«Шежіре жүргіземіз — 5»

Құрметті оқырмандар!  Шежірелерге арналған осы тарауға бұл жолы негізінен танымдық жазбалар беріліп отыр.   Жемісбек  Толымбековтың  «Нұх пайғамбар және топан су»  деген кезекті ілімдік  мақаласы, «Қазақтар қалай жүздерге бөлінді?» атты  бейнежазба,  «Наймандар»  туралы  энциклопедиялық  жазба  және  бір  тақырыптық әнді  қабыл алыңыздар!

  Өздеріңізден де шежірелік жазбалар тосатынымды естеріңізге саламын!

 

Жемісбек Толымбеков

   Нұх  250 жасқа  келгенінде  жаратушы  Тәңір  оны  пайғамбарлыққа таңдап алыпты. Нұх пайғамбар 700 жыл бойы халықты Тәңірге табынып, құлшылық етуге үгіттеп бағады. Тәңірге табынып,  құлшылық ету үгітіне бар-жоғы сексен адам сеніп, соңынан еріп, жолына түседі. Нұх пайғамбар тұсында жаратушы Тәңірге құлшылық етпегендіктерінен және оны пайғамбар деп танымағандықтарынан халық бұзылып, сарыжара қотырға ұрынып, емі табылмапты.

Нұхтың тілегімен дүние жүзіне «Інжілдің» Гильгамеш туралы жырында жазылғанындай 40 тәулік бойы жаңбыр жауып, топан су қаптайды. Топан су қаптамас бұрын Нұх пайғамбар Куфе жерінде саж (шытан) ағашын қырық жыл өсіріпті.  Ағаш  жетіліп  кемеліне келгенінде Нұх сол ағаштан Құж дегенге ұзындығы 1200, ені 600 аршын үш қабатты ағаш кеме жасатыпты. Жасалып біткен кемесін Тәңірдің күшімен бірінді дәретке толтырады. Сол дәрет денеге  жұғылса  сарыжара  қотыр  жазылатын  болыпты. Кемеге әр хайуандар мен құстардан бір-бір жұптан өсімдер алып, өзінің үш ұлы Хам, Лепес, Самды, келіндері Айша, Лассан, Иаптанды және Тәңірге табынуға сенім білдірген  сексен  адам  жақтастарын  мінгізіп, алты ай, он күн бойы топан су бетінде қалқып, жүзіп жүреді. Басында Тәңірдің  күш-құдыретімен  кеме  Мекке  жаққа  жүзіп,  жеті рет Қағба мен Тәңірдің үйі «Бейіт-әл мәмурды» айналып шығады. Одан кейін батысқа, содан соң шығысқа бет түзеді деп құранда хабарланады. «Гильгамеш»  туралы  жырда  кеме Ницар  тауында қайырлап  қалады. Екі, төрт, алты күн өтеді. Кеме қозғалмайды.

Содан: «Жетінші күн дөп келді,

Босатпай тұр бір құз деп,

Бұл хабарды жеткіз деп,

Көкке ұшырды кептерді», — деп жырда жырланады.

  Кептер арқылы хабар жұмсау осылай бастау алыпты. Гильгамеш туралы эпос Аккад тіліне де аударылыпты. Гильгамеш пен оның досы Энкиду өлместіктің құпиясын іздепті. Ал, эпостың бір тарауында Утнапиштиме деген адам адамзатты топан судан құтқарғаны жазылған. Бұл мифты аборигиндардан тур, арий, ғұндар алған болса, шумерлерден аккадтар алған деседі ғалымдар дәйегі.

 «Қағба» қара тасы ешбір тірексіз қалықтап тұрады деген ұғым бар. Сол аңыз сөзді ғылыми негізге апаратын дәйекке  жүгінелік. Ол Қағба қара  тасы Тәңірдің  адамзатқа  арнап  көктен  түсірген  «Хажар  Асуд»  делінетін  біздің ұғымдағы  темір  құрамды  метиорит. Топан су кезінде Жәбірәйіл періште сол тасты Абу Қибис тауына апарып адамзатқа  аманат етіп қояды. Ибраһим пайғамбар мен баласы Смайыл екеуі бас болып, Синай, Зия, Лабанан, Жуды, Хара атты бес таудан тастар әкелдіріп, Тәңір  үйі  «Қағба»  мешітін  салдырады.  Оған  «аманат»  деп айтылған Хажар Асуд қара тасты әкеп қояды. Табиғаты темір болатын дене заты магниттік қасиет және магнит өрістері  арқылы  өздігінен  қозғалысқа  түсетіндігі,  яғни  қалықтап  тұра алатындығы туралы физика пәнінен білетін  құбылыс  екені,  көзі  қарақты,  білімді  көпке  мәні  белгілі.  Түркі  елінің  қара  шаңырағы  саналған  қазақта «тот тасы» деп тасты құрметтейтін әдеп сақталып, «тотсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас» деген нақыл бұрыннан жиі айтылған. Түрік жұртында бұрындар қара тасты айналып, тәңірге құлшылық ететін әдеттер болғаны ғылымда жазылған. «Қағба» атауының қазақшасы «текше» дегендік. Қағбаны салғанында Ибраһимді Ібіліс сайқы мазақ мазақтағанында, ол жерден үш-үштен 21 тас алып, жеті рет оған қарай лақтырыпты.

