Шежіре жүргіземіз бе?

 

Құрметті сайт оқырмандары мен  желідегі достар!

 Менің  осы сайтымның мақсаты  мен мазмұнына қарай болса керек, соңғы кездерде сыйластықтағы біраз  азаматтар тарапынан оның иесі ретінде,  маған халқымыздың  шежіресіне  байланысты  жазбалар жариялау, жекелік тарау ашу туралы ұсыныстар айтыла  бастады.  Соған байланысты  айтарлықтай толғаныста отырған жайым бар және де  сол жөнінде ой – пікірлеріммен  Сіздермен  де бөліссем деп едім.

 

  Шежірелік дүние — бұған дейін мен айналыспаған  шаруа еді. Тіпті шынымды айтсам, өз өңірімізің жұрты шежіресіне де шорқақтаумын. Жалпы, шежіре жасау мен оны жүргізу өте қиын шаруа екені белгілі, ол терең білімділікті, ұзақ ізденісті, уақытты, төзімділікті қажет етеді. Ол  жеке  адамның  қолынан  келмейді де, тіпті біріккен  біраз адамдар тобына да оңай шаруа емес.

 

Картинки по запросу садыр матай шежіресі

 

  Бұған дейін қазақ  шежіресіне  арналған үлкен ғылыми-зерттеулік еңбектері болғанын және бар екенін,  сол сияқты  еліміздің  әр  түкпірлерінде жекелеген адамдардың да  бір рулық шежірені дайындап,  кітап қылып баспадан шығарып таратқандарын да білеміз, көргенбіз.  Алайда, тиражы өте аз болғандықан, олар «құмға сіңгендей»  болып,  бұқараға  қолжетімсіз  болып,  олардан  хабарсыз  қалып  жатты...

 

  Жоғарыда айтылғандай  күйді  мен  сайтымды  ашар  алдында да кешкен едім,  бірақ «суға шешінгендіктен» бастап  кеткен едім.  Тәубе,  көпшіліктеріңіздің,  тілектестердің  қолдауымен, міне бір жылдай болып қалды, бармыз, Сіздермен біргемін. Нәтижесінде, енді шежіре жүргізу деген тақырыпқа да  ілігіп жатырмыз.

 Ал, басқа тұрғыдан келсек, осы жұмысты жүргізуге  ғаламтордың, осындай  сайттардың мүмкіншілігі  зор  екені  байқалады. Егер шежірелік  жазбалар   бір  жерге  жинақтала  бастаса,  оларды  жалпылай да,  әр тармақтары бойынша  реттеуге, әркезде  толықтыруға,  қателіктерін  жедел жөндеуге және барлық жазбаларды  болашаққа,  ұзақ  мерзімдерге  толық  мазмұнда  сақтауға, пайдалануға  болады.  Шежірелік тараулары «пісіп жетіліп жатса», оларды  жекелік үлкенді-кішілі кітаптарға (электронды)  айналдыруға  болатынын өз сайтымның тәжрибесі көрсетіп отыр.

  Тек көпшіліктің қызығушылығы, қолдауы мен демеуі қажет!!!  Сонда ғана,  «көп түкірсе — көл»  дегендей,  әркімдерден  «бұлақтай»  болып, мәлімет-жазбалар  жиналып  жатса, олар  неге  «шежірелік  теңізге»  айналмас-қа?

 

Картинки по запросу садыр матай шежіресі

 

   Сонымен, қалай істейміз? Сіздердің пікірлеріңіз керек!!!  

  Егер осы бастама дұрыс,  оған белсенді қолдау болады  десеңіздер , алдымен  осы  жерге  «лайк» басып  және де парақ  астында   комменттер  жасау  арқылы білдірсеңіздер?!

  Ал, шежірелік жазбаларды  сайтта  жүргізу  жолы,  мазмұны мен  құрылымы  туралы толыққанды пікір — ұсыныстарыңызды, ақыл-кеңестерді сайтымда ашуға болатын «Қазағымның шежіресі» деген бөлімге эл.пошта арқылы жіберсеңіздер  болады.

Құрметпен, С.Серікбек бауырыңыз, ағаларың!

 

 Р.S. Қалай болғанда да, әзірге  осы тақырыпта   Найман елінің  біздің, Ақсу өңірінде жаппай орналасқан ажыраспас екі, Матай-Садыр рулары шежіресі туралы жазбаларды беруді бастап кетпекшімін. Оны  сайтымның  алдағы  парақтарынан  тосыңыздар,  қолдаңыздар! 

 

Картинки по запросу садыр матай шежіресі

 

 

Баршамызға денсаулық пен амандық берсін!