«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» (46)

Бұл жолы НАЙМАН–МАТАЙ-АТАЛЫҚ  руының үлкен тармақтарының бірі — ҚЫЗАЙ ЕЛІ туралы танымдық-шежірелік жазбалар беріліп отыр.Танысыңдар!

Сайтымда ҚЫЗАЙ елі туралы  деректер бұған дейін де жарияланған болатын. Сілтемесі: https://cutt.ly/KrHfkJD

Бүгінгі парақта оқырмандар назарына осы тақырыптағы Тоқмұхамет Тұрсынұлы БАЗАРБАЕВ деген азаматтың «ҚЫЗАЙ  АНА ҰРПАҚТАРЫНЫҢ АТА-ТЕК ШЕЖІРЕСІ» деген мақаласы мен бейнежазбалық «ҚЫЗАЙ АНА ТАРИХЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМАСЫ»  ұсынылып отыр.

Және де осы және бұрынғы жазбалар деректері өзара  толықтырылып сәйкестендірілген ҚЫЗАЙ  елінің ШЕЖІРЕЛІК ТАРАТЫЛЫМЫ берілді. 

Құрметті оқырман! Егер осы жазбаларға және жалпы МАТАЙ, САДЫР руларына қатысты толықтыратын өз аталық-әулеттік деректерің бар болса, ұсынуыңа болады.  Олар реттеліп, дайындаулы тұрған төмендегі ШЕЖІРЕЛІК КІТАПҚА енгізілетін болады:

 

 

 

ҚЫЗАЙ ЕЛІ

 

 

Қызай  ана ұрпақтарының ата-тек шежіресі

Автор: Тоқмұхамет Тұрсынұлы Базарбаев

Жазған: Имаш Әбдірахманұлы

 

Қызай  ананың бірінші жұбайы Шағырмен, екінші жұбайы Тоқтар аға-інілі болып, екеуінің әкесі Құттыболат. Шағыр мен Тоқтар Төлегетай бабаның өбересі (шөпшегі) болады. Қызай  ана ұлы жүз Бәйдібек бидің қызы. Шағырдың екінші әйелі. Шағырдың бірінші әйелінен 6 ұл бар делінетін тарихи аңыз бар. Бұл анықталу үстінде. Шағыр танымал батыр, ерекше мерген делінген тарихи аңыз болғандықтан бұларды жазбадық.

 Төменде Шағыр мен Тоқтардан болған Қызай  анамыздың ұрпақтарын таныстырамын. Айта кетер жағдай – Шағыр және Тоқтардың Қызайанадан тарайтын ұрпағы осы кезде 16-ұрпақ дәуірінде тұр. Жан саны миллионға жету кезеңінде бұлардың бәрін жазып жолдау қажетсіз деп қарадым. Өйткені бұл ұрпақтар Қытайда 2010 жыл толық жазылып біткен еді. Жинақтағанымызда бір емес, бірнеше кітап етіп шығару мүмкін болмағаны  үшін, Қызай ананың 337 бөбересі үлкен ру болып қалыптасқандықтан, жағдайлары бойынша өз ата-тектерін айырым шежіре кітап етіп жарық көрсеткен. Қызайана ұрпақ  ата-тек шежіресін Қызайдың бөбересіне дейін жазып. Қызай елі тарихымен сәйкестіріп бір кітап, олардағы ұлы тұлғаларды бір кітап етіп шығару жағдайы бойынша істелген. Сондықтан  мен қазақ елімізге Қызайдың бөбересіне дейінге жоғарғы бес атасын таныстырамын. Шағыр мен інісі Тоқтардың ұрпағы ана атымен қоғамға танылғандығы үшін, Шағыр мен Тоқтардың шежірелер аты көп айтылмай, жазылмайтын себеп осы.

Шағыр мен Қызайдан-Жеңіс (жеңгелері кішкене күніңде «ит емгенсің» деген әзілдеуіне Жеңіс Итемген атаныпты). Меңіс атты екі ұл туған соң, Шағыр қайтыс болады. Қызай ана әмеңгерлік салтпен, туған қайыны Тоқтармен некеленіп Бегімбет, Бербіс атты екі ұлды болған соң Тоқтар да қайтыс болады. Қызай анамыз жесір, 4 ұлы жас жетім қалады. Қызайана қасіреті ауыр қиыншылыққа ерекше шыдамдылық көрсетіп, 4 ұлының ынтымақ-берекесін ойлап Шағыр, Тоқтар ұрпағы болып, болашақта екіге бөлінбесін деп, 4 баласын өз атында Қызайдың баласы деп атайды. Бұлар ауыл болып өскенде 4 Қызай ауылы деп аталады. Ұрпақтары көбейіп, көркейген соң Қызай елі болып қоғамға танылады. Қытай елі 2000 жылы Қызайананы  әйел затынан шыққан әлемдік тарихи ұлы тұлға деп, мемлекеттік ұлы тұлғалар архивіне алған.

Шағыр мен Қызайананың бірінші ұлы Итемгеннен – Байтелес, Жаулыбай, Тағай дүниеге келген.

Байтелестен – Андақұл, Құдайқұл. Андақұлдан – Жанәлі, Қыдырәлі, Есенәлі, Төлеген. Жанәліден – Көрпебай, Бөпебай, Тезекбай, Нүсіпбай, Жылқыбай. Көрпебайдан – Ербосын, Нұрбосын. Тезекбайдан – Қалта, Додақ. Қыдырәліден – Қыдыр, Қызыр, Өтеп. Есенәліден – Қошқарбай, Боранбай. Төлегеннен – Ынжықұл.

Байтелестің екінші ұлы Құдайқұлдан – Ес, Дос. Естен – Жиенқұл, Назар. Достан – Мәутен, Әбірәлі, Түктібай, Сүттібай, Дүйсенбі, Жылқыайдар, Жамансары, Байсал. Итемгеннің екінші ұлы Жаулыбайдан – Байсенгір, Тастемір. Байсенгірден – Дүйсек. Тастемірден -Молкелді, Бөкелді, Қап, Төлеп. Итемгеннің үшінші ұлы Тағайдан – Онжасар, Бәкей. Онжасардан – Өмірәлі.

Шағыр мен Қызай  ананың екінші үлы Меңістен – Тәңірберді, Тілеуберді, Тілеуқабыл (ұрпақсыз жас қайтыс болған).

Меңісұлы Тәңірбердіден – Құттымбет, Құдайназар, Құттықадам, Байназар, Сексен, Қасаболат, Тоқсан, Жанбай, Тынбай. Бұлар 9 Тәңірберді аталады.

Тәңірбердінің бірінші ұлы Құттымбеттен – Жаманқұл (Жолманбет), Елдай (Қарабас), Сүйінбай, Есілбай. Тәңірбердінің екінші ұлы Құдайназардан – Жолымбет, Есенкелді, Сұлтанкелді. Құдайназар қызы Гүләйім, ұлы Есенкелді  үшеуі тарихи батыр, ұлы тұлғалар. Тәңірбердінің үшінші ұлы Құттықадамнан – Бимәмбет. Бимәмбеттен – Болтай, Белбай, Семізбай, Бөрте, Тұяқ. Тәңірбердінің төртінші ұлы Байназардан – Қазымбет, Қоңырбай. Тәңірбердінің бесінші ұлы Сексеннен – Тастемір, Шобан. Тәңірбердінің алтыншы ұлы Қасаболаттан – Албай, Нұрбай, Өтеуыл. Жетінші ұлы Тоқсаннан – Қараменде, Жәнібек. Сегізінші ұлы Жанбайдан – Есенбай. Есенбайдан – Байторы, Бөрте. Қоңырбай, Қараменделер батыр тұлғалар. Есенкелдінің екінші ұлы Кененбай ұрпағынан Бұқаш Қосетұлы Қызайдың үш биінің бірі болған. Қызай елін Ілеге қоныстандырған елбасы, тарихи тұлға. Тәңірбердінің тоғызыншы ұлы Тынбайдан – Бөрібай. Бөрібайдан – Маукөбен, Қаракөбен, Саркөбен.

Меңісұлы Тілеубердіден – Жанқабыл, Есенқұл, Оразай. Жанқабылдан – Есіркеп, Жарылқап, Жолболды, Торғай.

Есіркеп қоғамға танымал би болған тұлға. Жанқабылдың бірінші ұлы Есіркептен – Мырзакелді, Ырай, Қарымсақ, Есенаман, Боранбай. Жанқабылдың екінші ұлы Жарылқаптан – Нияз, Қожақұл, Мөңке. Жанқабылдың үшінші ұлы Жолболдыдан – Қожаназар, Жалаңтөс, Қараша, Қоқаш, Сарымық, Қарамық, Онбай, Маралбай, Бесбай. Бұлар 9 Жолболды деп аталады. Қоқаш тарихи батыр тұлға. Қожаназар ұрпағынан Бәйеке Жазыбайұлы атақты қазаққа танымал би. Жанғабылдың төртінші ұлы ТОРҒАЙДАН – Аққошқар, Аманбай, Таймас, Қосбармақ, Тоқпанбет, Ақмұрт, Шотбас, Көрпеш. Бұлар 9 Торғай деп аталады.

