«Шежіре жүргіземіз — 6»
«Шежіре жүргіземіз — 6»
Құрметті оқырмандар! Шежірелік тақырыптағы осы тараудың бұл парағына Жемісбек Толымбековтың кезекті "Арғы ататек, Һуд пен Мұхаммед пайғамбарлар" деген ілімдік мақаласы; Қазақтардың жүздерге бөлінуі туралы тағы бір бейнежазба; өткен жолғы «Наймандар» туралы энциклопедиялық мақаланы толықтыратын әлеуметтік желілерден және сайтымдағы «комменттерден» алынған Ж.Толымбековтың, Камал Әбдрахманның жазбалары; Төлегетай — Қылышты Аталарға байланысты мақала және де Найман -Матай — ... — Төртқара руы туралы шежіре беріліп отыр. Қабыл алыңыздар!
ҚҰЛАҚҚАҒЫС: Сайтта «жоқ болсаңыздар», оған жазылуды ұмытпаңыз!! Ол үшін оң жақтағы немесе парақтың астындағы терезешелерге адрестеріңізді енгізіңіз!
Арғы ататек, Һуд пен Мұхаммед пайғамбарлар
Жемісбек Толымбеков
Көптеген шежірелерде: «Қазақтың арғы ататегін Жаппастан (Яфеттен) шығарады. Ол Еділ мен Жайық бойында 250 жыл өмір сүрген. Оның сегіз ұлы: Түрік, Хазар, Сақлаб, Орыс, Мең, Шың, Кеймар, Тарих деп аталады. Жаппас атасының әмірімен елін алып Жуды тауына кетіп, Еділ мен Жайық суының арасын қоныстанады. Түріктен... — Түтік — Елше — Деббақой — Күйік - Алынша тарайды. Нұқ пайғамбардан бастап Алынша ханға дейін, барша Жаппас әулеті тәңірге табынатын болған», — делінеді.
Тарихшы Хондемир Яфеттің соңғы екі ұлының есімдерін Кеймал, Тараджа деп жазады. «Түрік шежіресін» жазған Әбілғазының осылай деп бастауына сүйеу және себеп болған ең алғашқы VІІ ғасырда жазылып, сақталып қалған, нәсілі араб Ақтал деген ақынның жазба деректерінің ықпалы болуы мүмкін. Ол ақын бүкіл түркі елі Яфес ұрпағынан тарайды деген. Яфет емес, Яфес. Яғни Лепес. Көптеген шежірелер мен Әбілғазы Баһадұр хан да Түріктің арғы атасы Жүсіптің ұрпағы Жаппасты (Япас, Яфет) Нұх пайғамбардың екінші ұлы Лепеспен (Яфеспен) шатыстырады. Өйткені, Нұқтың үшінші ұлының есімі Сам.
«Моңғол-татар» тарихында Құрбанғали Халид: «Япастың ұрпағы ислам тарихында он бір, моңғол тарихында он төрт ұл бала. Ең алғаш Шын мен Тұрақ егіз туады. Кейін тәртібімен Сақлаб, Масақ, Құмар, Қалаш, Арыс, Сасан, Бараш, Боқай, Тоқай, Сайын, Қажар, Ораз туады. Тұрақ ханның ұлдары Қайың мен Түнік екіге бөлініп, көшпелі хандық құрады. Тұрақтың қалың қауымы «Түрік» деп аталады», — деп жазады.
«Бертін аналдары» кітабында Густав Эверс: «Варяг пен хазар бір елдің атауы. Әдебиетте Орыс Түріктің ұлы, Дәуіттің немересі. Немесе Орыс – бек, ол Қазанның ұлы, Кушан әулетінен шыққан Уыз ханның немересі», — деп жазады. Эпикалық «Қорқыт дада» кітабында Орыс бек туралы жазылғаны бекер болмаса керек.
