«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (32)

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (32)

Осы бөлімде жарияланудағы түркі, қазақ елдерінің тарихына байланысты сериялық жазбалар бұл жолы кезіндегі  Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарына байланысты танымдық мақалалармен жалғасып отыр.

Сонымен бірге, кезекті шежірелік жазба ретінде “НАЙМАН — ТӨЛЕГЕТАЙ — МАТАЙ» болып келетін АТАЛЫҚ руының ҚҰТТЫБОЛАТ тармағының таратылымы ұсынылды. Танысыңдар!.

 

 

Батыс және Шығыс Түрік қағанаттары

 

 

Батыс Түрік қағанаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан ықшамдалып алынған

 

Батыс Түрік қағанаты — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 — 704).

Түркі қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған.

Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.

 

 

Батыс Түркі қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түркілеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды. ...

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқуға болады:

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81_%D0%A2%D2%AF%D1%80%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%8B

 

 

 

Шығыс Түрік қағанаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шығыс Түрік қағанаты (682-744 жж.) — Түрік қағанаты 603 жылы ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті.

Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді.

Шығыс Түрік қағанаты Қытаймен жүргізген қиян-кесті соғыстың нәтижесінде 682 жылы Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді. Алғашқы қаған Елтеріс атанған Құтлық, одан кейінгі Қапаған Қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Шығыс Түрік қағанаты (682-744) — Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты. Білге қаған мен Күлтегін мемлекетті одан әрі дәуірлетіп, Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. Білге қағаннан кейін 741 жылдан қағанат әлсіреп, ыдырай бастайды.

Тоныкөк жазбалары, профессор Хирттың зерттерулері және қытай тарихшылары Елтеріс (Құтлық) қаған туралы мына деректерді ұсынады: «Қытай үстемдігіне қарсы қозғалыс 682 жылы болған. Көтеріліс басшысы — Ашина руынан шыққан Елтерістің әкесі қытай үстемдігі кезінде бағынышты Ашина тайпаларының бірін басқарған. Қозғалыс Юнь-чжун провинциясының солтүстігінде — қазіргі Датунфу қаласыны жақын жерде өтеді. Бұл аймақты байырғы түркілер қоныстанған еді. Орхон жазуларында түріктердің құт мекені, қасиетті қонысы Өтукен туралы жиі айтылады. Өтукеннің негізгі мазмұны түркілердің ырысты жері, байлығы, тақыты, тағдыры дегенге саяды. „Түрік қағаны Өтукен қойнауында отырса, елде мұң жоқ“, „қасиетті Өтукен қойнауының халқы... біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың. Барған жерден не игілік таптың. Қаның судай ақты, сүйегің таудай болып жатты, бек ұлдарын құл болды“ ...

Осы сөздердің аңғарына қарағанда Өтукенді түркілер Жерұйық деп санағаны сезіледі. Халық өзінің үміті мен сенімін Өтукенмен байланысты деп түсінген. Аты аңызға айналған осы жер туралы түрік ғалымдарының еңбегінде көңіл аударарлық деректер кездеседі. Зерттеуші Йылмаз Өзтұма Өтікенді көктүріктердің кіндік кенті, табиғаты өмір сүруге жайлы, Орхон және Селенга өзендерінің арасындағы жер еді деп көрсетеді. Ал Оғыз дастандарында Өтукен Тянь-Шань таулары мен Орхон аймағындағы киелі өңір деп сипатталады.

731 жылы Күлтегін, көп ұзамай Білге дүние салды. Орхон өзені маңында Білге мен Күлтегінге арналып құлпытастар орнатылды. Бұл құлпытастар Түрік қағанаты тарихының жылнамасы болып есептеледі

Білге қаған мұрагерлері кезінде қағанат құлдырады. 744 жылы біріккен ұйғыр және қарлұқ күштері Шығыс Түрік қағанатын талқандады. Ашина әулеті өмір сүруін тоқтатты

 

 

 

 Батыс пен Шығыс Түркі қағанаты

Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ

Тарихшы, шежіреші

 

 Ұлы Түрік қағанаты 568 жылы — төрт, ал 576 жылы — сегіз жеке иеліктерге бөлініп, бір әкімшілік орталыққа, жалғыз қағанға бағынады. Одан Ұлы Түрік қағанаты 582 жылы өз ішінде Шыбара, Апа, Тарту қағандары мен аға-іні, бауырлар арасындағы билікке таласқан ішкі қырқысудан Батыс (582-657 ж.ж.) және бірінші Шығыс (582-630 ж.ж.) қағанатына жіктеледі.

Бірінші Түрік қағанатының соңғы атақты қағаны Тулидің інісі Жешышуай. Оның орнына мұрагер Тулидың баласы Ашына-Хылуды құлпырма қаған Ашына-Мишеннің ұлы Иуәншуан ұстап, Қытай императорына тапсырып, олар оның басын алыпты. Қаған болып Қытайға сенімді қызметші Ашына-Сымо таққа келеді. Қытай императоры Тай-зун «жабайының қолымен жабайыларды құрту» саясатын ұстанады. 603 жылы Телес тайпасы 599 жылдан билеп келе жатқан қаған Қара Шұрын түрікке қарсы шығады. Қара Шұрын қаған Тогонға қашып құтылады. Енді Қара Шұрын басқарған түріктер екіге бөлініп Шығыс жағын Жанғар, ал Батыс жағын Торман билеп, екі қағанат орнап, екі қаған билейді. Торман тұсында Батыс Түркі қағанаты күшейеді. Торманнан кейін Батыс түріктерге Шегуй қаған болады. Ол 618 жылы қайтыс болып, орнына інісі Тоң ябғу отырып, ол бөлініп кеткен Телес тайпалық бірлестігін қағанат құрамына қайтарып, бүкіл Орта Азия, солтүстік батыс Индия, оңтүстік-шығыс Еуропа даласы, Ауғанстан жерлері оның иелік ықпалына түседі. Тоң ябғу Батыс Түрік империясын құрады. Содан Тоң ябғудың билігіне қарсы Қара Ертістегі қарлұқтар көтеріліске шығады. Оларды өз ішінен наразы Тоң ябғудың немере ағасы Бағашұр қолдап, жағдайды шиеленістіре, күрделендіре түседі. Ақыры Тоң ябғу Бағашұрдың қолынан қаза табады. Бұл оқиға мөлшері 628 жылға келеді. Тоң ябғудың ұлы Тұра тегін бес Нушибилерге қашып кетеді. Олар оны қолдап Ел Білге Ышбара деген атпен «қаған» қылып көтереді. Сеяньто-ұйғыр бірлестігін мен Таң империясы жабылып, Шығыс Түрік қағанатын құлатады. Қағанат құлап, ондағы ел Таң империясына табғаштарға бағынады. Сеяньто-ұйғыр бірлестігі сөйтіп аман қалады.

 Шығыс Түрік қағандығын басқарған Жанғардың бүйрегі Қытайға бұрады. Ол 608 жылы дүниеден өтеді. Орнына Суар Ішік (Шибирхан) таққа отырып, тәуелсіз саясат жүргізеді. Жан-жақтан қағанатқа түркілер ағылып келе бастайды. Мұны ұнатпаған қытайдың Суй патшалығы арандату жолын іздеп, оған қарсы інісі Түркіт шадты айдап салмақ болады. Түркіт шад ағасына қарсы шықпайды. 615 жылы Суар қаған 100 мың қолмен Яньмин аймағына басып кіріп, орталық қаланы қоршайды. Қытай нәсілді әйелінің үгітімен қаланы алмайды. Қытай арасындағы түріктер мен кейбір қытайлардың өздері Суар қаған жағына шығып, Суй патшалығында іріткі туады. Ақыры Суй патшалығының астанасы Чан-анға басып кіріп, қытай билеуші Суй әулетін тақтан тайдырумен тынады. Билікке Таң әулеті шығады. Олар басында Суар қағанмен ымыраға келгендерімен, артынан бөлектенеді. 619 жылы Ордосқа шабуыл жасаған Суар қаған қайтыс болады. Орнына інісі Ілікбек (Чуло) шад таққа отырады. Ол 18 ай ел басқарады. Ағасының орнына Жанғар қағанның үшінші ұлы Бағашұр шад Ілік (Ел, Иль) қаған деген атаумен отырады. Тәуелсіз ел жасамақ болады. 626 жылға дейін Ілік қытай еліне қарсы көптеген жойқын жорықтар жасап, оларды аяусыз тонайды. Тарихшылар Ілік қаған Қытайға 67 рет жорық жасаған деп жазады. Ілік қағанның қол астына қараған 100-150 мың әскері болады. Ілік қағанға қарсы көтерілісті тоғыз-оғыздар бастаса, екі жылдан соң оларға сір-енда, ұйғыр, байырқу, қидандар қосылады. Ілік қағанға наразы тайпалар оларға  және қытайға кетеді. Ілік қаған Оянлин тауында Қытайға қарсы шайқаста жеңіліп, қолға түседі. Ешкімге керексіз ол Қытай елінде құсадан өледі. Қағанатта қалған түріктер Батыс Түрік қағанатына жөңкіле көшеді.