 Тілеубердінің екінші ұлы Есенқұлдан – Соқырберді, Өтепберді, Қожанберді. Соқырбердіден – Міметқұл, Асан. Өтепбердіден – Ескене. Қожанбердіден – Әлеке, Нұреке. Мәметқұлдан – Бурабай, Келінбай, Тоқай, Ақай. Асаннан – Қаракісі, Көлбай, Абыралы, Жауыр, Қоңырат, Тұяқ. Ескенеден – Тоқсопа, Уәли, Бекен, Айжан, Орыс, Қойбақ. Әлекеден – Тасболат, Жасболат. Нұрекеден – Тойғұлы, Тойыншы.

Тілеубердінің үшінші ұлы Оразайдан – Жанмырза, Бірназар, Қарамырза (ұрпақсыз жас қайтыс болған), Ізбасар.

Оразайдың бірінші  ұлы Жанмырза байлық және батырлығымен 5 «әйел алыпты. Бірінші әйелі Нәзікеден – Қалыңбай, Жәнібек, Тінібек. Екінші әйелі Айтбикеден – Еспенбет, Өмір. Үшінші әйелі Темірден – Жолдыбай, Сенкібай, Ақкісі, Байкісі, Байыс. Төртінші әйелі Қаракөзден – Байқонды. Бесінші әйелі Ұланнан – Ебей.

Еспенбет, Өмір, Жолдыбай, Сенкібай, Ақкісі атты 5 ұл батыр етіп жетістіргендіктен Жанмырза ауылы Батыр ауылы деп аталыпты.

Оразайдың екінші ұлы Бірназардан – Сапсары, Баян, Ақжігіт, Байжігіт, Байқара. Бұлар 5 Бірназар деп аталады. Оразайдың үшінші ұлы Ізбасардан – Шегір, Шақатбай, Құлжа, Марал, Жандарал, Мейірбан, Қалдықұл. Бұлар 7 Ізбасар атанады. Шегірден – Шыңғысбай, Танабай, Төлеген. Шатақбайдан – Баба, Бақылтай. Құлжадан – Ақжарқын, Бекіне, Көпеш. Маралдан – Әбден, Қабден. Жандаралдан – Даңғара, Манат, Еділ, Дәулетбай, Шойқара. Мейірбаннан – Еңсе, Еңке. Қалдықұлдан – Сасай, Саспақ. Сасайдан – Асылбек, Молдыбек. Саспақтан – Қозыбай, Можыбай, Қырғауылбай, Байсалбай, Шалғынбай, Тоғайбай, Балғынбай. Оларды 7 Қажының ауылы деп атайды. Бұл қажылардың  жетекші ұйытқысы – Можыбай қажы болып, Қызайана ұрпағынан тұңғыш қажыға барғандардың бірі.  Қызай ұрпағын 5 рет қажылыққа апарып, Қызай елінде ең көп қажы апарған. Ғылым жақтан әбден жетілген парасатты қоғамдық тұлға.

Қытай үкіметі 1952 жыл көктемде көтерілісшісің деп атып тастаған Мәлік қажы, Жапар қажылар осы 7 қажының  кенжесі Балғынбай қажының ағалы-інілі екі ұлы. Тоқтар мен Қызайанадан Бегімбет, Дербіс екі ұл.

 БЕГІМБЕТ ұрпағынан– Сасан Киікбайұлы ел қамқоры, атақты би болған тарихи тұлға. БегімбеттенБексейіт, Ақсейіт, Жарас, Аман, Тоқай, Таңат тарап «алты Бегімбет» аталады. Бексейіттен – Игілік, Сақау, Соқыр, Тәнік. Игіліктен – Әбікен жалғыз. Әбікеннен – бәйбішесі Көрпеден – Бәйжігіт, Баубек (Барғана), Жанан, Бекбау (Топақ), Асан, Үсен, Кенжебай (Барлықбай) таралса, кіші әйелі Қарашаштан – Елшан, Құлшан, Дәуетай, Қошқай тарайды, үшінші әйелі Бәтимадан – Шаншар, Түнғат, Шамбыл туып, жиыны 14 ата тараған. Өскен ру, әйгілі күйші Әшім Дүңшыұлы осы Әбікен атасының Жанан тармағынан тарайды. Сақаудан – Аққозы, Шүңгіл, Қуандық (бұлар бәйбішенің балалары). Байқозы, Қарақол, Тіней, Марқа (бұлар тоқалдың балалары болып «тоқал» аталады). Атақты Қызайдың үш биінің бірі Сасан Киікбайұлы осындағы Байқозы атасынан тарайды. Соқырдан – Шөжек, Ес, Жарбол. Тәніктен – Ағанас, Тоғанас, Сеңкібай. Ақсейіттен – Жақсылық. Жақсылықтан —  Сырымбет, Қоңырбай, Ырыскелді, Тоғызақ. Сырымбеттен – Байтелес, Жантелес, Жәнібек. Қоңырбайдан – Қазанқап, Жалқы. Ырыскелдіден – Алшынбай, Үйсінбай, Сиқымбай, Арғынбай, Болғанбай, Толғанбай. Тоғызақтан – Күребай. Бұл Ақсейіт ұрпақтары «Бескөрік» деп те аталады.  Жарастан – Қыңыр, Марқа, Сойылғас, Төлеміс. Бұлар «төрт Жарас» аталады. Қыңырдан — Қожаберген. Марқадан — Тілеулі. Сойылғастан – Еркебай, Ырысбай. Төлемістен – Қаржау, Бөрте, Көтен, Тірке. Тоқайдан – Лепес, Қара. Аманнан – Құрман, Бұқа. Таңаттан – Андас, Ақберді, Өтеберлі, Өтеулі, Дандабай.

 ДЕРБІСТЕН —   Сүйінбай, Сүйіндік, Шәуке (Маймыл), Есенберді тарайды. Бұлар «төрт Дербіс» аталады. Шежірешілер, Сүйінбай мен Сүйіндік Қызай ауғанда бала-шағасына шешек шығып, Қазақстанның Ақмешіт (кейбіреулер Атбасар, Қоймаңырақ, Қозымаңырақ дейді) деген жерінде көше алмай мекендеп қалған екен деседі. Қазірге дейін нақты дерек жоқ. Дербістің үшінші ұлы Шәуке өспеген ел, қазіргі бары 3-4 отбасы. Қазіргі Күнесті мекендеп отырғандар негізінен Дербістің төртінші ұлы Есенберді ұрпақтары.

ЕсенбердіденҰлығұл, Сүйер, Құттыбай, Тәттібай. Ұлығұлдан -  Жақсыбай, Қошан. Жақсыбайдан — Дәуіш. Қошаннан — Көлбай. Сүйерден -  Мәлік, Шолақ.

Құттыбайдан -  Баян, Бөгенбай, Тастемір, Сады. Бұлар өскен ата болып, «төрт Құттыбай» атанады. Тәттібай — өспеген ата болғандықтан олар өз алдына бір ру болып қалыптаспаған, олар Құттыбайдан таралатын Сады руымен бірге жүріп, бірге жасасып кеткендіктен, солармен бірге «Сады» аталады, әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлы осы Тәттібай ұрпағы саналады.

 Жоғарыда Қызайана ұрпақтар ата-тегін таныстыруда сол ұрпақтар ішіндегі қоғамдық және тарихи ардагер тұлғалар аты-жөнін ғана жазып кеткен едім. Сол тұлғалар ішінен жағдайын біршама толық білетіндерімді тарихи деректеріне негіз етіп олардың барлығы болмасада 1-2-нің тарихи тұлға болу айтарлық еңбегімен тарихи ахуалын ортаға салмақпын. Бұнымның себебі – ата-текте тұлға деп ескерту берілген адамдардың қандай адам екенін түсіну оқырмандарға өте қажет екен. Екінші жағынан оны ескертіп жазған мен болған соң азын-аулақ болсада түсіндірмесем құрыдан-құры жаза салған болып, жүйесіздік істеген болады екем. Сондықтан олардың тұлғалық деректерінен білетіндерімді қысқа жазып жолдамақпын. Қалғанын қатысты тұлғалар зерттеулерімен толықтар.