Ертеректегі шежіре жазбаларында: «Түркі халқы Нұхтың үшінші ұлы Самнан Тарақ, одан Азар, одан Ибраһим, одан Ысқақ, одан Түрік», — деп таратылады. Мұхаммед пайғамбардың да арғы ататегі Самнан өрбіледі, Лепестен емес.
«Жауғаш шежіресінде» Қазақстан қауымдастығының мүшесі Садуақасұлы Науаш: «Нұқ, одан Япас, одан Тұрақ, одан 49 ата есімдері ұмытылған, сосоң Азар, одан Табиғи, одан Ғалып, одан Айсар, одан Халит, одан Марк, одан Құт, одан Қаһар, одан Ғазил, одан Лум, одан Уағыз, одан Мағут, одан Азиз, одан Арат, одан Қанға, одан Башир, одан Баһар, одан Адынас, одан Сыбай, одан Тұран, одан Түрік, одан Қият, одан Сақ, одан Мәлік, одан Мағыз, одан Суайыл, одан Аққорай-Аламан, одан Алаш. Аққорайдың бәйбішесінен Қарашор, тоқалынан Қырғыз туады. Қарашор кісі өлтіріп, Капқаз тауына қашып мекендеп, Қарашай елі содан болады», — деп жазады.
* * *
Ертедегі шежіре жазба деректері мен құранда бір тәңір деп табынған, Құдіреттің тілегімен, Жәбірәйіл періштенің көмегімен, пұтқа табынушыларға қарсы шыққан Һуд пайғамбар делінеді. Һуд пайғамбар жаратушы Құдіреттің күшімен бір Тәңірге табынуға бастаушы саналған. Ол Хижаз жерінде Ад пен Сәмед тайпаларын және басқа да елді елу жыл бойы бір Тәңірге табынуға үгіттеп шақырған. Тегі түркі тектес халықтар осы Сәмедтен тарайды. Шыңғыс қағанның да арғы атасы Сәмедтен таралады.
Һудтың ататегі қандық жағынан адтармен бір.
Сәмед тайпалары Самның бір бұтақ ұрпақтарынан таралған.
Құран кітабы мен Фараби тарихында Һуд пайғамбар Нұх ғалайһисаламның жетінші ұрпағы делінеді. Һуд пайғамбарға алғашқы қалың қауым ортасынан иман білдіргендер: бірінші Лұқпан, екінші Мәрсед, үшінші Қил-ибн Әмру деп «Табари тарихы» кітабында жазылған. «Жамиғи Умайя» Һуд пайғамбардың үйінің орнына салынған шіреку (шіркеу), сол заманнан бүгінге дейін ғибадатхана болып келеді. Һудтан кейін пайғамбарлыққа жүз елу жылдан кейін Салеһ таңдалыпты. Салеһтен кейінгі пайғамбар Ибраһим. «Оларға дейін басқа ешқандай пайғамбар болмады» деп құранда жазылған.
Пұтқа табынудың бастау алуын «Түрік шежіресінде» Әбілғазы: «Байып, дәулеті тасыған адамдар ұлы, қызы, немесе қимас кісісі өлсе, соған ұқсатып, қуыршақ жасатып қоятын болды. Оны сүйіп, өбіп, алдына ас қойып, бас ұратынды шығарды. Осындай әдеттен басталған ғұрып, бара тастан адам бернелі бейне қашап қоятын болды. Сөйтіп, ол әдеп, пұтқа табынуға әкелді», — деп жазады.
* * *
Жер бетіндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед деп айтылады. Мұхаммед пайғамбардың Шумерлер заманындағы атасы Қызыр (Қыдыр) бір «Тәңірге» сиынуға халықты үгіттеуші саналған. Мұхаммед пайғамбардың шыққан ататек елі — «Құрайыш». Яғни құрама ел. Мұхаммед жеті Түркі нәсілді рудың бастарын біріктіріп құрап, «Құрайыш (құрама) елі» деп атаған. Ол туралы ХІІ ғасырда өмір сүрген философ, ақын Низами: «Мақтаныш етем түрік! Жеті ұлысты басқардың! Бүкіл әлемге даңқыңды асырдың!» — деп Мұхаммед пайғамбарға арналған өлеңінде мадақтайды. Зерттеуші Мырзабек Қарғабаев: «Мекке түркі нәсілді арабтардың мекені», — деп жазады. Бекерге жазбаса керек.