 

 Қытайдың Тай-зун императоры 649 жылдың шілде айының 10 күні қайтыс болады. Осыны пайдаланып Батыс Түрік қағаны Ашына Хылу атқа қонып, бұрынғы Дулу қаған иемденген жерлерді алады. Ол тарихта «он оқ» деген атпен енген «дулу» мен «нушиби» аймағын толық қожасына айналады. 651 жылы Тин-жыу (Тьхин-чжеу) аймағына басып кіріп, бірнеше уезді талқандайды. Қытай императоры қыс қатты болғанын және Шығыс Түрік қағанатындағы чума, чуюе, чумугунь тайпаларының Ашына Хылудан құтылғылары келетінін пайдаланып, Ла Хун-и деген сатқынның жасаған жоспарын іске асырады. Таң империясының әскерлері көтерісшілді телелер мен жансыздарды діттеген жерден шығарады. Солардың ықпалымен Дулу қағанның баласы Інжу (Чжан-чжу) Ашына Хылуға қарсы шығады. Империяның біріктірген күштері 653 жылы Хылу әскерімен кезігеді. Жоспарлы әрекетпен империя әскері үлкен әрекетке бармай, тек түріктерге өтіп кеткен Тин-жу өлкесін қайтарып алады. Олар Ашына Хылуды індете қумай, оған тілеулес көршілерімен соғысып, қарлұқ, чуюе, чумугунді талқандап, дулу бірлестігінің бес тайпасының бірі Сүйіншіні (Шунишиді) басып алады. Хылу Шу бойына, одан Ташкентке (Шашқа) қашады. Осы жағдайды пайдаланып Ашына Иуән-шуан, жаңа лауазымға қол жеткізу мақсатында, оны ұстап бергені жоғарыда келтірілді. Ашына Хылу иелігі түгел қытайдың Таң империясына тиесілі болады. Сатқын Дулу қағанның ұлы Інжу (Чжан-Чжу) енді Таң империясына қарсы шығады. Оны екінші сатқын Істіми қағанның ұрпағы Ашына Мише Боротолы өзені бойында басып тастайды. Таң империясы бұрынғы Хылу иелігінде екі басқақтық ашып, бірі «мыңшы», екіншісі «күнлин» деп аталады.  Ашына Мише «генерал» атағын алады. Ол «сенси-ваң» деген атпен қаған деп жарияланып, Күнлин басқақтығын басқарып, қарамағына дулудың бес тайпасы енеді. Мұндай құрметтен сатқын, жанын жағынып жалдаған Ашына Бужін де құр қалмайды. Ол «зиваң-зиуе» деген атпен қаған деп жарияланып, Мыңшы басқақтығын басқарып, Нушибидің бес тайпасын билейді. Таң империясы басқақтықпен қатар «түтіктер (облыс)» де құрады.

 

 «Он оқ» бір тұтас елі өзара қырқыстан Иби Дулу мен Шаболо Жылишы (Хилиши) қағандар тұсында 639 жылы екіге бөлінеді. Іле өзенінің батыс жақ беті Иби Дулудың, шығыс жақ беті Жылишы иелігіне тиеді. Осы кезден бастап Мише мен Бужін де Дулу қағанның қарамағына енеді. Олар қағандармен тіл табыспай, жұртын ертіп, Қытай императорына жүгінеді. Ашына Бужін өзі ойлағанындай Ашына Мишенің жерін елімен қарамағына қосып алады. Дулу тайпасын басқарған Сүйінші мен Барсхан (Басайған) оған қарсы тұрады. Осы керістен кейін 667 жылы Бужін өледі. Қытайлар ақылдаса келіп Ашына Жошыны орнына қояды. Олардың үмітін ақтамай, Ашына Жошы «он оқ» халқының қағанымын деп жариялайды. Жошы Тибет ханына елші жіберіп, одақтас болуға шақырады. Әнсиге шабуыл жасап, оны басып алады. Осы нәтиже жақсы болып, 24 аймақ түгелдей Жошыға қарайтын болады. Император Гау-зун Жошыны басуды ойластырып, Пый Син-зиән дегеннің айлакер айласымен қамсыз Жошыны қолға түсіреді. Қытай императоры Ашын Мишенің ұлы Иуән-цин мен Ашына Бужіннің ұлы Хусэлоны баяғы әкелері басқарған басқақтар орнына тағайындап, «зиван-зиуе» деген атақ береді. Олар осал болып, елдегі билік тізгінін Ашына Нишу бек алады. Ол Таң империясына қарсы бір жыл күресіп, оны сатқындар өлтіреді. Оның жолын Чоно-Тологай мен Ашына Фуниән, халық батыры Вінбо жалғастырады. Сатқындық пен алдау олардың да түбіне жетеді.

 

681 жылдың қара суық күзінде «ел төресі» атанған Құтылығ бастаған ел көтеріліске шығады. Бұл екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесі қалануының бастамасы. Бұл туралы Білге қаған: «Қаған әкем сыртқа жүріс қылайын деп 17 ермен жортып жөнелді. Одан жиналып 70 ер болды.  Жинала келе барлығы 700 ер болды», — деп тасқа жазып қалдырған. Бұл көтерісшілерді ұйымдастырғандардың саны ғана болса керек. 683 жылы Құтылығ қаған әскерін бірнеше топқа бөліп, бір мезгілде шекаралық үш аймақ Бин-жыу, Лән-жу, Дин-жыуға шабуыл жасап, губернатор Ван Ды-мыуды өлтіреді. Чәниүй басқағының әскерін талқандап, үш аймақты тонап, губернатор Ли Си-киәнді өлтіреді. Фын-жыу аймағының бас қолбасшысы Цуй Жи-биәнді тұтқындайды. Түрік-сеир ұрпақтары табғаш, оғұз, қытан үшеуінің бастары біріксе жеңбесін ойлаған Құтылығ қаған алдымен тоғыз-оғыздарға барады. Құтылығ малшы тоғыз-оғыздарды өз ішінен қарсы көтереді. Тоғла жазығында алты мың өгіз мінген тобырды екіге бөліп, тауға тығып қойып, тыныққан сақадай сай әскерімен жеңіп шығып, тоғыз-оғыздар қағаны Баз Құтылығтың қолынан қаза табады. Қолға түскендерді Құтылығ «түбіміз бір түрікбіз» деп ауылдарына қайтарады. Құтылығ ұйғырлармен тіл табысып, олармен достық қатынас орнатады. Құтылығтың назары енді Қытайға ауады. 687 жылы Юй-жыу аймағын тонайды. Бірақ Құтылығ қолы Чан-жи әскеріне төтеп бере алмайды. Кері қайтады. Қолға түскен бір жауынгерден қолбасшы Цуән Бау-би деген Құтылығтың қайда орналасқанын біледі. Ол қол бастап Құтылығты астыртын жоймақ болғанында, Қарақұмда Құтылығ әскерінің шабуылына ұрынып, қырғын табады. Қытай императорының әйелі Құтылығты «қанішер» деп атайды. Құтылығ қаған 47 рет жорық жасап, соның 20-на өзі тікелей араласады. Құтылығ қаған 691 жылы жау оғының зардабынан қайтыс болады.