Менің таныстырар тұлғамның біріншісі – Қызай ұрпағындағы ең маңдай алды тарихи ұлы тұлға Есенкелді Құдайназарұлы. Бұл адамның жасаған дәуірі 18-ші ғасырдың басынан солғасырдың 70-ші жылдар соңына жалғасады. Осы дәуір барысындағы қалмақ хандығының қазаққа істеген айуандық жауыз соғыстарында Абылай ханның жетекшілігінде Қабанбай, Бөгенбай батырлардың йық тіресе бірлесіп, қазақ ұлтын жойылудан сақтап қалған батыр. Өз еліне бас болған, шешен де әділ би. Алла жарылқаған қасиетті, киелі адам. Есенкелді әкесі Құдайназардың және әпкесі Гүлайымның қазақ үшін соғысып қалмақтың бетін қайтарып, екеуінің де асқан батырлықпен құрбан болған аруақтарына адал мұрагерлік етіп қалмақтардан олардың кегін еселеп қайтарған. Әке, әпкесінің өмірлерінің нағыз жалғасы болған қазақтың біртуар данышпан, батыр азаматы. Есенкелдінің батырлық, еліне бас болған  шешен де әділ билігі туралы еңбектері 18-ші ғасырдың басынан бері зерттеумен  қаламгерлерден жазылып  жарық көрсетіліп, Есенкелді әр ұлтқа, қоғамға таныла бастады. Есенкелдіні халық пен қоғам осы жақтарынан білетіндігі, танитындығы үшін, Есенкелдінің ол жағындағы толықтайтын орындарын мықты зерттеушілер толықтырар деген сеніммен мен Есенкелдінің Алла жарылқаған киелі қасиеті жағындағы нақ өмір шындығын ортаға салмақпын. Адамның өмірі ұрпағымен жалғасады. Ұрпағы өмірін жалғастырған адамның аты өшпейді. Ең болмағанда ұрпағы менің әкем пәлен деп аты аталып, ата-тегі тарихқа қалады. Осы себепті адам өмірі ұрпағымен қадірлі де қымбатты. Адам өмірінің  ұрпақ арқылы жалғасу-жалғаспауы, бақытты болу-болмауы Алланың қолында. Алланың адамды жарылқау-жарылқамауында. Ендеше Алланың Есенкелдіні ұрпақтан қандай жарылқағанына қараңыз. Есенкелді жеті әйел алыпты, олардан 19 ұл болып, бәрінен ұрпақ жалғасып, 19 үлкен ру болыпты. Есенкелдінің ұлдары: бәйбішесі Жанардан – Маман, Кененбай, Қабанбай, Досқана, Тілеуке, Қожаберген, Қонақбай. Олар 7 Жанар деп аталады. Жанардан – Қарқара, Баян атты екі қыз дүниеге келді.

Атақты батыр Қабанбай, Есенкелдінің үйінде қонақта болып жатқан түнде, Есенкелдінің Жанар бәйбішесі босанып, ұл туыпты. Есенкелді Қабанбайға «Сіз маған ақжолтай құтты қонақ болдыңыз, сіз келіп үйімізге қонған түні бәйбішем ұл туды, атын сіз қойыңыз» депті. Қабанбай батыр баланы алдырып көріп, көтере алса Қабанбай, көтере алмаса Жаманбай болсын деп ат қойыпты. Батырдың аруағының қолдауы болса керек, Есенкелдіұлы Қабанбайдың баласы Ботақара болып, оның ұрпағы Жәментіктен – Есбосын батыр. Бұдан Акпар Сейіт  батыр ұлдар туылып, 1944 жылы Нылқыдан басталған 3 аймақ төңкерісінің басшылары болып, Шығыс Түркістан үкіметтің дүниеге келуінің ең түркі негізін қалаған, сол үшін құрбан болған тарихи ұлы тұлғалар. Есенкелдінің бәйбішесінен кейін Үлімжі, Анар, Тәттібике(Тәттіқан), Тасытқан, Насық, Қалиман, Елите қатарлы 6 әйелі болыпты. Бұл аналардан Есенкелді – Далан, Қойлыбай, Құланбай, Келдібек(Күт), Асал, Қайың, Әмірсана, Бәті, Болат, Бұланбай, Жанақ, Сырымбет қатарлы 12 ұлды болып, жиыны 19 ұлы болыпты. Қарқара, Баян, Жәшімән атты 3 қызы болыпты. (Кей деректерде 23 ұлы болған депте айтылады). Есенкелдінің осы 19 ұлы осы кезеңде үлкен 19 кезеңді рулы ел болып қоғамға танылып, 2013 жылғы санақта Есенкелдінің осы 19 рудағы ұрпағы 13840 түтін, 58594 жан болыпты. Іленің Күнес, Нылқы, Құлжа аудандарына шұғырлы қоныстаныпты. Қызайананың 84 өбересі ішіндегі ұрпағы ең көп өскендердің алдыңғы бірі болып қоғамға танылып отыр. Міне бұны Есенкелдінің киесі, Алланың Есенкелдіні жарылқауы демей басқадай не дей аламыз. Есенкелді ұрпақтарының қоғамдық бет-беделіне келсек, Есенкелдінің киесінің арқасында Алланың жарылқауымен Есенкелді ұрпағына елді басқарған білікті билер, бай, батыр, балуандар, ақын-жырау, жазушылар, күйші, әнші, жұлдыздар едәуір көп шыққан. Сөзіміздің дәлелі үшін ел басқарған біліктілермен батыр балуан ақындарынан бірден ғана дәлел көрсетейін. Батырлардың дәлелі жоғарыда аты аталған. Ел басқару біліктісіне Бұқаш Қасетұлы дәлел бола алады.  Бұқаш Есенкелдінің екінші ұлы Кененбайдың баласы – Шағырай – Тіленші – Қосет, бұдан – Бұқаш болып. Есенкелдінің бөбересі  болады. Қызайана ұрпақтары 1882 жылы Ілеге біртұтас жөткеліп баруда. Қытайдың Шыңжаңдағы билік органы Іле генерал мекеме ұлығынан, Қызай төресі Құдайменде сұрап ала алмаған Іле жерін, ұлықты еріксіз көндіріп, ризалық рұқсатын алған Қызайдың атақты 3 биінің бірі. Қытайдан ақалақшылық мансап алып, Қытайға бет-беделін мойындатқан білікті тұлға. Бұқаштың әкесі Қосет Қызай ұрпағы орыс басқаруында болған 1830 жылдан 1842 жылға дейін 13 жыл болыс болған. Балуандыққа дәлел айтсам: 1917 жылы 5-13 шілде аралығында Іленің Текес ауданының Сымтас жайлауында өткен, асқан бай Тойеке Жаманкөз ұлының  асында 5 балуанға бәйге сыйлық берілетін болғанда, ең мықты бірінші балуан Торғауыт Саруанның балуанын Есенкелді батырдың ұлы Қонақбайдың немересі Жаядан есенгіретіп жығады. Жаядан атты құйрығынан алып, басынан асырып лақтыратын балуан екен. Екінші кезектегі Қарқаралының қырғыз балуаның, Есенкелдінің туыс батыр серігі Қоңырбай ұрпағы Қожа Ахмет жығады. Үшінші кезектегі Албанның балуаны, Жолболды Қожаназар ұрпағы Нұртаза жығады. Төртінші кезектегі Гассиядан келген Албан балуанды, Есенкелдінің Маман ұрпағы Оспанбай жығады. Бесінші кезектегі Қашқардың Дәу балуаның, Жаядан балуанның 19 жастағы інісі жығады. Ақын жырауларға Жұмәділ Маманды айтсақта жеткілікті. Әкпар, Сейітті жазған дастаннан бастап, бірнеше өлең кітаптары жарық көрумен «Асқар таулар» атты романы жарық көрген, майталман ақын, күшті қаламгер.