Мұхаммед халықты түзу жолға түсіру үшін «Таурат», «Забур», «Авеста», «Інжіл» кітаптары негіздерінде балдызы Варакаға жиырма беттік «Қара-ә» кітабін 568 жылы көне түріктің куфи жазуында жаздыртып, әмбе өзін соңғы пайғамбар атандырады. Мұхаммед пайғамбар «Қара-ә» кітабын Жәбірейіл періште «аспан көгінен түсірді» деп, алғаш ислам дініне халықты сендіруші. Ол халықты Тәңірге табындуру үшін балдызы Вараканы «Қара-ә» кітабымен құдыққа түсіреді. «Қара-ә» кітабын сәбетпен сыртқа алып шыққан соң, құдықтағы Вараканы «сайтан» деп көпшілікке құдықты таспен атқылатады. Варака құдықта таспен көмілгендіктен өледі.
«Қара-ә» кітабы 622 жылдан бастап «Әл-Құран» деп аталып, көлемі жиырмадан бес жүз бетке ұлғайып, 114 сүре, 6346 аяттан (тақпақтан) тұратын болады. Құран кітабының киелі, қасиетті саны «он тоғыз» деп саналады. Себебі, «Құран» кітабының жазылуындағы ішкі құрылымында он тоғыз саны киелілікті аңғартып, бәрі он тоғыз санына жетіп тіреліп, не сол санға бөлініп, жіктеліп, сонымен аяқталып отырады. Ислам дінінің жазылуы басында арабша емес, көне түрік куфи тілінде жазылған. Араб тілін Мұхаммед пайғамбардың отандастары бедуиндердің тілімен әл-Халил, одан ибн Дурайда дегендер құрастырған. Иран каллиграфиясында жасалған араб жазуын ғұлама Әбу Мансұр Мұхаммед ибн әл-Әзхари (891-981 ж.ж.) ойлап тапқан. Оғанға дейін «Құран» жазылғанына 300 жылдай өткен болатын. Араб тілі жазуы болмай тұрып, құран араб тілінде қалай жазылмақ. Араб жазуы ислам дініне билік басындағы Аббас әулеті манихейлер басымдығымен енген. Өйткені, көне түркілік куфи жазуы бұрынғы Алтайдан өрбіген аршакидтердің (Арсақ ханның) жазуы болып табылады.
Әлиді (Ғали) орнынан тықсырған Оспан халиф. Ол Әлиді құранды бірнеше рет көшірткені үшін айыптаған екен. Құранның Әбдолла ибн Масуд жазған мұсқаттары 1007 жылы өртеніп кетіпті. Ислам діні Александр мектебінің ғұламалары мен несториан дін ағымының негізінде құралғанын археологиялық қазбалар деректейді. Сиыну, жалбарынып табыну, мадақ айтудан тұрады. 1024 жылға дейін мұсылмандар төрт бұрышы тең айқыш (ажы) таңбаға табынып келген. Мейрамы да болған. Ол мейрамды халифтің өзі ашып отырғаны мәлім. Негізінде Мекке мен Мединеге қажылық ету мұсылмандарға 1583 жылдан бастау алған. Оғанға дейін мұсылмандар Иерусалим қаласына, бара 691 жылы ең алғаш түріктер салған Скалы-Куббат ас-Сахра мұсылмандар мешітіне барып құлшылық етіпті. Құбыласы шығыстағы Алтайға қарағаны мәлім.