 

630 жылы Таң империясының әскерлері бірінші Шығыс Түрік қағанатының құлауына тікелей ықпал етіп, Тұрфан ойпатындағы Гаучан мемлекетін 640 жылы өздеріне қаратады. Тарихшылар Батыс Түрік қағанатының ұлы қағаны Істіми деп тұжырымдайды. Бірінші Шығыс қағанатының орнына 631 жылы Циюше (Сеяньто, Сиыршы) қағандығы құрылады. Бірінші Түрік қағанатының туында бөрі басы бернесі бейнеленіпті. Циюшелер 641 жылға дейін Ашина түркілері қатарында жанкешті бірге соғысып, ақыры сеяньто (циюше) Ашина түркілеріне біржола сіңіп тынады. Циюше хандығы VІ-VІІІ ғасырлар аралығында өмір сүргені мәлім. Шежіре-тарих зерттеуші ғалымдар пікірінше б.д. 648 жылы сеирларды (циюшелерді) қытайлар шауып, сол салдардан сеирлар найман мен жалайыр деген екі ұлысқа бөлініп, қазіргі найман мен жалайырдың арғы ататек тарамы Циюше (Сеир) қағандығынан шыққан дегенді келтіреді. Қытайдың жүргізген саясатының арқауында сеир-наймандар Моңғолия жерінде орнығып, ал сеир-жалайырлар Жетісу мен Сыр, Шу өзені бойларын жайлап, «сырманақ», «шуманақ» деп ел жер атауларымен аталады. Моңғолия жерін мекен еткен сеирлардың ұрпағы найман мен жалайыр елі моңғол Шыңғыс хан тұсында бір-бірінен ажырап, жалайырлар өз еркімен моңғолдарға кіреге қарап сіңеді. «Келмес күндер елесі» зерттеу еңбегінде Қалихан Ысқақов: «Жалайырлар Шыңғыс хан жағына шығып кеткен соң ғана наймандар тізе бүгіп, Сыр бойына дейін шегінді», — деп жазады.

 Батыс және бірінші Шығыс Түрік қағандықтары арасындағы шекара сызығы Аратүрік пен Алтай тауы болады. Батыс Түрік қағандығының территориясы Алтай тауынан Тянь-шань тауына дейін, шығыста Баркөлден бастап, батыста Арал теңізі мен Каспий теңізіне дейін созылған кең алқапты алған. Батыс Түрік қағанатының орталығы Жетісу жеріндегі Суяб қаласы. Батыс Түрік қағандығына Мауераннарх, Орта Азия, отырықшы аймақтардағы соғдылар тәуелді болып кіреді. Қағандықтың негізгі халқы «он оқ» деп аталып, он ірі тайпалардан тұрады. «Теле» қауымы Батыс-Түрік қағанатына жатады. Шыбара Хилаш қаған тұсында Батыс Түрік қағандығы «оң қанат» және «сол қанат» деп екіге бөлінеді. Сол қанатқа дулулардың бес тайпасы түркеш, қойлау, чимойын, ысты, жаныс жатса, ал оң қанатқа бес тайпа азғыр, қасо, барысқан атты нушубилер жатады. Бәрі ортақ бір тілде, жазуы 25 дыбысқа негізделіп, түрікше сөйлепті. Батыс Түрік қағандығы өздерінен бөлініп кеткен теле тайпаларын, Суй патшалығы арқылы қайта өздеріне бағындырады. 618 жылы Батыс Түрік қағандығының Тұтұқ Япғұ деген қағаны Таң патшалығына елші жеберіп, оларға бағынатынын білдіреді.

 Батыс Түрік қағанатының Дулу нәсілінен шыққан қағандары: 1. Естеми (552-576), 2. Тарақ білге (581-587), 3. Инал (587-598), 4. Нигар Шора (598-618) 5. Шағырыл (600-616), 6. Тоқ жабғу (618-630), 7. Сілбе баһадүр (625-630), 8. Сыр жабғу (630-635), 9. Тұғлұқ инанша (630-634), 10. Шабар Қылыш (634-638), 11. Ілбіс Тұғлұқ Үкек (638-639), 12. Үкілі Ібіс (639), 13. Ілбіс Шабар жабғу (640-642), 14. Ілбіс Шағрыл (642-651), 15. Шабар хан Ақшынар қара (651-657), 16. Ақшынар Бишат (657-671), 17. Ақшынар Бошан (671-674), 18. Тұғшы (674-678), 19. Үркін 678-684), 20. Бөрішал құсалы 685-694), 21. Ақшынар Сүйрік (694-704), 22. Ақшынар Хиян (704), 23. Ақшынар Құбатау 704-705), 24. Ақшынар Сең (702-705) деп аталып, қаған болған жылдары жақшада көрсетілгендей түзіледі.

 VІІ ғасырдың 30 жылдарынан бастап Батыс Түрік қағанаты ішінен ыдырап, VІІІ ғасырдың басында құлап тынады. Соңғы қағанын 704 жылы Құлан қаласында түркештер өлтіріпті. 699 жылы түркеш Ожелы батыр өзінің ұлы Женуді Таң патшалығына елші етіп жіберіп, көптеген сыйлық таралғы апарады. Таң патшасы У Зытиян Ожелыны «уәли» етіп тағайындап, бұрынғы Батыс Түрік қағанатына қарасты ұлыстарды басқартады.

 

 Тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлы Қытайдан оннан астам көне түркі көсемдерінің тас мүсіндерін табады. Қытайлар оларды кімдерді жеңгенін білдіру үшін орнатыпты. Сол тас мүсін тұғырлардың бірінде көне иероглифтермен «Сеяньто Інжу Білге қаған» деген сөз аман сақталып қалады. Інжу Білге қаған түріктің теле тайпасының бұтағы сеир-тардұштың көсемі Ышбаранның немересі, шынайы есімі Инанч. Ол Батыс Түрік тайпасының үстемдігіне қарсы күресіп, халыққа ұйытқы жасап, біріктіргені үшін «Інжу Білге қаған» деп аталған. Сеяньто мемлекетін түрік тектілерінің басқарғандары туралы қытайдың «Чжэньгуань» жылнамасында жазылғаны тағы бар. Сеир-тардұштар Түрік мемлекетіне қарағаны мәлім. Моңғол даласында орналасқан үлкен мемлекет болғаны айқын.

 639 жылы Төлес қағанның ұйымдастыруымен Қытайдың Таң патшалығының патша сарайы Тайцзунге қарсы қастандық ұйымдастырмақ болғаны әшкереленіп, түркілер Хуанхэ өзенінің арғы бетіне көшіп, ықпалға бейім Ашина Сымоны  қаған жасайды. Одан 679 жылы Асадыр Вэнфу мен Асадыр Фэнжи басқаратын 24 түркі тайпалары бірігіп, орталарынан түркілерге белгілі Төлес қағанның ұлы Ашина Нишу бек дегенді қаған қылып көтереді. Ол Қытайға қарсы барлық тайпаларды өз жағына шығарып, жазаламақ болған қытайларды күйретеді. Таң патшасы келер жылы 300 мыңнан астам қол жинап, Хэйшань (Қаратау) тауында түркілерді жеңеді. Ашина Нишу бек опасыздық жасап қытайлар жағына шығып кетіп, сондағы қандастарының қолынан қаза табады. Қалған түркілер күресті жалғастырып, ханзада Ашина Инанды қаған қылады. Ол Қытаймен келіс сөз жүргізіп, өзіңе «тимейміз» деген сөзіне сеніп жауға беріліп, олар оны 54 серігімен Чанань қаласында бастарын балтамен шауып өлтіреді. Түркі елін басқаратын қаған болмай қалып, олар табғаштарға қайта бағынады. 682 жылы түркі елі жаңа қағанды Тонуқұқтың арқауында шығарады. Ол сол жылы 700 адам көтерілісшілерді бастаған Ашина Құтлық серіктерімен еді. Олар Қарақорым қаласын басып алып, сандарын 5 мыңға жеткізеді.

