«ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП  ДАЙЫНДАТАСЫҢ БА!» -2

Кіріспе ретінде 

Құрметті  сайт оқырмандары, топтағы және желідегі достар!

Бұрынықтарда да айтылғандай, осы сайтымды  жүргізу барысында интернет жүйесіндегі сабақтар арқылы электрондық  кітаптар дайындау технологиясын  меңгердім. Мені олардың баспагерліктің басқа түрлерімен салыстырғанда бүгінгі уақыт талабына сай келетін және оқырмандардың сұранысын өтей алатын артықшылықтары қызықтырды.

Нәтижесінде, осы жұмысқа ден қойып,   сайтымда жарияланған  жазбаларды реттеп және басқа да дерекөздерден толықтырып,  алғашқы танымдық мазмұндағы «Ақсу ауданы  деректері»  және  одан ары, 70-ке жуық өңіріміздің  танымал ақын-жазушыларының туған жеріне арнаған  таңдамалы  туындыларынан антологиялық  топтама  жасалған «Ақсуым–шығармашылықтар өзегі» деген кітаптар дайындалды.  Олар сайттың тұрақты оқырмандарына  сый ретінде таратылды.

Жерлесіміз, тарихшы, жазушы Жемісбек Толымбековтың  ақынның 165 жылына арнаған «Атандым акын Сара» кітабы дайындалып көпшілікке ұсынылды. Сайттың тағы бір оқырманының сұранысы  бойынша  және жеке пайдалану үшін өз әулетімнің  шежірелік кітаптары дайындалды. ... 

 

  Осылай біраз тәжрибе жинақтап, дайындалған кітаптарға деген көпшілік оқырмандар пікірі тек оңды жағынан болғандықтан, ары қарай оларды қажет етушілердің  сұраныстарына қарай, тапсырыстар ретінде қабылдап, дайындауды қолға алып отырмын!

Сондықтан Сіздерге де тапсырыстар беруге  ұсынысымды жасаймын! Егер ниет-сұраныстарыңыз болса, онлайн түрде оларды дайындап бере аламыз! Көріңіздер, ойланыңыздар, төмендегі анықтамалық жазбалармен танысып алыңыздар!  

 

 

Электронды кітаптар  дегеніміз?

 

  «Кітап — білім бұлағы»  деген белгілі даналыққа  сай, ол адамзат үшін  ғасырлар бойы  білім мен ғылымның алтын қазынасы, сарқылмас, өшпес мұрасы, рухани құндылықтарының қайнар көзі болып келгені және бола беретіндігі де анық. Осы орайда, қағаз кітаптармыз өз маңыздылығын жоймайды, жоғалып та кетпейді.

 Десек те, үнемі даму үстіндегі  цифрлық, жоғарғы технологиялық ХХІ ғасырда  кітаптық құралдар да жаңаша күйге өзгеріп  жатқаны да түсінікті. Мәселен, бүгіндер бүткіл әлем интернетке тығыз байланысты, керектінің бәрі содан табылады. Бұрынғы қалың-қалың қағаз кітаптардың орнына, қазіргі заманды компьютер технологиясы (ноутбук, планшет, смартфон, ...) арқылы олардың электронды түрін пайдалануға болады...

 

  Электронды кітаптар дегеніміз — оларды оқудың жаңа технологиясы,  қағаздық нұсқасының цифрлық түрдегі электрондық түрі, шығармашылықтар файлдары. Электронды кітапты e-book немесе  e-text деп атайды. Олар бірнеше жалпы форматтарда дайындалады.