Мұхаммед пайғамбардың пырақпен жұмаққа ұшқанын және «жеті қат жұмақ» туралы құранда бұлдыр жазылғанымен, әйелі Айшаның әңгімелеуімен «Мұхаммед пайғамбардың миғражға қонақ болғаны» деп хатқа түскен. Ол туралы Жүсіпбек Шайхисламұлының Қазан қаласындағы баспадан алты мәрте, әр жылдары басылып шыққан өлең-дастаны, Шыңанұлы Жанұзақ ақынның дастаны, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазған хикаясы бар.
Жаратушы Мұхаммед пайғамбардың арқасындағы «нұрын» мақлұқтар мен жер-көктен бұрын жаратыпты. Ол туралы Назым: «Әлемнен он сегіз мың әуел бұрын, жаратты Мұхаммедтің тәңір нұрын», — деп өлеңмен айтады. Ол «нұр» үшін жаратушы он екі бекет дайындап, әр бекеті тәңірдің қалауынша тұрғызылыпты. Әуелгісі Құдірет, екіншісі Ғасмат, одан кейінгілері Міндет, Рахмет, Шаһадат, Керемет, Манзидат, Әділет, Нубубат, Өсиет, Шапағат деп аталады.
«Қособайы қадам шәріп» деген жердегі мешітте бір қара тас бар. Оның қалыңдығы жарты кез, бойы бір кез, бір тарапы үшбұрыш сияқты. Тас үстінде аяқ ізі бар. Соны Мұхаммед пайғамбар аяғының ізі делінеді.
Қапалдан жазып алған аңыз дерегінде Шоқан Уәлиханов: «Мұхаммед пайғамбардың сақаба жолдасы қазақтың түп атасы Акаша (Ақкөсе) еді. Мұхаммед Жебірейіл періште арқылы өзінің көз жұмарын біледі. Мұны естіген дос-жарандары «сен Алланың досы емессің бе, бізге жасаған қиянатын жоқ» деп зар еңіреп, жылап қоя береді. Тек Акаша деген сақаба пайғамбарға наразылық білдіріп, мені бір қаланы аларда жазықсыз жонымнан қамшымен тартып едің дегенінде, Мұхаммед пайғамбар кінәсін мойындап, көйлегін шешіп, арқасын тосады. Акаша Мұхаммед пайғамбардың арқасындағы тәңірдің салған «әлемет мөрін (нұрын)» көріп, қамшымен соқпай, оның арқасынан сүйіп, басын иіп, жөніне кетеді. Мөрді сүйген адам тозақ отына күймейтінін, ол білуші еді», — деп жазады.
Қазақтың жүздері туралы
Бейнежазба ( Орыс тілінде )
«Найманы» мақаласына байланысты
1.
Жемісбек Толымбеков
"Наймандар Түркі нәсілді екенін, Моңғол тектіге жатпайтынын ғалымдар деректі дәлелдеп тастаған. Мұнда берілгені, әрине ескі деректер. Моңғол (Мұңғұл) атаулы ел атауын орыс ғалымдарының ойлап тапқан тәсілі. «Татар-моңгол» термин сөзін 1823 жылы алғаш рет П.А.Наумов деген гимназия мұғалімі жариялап айтқан. Оның айтқанын Петербордағы ғалымдар қолдап кеткен. Қазіргі Моңғолияны Шүршіттер (Манчужурия) құрайды.
Шыңғыс қаған «Кеке Мунг (Манг) ул (ол) қазақ» атаулы мемлекет құрған. Кейбір ғалымдар «Мунг ул» сөзін «Мың қол» деп дәлелдеп баққандары бар. «Қазақ» сөзі еркіндік (дербес, егемен) дегенді білдірген. Сонда «Мунг ул» деген сөз жазылуы бойынша «Мунгул» делініп жазып бұрған. Осыдан «Моңғол» деп шығарған. Шыңғыс қаған негізінде «Еркін мұң (түнерген) ұл (құл)» мемлекетін құрған делінеді. Немесе «Көшпелі еркін ел» мемлекеті деп аталған деседі. Өйткені, еркін кеткендер «маңқұл» деп аталғаны бар. Шын негізінде Шыңғыс қаған көшпенділерді (номад) біріктіру үшін «Мәңгі көктің еркін ұлдары» атаулы мемлекетін құрғаны ғалымдарға мәлім.