 

682 жылы сол бірінші Шығыс Түрік қағанатының орнында екінші Шығыс Түрік қағанатын Хели қағанның ұлы Құтлық орнатады. Бытыраған елді жинап біріктіргендіктен халық Құтлықты (Гудулу) Елтеріс (Елді теруші) қаған деп атайды. Құтлық қаған қағандықтың басын біріктіріп, елді бірлікке, ынтымаққа шақырады. Ол 50 жыл табғаштардың (қытайлардың) бұғауында болған түркі жұртының ұлттық рухын оятып, Қытай мен оғызға қарсы азаттық күрестің нәтижесінде Түрік мемлекетін қайта құрады. Құтлық қаған тұсында түркі мемлекеті өркендеп, орталығы Өтүкенде (Хангайда) орнайды. Құтлықтың бас ақылшысы және көмекшісі Тонуқұқ баға тархан (мемлекеттік кеңесші) және бас қолбасшы, Иуән-жін (Юань-чжень) саяси жетекші болады. Иуән-жін 691 жылы түргештермен соғыста Ыстық көл маңында қаза болады. Құтлық қаған 688 жылы тоғыз-оғыздарды бағындырады. Тонуқұқтың ақылымен Құтылығ қаған өз елін жалаңаш құздары көп, құз-құз қара тасты шоқылары алыстан айбарланып сұсты көрінетін, етегі жайлы балқашты өңір, аң-құсы жыртылып айырылатын Шұғайқұзға әкеп орналастырады. Тонуқұқ 709 жылдың қаһарлы қысында Енисей қырғыздарына жорыққа аттанып, оларды бір орталыққа бағындырып, қоспақ ниет қылады. Ол Енисей қырғыздарын екінші Шығыс Түрік қағандығына бағындырады. Одан батыс түркілерді, яғни Түркеш қағандығын өз мемлекетінің құрамына қосуды ойластырады. Сөйтіп Тарбағатай төскейі аймағына жорық жасайды. Шығыс түркі әскерлері 712-713 жылдар шамасында Соғды жеріне жетеді. Соғдыны басқарған Гүрек патшамен бірігіп, Араб әскерлерінің қолбасшысы Кутейба ибн Мүсілім сарбаздарына қарсы тұрады. Тонуқұқ 70 жасында 716 жылы әккі саясаткер Құтлұқұлы Білге қағанның бас кеңесшісі болып, 720 жылы қыста қытайларды тас-талқан етіп жеңеді. 721-722 жылдары қидандар мен татабтар Түркі қағанатының боданына айналады. Таң империясы екінші Шығыс Түрік қағандығына жылына 100 мың тай жібек беріп тұрады. Қытай мен түркілер арасында 30 жыл бейбіт өмір орнайды.

 Жетпіс жастағы Тонуқұқ Білге қағанға Бопы (Пофу) деген қызын ұзатып, атасы атанады. Олар күллі түркілерге қатысты көкбөрінің бернесі бар үлкен туды Шұғай тауының ең биік шыңына желкілдете тігіп қояды. Тарихшы Ма Шаңшу: «Тонуқұқ Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен Қарлық елінің Сәбек тайпасынан шыққан. Күшлік, Шыңғыс хандар тұсындағы Тататұңға осы Тонуқұқтың ұрпағы», — деп жазады.  Түркі халқын іргелі ел еткен Елтеріс 691 жылы өмірден өтеді. Артында әлі қабырғалары қатып ержетпеген екі мұрагер ұлдары 7 жасар Білге (Бағлан) мен 5 жасар Күлтегін қалады.

 Мұрагерлер жас болғандықтан Құтлық Білгенің орнына інісі Қапаған (Мочур) қаған отырады. Қапаған қаған 694, 697, 698, 701, 706 жылдары Қытайға жорықтар жасап, 23 қаласын жермен жексен етеді. Әскер санын 400 мыңға жеткізеді. Татабтар, қидандар, қырғыздар, түргештер, басмылдар, соғдылар түгел Қапаған басқарған қағанатқа бағынады. Қапаған қағанға қарсы қарлықтар, ізгілер, аздар 711 жылы көтеріледі. Оларды ұйғырлар, байырқулар, қидандар, татабылар қолдайды. Қапаған қаған 716 жылы өлген соң, таққа мұрагер ретінде оның ұлы Инал отырады. Бұған Елтеріс қағанның ұлы Күлтегіннің ашу-ызасы туады. Ол ордаға басып кіріп, Инал мен оның  тоғыз бауырларын қырып салады.

 Таққа Білге қаған отырып, Күлтегін әскер басшысы болады. Күлтегін 731 жылы, тоғызыншы айдың 17 күні қырық жеті жасында қайтыс болады. Білге (Бағлан) қағанға сатқындар у бергендіктен 734 жылы өледі. Өзіне у бергізген сатқын Мейлу-бекті Білге қаған қиналып жатқанында ұстатып, көз алдында өлтіртеді. Осы тұста 88 жастағы Тоңуқұқ оғыз тайпасына кетіп, онда Қорқыт дада деген есіммен әйгіленіп, сонда қобызын шалып, ел қорғаған ерлердің ерлігін үлгі етіп жүрген деген жорамал пікір де айтылады.

 

 

Таққа Білге қағанның баласы Ижан (Ерен) отырып, алты жыл елді тиыш басқарады. Оның орнына Бижиа Гудолу (Тәңір) қаған болады. Оның тұсында орданың іргесі шайқалып, қаған тұқымдары бір-бірін өлтірумен болады. Бижиа Гудолуді Бопы ханымның азғыруымен бір шадтың ағасы өлтіреді. Одан Бижиа Гудолудың баласын өлтіріп, Гуду Иеху деген қаған болады. Оған қарсы ұйғыр, қарлұқ, басмал елі бірігіп бас көтереді. 742 жылы болған алғашқы соғыста Гуду Иеху қаза табады. Бұдан кейін басмалдардың идіқұты өзін қағанмын деп жариялап, қарлұқ пен ұйғыр бектеріне «жабғу» атағын береді. Түрік Білге қағанның немересі Озмыш (Болмыш) тегін бұл үштікке қарсы күрес жалғастырып, 744 жылы солардың қолынан қаза табады. Озмыштың орнын Баймен (Баймэй) тегін басады. Бірақ, тақта ұзақ отырмайды. Яғлақар тайпасының басшысы ұйғырдың бегі Пыйло (Құл-бойла) әуелі басмалдардың идіқұты И-сидің ордасын талқандап, оны өлтіріп, содан соң Баймен тегіннің ордасын шауып, оны да өлтіреді. Ұйғырлар үлкен жеңіске жетіп, бос қалған түрік қағанының тағына отырып, 745 жылы Ұйғыр мемлекетінің негізін қалайды. Екінші Шығыс Түрік қағанаты бәр-жоғы елу жылдан астам ғана өмір жасайды.

 

Заманында Құтлығтың інісі Қапаған (691-716 ж.ж.) қаған ұйғырларды шауып, оларды екінші Түрік қағанатының құрамына қаратқан. Бағынбаған ұйғырлар қашып Хыси өлкесіне барып, Таң империясының қолтығына кіреді. Қапаған Халха өңірін түріктер иелігіне айналдырып, ордасын сонда көшірген. Қапаған қаған 694 жылы Қытайдың шекарасын бұзады. Лин-жыу аймағын астан-кестенін шығарады. Қапаған қаған Тонуқұқ ақылымен табғаштармен достық келісім жасайды. Қапаған он мың әскерімен чидәнға (қиданға) аттанады. Олардың көсемі өліп, қара жамылған елді Қапаған қаған оңай басып алады. Сунмо аймағын еркінше тонап, зор табыспен елге оралады. Одан Қытайдың Лин-жыу, Шен-жыу аймақтарына шабуыл жасап, мал-мүлкін тонап қайтады. Қапаған Қытайға елші жіберіп, олар бос қайтады. Ашуланған Қапаған қаған Қытайдың елшілерін тұтқын қылады. Елшілер орнына Қытай әйел императорынан түріктер орналасқан Ордостың алты аймағын қайтаруды талап етіп, олар амалсыз келіседі. Қапаған Қытайға қаһарлы қағанға айналады. Қытайлар қулыққа басып Қапағанмен құдандал болады. Құда болғанына қарамай Қапаған Қытайды ондырмай қайта шабады. Қытайлар бұйрық шығарып, «кімде-кім Қапағанды өлтірсе, оған көп сый беріліп, бас қолбасшы» болатынын жариялайды. Қапағанды 716 жылы көтеріліс жасаған байегулер қапыда өлтіріп, басын кесіп алып Таң императорының тыңшысы Хэ-Лунь-чуанға береді. Қапаған қаған Түрік қағанатының өркендеуіне үлкен үлес қосқан қайраткер, ол елді басқару жүйесін өзгертіп, өз ұлдары мен ұрпақтарын ғана ел басқаруға тағайындауды ұстанады. Қапағанның баласы Бөгу қаған «жорық көсемі» атанып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Қапаған қаған тұсында Тардуш шад, Қапағанның ұлы Инал қаған, Тоңуқұқ басты ақылшысы, сәтті көмекшілері деп аталады.

 Ұйғыр қағанатын 840 жылы қырғыздар басып алып, Орхон өзеніндегі хандығынан айрылған ұйғырлар Қытайға сауғалап барып, оларға бағынышты, кірме болады.