Менің екінші рет Қызайана ұрпағындағы тарихи ұлы тұлға деп таныстырар адамым Жанмырза Оразайұлы Қазақстанның «Қара өткел» деген жерінде туылған. 90 жастан асып қайтыс болыпты. Қабірі Шағантоғай ауданы, Ақтөбе деген жерінде деген тарихшы, шежіреші қарттарымыздан бізге жеткен дерек бойынша. Жанмырза Оразайұлы 1700 жылы Қазақстанның Ақмола облысының Қараөткел деген жерінде туылып, 1791 жылы 91 жасында, Қытай иеленген қазақ жері Шағантоғай ауданының Ақтөбе деген жерінде қайтыс болды деп, шындық жүйесі күшті жоғарғы деректен мөлшерлеп тұрақтандырдық. Жанмырзаның қабірін 2012 жылы 13 қазанда тарих зерттеуші ғалым Жақып Жүніс ағамызбен зерттелген шежіреші, тарихшы, қазақ тілі маманы Мұқамәди Райымбекұлы ағамыз үшеуміз  Шағантоғай ауданына барып, тексеріп, Ақтөбенің дәл төбесінің үстіндегі тастан қостай болып үйілген қабірді Жанмырза қабірі деп тұрақтандырғанбыз. Кейін Жақып аға, ақпарат құралдары арқылы, Жанмырзаның бай, батыр, киелі тарихи тұлғалық еңбектерін халыққа қоғамға жариялаған болатын. Жанмырза байлық, батырлық, киелілігімен 5 әйел алыпты. Бұлардан 12 ұлды болыпты. Жанмырза үшінші әйелі Темірді, төртінші әйелі Қаракөзді батырлығымен, бесінші әйелі Ұланды киелілігімен байлығымен алыпты. Бұлардың оқиғалығын жазу мақаланың қажетті болмаған соң жазбадым. Жанмырза Оразайұлы, Есенкелді батырмен немере туыс болып, заманы бір, жастары қарайлас екен. Сондықтан өз өмірлерінде өте жақсы сыйласып өтіпті. Туысы Есенкелді батыр нағашысынан елге оралған соң, Жанмырза ұлдарының ерекшелік бейімі бойынша. Еспенбет, Өмір, Жолдыбай, Сенкібай, Ақкісі атты 5 ұлын Есенкелдіге қорғаушылыққа беріп. Батырлыққа, сайыскерлікке тәрбиелепті. Есенкелді бұларды өте жақсы жетілдіріп өзімен бірлікте қазақты жауларынан қорғау соғыстарына қатыстырыпты. 1757 жылғы қалмақтың қазаққа бас иген бітім съезі Аягөздегі Жанмырзаның жайлауы Лайсуда(Батпақсу деп те аталады), өткізілгенде Есенкелді, Жанмырзаның осы 5 батыр ұлымен Абылай хан әскерлерімен бірлікте, съезге қатынасқандардың амандығын қорғапты. Жанмырза бай болғандықтан съез шығын қаражатының көбін көтеріпті. Сол жер «Кеңессу, Мамырсу» аталып тарихқа қалыпты. Есенкелді мен Жанмырза бір-бірімен өте жақсы сәйкесіп, 1723 жылғы Ақтабан шұбырындыдан кейін Қызайана ұрпағын Атбасардан бастап көшіріп Аягөзге және Жайсаң көл алқабына қоныстандырып қалмақтың қырғынынан сақтап қалса, 1771 жылы Абылай ханның және атақты батыр билердің қайтыс болуы салдарынан қазақтың берекесі бұзылғанда, орыс пен қытай қазақтың елімен, жерін бөліскенде Қытай иелігіне алған Іле, Тарбағатай, Алтай 3 аймақтың иен қалған жағдайын пайдаланып, оны мал бағып иелене тұрып қазаққа қайтарып алу мақсатымен, орта жүз 6 арысының сол кездегі біліктілерімен албан, суат, дулат туыстарымен ақылдасып жағдайы келгенін бастап көшіріп, сол 3 аймақ өңірге қоныстандырған басшылардың негізгі жауаптыларының қатарында Есенкелді Жанмырзалар өте белсенді рөл атқарған ел қамқоры.

Жанмырзаның қалған Еспенбет бастаған 4 батыр ұлы қытай иелігін Іле, Алтай, Тарбағатай 3 аймақ жерді қазаққа қайтарып алу үшін, қазақтарды сол 3 аймаққа жеткізіп қоныстандырған батырлар. Еспенбет Жанмырзаұлы Бурабай Абылай хан алаңында болған 1754 жылдардағы Шаған(Маржан) қыз уақиғасындағы күш-қайрат, мергендік, ақыл-парасат жағынан ерекше танылған Еспенбет болады. Кезіндегі жазылған деректерде Еспенбеттің ата-тек, руы жазылмағандықтан және бір бөлігі қаламгерлердің Сыбан Еспенбет деп қарауынан Қызай Еспенбетке бұл еңбек берілмей келеді. Еспенбет Жанмырзаұлы Қызай еліне төре қажет болғанда Қызайға Саматөрені Есенкелді басшылығында  әкелген ел беделділерінің бірі. 1760 жылы Абылай хан інісі Дәулеткерейді Шай-Лоң патшаға сәлемдесуге жібергенде, Жанмырзаның Өмір батыр ұлы Дәулеткерейдің сапар жолының амандығына жауапты қорғаушы  болып барып, Абылай ханның елшілері деп оларды қызу қарсы алып, қабылдап Шай-Лоң патша олар қайтқанды Өмірге жапқан шапаны Өмірдің кенже ұлы Тайлақтың ұрпағы, Талдықорған Көксуға қытайдан келіп қоныстанған Мұқамәди Райымбекұлының үйінде сыны бұзылмаған күйі мұра болып сақтаулы тұр. 1850 жылдарда отаршы, жауыз 30 орыстың құйрығына өз руы Оразайдың = 2 сызық теңдік таңбасын басқан Бәкей Өтегенұлы Жанмырза батырдың өбересі болады. Жанмырзаның әкесі Оразай атында 10000 түтін 40000 жаннан асқан үлкен ру бар.

Қызай ана тарихы туралы баяндама

21 желтоқсан 2018 ж

QANYMDA QAZAQ

 

 

 

ҚЫЗАЙ ЕЛІ ШЕЖІРЕСІ

 

АТАЛЫҚ -  ҚАМБАР — ҚҰТТЫБОЛАТ — ШАҒЫР      

ШАҒЫРДЫҢ ҚЫЗАЙ әйелінен ЖЕҢІС (ИТЕМГЕН) мен МЕҢІС туады.

(ЖЕҢІСті жеңгелері «кішкене күніңде ит емгенсің» деген әзілдеуінен ИТЕМГЕН аталып кеткен делінеді).

ШАҒЫР қайтыс болып, ҚЫЗАЙдың тиген өз қайнысы, екінші күйеуі – ТОҚТАРдан (оны ҚОЙШЫ ата деп те атайды) БЕГІМБЕТ пен ДЕРБІС туады.

Осы төртеуін (ИТЕМГЕН, МЕҢІС,  БЕГІМБЕТ,  ДЕРБІС) төрт Қызай,  ал олардан тараған ұрпақтар ҚЫЗАЙ елі болып аталып кеткен.

ҚЫЗАЙЛАР руының осы таратылуы 3 шежірешінің:  ОМАРАҚЫНҰЛЫ Андас, БАЗАРБАЕВ Тоқмұхамет Тұрсын және МҰСАБЕКҰЛЫ Дәуітбайдың деректері негізінде, өзара сәйкестіндіре отырылып берілді.   

 

ИТЕМГЕН

ИТЕМГЕНнен АЙТ пен ҚҰРМАН деп айтылады. ҚҰРМАНнан ұрпақтар болмағандықтан, оның аты өшіп қалмасын деген ниетпен шежірелік деректерде олар «АЙТҚҰРМАН» деп бірге аталады және  жалғыз болып саналады.

АЙТҚҰРМАНнан — АҢДАҚҰЛ, ҚҰДАЙҚҰЛ, ЖАУЛЫБАЙ (ТАҒАЙ). (ҚХР-ның Шұбартүбек, Абыралы өңірін мекендейді).

 

Тоқмұхамет Тұрсын БАЗАРБАЕВтың  дерегі бойынша:

ИТЕМГЕНнен БАЙТЕЛЕС, ЖАУЛЫБАЙ, ТАҒАЙ.

БАЙТЕЛЕСтен АНДАҚҰЛ, ҚҰДАЙҚҰЛ.

 

АНДАҚҰЛдан ЖАНӘЛІ, ҚЫДЫРӘЛІ, ЕСЕНӘЛІ, ТӨЛЕГЕН.

ЖАНӘЛІденКӨРПЕБАЙ, БӨПЕБАЙ, ТЕЗЕКБАЙ, НҮСІПБАЙ, ЖЫЛҚЫБАЙ.

КӨРПЕБАЙдан Ербосын, Нұрбосын.

ТЕЗЕКБАЙдан – Қалта, Додақ.

ҚЫДЫРӘЛІден – ҚЫДЫР, ҚЫЗЫР, ӨТЕП.

ЕСЕНӘЛІден – ҚОШҚАРБАЙ, БОРАНБАЙ.

ТӨЛЕГЕНнен – ЫНЖЫҚҰЛ.

 

ҚҰДАЙҚҰЛдан – ЕС, ДОС.

ЕСтен – ЖИЕНҚҰЛ, НАЗАР.

ДОСтан – МӘУТЕН, ӘБІРӘЛІ, ТҮКТІБАЙ, СҮТТІБАЙ, ДҮЙСЕНБІ, ЖЫЛҚЫАЙДАР, ЖАМАНСАРЫ, БАЙСАЛ.

 

ЖАУЛЫБАЙдан – БАЙСЕНГІР, ТАСТЕМІР.

БАЙСЕНГІРден – ДҮЙСЕК.

ТАСТЕМІРден — МОЛКЕЛДІ, БӨКЕЛДІ, ҚАП, ТӨЛЕП.

   

ТАҒАЙдан – ОНЖАСАР, БӘКЕЙ.

ОНЖАСАРдан –  ӨМІРӘЛІ.

 

МЕҢІС

ҚЫЗАЙ ұрпақтары ішінде көп өскені осы МЕҢІСТЕР. Негізінен ҚХР-ның Күнес, Текес, Қас өңірлерін мекендейді.

МЕҢІСтен ТІЛЕУБЕРДІ, ТӘҢІРБЕРДІ, ТІЛЕУҚАБЫЛ.

 

ТІЛЕУБЕРДІден –  ЖАНҚАБЫЛ, ЕСЕНҚҰЛ, ОРАЗАЙ.

Тоқмұхамет БАЗАРБАЕВтың  айтуынша сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік ахуалға орай ЕСЕНҚҰЛ мен ОРАЗАЙды ТІЛЕУБЕРДІден бөліп алып, ұрпақсыз  ТІЛЕУҚАБЫЛдың балалары етіп көрсетіліп кеткен.