«Жырыма құлағың сал азаматым» туындысында Қожаберген жырау:
Маңғұлдың тегі — татар, түріктен деп,
Болады шәші жирен, көздері көк.
Өндері қызыл сары, тұлғасы ірі деп,
Оларды жас кезімнен білемін дөп.
Татардың «маңғұл» деген сол тайпасы,
Уфаның ар жағында тұрады деп.
Шыңғыс хан бастап татар өре көшкен,
Бағынып жолдағы елдің үндері өшкен.
Шыңғыстың шыққан тегі маңғұл руы,
Татардың күшті жұрты көзге түскен», — деп дәріпті айтады. Шыңғыс хан Татармен егіз туған
Мағолдың 28-ші ұрпағы деген деректі Нұрқасым Қазбекұлы келтіреді.
Шыңғыс ханның ұстанымы Будда (Бұрхан) тәңір діні. Түркілер оны Тәңір Бұрхан деп атаған. Түсінігі «Түркілер құдайы». Яғни тәңірдің жіберген пайғамбары Бұрхан.
2.
Камал Әбдірахман
Қазақ Наймандары дұрысы 11 атадан құралады:
- Ергенекті немесе Алтай наймандары: Көкжарлы, Бура, Саржомарт. Осы топқа кейінірек қалыптасқан Терімтаңбалыны да жатқызса болады.
- Ұлытау наймандары: Балталы, Бағаналы.
- Сырдың наймандары: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл немесе Төлегетайдың төртеуі.
- Дүрмен наймандар: Бұлар да Сыр бойында, Түркістан, Шымкент маңына топтасқан. Ақсақ Темір осы дүрменнің Барлас бұтағынан.
Бар найманның ұраны - «Қаптағай», таңбасы — Ү бақан.
ТӨЛЕГЕТАЙ — ҚЫЛЫШТЫ АТА КЕШЕНДІ — МАЗАРЫ (ХІ-ХІІ Ғ.)
 » Сыр медиа_files/1529577111_21tolegetai1.jpg)

Матайдың Төртқара руының таратылуы
Төлепберген Сыздықов
Шежіре бойынша Матайдың Төртқарасы төмендегіше таратылады
Ақсопы (Найман) - Белгібай (Өкіреш) — Сүйеніш - Төлегетай - Қытай - Матай - Ер Қаптағай батыр
(Найман руының ұраны, Қазақ хандығын құрушы батыр, Керей Хан, Жәнібек Хан, Бурындық Хан, Қасым Хан заманының бас батыры, Сыр бойында түған). - Жолдас - Есенгелді - Жарылқамыс Батыр (Тәуекел Хан заманында 4 қолбасының бірі болған).
Жарылқамыс батырдың төрт баласы Төртқара аталған, олар:
- Төқпан — Байқожа — Жалаң.
- Сүйін батыр — Малкелтір, Каракөз, Қаракөз, Жиенбет батыр, Лезинке.
Малкелтір — Берсей, Сарқұл.
Жиенбет батыр — Салқам Жәнгір мен Орбұлақ шайқасына қатысқан Төртқара Жиенбет батыр деп жазылады. Көпшілік ғалымдар Тана Жиембет жыраумен шатастырады.
Каракөз — Апыр батыр (сүйегі Яссауі кесенесінде жерленген Туркістанды қорғау кезінде қайтыс болған. ), Қойбағар.
- Жәнібек батыр — Елтүзер, Жемет.
Елтүзер — Байымбет, осы тармақтан Төле Би.
- Бөлек батыр — Айт, Бұжыр.
Бөлек батыр (Актөбе өңірінде жонғарлармен болған шайқаста жаралы болып қалады, оны Шектінің байы Мәку тауып алып жарасын жазып қызын қосады. Олардан Айт, Бұжыр екі бала туады. Осы екі баладан атақты Тілеу батыр мен Мөнке би туады).