Білге қағанның баласы Иоллығ тегін (мұрагер) қайтыс болған әкесінің басына зәулім ескерткіш пен күмбез орнаттырады. Күлтегін мен Ұмай ананың мүсінін мәрмәр тасқа шауып жасатады. Күмбез қабырғаларына неше алуан суреттер салдырып, жан тебірентерлік арнаулар жаздырады. Ол жазулар Хе деп аталады. Жазба 78 таңбадан, 20 сөзден тұрады. Жазудың алғаш мәтінін оқып, әлемге таныстырған дат ғалымы В.Томсон болады. Иоллығ тегін кіші әкесі мен өз әкесінің ерліктерін мадақтатып, сол ескерткіш тасқа қашатып, естелік жаздыртады. Білге қаған ескерткішінде: «Он сегіз жасымда алты баулы Соғдыға қарсы аттандым. Халқын жауладым. Табғаштық Оң тұтық бастаған елу мың әскер келді. Қасиетті Ыдук басында соғыстым. Ол әскерді сонда жоқ еттім, қираттым», — деп жазылған. Білге қаған 22 жасқа толар-толмасында табғаштарға тағы аттанады. Сексен мың қол бастаған Чача сенүнмен соғысып, оларды талқандайды. Чік тайпасы қырық аздармен қосылып, Білге қағанның ел шетіне тиеді. Білге қаған 26 жасында чіктермен Өрпең дейтін жерде соғысып жеңеді. Жол жөнекей аз халқын да бас идіреді. Көгмен тауынан асып қырық аздарды шабады. Алтай тауынан асып түркештерді де бағындырады. Білге қаған (716-734 ж.ж.) ескерткішінде: «Мен 19 жыл уәзір болдым. Қаған болып 19 жыл ел биледім», — деген дерек сөз жазылған. Қазір ол «Орхон ескерткіштерінің Күлтегін жазуы» деп аталады. Ескерткіш 735 доңыз жылы, бесінші айдың 27 күні қойылған. Білге қаған, Күлтегін, Тонуқұқ тас ескерткіштері Солтүстік Моңғолияның Ұлан-Батордан батысқа қарай 400 шақырым жердегі Орхон өзені бойында Кошо-Цайдам мекенінде орналасқан. Алғаш тапқан Н.М.Ядренцев. В.В.Радлов неміс тілінде суретімен баспадан шығарған. Тонуқұқ ескерткішін 1898 жылы әлемге танытқан Е.Л.Клеменц.

 

Тонуқұқ VІІІ ғасырдағы 692 жылы қайтыс болған Құтлығ (Елтеріс), 716 жылы қайтыс болған Қапаған (Мочжо), 734 жылы қайтыс болған Білгенің (Могилан), яғни үш қағанның ақыл-кеңесшісі болғаны мағлұм. Күлтегін де лақап ат, «күл – қол» парсы тілінде «ең үлкен» деген мағына берсе, «тегін» — «ханзада» деген ұғым.

 Күлтегін құлпы тасын 1889 жылы тұңғыш рет Моңғолиядағы Көшесайдам деген көл бойынан ұшыратқан Ресейлік Н.М.Дыринцев. Құлпы тастың биіктігі 3,15 метр, ені 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Құлпы тастың көшірмесі Астанадағы Еуразия университетінің бас ғимаратының серуен күмбезінде еңсе көтеріп тұр. Күлтегіннің мәңгі тасындағы жазуда 53 жол көне түрік жазуымен жазылған. Оң беттегі жазу 40 жол. Оны ғалымдар «үлкен жазу» деп атаған. Сол беттегі жазу 13 жол. Оны «кіші жазу» деп атаған. Сол жақ бетінің жартысынан ауданды жеріне тігінен көне қытайша мәтін қыстырылыпты. Үлкен жазуда өткен тарих қысқаша шолып жазылса, кіші жазуда Білгі қағанның өкініші мен бекінісі, Күлтегіннің ұлт тағдырындағы орны баяндалған. Ең соңында бітікті тасқа басушы Иоллығ тегін екені айтылған.

 Иоллығ тегін ақын, тасқа қашап жаздырған мәтінді өлеңмен өзі шығарған деседі. Иоллығ тегін өз ажалынан 739 жылы қайтыс болады. Өлеңмен қашалып тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде: «Халқым тоғыз-оғыз бектері, біз табғаштарға құл болдық. Түркі атауын жоғалтып, табғаш атауын елу жыл тұтындық. «Түркі халқы жойылмасын, ел болсын» деп әкем Елтерісті тәңірі төбеге көтерді. Білге қаған болды. Мен тардуш халқына шад болдым. Ұмай анамыз бізді жеткізді», — деген сөздер жазылған. Ұмай Білгі қаған мен Күлтегін шадтың туған анасы болады. Ұмай ана ақылымен еліне үлкен үлестер қосады. Ұмай ана құтына қарай Күлтегін ер атанады. Ұмай ананың ақылымен алты қорған Соғдақ (Шығыс Түркістан) пен он тұтық (облыс) Табғаш талқандалады. Тонуқұқ ескерткіш жазуында: «Елтеріс қаған түстіктегі табғаштармен жиырма жеті рет, шығыстағы құтандармен жеті рет, терістіктегі оғыздармен бес рет соғысты», — деген жазу жазылып, ұрпаққа қалдырылған. «Диуани лұғат ат-Түрік» кітаб-сөздігінде Махмуд Қашқари «тауғаш» деп дінге кірмей, тауға безіп қашқандарды атапты. Араб, парсы жұрты Қытайдағы түркілерді «табғаш» депті. Сонда «табғаш» сөзінің мағынасы өз тобынан қашқан деген ұғым береді. Қытайдың Тоба-вэй, Таң патшалығы «табғаш» деп аталады. Яғни, табғаштар өз мәдениеті мен тілінен безініп, жатқа табынып кеткендер болады.

Қазақтың үш жүзінің шежірелердегі атасы Құтан (Қотан) бай дегеніміз VІІІ ғасырда үлкен ел атауы болғаны анықталды. «Құтан» сөзінің мағынасын тарих зерттеуші Марат Уатқан «құс көсемі» деген нұсқа дейді. Мажарша жазылуы «көтен-көсем», «көтейнь-кун» екен. Күлтегін мәңгі тасындағы көне түрікше мәтінді ең алғаш қазақшаға аударып, зерттеген ғалым Ғұбайдолла Айдаров деген азамат екен.

 Тонуқұқ өлгеннен кейін Күлшора түркі елінің құқығын қорғап сақтайды. Өзі қол бастаған батыр, ғұлама қоғам қайраткер екен. Түріктің аналық әулетінің ұрпағы болады. Яғни, түрікке жиен. Әкімшілік жағынан «білге», әскери жағынан «ышбара» шенін алыпты. Билік кісісі, сөз иесі болғаны анық. Сексен жасында жауға қарсы омыраулап шешініп шауып, дүниеден озған екен. Күлшора ескерткішін 1912 жылы Ұлан-Батор оңтүстік батысындағы Ихе-хушоту ойпатынан тапқан В.Л.Ковтик. Ескерткіштің ұзындығы 1,90, ені 16 сантиметр. Тас жазуда Құл-шора 80 жас жасап қайтыс болған делінеді. Ол Түрік қағанатының тәуелсіз болуына бәр өмірін арнапты.                                   

 604 жылы Батыс Түрік қағанаты құлап, уақыт оза 635 жылы бұрынғы Батыс Түрік қағанатының он ұлысы «он оқ» деп одақтасып бірігеді. Одан бес-бестен екіге бөлініп, бірінші бес ұлыс Шу өзенінен батысқа қарай көшіп-қонып жүргені «нушеби» деп аталып, екінші бес ұлыс Шу өзенінен шығысқа қарай көшіп-қонып жүргені «дулу» деп аталады. Іле мен Шу аралығында көшіп-қонып жүрген түркештер Дулу ұлысынан шыққандар делінеді.

 Іле өзенінен бастап Сібір тайгасына дейін жайлаған батыс түркі руларын басқарып 641 жылы Үкі шад таққа отырады. Үкі шад он оқтармен соғысып, олардың басшысы Халлығтан жеңіледі. 656 жылы қақаған қысты пайдаланып, қытайлар Халлығтың басқарған еліне төтенше шабуыл жасап жеңеді. Батыс Түрік қағанатын Қытай империясының қолбасшысы Су-Дин-Фан мөлшермен 657 жылы жаулап алып, жерлерін кішкене хан иеліктеріне бөліп, халқын Қытайға сіңдіреді. Өктемдік еткен қытайлар 692 жылы дулу мен нушебилерге қырғын жасапты. 