 

 

Электронды кітаптардың артықшылықтары

 

 Оқырмандар, жеке адамдар үшің электронды кітаптарды пайдаланудың ең басты басты тиімділіктері төмендегідей болып келеді:

 

  • Қолжетімділік. Кез келген адам өзіне қажетті кітаптарды Интернет жүйесінде бар болса, бірнеше  минуттерде ғана тауып оқуларына, көшіріп алуларына болады. Яғни, қаншама қымбат уақыт үнемделеді.    Сол сияқты,   қазіргі уақытта  әрбір адам өздерінің авторлық шығармашылықтары мен қажет етілетін әртүрлі   еңбектерін,  жекелік дүниелерін  электронды кітап  ретінде дайындап немесе дайындатып ала алатындығы.
  • Жеделділік, арзандылық.  Егер бұрындары кітаптарды баспахана арқылы шығару үшін  көп уақыт, мол қаржы және жүйкелік шыдамдылық қажет етілсе,  электронды кітап тез дайындалады және  бағасы да арзан болады.   Сол сияқты, егер бұрындары мың шақты ғана данамен шығатын қағаз кітаптар қалың оқырманға жеткіліксіз болып жатса, қазір дайындалған электрондық кітапты  интернет  пен  электронды пошта, сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы әп-сәтте әлемнің әр түкпіріндегі мың-мыңдаған адамдарға тез таныстыруға, жарнамалауға және таратуға  (сыйлауға, сатуға) мүмкіндік мол.
  • Ықшамдылық, жинақылық.  Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын. Ноутбок, планшет, смартфондарға өзің қалаған жүздеген, мыңдаған кітаптарды жүйе-жүйесімен реттеп, сыйғызуға болады.  Және оларды өзіңмен бірге әрдайым кез келген жерде алып жүре аласыз, оқи беруге болады.  Кітаптарды 15-20-дан бастап бірнеше жүздеген бет-парақтармен дайындауға болады.
  • Ұзақмерзімділік. Электронные кітаптар бұзылмайды, ескірмейді және жоғалмайды.  Оларды бірнеше дана етіп көбейтіп, көп уақыттарға сақтап қоюға және де бөтен адамдарға   аштыртпау, көшіртпеу үшін  құпиялауға ( пароль қоюға) болады.
  • Электронных кітаптардың қосымша мүмкіндіктері де мол. Оларға энциклопедиялық, анықтамалық, сөздік медиа-құралдарды (бейнелік, аудио) қосып алып, пайдалануға болады және де фотолармен, суреттермен безендіруге,  жарнамалар жасауға, сілтемелер, т.б.  қоюға  ыңғайлы.  Электронды қалың кітап ішінен қажетті сөз-сөйлемдерді, терминдерді, парақтарын тез тауып алуға, белгілер жасауға, бұзылған жерлерін тез түзеп алуға болады.

         

 

Электронды кітаптар кімдерге қажетті?

 

  Электронды кітаптарды  жеке адамдар қандай мақсатта және формаларда дайындатуға болатындығын сөз етсек:

 

  • Шығармашылықкерлерге

  Өздерінің авторлық туындыларын (өлең-әндер, әңгімелер, зерттеушілік, журналистік еңбектер, т.т.)  жүйелі түрде (тақырыптары, шығарылу мерзімдері, ... бойынша) сериялық жеке-жеке кітапшалар ретінде дайындап сақтап, кейінірек оларды көлемді томдарға айналдыруға немесе қағаздық формаға дайындап қою үшін.

 

  • Өнер адамдарына (суретшілер. артистер, т.б.)

 Өз өнерлік  туындыларын фотолық түрлерге аударып,  электронды  кітап ретінде дайындап сақтау және насихаттау, тарату үшін.

 

  • Оқу орындары мұғалімдеріне, ұстаздарға

 Өздерінің ұстаздық тәжрибелерін және пәндік, методикалық  еңбектерін, т.б. өзіндік дүниелерін, кітап беттеріне түсіріп, ары қарай барынша насихаттау үшін.

 

  • Кітапхана қызметкерлеріне

  Өздерінің тарапынан атқарылған көпшілік шараларын, авторлық және методикалық мақалаларын реттеп кітап беттеріне түсіру, ары қарай барынша насихаттау үшін.

 

  • Кәсіпкерлерге, іскер адамдарға

  Өздерінің кәсіпкерлік істеріндегі жетістіктерін, озық тәжрибелері мен технологиясын, шығарған өнімдерін насихаттау, жарнамалау үшін

 

  • Мемлекеттік қызметкерлерге

 Өздерінің қызметтік жылдарында атқарған,  ұйымдастырған маңызды көпшілік шараларын,   кездесулерін, мақалалары мен жазбаларын фотоальбомдық түрде дайындап сақтап отыру үшін.