  Сондықтан да болар көптеген деректерде (Омарақынұлы АНДАС)   ЖАНҚАБЫЛ  жалғыз,   ал   ЕСЕНҚҰЛ мен ОРАЗАЙ  ТІЛЕУҚАБЫЛдан тікелей таратылады. Біз де осы нұсқаны қалдырдық.

 

ЖАНҒАБЫЛданЕСІРКЕП,  ЖАРЫЛҚАП, ЖОЛБОЛДЫ,  ТОРҒАЙ. Бұлар Тоғызтарау, Шапшал аудандарын мекендейді.

 

ЕСІРКЕП қоғамға танымал би болған тұлға. Оның да таралуын 2 нұсқада беруге тура келеді:

 

Шежіреші Дәуітбай МҰСАБЕКҰЛЫның жазбасы бойынша :

ЕСІРКЕПтен – ЕСЕНҚҰЛ,  ЕСЕНАМАН,  ОРАЗАЙ.

ЕСЕНҚҰЛдан – Мәметқұл, Ескене.

Мәметқұлдан – Боранбай, Ақай, Тоқай, Келінбай.

ЕСЕНАМАНнан – Мыңжасар, Бақтияр, Байсоқыр, Жүребай.

Мыңжасардан – Байсақ, Саспақ, Байсары, Сөтен.

Байсақтан – Дәуіт, Мәйке.

Байсарыдан — Әбен,  Етен,  Қоқан,  Қыстаубай,  Байсоғар,  Қазанғап,  Нүктебай.

Жүребайдан – Жырғалаң, одан – Есікбай.

ОРАЗАЙдан – Жанмырза, Бірмырза, Байназар, Қойтон.

Жанмырзадан – Сеңгібай, Байыс, Ақкісі, одан – Бесімбай, одан – Өтеген, одан – Сәттібай, Бәкей, Қыйсық, Жазай, Жазбай, Сектай.

Сәттібайдан – Мамырбай, Сабырбек, Домбал, Танабек, Қамыр.

Бәкейден – Демеу, Мошқабай, Ботый, Құсбай, Сәрсембі.

Демеуден – Сәрсембай, Нүсіпбай, Әлібек, Балбек, Шәйден, Алқожа, Әфәнді, Әбілбек, Жақасын, одан – Әріпжан.

Мошқабайдан – Манап, Ысбытай, Нүсіпбек, Сыдық, Әбдірейім, Ысқақ.

Манаптан – Қожамберді.

Ботыйдан – Иманбек, Разбек, Қалменде, Әлменде, Әлмерек.

Құсбайдан – Имам Мұхамет, Қасым, Қаналхан.

Сәрсембіден – Әуелбек, Омарбек, Әділбек, Мұхтарбек, Кемелбек, Қанабек.

Сектайдан – Қоңырат, Екше, Тұрлықожа, Бурахан, Қожақан.

Бірмырзадан – Байсақ, Саспақ, Байсары, Сөтен.

Қойтаннан – Есбанбет, Үштері.

 

2.Тоқмұхамет Тұрсын БАЗАРБАЕВтың  нұсқасы бойынша:

ЕСІРКЕПтен – РАЙ,  ЕСЕНӘЛІ,  ҚАРЫМСАҚ,  БОРАНБАЙ,  МЫРЗАКЕЛДІ.

ЕСЕНҚҰЛдан СОҚЫРБЕРДІ, ӨТЕПБЕРДІ, ҚОЖАНБЕРДІ.

СОҚЫРБЕРДІден – МӘМЕТҚҰЛ, АСАН.

МӘМЕТҚҰЛдан Бурабай, Келінбай, Тоқай, Ақай.

АСАНнанҚаракісі, Көлбай, Абыралы, Жауыр, Қоңырат, Тұяқ.

ӨТЕПБЕРДІден – ЕСКЕНЕ.

ЕСКЕНЕденТоқсопа, Уәли, Бекен, Айжан, Орыс, Қойбақ.

ҚОЖАНБЕРДІден ӘЛЕКЕ, НҰРЕКЕ.

ӘЛЕКЕден – Тасболат, Жасболат.

НҰРЕКЕден – Тойғұлы, Тойыншы.

 

ОРАЗАЙдан ЖАНМЫРЗА, БІРНАЗАР, ҚАРАМЫРЗА (ұрпақсыз жас қайтыс болған), ІЗБАСАР.

ЖАНМЫРЗАДАН — ҚАЛЫҢБАЙ, ЖӘНІБЕК, ТІНІБЕК (1-ші әйелі Нәзікеден), ЕСПЕНБЕТ, ӨМІР (2-ші әйелі Айтбикеден), ЖОЛДЫБАЙ, СЕНКІБАЙ, АҚКІСІ, БАЙКІСІ, БАЙЫС (3-ші әйелі Темірден), БАЙҚОНДЫ (4-ші әйелі Қаракөзден), ЕБЕЙ (5-ші әйелі Ұланнан).

(Еспенбет, Өмір, Жолдыбай, Сенкібай, Ақкісі балалары батыр болып өскендіктен Жанмырзаның  ауылы Батыр ауылы деп аталыпты)

БІРНАЗАРдан – САПСАРЫ, БАЯН, АҚЖІГІТ, БАЙЖІГІТ, БАЙҚАРА (Бұлар 5 Бірназар деп аталады).

ІЗБАСАРдан – ШЕГІР, ШАТАҚБАЙ, ҚҰЛЖА, МАРАЛ, ЖАНДАРАЛ, МЕЙІРБАН, ҚАЛДЫҚҰЛ. (Бұлар 7 Ізбасар атанады).

ШЕГІРден – Шыңғысбай, Танабай, Төлеген.

ШАТАҚБАЙдан Баба, Бақылтай.

ҚҰЛЖАдан – Ақжарқын, Бекіне, Көпеш.

МАРАЛдан – Әбден, Қабден.

ЖАНДАРАЛдан – Даңғара, Манат, Еділ, Дәулетбай, Шойқара.

МЕЙІРБАНнан – Еңсе, Еңке.

ҚАЛДЫҚҰЛдан – Сасай, Саспақ.

 Сасайдан – Асылбек, Молдыбек.

Саспақтан – Қозыбай, Можыбай, Қырғауылбай, Байсалбай, Шалғынбай, Тоғайбай, Балғынбай.

 (Можыбай Қызай ана ұрпағынан өзі алғашқы болып қажыға барып, қалғандарын да апарған, парасатты қоғамдық тұлға. Сондықтан да оларды 7 қажының ауылы деп атап кеткен).

 

                 *     *     *

ЖАРЫЛҚАПтан ( 2 дерек бойыша)ҚАРА, ҚОЖАҚҰЛ, МӨҢКЕ, НИЯЗ. 

ҚАРАдан – Боранбай, Мырзакелді, оданСегізбай, Тоғызбай, Асау, Базар.

ҚОЖАҚҰЛдан – Қойкелді, Мөңке, Сасықбай, Саяқ, Қоқыш.

Қойкелдіден – Қонақбай, Арғынбай.

 

ЖОЛБОЛДЫдан – ҚОЖАНАЗАР, ҚАРАША, ЖАЛАҢТӨС, ҚАРАМЫҚ, САРЫМЫҚ,  ҚОҚАШ (тарихи батыр тұлға), МАРАЛБАЙ, ОНБАЙ,  БЕСБАЙ (ЕСБАЙ). (Бұлар 9 Жолболды деп аталады) (Бұлар ҚХР-ның Моңғұлкүре, Қызылкүре, Тоғызтарау өңірін мекендейді)..

ҚОЖАНАЗАРдан – Қожабек, Бөжей, Ширмен, Тақара, Ботақара, Жаманкөз, Марқатай (Маралбай), Балапан.

Балапаннан – Ақылбек, Айса, Жазыбай, Шөңке, Түгел.

Жазыбайдан — Бәйеке (танымал би болған).

ЖАЛАҢТӨСтен – Ерменбай, Барақбай, Текебай, Долан, Ақбала, Мамай, Дүйсенбі, Кәдірбек, Тұрдығұл, Балтабай.

 

ТОРҒАЙдан – АМАНБАЙ, ТОҚПАНБЕТ, КӨРПЕШ, ТАЙМАС, ШОТБАС, ҚОСБАРМАҚ, АҚҚОШҚАР.

Бір деректерде оларға ҚАНАЙ, БЕЙНЕС, ТІНЕЙ, ИТЕС, АҚМҰРТ деп қосып, 9 Торғай деп аталады).

АМАНБАЙдан – Құлшығаш, Күшік, Төбет, Шәкірті, Сүттібай, Пұсырман, Олжабай, Қонысбай.

ТАЙМАСтан – Жаңылыс, одан — Елтоқ, Әйтей, Делгір, Шалабай.

 

ТӘҢІРБЕРДІден    ҚҰТТЫМБЕТ,   ҚҰДАЙНАЗАР,   ҚҰТТЫҚАДАМ,  БАЙНАЗАР,  СЕКСЕН,  ҚАСАБОЛАТ,  ТОҚСАН,  ЖАНБАЙ,  ТЫНБАЙ. Бұларды «Тоғыз Тәңірберді» деп атайды. 