 Уыздардың батыс бұтағы VІІІ ғасырда Жетісудан Сырдарияның орта және төменгі ағысына қоныс аударып, Оғыз мемлекетін құрады. Ислам дінін қабылдаған Селжүк өзіне бағынған елді бастап оңтүстікке қарай жылжиды. Оған бағынған ел селжүктер деп аталады. Бірақ, олардың негізі оғыздар болады. 1030 жылы Селжук Ғазнауи сұлтандығының сеніміне кіріп, халқының қоныстануына жер алады. 1038 жылы Селжүк қайтыс болып, билік оның ұлы Торғылбекке көшеді. Торғылбек тұсында селжүктер Хорезм, Әзірбайжан, Күрдістан, Иранды жаулап алады. 1055 жылы Бағдатқа басып кіреді. 1063 жылы Торғылбек қайтыс болғаннан кейін, орнына Алып Арслан сұлтан сайланады. Ол 1071 жылы Византия мемлекетін құлатып, Анадолы мемлекетінің негізін қалайды. Анадолы мемлекетінде билік селжүк әулеттерінен Осман әулетіне көшіп, мемлекет Осман империясы деп аталады. Осман сұлтандығын қалыптасуының басында Ер Тоғрұл бей тұрады. Ол бүгінгі Түркия мемлекеті деп аталады.

 ХІ ғасыр соңына қарай селжуктер билеушісі болып Кұтып ад-дин Хорезмде тағайындалады. Ол өлген соң оның ұлы Атсыз 1128 жылы таққа отырады. Құтып ад-диннің әкесі Ануш-тегін хорезм шаһтар әулетін құрған еді. Атсыз селжук Санжар сұлтанға беріле қызмет қылады. Атсыз гүрхан Қарақытай билеушісі Елюй Дашиге төлем төлеп тұрады. Атсыз 1156 жылы өлген соң, елі әлі селжуктерге тәуелді болған. Атсыздың орнына ұлы алып Арслан таққа отырады. Оған көне Иран шаһынан қалған лауазым «хорезм шаһ» деген атау тағылады. Алып Арслан Қарақытайға тәуелді болғанымен ол үлкен беделге ие болған еді. Шығыс мұсылман мемлекетерінің үлкен билеушісі саналады. Ол өлген соң орнына ұлы Текеш таққа отырады. Абасидтер арқауында Текештің елі селжуктар боданынан құтылады. Текеш 1200 жылы қайтыс болады. Халифтар мен хорезм шаһтар арасындағы күшейген тартыс туып, екі әулет бәсекеде күйреумен тынады. Текештің құрған әскерінде түркілер басым болады. Текештің орнын басқан Мұхаммед-ІІ гуридтер мен ауғандарды жеңіп, жаңа Хорезмшаһ мемлекетін құрады. Қарахандар енді хорезмшаһқа тәуелді болады. Хорезмшаһ мемлекетіне тәуелді қарақытайларды Елюй Жилугу билейді. Оның билігін 1210 жылы найман Күшлік хан басқарып кетеді.

 Оғыз мемлекеті ХІ ғасырдың басында қыпшақ тайпаларының соққысынан құлайды. Оғыздардың бір бөлігі шығыс Еуропаға, бір бөлігі кіші Азияға, бір бөлігі Орта Азия селжүк әулетінің қарамағына қарайды. Қыпшақтардың бабалары Сір-Енда (Сеяньто) ұлысы басқарушы биліктің басында болып, екінші Шығыс Түрік жаңа қағанаты құрылғанында билікке қол жеткізіп, басқарушы тайпа ретінде мойындалады. Қыпшақтар «сірлер» деген атаумен әйгіленеді. Одан тоғыз-оғыздар қыпшақтарды басқарып, Ашина әулетін биліктен аластайды. Ұйғырлардың қуғындауымен қыпшақтар Ертіс бойына жылыстайды. Қыпшақтар Ертіс бойын жайлап, ими мен имек төңірегіне топтасып, жалпылама кимек (қимақ) деп аталады. Қимақ мемлекетін (қағанатын) құрады. Кең даланы иеленіп, Дешті Қыпшақ мемлекеттік бірлестігін құрып, ықпалды күшті мемлекетке айналады. Киев Русімен саяси дипломатиялық, экономикалық, әскери қатынастар орнатады. Қара теңіз жағалауында өрістеген сауда-саттық кыпшақ тілінде жүргізіледі. Шет елдіктерге арналып «Кодекс кумманикус (Қыпшақ тілінің сөздігі)» жасалады.

 

Қыпшақтар 1055 жылы орыспен шекаралас аймақтарда пайда болып, қыпшақ Болыш хан орыс князі Всеволодпен бірлесіп, оғыздар шабуылын тойтарып, жеңіске жетеді. 1061 жылы қыпшақ ханы Секалжаз орысқа шабуыл жасап, Всеволод княздің дружинасын талқандайды. 1067 жылы Әлті өзені бойында қыпшақтар орыстардың үш княздігінің әскерін қырып жояды. 1071 жылы князь Святослав қыпшақтан Снова өзені бойында қарымта қайырады. 1076 жылы князь Владимир Мономах алғаш рет қыпшақтарды өзара ел іші іріткісін басуға жалдап алады. 

 Қыпшақтардың Тұғырыл (Тоғарақ) деген ханы, Бұнақ (Боняк) деген қолбасшы болғаны тарихтан аян. Екеуі ұзақ жылдар тізе қосып, бірге әрекет етеді. Олар орыстың ата жауы саналады. Екеуі Византияға көмек қолын созады. 1091 жылы пешенегтерді талқандайды. Переяславль княздігіне, Владимирге келген қыпшақ иеліктерінің ру басшылары Итлар мен Қитан бітім жасауға келіп, бітім сөз аяқталғанынша аманатқа Владимир өз ұлы Святославты береді. Итлар қалаға кіріп, Қитан қала сыртына қосынымен жайғасады. Түнде Владимир Мономах кісілері Қитанды өлтіріп, Святославты ұрлап әкетеді. Таң ата, ертеңінде қалаға қонған Итларды да өлтіреді. Владимир мен Святополк княздар өлтірілген екеудің иесіз қалған көшін шауып, мол олжаға кенеледі.

 1092 жылы қыпшақ пен орыстар бірігіп Польшаға соғыс ашады. Бұл соғыс 20 жылға созылады. 1093 жылы Киевте басты князь Всеволод қайтыс болады. Орнына немересі Святополк князь таққа отырады. Қыпшақтар жаңа князьбен жаңаша келісім жасайды. Қыпшақ Тұғырыл ханның қызын Святополк алып, екі жақ құдандалы болады. Осыдан соң олар Византияға қарсы соғыс бастайды.

 Тұғырыл мен Бұнақ артта қалған ордаларына 1095 жылы Балқаннан шұғыл оралып, орыс княздарынан есе қайыруға кіріседі. Юрьев қаласын, Поросьені өртеп жібереді. Кури қолбасшыға Переяславльдің маңайын тып-типыл етіп өртетеді. 1095 жылы 31 мамыр күні Тұғырыл хан Переяславльді қоршауға алады. Князьдік астана жеті апта қоршауда тұрады. Шілденің 19 күні Святополк пен Владимир қарсы аттанысқа шығады. Осы шайқаста Тұғырыл хан күйеу баласы Киевтік Святополктің оғынан қаза табады. Святополк атасының мәйітін Берестов жанындағы зиратқа жерлейді.

