тастемірден — Айтқожа би, одан Амандос, одан – Сабанбай, Атымайлы

Сабанбайдан — Шәлімбай, Әтікбай, Әкімбай

Шәлімбайдан - Қауыс, Қияш.

Қауыстан ... арғы жалғасы кітапта бар

 

*     *     *

 ЕСЕН

ЕСЕНнен БАҚЫ, АНДАҒҰЛ, ТҰРЫМ.

 

БАҚЫдан  — ТӨЛЕМІС,  ЕЛҚОНДЫ БИ, БАЙҚОНДЫ, ЫРЫСҚҰЛ, ТҰҢҒАТ

ТӨЛЕМІСтенСайболат, Мама, Қойкел, Қойлыбай, Өтей

Сайболаттан Нарбота, Бурабай, Қату, Тауан.

Нарботадан Сеңгірбай, Былғақ

Сеңгірбайдан — ЕсбердіТаз батыр,  Есенгелді,  Қожамберді,  Есемберді.

Есбердіден Таз батыр Серік, Сарман.

Серіктен – Мұсабай, Мұса, Нұргел.

МұсабайданШәке, одан — Кенжебек батыр, Тұрғазы,  Күмісбек .

Мұсадан... арғы жалғасы кітапта бар

 

Жанабайдан – Шөкенбай, Қажыбай.

ШөкенбайданАхметқали, Закария, Өтебай.

Закариядан – Мінәж.

Қатудан – Жолбарыс, одан – Сатыпалды, оданӘблірахман, одан – Сапарғали, Тұрсынбек, Тұрсынхан ақын.

МамаданМарғұл, Жанбике, Атанбике, Тойбас, одан – Балапан, Жидебай, Тоңаша, Сәтпай, Ақламас, Есқожа, Елемес.

Есқожадан — Қалматай, Әбен, Алымшы, оданМүқан, Түлкібай, ТүсіпбайҚабдікәрім, Ахметқали, Жақып, Құрмангали, Құмар

АхметқалиданНурахим, Әуен, одан – Оралбек, одан – Ербол, Әділ.

ҚұмарданДәуітхан, Алашхан, Әуезхан, Жақсылық.

Алашханнан Әмір, Амантай, Есентай, Ерлан, Оразбек, Жұмабек, Әзілбек, Ержан

Әмірден ... арғы жалғасы кітапта бар

ЕЛҚОНДЫ БИденТентек Қалыбай, Тілеулі, Барлы, Алтыбай, Маңабай, Қазыбай, Барғана, Қоңырбай, Борқы, Қармыс

ҚалыбайданШыркей, одан – Разай, одан – Тақым, оданШитым, одан – Мұқаш, одан — Жұмағали

Тілеуліден Ақтайынша, Әділбай, Әдеміс, Сатан, Жабық, Қалыбай.

Тілеуліден - ... -  Еділше, одан — Бозай, одан – Досай, оданҚоқажан, одан – Aзамат, одан – Зейнелгабиден, оданЖенис, одан — Марат

БарлыданҚыстаубай, Кенжебай, Сүйіндік, Лабы, Ақжігіт.

Кенжебайдан -  Жәнәлі, Жәнібек, Жәмеңке, Құрманбай, Әшеке, Жүсіп.

Құрманбайдан – Жақия, Әубәкір

Жақиядан — Қожахмет, Нұрқожа

ҚожахметтенҚизат, оданАбылай, Айдос.

НұрқожаданҚибаш, одан Мейржан, Әділет.

Әубәкірден — Жүніс, Қамза, Қозайдар, Мұхитан, Мәшен, Жылқайдар, Туғанбай

 Жүністен Тоқтақын, одан ... арғы жалғасы кітапта бар

БорқыданҚұдайсүгір, Райымқұл, Бекбауыл

РайымқұлданТеткемес, одан – Мұқатай, Тергемес, Жетібай, Қиқым, Жәнібек.

Мұқатайдан Тоқтаған, Тоқтамыс, Қалибас.

Бекбауылдан — Қарақожа батыр – Мәнен – Итемген – Жиенбай, Байназар.

Жиенбайдан Тұрамбай, Құнанбай.

ТұрамбайданСахметжан, одан – Жайсаң, Уән.

ҚармыстанБайтақ, одан — Қосай батыр, БайторыБайбатыр, Бікіш

Қосай батыр – Қойгелді, Матайбай

Қойгелдіден Байғабыл, одан... арғы жалғасы кітапта бар

 

БАЙҚОНДЫдан – Баймәмбет, Бимәмбет, Бикелді, Ханкелді.

Бимәмбеттен- Қонақбай, Төртқара, Сегізсары, Лашын, Жалтыр.

Қонақбайдан – Ермек, Тоты, Мотыш, Тотыш, Кониш, Кишкентай

Кишкентайдан – Кулдыбай, одан ... арғы жалғасы кітапта бар

 

ЫРЫСҚҰЛдан Шақаман, Смағұл

ШақаманнанСмағұл.

СмағұлданБайел, одан – Балтабай, Қали

Балтабайдан – Рамазан, Жеңіс, Болат, Әсет.

Рамазаннан Муратбек.

Болаттан Аман.

Қалидан – Мелис, Макис, Рафис

Мелистен... арғы жалғасы кітапта бар

 

АНДАҒҰЛдан ТІЛЕС,  ҚОДАС ҚҰДАС

ТІЛЕСтен—  Жәмеңке,  Жамантай,  Түктіқұрт,  Қайғылық, оданБекайдар, одан – Бор, одан –Сақа, оданҚасымжан, одан – Сайлаухан,оданМилат, Ринат, Бекзат, Руфат, оданФархат.

Милаттан Қайсар, Санжар.

РинаттанЗаңғар.

БекзаттанШыңғыс.

 

ҚОДАСҚҰДАСтан Тума, Амандық, Жауымбөрім, Көбен, Майемер, Құан, Айтынбек.

ТумаданМұрат, Ізбасар, Қолбас, Бесім.

Мұраттан – Өтеп, Сүттібай, Байтоқа, Жадай.

Өтептен – Дүйсеке, Омар, Жұмахай.

Сүттібайдан – Тауба, Сауқат, Әдет.

Таубадан  Жетібай, Бесбай, Еспай

Еспайдан – Қарифолла, Төлеген, Сарқытқан

Төлегеннен... арғы жалғасы кітапта бар

 

Амандықтан Есназар, одан – Төгелбай,одан – Сейіт, оданЕсенғұл, одан – Смайыл, оданРақыш, Ыбрай, Сулеймен.

Рақыштан – Елемес, Өзбек, Етекбай, Асылхан, Құдайберген, Абсейіт, Қадырбек, Қайырбек.

Елеместен – Жихангез, Қайырғазы, Жиян

Жихангезден Қайрат, Данияр,  Қанат, Дидар.

Қайраттан – Саят, Мадияр.

Данияр... арғы жалғасы кітапта бар

       Басқа ұрпақтарының деректері жоқ