ҚҰТТЫМБЕТтен — СҮЙІМБАЙ,  ЕЛДАЙ (ҚАРАБАС),  ЖАМАНҚҰЛ.

СҮЙІМБАЙдан ЕСЕЛБАЙ,  ЖАМЕНКЕ,  ЖАНЖІГІТ, ТОҒЫЗАҚ.

ЕЛДАЙдан ӨТЕБАЙ,  ҚОРЛЫБАЙ,  ДҮЙСЕБАЙ,  ҚОЙБАС.

ЖАМАНҚҰЛдан ҚОРЫМСАРЫ,  ЕРКЕСАРЫ,  МЫРЗАСАРЫ.

ҚҰДАЙНАЗАР өз кезінде ТӘУКЕ ханның жорық қолбасшыларының бірі болған делінеді.

ҚҰДАЙНАЗАРданЖОЛЫМБЕТ, ЕСЕНКЕЛДІ би, СО(Ұ)ЛТАНКЕЛДІ. Бұлар жұрт арасында «Үш жетім» деген атпен белгілі.

ЖОЛЫМБЕТтен – БАЯНБАЙ (БАЯНӘЛІ), БАЙБАРАҚ, ЖАЙСАҢ, ШАПШАН, АРЫҚПАН,  МАЛАЙ,  БАЙҚАДАМ.

БАЯНБАЙдан Қорымбай,  Қожан,  Дөнен, Боқанай, Еміл, Жайық,

БАЙБАРАҚтан Сәт.

ЖАЙСАҢнан Өтей, Боранбай, Байғабыл, Баймұрат.

ШАПШАҢнан Інкәр, Бүркіт, Қуандық.

АРЫҚПАНнан Терлік.

МАЛАЙ мен БАЙҚАДАМның балалары табылмады.

 

ЕСЕНКЕЛДІ иісі қазаққа аты мәлім би. ҚАБАНБАЙ батырдың сенімді серігі ретінде, қазақ даласын жоңғардан азат ету күрестеріне қатысқан ақылшы. 1756 жылы бірінші рет АБЫЛАЙХАННЫҢ елшілерін бастап, Цин императоры Циянлұнмен кездесіп, оның жаһұт орнатқан көктасын иеленген тұңғыш депломат.

Барлық деректер жиынтығы бойынша: ЕСЕНКЕЛДІден — МАМАН, ҚАБАНБАЙ, КЕНЕНБАЙ, ҚОЖАБЕРГЕН, ТІЛЕУКЕ, ДОСҚАНА,  ҚОНАҚБАЙ (бұлар  бәйбішесінің есімімен жеті Жанар деп аталады;  ҚОЙЛЫБАЙ, ҚҰЛАНБАЙ, АСАУ, КЕЛДІБЕК (Бұлар шешелерінің атымен Тәттібикелер атанған) және ӘМІРСАНА, БАТЫ, БОЛАТ, ЕСТЕК, ДҰЛАН, БОЛАТБАЙ, ЖАНӘЛІ.

Тоқмұхамет Тұрсын БАЗАРБАЕВтың  нұсқасы бойынша ЕСЕНКЕЛДІнің бәйбішесінен кейін Үлімжі, Анар, Тәттібике (Тәттіқан), Тасытқан, Насық, Қалиман, Елите деген 6 әйелі болыпты. Бұлардан ДАЛАН, ҚОЙЛЫБАЙ, ҚҰЛАНБАЙ, КЕЛДІБЕК (КҮТ), АСАЛ, ҚАЙЫҢ, ӘМІРСАНА, БӘТІ, БОЛАТ, БҰЛАНБАЙ, ЖАНАҚ, СЫРЫМБЕТ  деген 12 ұлды болып, жиыны 19 ұлы болыпты.

МАМАНнан Тайлақ, Ботақан, Қойкелді, Жаманғара, Шал.

ҚАБАНБАЙдан – Келдіқұл, Шүрек, Атақара, Айтбай, Сейтен, Ботақара, Атақ, Матақ, Тұрсын, Қозыбай, Дүйсенді, Асубай, Ақшолақ, Жансары, Дұлатбай.

Ботақараның бір ұрпағы Жәментіктен – Есбосын батыр – Ақпар, Сейіт батырлар.

КЕНЕНБАЙдан – Шағырай, Тілесбай, Едіге, Өмірұзақ.

Шағырайдан – Тіленші – Қосет – Бұқаш (ел билігіне араласқан).

ҚОЖАБЕРГЕНнен – Ханқожа, Меңлібай, Бибатыр, Қорғанбай, Надра, Қара.

ТІЛЕУКЕден Базар, Нарт, Есқожа, Жарқынбай.

ДОСҚАНАдан Бәйтік, Сәйсып, Тұрпан.

ҚОНАҚБАЙданСарт, Кәдір, Елқонды, Болтек, Дербісәлі, Құрымбай, Тайтан.

ҚОНАҚБАЙдың бір немересі ЖАЯДАН мықты балуан болған.

 

ҚОЙЛЫБАЙдан – Ебей, Бертіс.

ҚҰЛАНБАЙдан – Әлімбек, Қожеке.

ӘМІРСАНАдан – Жанбай, Жантай, Жолбарыс, Қабылан.

АСАУданӘбік, Тәбік, Текебай, Мекебай (Тұрар).

КЕЛДІБЕКтен Боз, Қаумен.

БӘТІден Итаяқ, Итемген, Әз.

БОЛАТтанЫрысбек, Әкімбай.

(ЕСТЕК, ДОЛАН, БОЛАНБАЙ, ЖАНӘЛІ руларының таралуы табылмады).

 

СОЛТАНКЕЛДІден — КӨБЕС, ТАБЫЛДЫ, СӘМЕМБЕТ, ИТҚАРА, ҚАРЫМБАЙ,  ҚОЖАБЕК,  ТҰРДЫҒҰЛ,  МАЛТАБАР,  ШӘКІЛ.

КӨБЕСтен – Отарбай, Орыс.

СӘМЕМБЕТтен Садырбай, одан – Мырзабай, Нысанбай.

ИТҚАРАдан Базар, Кен, Майлы, Татан, Байқадан.

ҚАРЫМБАЙдан Болтай, Потай (Ботый), Бегетай, Абыз, Шора, Шормақ, Құлайдарбек. Бір деректерде ҚАРЫМБАЙды ТАБЫЛДЫдан таратады және бұларға Дастан деп қосады, ал Құлайдарбекті Құл және Айдарбек деп екіге бөледі.

Потайдан – Сүгір, одан – Аранжан, одан – Базарбай, одан – Мағаз, одан –Жанболат, одан  – Дәурен, одан  — Елдос.

Өздерін ҚАРЫМБАЙдан тарататын тағы бір тармақ – Күрең.

Күреңнен — Есен, оданЕстемес.

Естеместен Ноғайбек, Қанатбек, Әбдіқадыр, Нәдірбек, Әлібек, Қайыпбек, Үсенбек.

Ноғайбектен — Әнуарбек, Әділқасым, Мырзақасым, Әзірбек

Әнуарбектен Сіләмжан, Сіламбек, Біләл.

Сіләмжаннан Рақымжан, Сержан, Мейіржан, Азамат.

Рақымжаннан — Мейірбан

Сержаннан — Ақтаң

Мейіржаннан Мағжан.

СіламбектенАйтуған, Айтымұқан.

БіләлденМедет, Мұрат

Әділқасымнан Әжібек, Қасымбек, Нұрдыбек, Әзілбек, Қазылбек, Айтбек.

Әжібектен Әбдіуахит, Серікжан

ӘбдіуахиттанТолқын, Тұрсынжан, Нұрлан

Серікжаннан — Батыл.

Қасымбектен — Әбдірапық, Еркін, Мәлік

Әбдірапықтан — Ернұр

Мәліктен — Сейіл, Мерей

Нұрдыбектен – Сүлеймен, Абылай, Айдын, Айқын, Қайсар.

Әзілбектен - Азат, одан — Қажет

Айтбектен Камілжан, Камілбек, Ерғали

Мырзақасымнан Ыбрайымбек, Камілбек.

Ыбрайымбектен — Сәнму, Нұрдәулет , Нұрдәнәлі .

Сәнмудан – Қызырәлі, Биәлі.

Нұрдәулеттен – Бисары.

Нұрдәнәліден – Қыран.

Камілбектен – Нұрбақыт, Серікнұр.

Әзірбектен Мекебек, Ризабек, Мырзабек, Ахыметбек, Іляр, Шапай.

Мекебектен – Бақдәулет, Амантай.

БақдәулеттенБақытбек.

Амантайдан — Арман, Қуантай.

Ризабектен — Жәнібек, Жарқын.

Мырзабектен — Құрбан, Марғұлан, Нұртұрған.

Ахыметбектен – Арапат, Ахтам, Ажы.

Ілярдан Елден, Елхам.

Шапайдан – Елмұрат, Қажымұрат.

Қанатбектен Әмірбек, Оралбек, Маралбек , Бердібек, Сырдыбек.