 Бұнақ хан Тұғырыл ханның иелігін өзіне қосып, ұзақ 95 жас, 1167 жылға дейін өмір сүрген. Бұнақ хан 1107 жылы Сары (Шарукан) ханмен қатынас орнатып, бірге одақтас болады. Переяславльге жасаған екеуінің жорықтары сәтсіз болып, Тұнақтың інісі Таз, Сары ханның қолын бастап барған Сүгір қолға түсіп қалады. 1113 жылы Святополк өліп, сарылар есе қайтаруға аттанып, жолдары болмай кері қайтады. Владимир Мономах қыпшақтармен 19 рет келісім шарт жасасады. Сары ханның ұлдары Сырчан мен Отрак екі орда құрып отырады. Отрактың ұлы Кончак ханның күші қырық мың деп айтылады. Оның есімі 1170 жылдан бастап шығады. Ол 1174 жылы Көбекпен бірігіп, орысқа аттанады. Ол Игорь князьбен оқыс жағдайда кезігіп шарпысады. Осы шарпысуы оны «Слово о полку Игоровенің» қаһарманы қылған. Кончак хан 1179 жылы орыстарды тұтқиылдан бас салып, жиған-терген астықтарын олжалайды. 1184 жылы Көбекті мономаховичтер дарға асып өлтіреді. Кончак орысқа соққы беруге құпия әзірленеді. Бұны білген Святослав пен Ярослав бүкіл орыс княздарының басын қосып, 1185 жылы Кончак ордасына Игорь мен ұлдарын жасақталған жасақпен аттандырады. Олар жасаулы бай орданы алады. Таңертеңінде қоршауда қалғандарын түсінеді. Самара батпағына шегінген орыстар ұзақ қарсылық ете алмайды. Игорьді Тарғыл ордасының батыры Шылбық ұстап әкеледі. Игорьдің ұлы Владимир Ұлаш ордасының адамдарының қолына түседі. Осы тұтқында ол Кончак ханның қызына жолығады. Игорьді Кончак Шылбықтан сатып алып, күзет қойып, қамап қояды. Бірақ, Игорь амалын тауып қашып құтылады. 1187 жылы Владимир Кончактың қызына үйленіп, той болады. Киетік Русь әлсіреп, екі жақ құдандалы болып теңеседі. Кончак өліп, орда билігі Юргийге көшеді. Киевтік Русь 250 жыл бойы көшпенділермен соғысады. Қалқы соғысынан кейін Қотан ордасы күшейеді. Ақырында Қотан 40 мың адамымен 1237 жылы Венгрияға қосылады. С.А.Плетнева ХІ ғасырдың 20-шы жылдарында сарылардың (сары қыпшақтар) терістік Донец, солтүстік Приазовьеге орналасып, «половцы» деп аталғанын баяндайды. Дешті Қыпшақ бірлестігін Бату хан екі рет шабуылдап бағындырады. Сонымен қыпшақтар Жошы ұрпақтары тұсында толық ыдырауға түседі.

 Шығыс Түрік қағанатында 21, Батыс Түрік қағанатында 28 қағанға дейін билеп, билеуші әулеттің аты «дулыға (дулу)» деп аталып, қарамағындағы халық өздерін «дулыға (түрік)» деп атаған. Осы елдің оныншы билеушісі Құла хан, он біріншісі Құла ханның інісі Төбей «киелі қаған» деп аталады. Оларды VІІІ ғасырдың орта шенінде Қытай жеңіп, батысын арабтар басып алады.

  Алайда бұл екі қағанат Қытай жазбаларында «А-шы-на» деп беріледі. Бұл іс жүзінде қытайшадан қазақшаласақ «Алшын» деген атау баламасы болып шығады. Алшын әулеті 200 жылдай тақта отырып, VІІІ ғасырдың 40-шы жылдарына келгенде Яғылағыр (Жалайыр) әулеті жағынан тақтан аударылады. Одан кейінгі заманда қағанат атауы «ұйғыр» деп өзгергені тарихтан мәлім.

 

Карта байыбы

Қытай жылнамаларында VІІІ-Х ғасырға дейінгі ұлы дала тайпаларының үстемдік жасаған ұлыстарының картасы сақталыпты. Сол картадағы тайпалардың этникалық жіктелуі былай:

 А. Түркі тілдес тайпалар. Еуропалықтарға ұқсас батыс Сібір тайпалары:

  1. Кенгерестер (қаңғар, қангүй, қаңлы, печенегтер).
  2. Енесейлік қырғыздар (геу, хакас).
  3. Қыпшақтар (күй-юе-ше).
  4. Шығыл (жікіл).
  5. Түркештер (абар, мүкірін).

Б. Ақ нәсілге жататын, шығыстық, телестік (дене түстес) тайпалар:

  1. Ұйғырлар немесе тоғыз-оғыздар (наймандар).
  2. Яғма (янь-мянь).
  3. Тонгра (тунло).
  4. Бұғы (пугу).
  5. Құрыхандар (гульган).
  6. Ізгілі (сицзе).
  7. Төлеңгіттер (доланьгэ).
  8. Байырқу (баегу).
  9. Едіздер (адйе).

 Одан басқа хусе, киби, хунь, байси гун-юе деген тайпалар қытайша аталады. Ескертпесінде бұлардың телестіктерге жатуы күмәнді делінген.

В. Шулық топ тайпалары – Орта Азияда б.з. жыл санауындағы ІІ ғасырда қалған ғұндардың ұрпақтары:

  1. Шуюе.
  2. Шумдар.
  3. Шуюенің тармағы шато.
  4. Қимақтар (чумугунь).

Г. Жанғар тобы тайпалары:

  1. Қарлұқтар.
  2. Басмалдар.
  3. Басмалдарға біріккен тайпалар нешеттер, шүніктер, хулуву.

Д. Саян-Алтай тобы тайпалары:

  1. Чиктер (осы күні жоқ).
  2. Тубалар (дубо).
  3. Эчжень (эчжи).

Е. 747 жылдан кейінгі түріктер (ту-цзюе, түркіттер) – көктүріктің тармағы. Бұлар «телес» және «тодош (сүйек)» деген тараулармен таулы Алтайда отырықтанып қалып, төлеңгіттермен бірігед. Х-ХІ ғасыларда «Тикин (Тэгинь)» деген ханзада есімімен белгілі болады. 1207—1208 жылдары оларды моңғолдар жаулап алады.

 

 

                 »МАТАЙ — АТАЛЫҚ" руының «ҚҰТТЫБОЛАТ» тармағының

ШЕЖІРЕЛІК ТАРАТЫЛЫМЫ

 

 

Құрметті оқырман!

Бірден айтайын, сайтымда жиналған алғашқы деректер негізінде дайындалып ұсынылған осы тармақтың шежірелік жазбасын әзірге толыққанды деуге келмейді. Оларды жинақтап толықтыру одан ары жалғастырыла беретін болады және дайындалу үстіндегі мына ШЕЖІРЕЛІК КІТАПҚА енгізілетін болады:

 

 

 

Осыған орай, осы таратылым бойынша бүгінгі жазбада байқалған қателіктер, сәйкессіздіктер туралы ескертулеріңді және толықтыруларыңды қабыл аламын! 

Сол сияқты, МАТАЙ, САДЫР елдеріне қатысты өздеріңде бар қандай да болсын аталық-әулеттік шежірелерді осы кітапқа енгізу үшін ұсынуыңа болады. 

 

 

МАТАЙдың — ҚАМБАР БИ — АТАЛЫҚ руы СҮТТІБОЛАТ,  ҚҰТТЫБОЛАТ,  ТӘТТІБОЛАТ, ЕСБОЛАТ,  БЕКБОЛАТ, ТАСБОЛАТ  және НҰРБОЛАТ болып тарайды.

 СҮТТІБОЛАТТАН,  ЕСБОЛАТТАН,  БЕКБОЛАТТАН  және НҰРБОЛАТТАН деректер жоқ

 

Солардың ішінен ҚҰТТЫБОЛАТ тармағы, өз кезегінде  — ШАҒЫР ҚЫЗАЙ, ТОҚТАР ҚЫЗАЙ және ҚҰТЫМ болып таратылады.

 

 *     *     *

 ШАҒЫР  ҚЫЗАЙ

 

ШАҒЫР  ҚЫЗАЙДАН МЕҢІС,  ИТЕМГЕН,  БЕГІМБЕТ,   ДЕРБІС

МЕҢІСТЕН ТӘНІРБЕРДІ,  ТІЛЕУБЕРДІ,  ТІЛЕУҚАБЫЛ.

ТӘНІРБЕРДІДЕН ҚҰДАЙНАЗАР, БАЙНАЗАР, ҚҰТТЫМБЕТ,  ҚҰТТЫҚАДАМ, СЕКСЕН, ҚАСАБОЛАТ, ТОҚСАН, ЖАНБАЙ,  ТЫНЫБАЙ.

 

*****

ҚҰДАЙНАЗАРДАН — ЕСЕНГЕЛДІ БИ,  СҰЛТАНГЕЛДІ,  ЖОЛЫМБЕТ.