 

  • Жеке адамдар, отбасылар үшін 

 Өздерінің әулетінің шежіресін, отбасылық өмірін және балаларының қызықтарын фотокітап ретінде дайындап,  келесі ұрпағына  сақтау, ағайын-туғандарына сыйлыққа тарту үшін.

 

  • Әрине, электронды кітапты әркімнің өз қалауына байланысты басқа мақсаттарда да дайындаудың  түрлері жеткілікті.

 

 

  Кітаптардың  үлгілік туралы  

 

  Жоғарыда айтылғандай, осыған дейінгі өзімнің дайындаған кітаптардың үлгілік түрлерін көрсетіп отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мына соңғы кітабым, сол электронды кітаптар қажеттілігі туралы   танымдық — методикалық түрде және  мазмұнда  әлдеқайда толық көлемде дайындалған  болатын. Қажет етсеңіздер, бұл кітапты  алдын-ала сый ретінде жібере аламын!

 

 

 

Кітаптардың құрылымы, мазмұны және безендірілуі 

 

Тағы да үлгілік түрде кітаптардың ішкі парақтарының кқріністерін беріп отырмын

 

  1. 1. «Атандым ақын Сара» кітабы

 

 

 

*      *      *

II. «Ақсуым — шығармашылық өзегі» кітабы

 

 

 

 

 

 

Электронды кітаптарды дайындау шаралары және дайындау бағалары туралы

 

Электронды кітаптарды дайындау  төмендегі шаралардан тұрады:

 

  • Кітапқа тапсырыс берушінің сұранысымен шарттарын келісу;
  • Кітаптың тақырыбын, мазмұндық құрылымын анықтап алу және дизайнын келісу;
  • Кітаптың дайындалған мәтіндерін, иллюстацияларын, т.б. қабылдап алу;
  • Кітаптың қабылданған мәтіндерінің электрондық түрін жасау (верстка текста);
  • Кітап мәтіндеріне қабылданған иллюстацияларды (суреттерді, фотолар, схемалар, т.б.) орналастыру;
  • Кітаптың мұқабасын дайындау ;
  • Дайындалған кітап жобасын электрондық PDF– форматына аудару;
  • Кітаптың алғашқы жобасын тапсырыс берушіге таныстыру (тексерту, келісу);
  • Кітапты «парақтап оқу» түріне айналдыру (автор келісімімен);
  • Кітапқа авторлық белгісін орнату (автор келісімімен);
  • Кітапты қорғау шараларын ( құпиялау, пароль қою) жасау (автор келісімімен);
  • Кітаптің дайындау ақылық төлемін қабылдау;
  • Кітапты интернетке, әлеуметтік желілерге жүктеу (қажеттілік болса және автордың өз шешімімен);
  • Кітапты тапсырыс берушіге жіберу.

 

Осы жұмыстарға  орай кітапқа тапсырыс берушілердің міндеттік шаралары

 

  • Кітаптың тақырыбын, мазмұндық құрылымын, тараулар атауларын анықтау;
  • Соған сәйкес, орындаушыға кітап мәтіндерін (ВОРД-та) дайындап беру

  Тапсырушы  кітап мәтінін толық  көлемде, корректурасымен дайындап береді. Олай болмаған жағдайда, оның дайындалу бағасы біршама көбейеді;

  • Кітаптың иллюстациялық материалдарын беру;
  • Кітап мұқабасының эскизімен келісу; 
  • Кітап дайындаудың бағасымен келісу;
  • Кітаптың дайындалған алғашқы жобасын тексеру және келісімін беру;
  • Кітаптың төлемін атқару.

 

Кітаптарды дайындау бағасы туралы

 

  Қазіргі уақытта қазақстандық интернет нарығында электронды кітаптар дайындаудың толық дамымай отырғандығынан, оларға  бағаны қоюда  нақтылық жоқ. Сондықтан да ол негізінен тапсырыс беруші мен орындаушылар арасындағы өзара келісіммен анықталады.