ОралбектенБақытжан, Уалиншін Уәш, Шәйзада, Назаржан.

Бақытжаннан — Әлімжан, Әкімжан, Қадыс.

Уалиншін Уәштен – Нұртілек.

Шәйзададан – Ғалымжан.

Назаржаннан Балнәр.

Бердібектен Нұршат, Мәжит, Пархат.

Нұршаттан – Шаттық, Елшат.

Мәжиттен — Олжас.

Пархаттан – Рахат.

Сырдыбектен — Нұрмұхамед.

Нұрмұхамедтен – Кәмілжан, Сержан, Нұржан, Парасат.

Әбдіқадырдан — Әбдіхамит, Әбдіжан, Орман.

Әбдіжаннан — Дәурен.

Орманнан — Жанмұрат, Әкімжан, Есқат.

НәдірбектенҚалибек, Әлібек, Шәріп.

ШәріптенНұресім.

Қайыпбектен — Тоқтарбек, Патық, Ажытай, Нұрлан, Ерлан, Саржан, Бүрлен.

ҮсенбектенТөлеу, Бұлғын, Қажет.

Төлеуден Шалқар, Шаттықнұр, Нұржұма, Ернұр.

ҚОЖАБЕКтен — Дәулетбай, Тінен, Боқыш, Айтуар, Сүйіндік, Тарбағатай,  Дөртуыл,  Қаракесек,  Жанбау.

ТҰРДЫҚҰЛдан — Байқожа, Шынқожа, Үмбетай, Мошқа, Шошқа, Қабан, Түрікпен, Өтебай, Арғынбай.

ҚОНЫСБАЙдан — Сағынай, Долбақ, Қуандық, Ерубай, Шерубай, Көшімбай, Байқошқар, Жексембі, Сүгірбай, Бірімбет, Күлдей, Жұмай.

МАЛТАБАРдан Естемес, Боратай, Арпа, Тұздыбай, Кеңгірбай, Ортай, Тортай, Қанқұлы.

СОЛТАНКЕЛДІнің  қарашаңырағы  кенжесі ШӘКІЛге  қалып, қазір АНДАС әулетінде. Таңбасы «4».

ШӘКІЛден — Ақтүбіт, одан – Абыл, Ұлтарақ, Шоды, Ыбырайым, Ағыс, Арабай.

ҰлтарақтанЖансарбай, Сақал, Мәші.

Жансарбайдан – Аяпберген, Омарақын.

Аяпбергеннен — Шүрек, Дәулетбек, Уатбек.

Омарақыннан – Дәулетхан, Маңсүгір, Андас.

ДәулетханнанҚасен, Толқын, Тұрдақын.

МәңсүгірденӘлғазы, Ербол.

Андастан – Қажет, Нұрбақыт, Елжас, Ершат, Есхат.

 

ҚҰТТЫҚАДАМнан – БИМЕМБЕТ.

 

БАЙНАЗАРдан ҚОҢЫРБАЙ, ҚАЗЫМБЕТ.

ҚОҢЫРБАЙдан АҒАНАС батыр, ТОҒАНАС, ТОҒАС,  ЖҰМЫҚ. 

ҚАЗЫМБЕТтен АҚШОРА, ЖОМАРТ, АТЫМТАЙ, БАЙКЕЛДІ, ҚАНКЕЛДІ,  ЖАНКЕЛДІ,  ЖАНШОРА,  ҚАНШОРА.

 

СЕКСЕНнен — ТАСТЕМІР,  ШОБАН.

ҚАСАБОЛАТтан —  АЛЫБАЙ,  НҰРБАЙ,  ӨТЕУЛІ.

ТОҚСАНнан — ҚАРМЕНДЕ,  ЖӘНІБЕК.

ЖАНБАЙдан — БИМЕМБЕТ.

ТЫНБАЙдан – ЕСЕНБАЙ, БӨРІБАЙ.

ЕСЕНБАЙДАН БАЙТОРЫ, БӨРТЕ.

БАЙТОРЫДАН Сымайыл, Итбай, Жыса, Тоғышақ, Қарақұлақ.

БӨРТЕДЕН Көкі, Топай, Тоқбай. 

БӨРІБАЙДАНМАУКӨПЕН,  ҚАРАКӨПЕН,  САРЫКӨПЕН.

 

ТІЛЕУҚАБЫЛДАН – ЕСЕНҚҰЛ, ОРАЗАЙ. Бұлар Тоғызтарау, Шапшал аудандарын мекендейді.

ЕСЕНҚҰЛДАН ӨТЕПБЕРДІ,  СОҚЫРБЕРДІ,  ҚОЖАНБЕРДІ.

ӨТЕПБЕРДІДЕН – ЕСКЕНЕ.

СОҚЫРБЕРДІДЕН – МӘМБЕТҚҰЛ,  АСАН.

ҚОЖАНБЕРДІДЕН – БАЙҒАРА,  БАЙКІСІ.

 

ОРАЗАЙДАН БІРНАЗАР,  ЖАНМЫРЗА,  ҚАРАМЫРЗА.

БІРНАЗАРДАН – АБА, ҚОЯН, САПСАРЫ, БАЯН.

ЖАНМЫРЗА бес әйел алған екен, оларданҚАЛЫМБАЙ, ЖАСЫБЕК, ЕСПЕНБЕТ, ӨМІР, АҚКІСІ, БАЙКІСІ, СЕҢКІБАЙ, БАЙЫС, ЖОЛДЫБАЙ, тағы 2 ҰЛ.

 

БЕГІМБЕТ

БЕГІМБЕТтен БЕКСЕЙІТ,  ЖАРАС, АҚСЕЙІТ, АМАН, ТОҚАЙ,  ТАҢАТ (Олар «алты Бегімбет» аталған).

БЕКСЕЙІТтен — ИГІЛІК, САҚАУ, СОҚЫР, ТӘНІК.

ИГІЛІКтен ӘБІКЕН, оданБАРҒАНА, ЖАНАН, АСАН, ҮСЕН, КЕНЖЕБАЙ (БАРЛЫҚБАЙ), БЕКБАУ (ТОПАҚ), БӘЙЖІГІТ (бәйбішесі Көрпеден), ШАНШАР, ДӘУЕТАЙ, ҚОШҚАЙ, ЕЛШАН, ҚҰЛШАН (2-ші әйелі Қарашаштан, осы төртеуін ӘУЕК деп те атайды), ШАМБЫЛ, ШАНШАР (ТӨКІР), ТҰҢҒАТ (3- ші әйелі Бәтимадан).

ЖАНАНнан әйгілі күйші Әшім Дүңшыұлы тарайды.

САҚАУдан АҚҚОЗЫ, ШҮҢГІЛ, ҚУАНДЫҚ (бұлар бәйбішесінен), БАЙҒОЗЫ, ҚАРАҚОЛ, ТІНЕЙ, МАРҚА (бұлар тоқалдың балалары болып «тоқал» аталады).

АҚҚОЗЫдан – БАЗАРКЕЛДІ, ЕСТЕМЕС.

ШҮҢГІЛден – БАЙТӨБЕТ, ҚАТПА, БАЗАРБАЙ, БАЗАР, КЕНЖЕ, ЕСЕНАМАН, БОРАНБАЙ.

ҚАТПАдан — Мүсірбай (атақты әулие).

БАЙҚОЗЫдан – БАЙСАЛ, ЖӘПЕК, БАЛПАН, КӨБЕГЕН, БӨБЕК, АЙТУҒАН.

АЙТУҒАНнан — Киікбай – Сасан (Қызайдың 3 биінің бірі) — Нүптібек.

ТІНЕЙден – ҚЫРҒЫЗБАЙ.

МАРҚАдан – НОҒАЙ.

 СОҚЫРдан ШӨЖЕК, ЕС, ЖАРБОЛ.

ШӨЖЕКтен ҚҰЛЖАБАЙ, МЫРЗАБАЙ, ИТҚАРА, ҚОШҚАРБАЙ.

ЕСтен БАЙЫТ, САПАҚ (БӨЖІК), БӨЛЕКБАЙ. 

ТӘНІКтен АҒАНАС, ТОҒАНАС, СЕҢКІБАЙ.

АҒАНАСтан – БҮРІМЖАР.

ТОҒАНАСтан – МҰҚАНШЫ, МАРАЛ.

СЕҢКІБАЙдан – ҚОДАС, ҚАБАҚ .

 

ЖАРАСтан — ҚЫҢЫР, МАРҚА, СОЙЫЛҒАС, ТӨЛЕМІС. (Бұлар «төрт Жарас» аталады).

ҚЫҢЫРдан ҚОЖАБЕРГЕН, одан ҚОСАЛ, ТӨЛІБАЙ, БЕКБЕРДІ. 

МАРҚАдан ТІЛЕУЛІ, оданЕСТЕМЕС, САРБАЙ, ЖҮП, ҚОЙЛЫБАЙ, ЖАЙЛЫБАЙ, МАЙЛЫБАЙ.

СОЙЫЛҒАСтан ЕРКЕБАЙ, ЫРЫСБАЙ.