СҰЛТАНГЕЛДІДЕН  — ҚАРЫМБАЙ, ҚОЖАБЕК.

ҚАРЫМБАЙДАН Күрең,  одан — Есен,  оданЕстемес.

Естеместен Ноғайбек, Қанатбек, Әбдіқадыр, Нәдірбек, Әлібек, Қайыпбек,  Үсенбек.

 

Ноғайбектен — Әнуарбек, Әділқасым,  Мырзақасым,  Әзірбек

Әнуарбектен Сіләмжан, Сіламбек,  Біләл.

Сіләмжаннан  -  Рақымжан,  Сержан,  Мейіржан,  Азамат.

Рақымжаннан  - Мейірбан

Сержаннан Ақтаң

Мейіржаннан Мағжан

СіламбектенАйтуған,  Айтымұқан

БіләлденМедет,  Мұрат

 

Әділқасымнан  -   Әжібек,  Қасымбек,   Нұрдыбек,  Әзілбек,  Қазылбек,   Айтбек.

Әжібектен Әбдіуахит,  Серікжан

ӘбдіуахиттанТолқын,  Тұрсынжан,   Нұрлан

Серікжаннан Батыл.

Қасымбектен — Әбдірапық,  Еркін,   Мәлік

Әбдірапықтан   — Ернұр

МәліктенСейіл, Мерей

Нұрдыбектен Сүлеймен,  Абылай,  Айдын,  Айқын,  Қайсар.

Әзілбектен  -  Азат,  одан - Қажет

Айтбектен  -  Камілжан,   Камілбек,  Ерғали

 

Мырзақасымнан Ыбрайымбек,   Камілбек.

ЫбрайымбектенСәнму,  Нұрдәулет, Нұрдәнәлі .

СәнмуданҚызырәлі,  Биәлі.

Нұрдәулеттен Бисары

НұрдәнәліденҚыран

Камілбектен Нұрбақыт, Серікнұр.  

 

Әзірбектен Мекебек,  Ризабек,  Мырзабек,  Ахыметбек,  Іляр, Шапай

МекебектенБақдәулет,  Амантай

Бақдәулеттен — Бақытбек

Амантайдан  - Арман,  Қуантай

РизабектенЖәнібек,  Жарқын

МырзабектенҚұрбан,  Марғұлан,  Нұртұрған

АхыметбектенАрапат,  Ахтам,  Ажы

Ілярдан –   Елден,  Елхам

Шапайдан – Елмұрат,  Қажымұрат

 

Қанатбектен Әмірбек,  Оралбек,  Маралбек, Бердібек, Сырдыбек

Оралбектен Бақытжан,  Уалиншін Уәш,  Шәйзада,  Назаржан

Бақытжаннан -   Әлімжан, Әкімжан, Қадыс

Уалиншін Уәштен Нұртілек

Шәйзададан Ғалымжан

Назаржаннан  Балнәр

БердібектенНұршат,  Мәжит,  Пархат

НұршаттанШаттық,   Елшат

Мәжиттен Олжас

Пархаттан — Рахат

Сырдыбектен  — Нұрмұхамед

НұрмұхамедтенКәмілжан,  Сержан,  Нұржан,   Парасат

 

Әбдіқадырдан   — Әбдіхамит,  Әбдіжан,  Орман

Әбдіжаннан  — Дәурен

Орманнан —  Жанмұрат,  Әкімжан,  Есқат

 

НәдірбектенҚалибек, Әлібек, Шәріп

Шәріптен — Нұресім

 

Қайыпбектен Тоқтарбек,  Патық,  Ажытай,  Нұрлан,  Ерлан,  Саржан, Бүрлен

 

Үсенбектен Төлеу,  Бұлғын,  Қажет

Төлеуден  –  Шалқар,  Шаттықнұр,   Нұржұма,  Ернұр

 

*****

БАЙНАЗАРДАН – ҚОҢЫРБАЙ БАТЫР

 

ТІЛЕУБЕРДІДЕН – ЖАНҒАБЫЛ,  оданЖОЛБОЛДЫ, ТОРҒАЙ, ЕСІРКЕП,  ЖАРЫЛҚАП

 

ЖОЛБОЛДЫДАНҚОЖАНАЗАР,  ЖАЛАҢТӨС,  ҚОҚАШ,  ҚАРАША, САРМЫҚ,  ҚАРАМЫҚ,  ОНБАЙ,  БЕСБАЙ

ҚОЖАНАЗАРДАН – Қожабек, Бөжей, Ширмен, Тақара, Ботақара, Жаманкөз, Марқатай,  Балапан, оданАқылбек, Айса, Жазыбай, Шонке,  Түгел

ЖАЛАҢТӨСТЕН – Ерменбай, Барақбай, Текебай, Долан, Ақбала, Мамай, Дүйсенбі, Кәдірбек, Тұрдығұл, Балтабай

 

ТОРҒАЙДАНТАЙМАС,  АҚҚОШҚАР,  ТОҚБАНБЕТ,  АМАНБАЙ, КӨРПЕШ,  ШОТБАС,  ҚОСБАРМАҚ,  ҚАНАЙ,  БЕЙНЕС

ТАЙМАСТАН – Жаңылыс, одан — ЕлтоқӘйтей, Делгір, Шалабай

АМАНБАЙДАН – Құлшығаш, Күшік, Төбет, Шәкірті, Сүттібай, Пұсырман, Олжабай, Қонысбай

 

ЖАРЫЛҚАПТАНҚАРА, ҚОЖАҚҰЛ

ҚАРАДАН – Боранбай,  Мырзакелді, одан Тоғызбай,  Асау,  Базар

ҚОЖАҚҰЛДАН – Қойкелді, Мөңке, Сасықбай, Саяқ,  Қоқыш

ҚойкелдіденҚонақбай,  Арғынбай

  

ТІЛЕУҚАБЫЛДАН – ЕСЕНҚҰЛ,  ОРАЗАЙ

 

 *****

ИТЕМГЕННЕН – АЙТҚҰРМАН,  одан — АҢДАҚҰЛ,  ҚҰДАЙҚҰЛ,  ТАҒАЙ-ЖАУЛЫБАЙ

 

 *     *     *


 
ТОҚТАР ҚЫЗАЙ

ТОҚТАР ҚЫЗАЙДАН БЕГІМБЕТ,   ДЕРБІС

 

БЕГІМБЕТТЕН  – ЖАРАС БАТЫР,  БЕКСЕЙІТ,  АҚСЕЙІТ,  АМАН, ТОҢАЙ,  ТАҢАТ.

ТАҢАТТАН – ЕСБАЛА

ЕСБАЛАДАНЕСТАЙ,  ЕСІМБЕК,  ТОЛЫҚБАЙ

ЕСТАЙДАН – ИМАНГЕЛДІ

ИМАНГЕЛДІДЕН  — Әли

ЕСІМБЕКТЕН — ЕРЖАН

ТОЛЫҚБАЙДАН — ЕРЛАН

 

ДЕРБІСТЕН  – СҮЙІНБАЙ,  СҮЙІНДІК, ШӘУКЕ,  МАЙМЫЛ,  ЕСЕНБЕРДІ.

ЕСЕНБЕРДІДЕН – ҰЛЫҚОЛ,  СҮЙЕР,  ТӘТТІБАЙ,  ҚҰТТЫБАЙ.

ҰЛЫҚОЛДАНЖАСЫБАЙ, ҚОШАН.

СҮЙЕРДЕНМӘЛІК,  ШОЛАҚ.

ҚҰТТЫБАЙДАНБАЯН,  БӨГЕНБАЙ,  ТАСТЕМІР,  САДЫ.

САДЫДАН – АТЫҒАЙ,  ҚАРАҒАЙ,  ҚИЯЛ,  ДОҒАЛ,  ШОҚПАР.

ДОҒАЛДАН Бәту, Бекше,  Сопақ.

СопақтанТілеу.

Тілеуден – Мейран, Түкібай,  Мәкібай.

Мейраннан  - Әбілғазы,  одан — Тұрды.

 

 *     *     *


ҚҰТЫМ

 ҚҰТЫМНАН  -  ШЕРУ,  ШЕРУШІ.

ШЕРУДЕН  — АНДА,  ҚАЗЫБАЙ-КАРТАЙ.

ШЕРУШІДЕНЖАРБОЛАТ.