  Дегенмен, біздер кітаптың жобалық бағасын анықтау мақсатында Ресейдегі электронды кітап  шығарушылармен айналысушылардың белгілеген тарифтерін негізге алдық. (Олар төменде қосымша ретінде тіркеліп отыр).

  Соларға орай, жоғарыдағы кітап дайындаудың шаралары атқарылған  50-100  бетті, әр бетінде 3-4 иллюстрациясы бар   PDF–форматтағы кітаптың орташа бағасы 15-20 мың теңге көлемінде белгіленеді.  (Бағаны төмендету жағы қараластыруылы мүмкін).

  Кітапты дайындау мерзімі келіп түскен тапсырыстардың азды-көптігіне байланысты 10-20 күн ( 1 ай ) аралығында болады.

Басқа да туындауы мүмкін мәселелер жұмыс барысында келісілетін болдады.

 

*     *     *

Қосымшалар:

 

Ресейлік бағалар жөнінде

 

Услуги по изданию книг

Базовый пакет услуг по изданию электронной книги   Стоимость основных операций по изданию книги

К основным операциям относятся верстка и конвертирование. Другие виды работ, такие как изготовление обложки, выполнение корректуры и т.д. не всегда нужны, поскольку автор может предоставить свою готовую обложку и готовый вычитанный текст.

Стоимость работ по верстке и конвертированию различается в зависимости от объема и сложности необходимых работ.

  • Для книг с небольшим объемом текста (до 50 страниц), с простым форматированием (без необходимости предварительной обработки теста), без иллюстраций, сносок и других элементов ручного форматирования, ориентировочная стоимость составляет от 2000р.
  • Ориентировочная стоимость верстки и конвертирования более сложных текстов с элементами ручного форматирования, иллюстрациями и т.д. — может составлять сумму начиная от 3,0-4,0 тыс.р
  • Верстка и конвертирование книг с очень сложными текстам — с большим количеством фрагментов разного форматирования, таблиц, схем, формул — оцениваются ориентировочно на уровне от 8 тыс. р.

Названные здесь суммы является ориентировочными и не являются обязательствами издательства. Точная стоимость работ по верстке и конвертированию книги определяется по результатам оценки специалистами издательства технического качества текста файлов рукописей.

Общая стоимость издания может изменяться в зависимости от содержания услуг, включенных в базовый пакет, а также в зависимости от других технических особенностей рукописи и избранной автором концепции продвижения книги.

*     *     *

Создание электронных книг по Вашим заказам.

 

Автор: Андрей Краснокутский

Мы предлагаем Вам изготовление электронных книг по вашим заказам и эскизам в двух основных форматах: EXE и PDF

Сколько стоит изготовление электронной книги?

Для того, чтобы Вы имели представление о стоимости изготовления электронных книг, разработаны ориентировочные тарифы. Для удобства их оценки, цены указываются в условных единицах, а оплатить их можно любой валютой: долларами США, российскими рублями или евро.

Из чего же складывается окончательная стоимость изготовления электронной книги?

  1. Обычная текстовая страница  набранная в Word-e шрифтом Georgia 14 размера без иллюстраций и ссылок, но с ссылками для перелистывания (вперед/назад) - 0,5 у.е.
  2. Иллюстрированная страница(до 5-ти картинок или ссылок на странице) - 0,7 у.е.
  3. Иллюстрированная страница(от 5 до 10-ти картинок или ссылок на странице) - 0,9 у.е.
  4. Иллюстрированная страница(от 10-ти картинок или ссылок на странице) - от 1,0 у.е
  5. Установка блока Ребрэндингав книгу (добавление чужой рекламы в Ваши книги) - 2 у.е.
  6. 6. Установка пароля на книгу(по Вашему желанию) - 3 у.е.

* эти расценки указаны ориентировочно, чтобы Вы имели общее представление. Окончательная стоимость изготовления книги будет обговариваться индивидуально, в зависимости от объёма Вашего заказа.

 

ХАБАРЛАСҚАНША!