ЕРКЕБАЙдан – ҚҰДАЙБЕРГЕН, ТӘҢІРБЕРГЕН, НОҒАЙ, ҚОЙБАҒАР, КҮШІКБАЙ, ДҮҢГІРШЕК.

ЫРЫСБАЙдан – АСАБАЙ, ЖОЛБАРЫС.

ТӨЛЕМІСтен ҚАРЖАУ, БӨРТЕ, КӨТЕН, ТІРКЕ, СЫРҒА.

АҚСЕЙІТтен – ЖАҚСЫЛЫҚ.

ЖАҚСЫЛЫҚтан- ЫРЫСКЕЛДІ, СЫРЫМБЕТ, ҚОҢЫРБАЙ, ТОҒЫЗАҚ.

ЫРЫСКЕЛДІден АЛШЫНБАЙ, ҮЙСІНБАЙ, СИҚЫМБАЙ (СЫЛҚЫМБАЙ, БОЛҒАНБАЙ, ТОЛҒАНБАЙ. Бұлар «Бескөрік» деп аталады.

СЫРЫМБЕТтен – БАЙТЕЛЕС, ЖАНТЕЛЕС, ЖӘНІБЕК.

ҚОҢЫРБАЙдан – ҚАЗАНҚАП, ЖАЛҚЫ.

ТОҒЫЗАҚтан — КҮРЕБАЙ.  

 

АМАНнан ҚҰРМАН, БҰҚА. 

ҚҰРМАНнан БАЙБЕК, СӘТБЕК, МӨҢКЕ.

БАЙБЕКтен – АБЫЗ,  ДАҚЫ,  ШӨКЕНТАЙ, ЖАҢАБАЙ,  ОҢҒҰЛДАЙ.

СӘТБЕКтен – САРТ,  ҚОСАЙ,  ЕСЕЙ,  КӨҢБАС.

 

ТОҚАЙданЛЕПЕС,  ҚАРА.

ЛЕПЕСтен АЛТЫНБАЙ,  БЕСОТАУ,  ДӘУЛЕТ,  МАМБЕТ.

АЛТЫНБАЙдан – ОЗЫНБЕК, ИТЕН, ҚАШҚЫНБАЙ.

БЕСОТАУдан – ЖАУЛЫБАЙ,  КҮШӘКБАЙ, ТЕЗЕК.

ДӘУЛЕТтен – ӨТЕГЕН.

МАМБЕТтен – АРАЛ, БОҚАН. 

ҚАРАдан ШЫНЫ, оданБОРАНБАЙ, БОСТАН.

 

ТАҢАТтан – АНДАС,  АҚБЕРДІ,  ӨТЕПБЕРЛІ,  ӨТЕУЛІ,  ДӘНДІБАЙ.

АНДАСтан НҰРЖАН, САЛПЫҚ.

НҰРЖАНнан – БОЛПАШ,  ЖОМАРТ, МАМА, АТЫМТАЙ, ТӘН.

САЛПЫҚтан – БЕСБАЙ,  ДҮКЕН,  ЖАНЫС,  АҒЫС.

АҒЫСТАН — Текебай (Қызайдың атақты биі).

АҚБЕРДІден ӨМЕРЕК, БЕКЖАН.

ӨМЕРЕКтен – ЖӘКЕНБИ, одан – Шымшық, Шақа, Мошан.

БЕКЖАНнан – ОРЫМБАЙ, БАЙСЕҢГІР, БАЙТЕЛІ, ЖАНТЫ.

ӨТЕПБЕРЛІден ҚОРЛЫБАЙ.

ӨТЕУЛІден АҚЫНБЕТ.

ДӘНДІБАЙдан АЛТЫНҚАС (АЛТЫҚҰЛАШ), одан — СЫЛПЫБАС.

Тағы бір деректерде ТАҢАТтан – ЕСБАЛАны таратады.

ЕСБАЛАдан ЕСТАЙ, ЕСІМБЕК, ТОЛЫҚБАЙ

ЕСТАЙдан – ИМАНГЕЛДІ

ИМАНГЕЛДІден — Әли

ЕСІМБЕКтен — ЕРЖАН

ТОЛЫҚБАЙдан – ЕРЛАН

 

ДЕРБІС

ДЕРБІСтен СҮЙІНБАЙ, СҮЙІНДІК, ШӘУКЕ (МАЙМЫЛ), ЕСЕНБЕРДІ. Бұлар «Төрт ДЕРБІС» аталады.

Ел арасындағы әңгімеге қарағанда, ҚЫЗАЙЛАР Сыр бойынан ауғанда СҮЙІНБАЙ мен СҮЙІНДІКтер бала-шағасына шешек шығып, көше алмай, Қазақтың Ақмешіт деген жеріңде мекендеп қалады. СҮЙІНДІК кейін туыстарын іздеп, көшіп келе жатып, жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырап, шарасыздан Ертіс, Еміл өзендерінің бойын мекендеп қалады. Осындай үркіншілікте бір шұбар айғырдың үйірін тауып алып, малданады. Кейін шұбар айғырдың үйірін тауып алған КЕРЕЙЛЕР оны алмақшы болады. «Дауы сүйек бітіреді» деген қазақы қағида бойынша СҮЙІНДІК КЕРЕЙЛЕРмен құдандалы болып сүйек жаңғыртып, сол жерде қалып қояды. Сонымен СҮЙІНДІК ұрпақтары ШҰБАРАЙҒЫР атанып, КЕРЕЙЛЕРге сіңіп кетеді. Кейін келе олардың бір бөлім атасы ҚХР-дың Толы ауданына мекендейді.

ШӘУКЕ өспеген ел.

ЕСЕНБЕРДІден – ҚҰТТЫБАЙ, ТӘТТІБАЙ, ҰЛЫҒҰЛ (ҚОШАН), СҮЙЕР ( ЖАҚСЫБАЙ).

ҚҰТТЫБАЙдан БАЯН, БӨГЕНБАЙ, ТАСТЕМІР, САДЫ. (Бұларды «Төрт ҚҰТТЫБАЙ» дейді).  

БАЯННАН – МЫРЗАТАЙ, БАЙБАҒЫС, ЕСЕНӘЛІ, АҚКӨШІК.

БӨГЕНБАЙДАН – САҒЫНДЫҚ,  ЖАҚАБОЛ,  МАШАН,  БАРАҚБАЙ, ҚАЛЫБАЙ,  БОРАНБАЙ,  ТҮМЕНБАЙ,  ҚАРТ.

САҒЫНДЫҚтан – ЕСІМ,  ҚҰЛШЫМАН.

ЕСІМНЕН – ИГІЛІК, ТАЙЖАН.

ЖАҚАБОЛдан – НОҒАЙБАЙ, ҚОСАҚ, КІБІТ, ҚОЗЫБАҒАР, ТЕКЕР, ЖОЛДЫБАЙ.

ҚАЛЫБАЙдан – ШӘҢКІ, ОРАҚ, ОШАҚ.

БОРАНБАЙдан – АЮША, ЕСҚОЖА.

ТҮМЕНБАЙдан – БЕРДІБЕК.

ҚАРТтан – МОЖА, одан – КЕНДІРБАЙ.

ТӘТТІБАЙ өспеген ата болғандықтан, САДЫ руымен бірге жүріп, жасасып кеткендіктен, солармен бірге «Сады» аталады. Әйгілі ақын ТАҢЖАРЫҚ ЖОЛДЫҰЛЫ осы ТӘТТІБАЙ ұрпағы болады.

САДЫдан АТЫҒАЙ, ҚАРАҒАЙ, ҚИЯЛ, ДОҒАЛ, ШОҚПАР.

ДОҒАЛдан БӘТУ, БЕКШЕ, СОПАҚ.

СОПАҚтанТІЛЕУ.

ТІЛЕУден – Мейран, Түкібай, Мәкібай.

Мейраннан — Әбілғазы, одан — Тұрды. 

ҰЛЫҒҰЛдан ЖАҚСЫБАЙ, ҚОШАН. 

ЖАҚСЫБАЙдан – ДӘУІШ.

ДӘУІШтен 16 ұл туады: ҚУАНДЫҚ, ТҮКТІАЯҚ, ШАҚАБАЙ, СЕҢГІРБАЙ, АЙТУҒАН, БАЛТА, ЖАНЫСБАЙ, ҚОНЫСБАЙ, ҚҰЛБАЙ, БҰҚАБАЙ, ҚҰЛЖАБАЙ, ЕГІЗЕК, ШАҒАНБӨЛЕК, ТӘУТЕКЕ, ТЕКЕБАЙ, СЕКСЕНБАЙ.

 ҚОШАНнан – КӨЛБАЙ, оданЖАМАН, ШАҢ, БӨРІБАЙ, БАЙҒАБЫЛ, ӨЗЕНБАЙ.

 СҮЙЕРден МӘЛІК, ШОЛАҚ.

МӘЛІКтен – ТӨЛЕНДІ, БАЙБОЛ, ҚҰДАНҚҰЛ, МАРҚА.