Мұхаммед пайғамбар арабтарды жойып, өзінің бір үмбетін Қағбаның үстіне шығарып, «Алла акбар» деп айғайлатып,  жиналған  жұртты  тізе  бүгіп, бас  иіуге  шақырып, алғашқы азан шақырылыпты. «Тәу» етіп, бас игендер Мұхаммед пайғамбармен бірге Қағбаны жеті рет айналып өтіп, қара тасты сүйіп, содан кейін Сапа мен Марба тауларының  арасына  ерсілі-қарсылы  жеті рет жүріп, Ібіліс сайқы мазақты қуу үшін үш-үштен уыстап алған 21 тасты жеті рет лақтырып, Арапа тауына шығып күн батқанша отырыпты.

Жер бетін қаптаған топан су 150 күнге созылыпты. 150 күн өткенге дейін Нұх пайғамбар жер қарасын шолғызу үшін көгершін мен қарлығашты ұшырып жібереді. Олар жер қарасын таппай оралады. Тағы қырық күн өткенде жер қарасын барлап келуге қарғаны ұшырады. М.Қашқари сөздігінде көне түріктің «ұс» сөзі «қарға» деген мағына береді.

 Арабтар Нұхтың кемесі Жуди тауының басына тоқтады десе, еврейлер Сион тауына, армяндар Арарат тауына, қазақтар  Қазығұрт  тауына  тоқтады деседі. Қазығұрт тауы Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасқан. Таудың төбесі дөңгелек пішінді  үлкен  кемеге ұқсап тұр. Нұқ пайғамбарды жергілікті тұрғындар Қошқар ата немесе Жылаған ата деп те атайды. Қазығұрт тауы  бастапқыда  Бируни дерегінде Манкур деп аталған. Яғни, Ман (Адам ата) тауы. Бұл шумер, арий, үнді, иудей, аккад  тарихатымен  сәйкес  келеді. Қошқар ата немесе Жылаған ата Нұқтың кемесімен бірге келіп түскен сексен тілеулесінің бірі десе де болар еді.

Нұх пайғамбар биік шыңда отырып, жер  бетінде  қаншалықты су қалғанын білуге ұзақты жіберіпті. Ұзақ ұшып бара жатып жер бетінде  жатқан  аң  өлексесін  көріп қалып, соны жеуге кірісіп, қайтып оралмапты. Нұх лағнет айтып «қорегің өлгеніңше өлексе болсын» депті. Нұх пайғамбар сол тапсырмамен кептерді жебереді. Кептер жердегі суға сирағын тигізіп көреді. Сирағынан аспаған судың тұздылығынан аяғы күйіп, қызарып қалады. Нұх пайғамбар  қайта  оралған  кептерден сирағынан аспайтын жерде су қалғанын түсінеді. Нұх пайғамбар кептерге дұға оқып,  «Құдай сені әркімнің жүрегіне сүйкімді етсін» депті. Нұқ пайғамбар топан судан кейін үш ұлымен Бабылда (Вавилонда) тұрады. Нұх пайғамбар әйелі Қайныштантуған үш баласына жер үстін мекен етуге бөліп, Хамға батысты, Лепеске (Яфеске) жағалаулар мен аралдарды, Самға шығысты беріпті. Әбілғазы баһадұр хан шежіресінде: «Хамға — Үндістан жақты, Самға — Иран жақты, Иафетке (Яфеске) — солтүстік жақты берді», — деп жазылады. Нұх пайғамбар тоқтаған тау етегінде кемеге бірге мінген жақтас 80 адамының көбі ауыруға душар болып, талайы өліпті.

Топан су туралы қазақта «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол киелі болмаса неге қалған» деген сөз бар. Ендеше, Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына да тоқтағаны жалғандық емес. Ол Қазығұрт тауына қой, сиыр, түйе, жылқы жануарларының өсімдерімен қатар, оларды асырап, өсіруге Шопан атаны, Зеңгі бабаны, Ойсыл қараны (Хазрат Вайс Қарани), Қамбар атаны (Хаома варга) қалдырған деседі. Бұрынғыдан жеткен өлең деректері соған мекзейді. Г.Потанин мен Ш.Уәлихановтың дерегінде Ташкентте Зеңгі баба мешіті мен зираты болса, Манғышлақ үстіртінде Шопан ата зират-қорығы орналасады. Суфилік діндарлар Ойсыл Қараны «жоғары пір» деп бағалайды. Қазақ фольклорында «жылқы желден жаралған» деп айтылады. 2009 жылы «Reuters» агенттігі халықаралық зерттеушілер  тобының  еңбегіне сүйене отырып, Қамбар ата деген жылқы тұқымын тарихта тұңғыш рет осыдан 5500 жылдай бұрын қазіргі  Қазақстан аумағында өмір сүрген адамдар қолға үйреткен деген тұжырымды жариялады. Тарихта Қазығұрттан  басқа  қазіргі  Қазақстанның  жерінде  Нұхтың кемесі Сары-Арқаның Нұра өзенінің екі жеріне тоқтағаны жәйлі деректер де келтіріледі. 

 

Картинки по запросу Нұх пайғамбар

Қазығұрт тауы